Р Е Ф Е Р А Т
Жолдық мәдіметтерді өңдеу
Орындаған : Асет Жұмагазин
2021-2022 жыл
Жолдық айнымалының сипатталынуы: String [<мәні тұрақты өрнек>].
Мұндағы <мәні тұрақты өрнек> – қатардың ұзындығын білдіреді және көрсетілуі міндетті емес. Қатар ұзындығы көрсетілмеген жағдайда 255-ке тең деп есептелінеді. Өрнектерде жол екі жағынан апострофқа алынып, жолдық тұрақты ретінде қарастырылады.
Жолдық қатарға бөлінген орынның 0-ші байтына осы қатардың ұзындығының мәні жазылады. String типті айнымалыны тип тарауында жариялау арқылы немесе бірден айнымалылар тарауында сипаттауға болады.
Жазылуы: Type <типтің аты> = String [жолдың ең үлкен ұзындығы];
Var <айнымалы> : <типтің аты>;
Var <айнымалылар>: String [жолдың ең үлкен ұзындығы]
Мысалы:
Type jol = string[6];
Var Fam : jol;
Esim : string[15];
Begin
Fam : = ‘Әбдраимқызы’;
Esim : = ‘Айгүл’; {жолдық айнымалыға меншіктелген жолдық тұрақты}
Жолдың байтпен есептелетін ұзындығын анықтау үшін, оның ең үлкен ұзындығына 1- ді қосамыз. Бұл қосымша байт жолдың ең алғашқы позициясына (0-дік) орналасады да, Ord функциясының көмегімен жолдың ұзындығын табуға пайдаланылады. (sise:= ord(str1[0])). Жолдың ұзындығын анықтау үшін арнайы Length функциясы да бар.
Жолдарды өңдеуде ‘+’ таңбасымен белгіленетін конкатенция (жалғастыру) операциясы қолданылады. Нәтижесінде тұтас бір жол алуға алуға пайдаланылады.
‘A’+’Б’+’В’+’Г’+’Д’ -> АБВГД
‘1’ + ’+’ +’топ’ +’студенті’ -> 1- топ студенті
Нәтиже жол болғандықтан, ұзындығы 255 символдан аспауы керек.
Жолдық айнымалыларды салыстыру үшін қатынас операцияларды ( = , < > ,>,>= , < , < =) қолданылады және олардың мәндерінің ұзындықтары бірдей болуы керек.Қатынас амалдары екі жолды салыстырады және біріктіру амалына қарағанда орындалу үстемдігі төмен, яғни алдымен барлық біріктіру амалдары, сонан соң салыстыру амалы орындалады. Салыстыру солдан оңға қарай жүреді. Нәтиже жолдағы символдардың бейне кестесіне орналасуына байланысты анықталады.
‘COSM1’ <= ‘COSM2’ -> True
‘DOS1.0’ < ‘Dos1.0’ -> True
‘a’ < ‘A’ -> False
Жолдық айнымалыға символдық өрнектің нәтижесін беру үшін (:=) меншіктеу операторы пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |