АФРИКА
Африка – Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы -30,3 млн. км2, аралдарсыз -29,2 млн. км2.
Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта тенізі бөліп тұр. Африка мен Евразия шығыс жарты шардың біртұтас құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың, орасан зор кеңістіктepi бөліп тастаған.
Материктің шеткі нүктелері солтүстікте - Эль-Абьяд мүйісі (37˚20' с.е.), оңтүстікте - Игольный мүйісі (34˚52'с.е.). Африка солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктін eң жалпaқ бөлігі экватордан солтүстікте 10˚ пен 16˚ аралығында жатыр, мұнда Африка 17˚33 б. б. бастап (Альмади мүйісі), 51˚24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км-ге жетеді.
Африка жағалауында аралдар онша көп емес. Олардың ішіндегі ең үлкені - Мадагаскар. Үнді мұхитында одан басқа Сокотра, Занзибар, Пемба, Мафия, Комор, Маскарен аралдары бар. Олар түгелдей дерлік материктен пайда болған және материкке таяу жатыр.
Атлант мұхитында материктік және вулкандық аралдар бар. Олар: Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс, Масиас-Нгема-Бииого, Принсипи, Сан- Томе, Аннобон.
Орографиясы жағынан әр түрлі және тым бөлшектенген Евразияғаа қарағанда Африканың жері керісінше бет кұрылысы біркелкі және пішінінің карапайым болуымен ерекшеленеді. Оның рельефінде биіктігі 200 метрден 1000 метрге дейін баратын жазықтар мен тау үстірттері басым. Жерінің 10 процентке жуығы ойпатты, ал 20 проценттен біраз астамы таулы болып келеді. Материктің шеткі бөлігі, әдеттегідей, ішкі аудандармен салыстырғанда көтеріңкі келеді. Олардың орташа биіктігі 750 метр кұрайды.
Африканың экватордың екі қапталындағы нсгізінен тропиктік-экваторлық кеңістік алабындағы орны жоғары температураның басым болуына себепші болса, ішкі бөліктерінің онша тілімденбеуі әрі тұйықтығы Африкаға тән континенттілік туғызады. Тегіс рельеeфтiң басым болуы және географпялық орны зоналықтың айқын көрінуіне жағдай жасайды. Табиғат жағдайлары біршама біртектес болып келетін ендікті бойлай созылып жатқан жалпақ өңірлер экватордан солтүстікке және онтүстікке қарай бірін-бірі заңды түрде алмастырады. Зоналық құрылым, әсіресе, материктің барынша сом және рельефі бірсыдырғы солтүстік бөлігінде айқын көрінеді.
Экватордағы белгі
Біздің эрамыздан көптеген ғасырлар бұрын материктің жағалауы мен ішкі аудандарында Азия мен Солтүстік Африканың халықтары: финикиялықтар, египеттіктер, карфагендіктер болып тұрған. Ерте орта ғасырда Шығыс және Солтүстік Африкаға Арабия түбегінен арабтар өткен.
XV ғасырда португалдықтар Индияға апаратын жол іздеу барысында Африканың жағалауын зерттеген. Бұл, құл сйудасының және африка елдерін европалықтардың басып алуынынңбастапқы кезеңі болатын. XVIIІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бас кезінде Англия мен Франция материктің ішкі жағындағы бірнеше отарларды жаулап алды. Бұл жаулаулар кезінде ашылыстар мен зерттеулер қатар жүргізілді. 1788 жылы ағылшындар «Африканың ішкі бөліктерін ашуға жәрдем ететін ассоциация» құрды. ХІХ ғасырдағы зерттеулердің айтарлықтай нәтижесі - Африканың eң ірі өзендері Нигер, Ніл, Конго және Замбези бассейндерінің зерттелуіне байланысты негізгі гсографиялық проблемаларды шешу болды. Орталық және Оңтүстік Африканы зерттеп білуге ағылшын ғалымымы Д. Ливингстон үлкен үлес қосты. Ол отыз жыл бойы (1843 -1873) Атлант мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі және Кейптауннан экваторға дейінгі ұлан-байтақ кеңістікті зерттеді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ніл мен Конго суайрығы облысын зерттеу жұмыстарын орыс ғйлымы В. В. ІОнкер жүргізді.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында түгел континенттің тұтастай және оның жекелей бөлшектері немесе елдері геогрйфиясы ірі жинақталған жұмыстар жасалды.
Африканы зерттеудегі ірі бетбұрыс 1960 жылы басталды, өйткені ол кезде бұрынғы отарлардың орнына жаңа, жас тәуслсіз мeмлекеттер пайда бола бастады. Олардың үкіметтері социалистік елдердің, бірінші кезекте Советтер Одағының көмегімен аса бай табиғи ресурстарды: қазба байлықтарды, гидроэнергетикалық ресypстарды, жер асты су көздерінің қоры және т.6. іздестіруге және пайдалануға байланысты жұмыстар жүргізуде. Сoнымен қатар Африканың әр түрлі аудандарында 6ілімнің сан алуан саласы үшін үлкен теориялық маңызы бap зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Олар: Шығыс Африканың рифтік зоналары облыстарын комплексті зсрттеу, антропогеннің палеографиясын , оньщ ішінде адамның пайда болғанға дейінгі жағдаятын зсрттеу тағы с. с.
Біздің елімізде Африка жөнінде ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттер мен картографиялық материалдар жарық көріп тұрады.
ТОПЫРАҒЫ МЕН ӨСІМДІГІ
Африка үш флоралық доминионды (әлемді) алып жатыр. Оның солтүстігі Caxapaны қоса Голарктикаға қараса, материктің негізгі бөлігі, экватордан оңтүстікке және солтүстікке қарай Палеотропикаға жатады, материктің онтүстік бөлігі, Оранжевая өзенінен оңтүстікке қажет дербес Кан флоралық әлемін құрайды.
Африканың солтүстік бөлігі флорасының қалыптасуы Oңтүстік{ Европа мен Батыс Азия флорасының қалыптасуымен бір мезгілде жүрді. Ол түпкілікті түрде жоғарғы ендіктердегі мұз басудан соң климаттық мұз басудан кейінгі ауытқулардың әсерімен құрылды. Палеотропикалық әлем флорасы материк алабындағы анағұрлым ежелгі флора болып табылады және де оның құрамына Австралиямен байланыс әсер етті. Австралиямен ортақ элементтерге ағаш тәріздес папоротниктер мен кейбір протейн тұқымдастар жатады.
Оңтүстік Америкамен және Азиямен байланыс кейінірек үзілді, Африканың флорасьнда осы материктердің өсімдіктерімен ортақ жабық тұқымды өсімдіктердің туыстары мен тұқымдастарының едәуірі бар.
Жылдық жауын – шашын жиынтығы 1500-2000 мм экваториалды климaт белдеуінде ормандар гумусқа бaй күлгінденген латерит топырақтарда өседі. Ылғалды тропиктік ормандар материктің шамaмен 8% алабын aлып жатыр. Олар Kонго бассейнінде экватордан солтүстікке қарай 4˚с.е. дейін және экватордан оңтүстікке қарай 5˚о.е. дейін тараған. Сонымен қатар ормандар Гвинея жағалауын шамамсн 8˚с.е. дейін алып жатыр.Өзен атырауларындa және толысу кезінде су басып кететін жағалауларда, әсіресе Гвинея шығанағында мангр тоғайлары үстем.
Алғашқы жаңбыр ормандары Конго қазан шұңқырының тек орталық бөлігінде сақталған, басқа жерлерде, әсіресе Гвинея шығанағынан солтүстікке қарай оларды аласа, қайта шыққан тоғайлар алмастырған. Өзінің таралуының солтүстік шекарасы маңында ормандар, бәлкім, орман өсімдігі үнемі өртеп отырудың нәтижесінде өз орнын саваннаға берген болар.
Африканың ылғалды тропиктік ормандары өзінің түр қүpaмының байлығы мен алып жатқан жер көлемі жағынан Оңтүстік Американың трониктік ормандарына қарағанда біршама кейін тұрады. Бұл ормандардың биік ярустарын алып фикустар (80 м дейін), зәйтүн пальмасы (llaeis guil1eensis), шарап пальмасы (Rhaplhia), сейба (Ceiba tоnnіngі), кола ағашы (Соlа nіtіdа) тағы басқалар құрайды. Ал төменгі ярустарда банандар, әр түрлі папоротниктер, либерия кофе ағашы (Соffеа lіЬегіса) өседі. Лианалардың ішінде ерекше орынды ағаш тәрізді каучукты лиана – ландольфия алады, ұзын ротанг пальмасы (Calamus) және басқалар кездеседі. Африканың ылғалды тропиктік ормандарынан көптеген бағалы техникалық және азық-түліктік өсімдіктер түрі шыққан. Солардың бipi – зәйтүн пальмасы, ол тeхникалық (ұрық қабынан) және азық-түліктік (тұқымдарынан) май бepедi. Мұның соңғысы тағгaмғa тікелей пайдаланыла береді және сондай-ақ маргаринге қоспа ретінде қолданылады. Зәйтүн пальмасы тропиктік елдердің плантациялық дақылы ретінде тек өз елінде ғана емес, сонымен, қатар Малайя архипелагының аралдарына кеңінен тараған. Оңтүстік америкадан әкелінген зәйтүн пальмасының плантациялары, какао ағашы, каучук көп жерде табиғи өсімдіктерді ығыстырып шығарады. Жергілікті халықтар баннан, маниок, батат өсіреді.
Африканың топырағы
Экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай ылғалды тропиктік ормандар саваннамен алмасады. Ормандар сирейді, олардың құрамы кедейленеді, тұтас орман массивтерінің арасынан саванна дақтары пайда бола бастайды. Бірте – бірте ылғалды тропиктік ылғал тек өзен аңғарларында ғана қалады, ал суайрықтарды жылдың құрғақ мезгілінде жапырағын тастайтын ағаштар немесе саванналар басып кеткен. Өсімдіктердің өзгеруі ылғалды кезеңнің қысқаруының және экватордан алыстаған сайын ұзара түсетін кезеңнің пайда болуының ықпалымен жүреді.
Жаңбырлы кезең 8 – 9 айға созылатын астық тұқымдас саваналарда биіктігі 2 – 3 м, ал кейде тіпті 5 м жететінастық тұқымдастар өседі. Олар: піл шөбі (Ptnnisetum purpureum), ұзын қылшықты жапырақты боз шағыл тағы басқалалар. Жайқалған астық тұқымдастардың арасында жекелеген ағаштар, баоба6 (Adonsoniа digitata), дум пальмасы (Нірhaenа), зәйтүн пальмасы сорайып тұрады. Экватордан солтүстікке қарай астық тұқымдас саванналар шамамен 12° с.с. дейін жетеді. Оңтүстік жарты шарда астық тұқымдас саванналар зонасы анағұрлым кеңірек, әсірссе Үнді мұхиты жағаларында олар кей жерлерде тіпті тропикке дейін созылып жатады. Oндa астық тұқымдас саванналармен қатар жылдың құрғақ кезінде тастайтын жапырақтарын тропиктік селдірормандар кеңінен тараған. Оңтүстік Африканың шығысында олар өсімдіктердің басқа типтерімен қосылып, тропиктен едәуір оңтүстікке қарай ұшырасады.
Африканың өсімдігі
Астық тұқымдас саванналар мен селдір ормандардың астында топырақтардың ерекше типтері – саванналардың астында қызыл топырақтар және селдір ормандардың астында қызыл – қошқыл қоңыр топырақтар қалыптасады.
Ылғалды маусым кезеңінің 5 – 6 айға дейін қысқаруына және жауын – шашынның жалпы азаюына байланысты саванна өсімдіктері анағұрлым ксерофильдік бейнеге ие болады. Шөп жамылғысы сирейді, әрі арасарады, ағаш тұқымдарының құрамында аласа, ұшар бастары өзгеше жалпақ қарағандар белең алады. Бұлар нағыз немесе құрғақ саванна дейтіндер.
Ылғалдылық кезеңінің ұзақтығы 3-5 айға созылатын аудандарда нағыз саванналар кұрғак және тікенекті бұталары мен селдір қатты шөптердің қауларынa өтеді. Мұндай өсімдік топтары шөлге айналған саванна деп аталатын солтүстік жарты шарда, нағыз саванналардан солтүстікке қарай біршама енсіз өңір құрады. Бұл өңір 6атыстан шығысқа қарай жауын-шашынның жылдық жиынтығы азаятын 6ағытта кеңейе түседі.
Maтepиктің шығысында шөлге айналған саванналар Сомали түбегін түгелдей алып, экваторға дейін және одан да оңтүстікке созылып түсіп, айрықша үлксн алқаптарды алып жатыр. Шөлге айналған саванналардың топырағы кызыл-қоңыр. Негізгі жыныстар тараған жерлерде қара түсті топырақ тараған.
Саваннаның және тропиктік селдір ормандардың барлық типтері мaтepиктің бетінің 40% дейін алып жатыр. Африка саванналарының көпшілігі жойылып кеткен ормандардың орнында пайда болған деген көзқарас та бар.
Климат және топырақ жағдайлары жөнінен саванналар тропиктік егіншілікке қолайлы. Казіргі кезде саванналардың көптеген учаскелері тазартылған және айдалып тасталған. Бұл зонада барыншa кеңінен тараған дақылдар - мақта, жер жанғағы, жүгері, темекі, сорго, күріш.
Саванналар шөлейттерге өтеді, олар солтүстік жарты шарда айқын көрінетін, бірақ енсіз зоналар құрады, ал Онтүстік Африкада материктің ішкі 6өліктеріндегі біршама шағын аудандармен шектелген. Шөлейттерде құрғақ кезең бүкіл жыл бойына дерлік созылады, жауын-шашын мөлшері 250-300 мм аспайды. Өсімдігі мен топырағы айқын ксерофильді сипатта.
Шөлейттердің өсімдігі түр құрамы жөнінен солтүстік және оңтүстік жарты шарда едәуір айырма жасайды. Солтүстік жарты шарда жер 6етін тікенекті бұталар мен аласа ағаштардың негізінен сұрғыт – жасыл майда жапырақты қарағайлIардың және жыңғылдардың селдір тоғайлары жауып жатады. Олардың ара-арасында қатаң көпжылдық шымды астық тұқымдастар өседі. Бұлар бұталы-астық тұқымдасты шөлейт дейтіндер.
Оңтүстік Африканың шөлейттеріне суккулентті өсімдіктер тән. Олар: алоэ туысының көптеген түрлері, сүттігендер, жергілікті халық мал үшін көп жағдайда су орнына жүретін сулы жемістері бар қарбыз еді. Cондай – ақ жасмық тәріздес тікенекті өсімдіктер, қысқa жаңбырлы ашық кезеңде ашық және әр түсті болып гүлдейтін жуан тамырлы немесе түйнекті әр түрлі шөптер (құртқа гүл, лилия, амapaлис) кеңіненІ тараған. Солтүстіктегі сияқты, мұнда да астық тұқымдас бұталы шөлейттің учаскілері бар.
Шөлейттер шөлдерге ауысады, олар әсіресс мaтepиктің солтүстігінде үлкен алқаптарды алып жатыр. Оңтүстік жарты шарда шөлдер енсіз өңір түрінде материктің батыс шетін бойлай созылып жатыр және ішінара Калахаридің оңтүстігіне де тән. Шөлдің топырағы жетілмеген, қаңқалы, кейде бұл айқын құрлымы жоқ сусымалы құм болып келеді. Сортаң топырақтардың да үлкен учаскелері кездеседі.
Солтүстік жарты шардың шөлдеріндегі өсімдік азия шөлдерінің өciмдігіне ішінара жақын. Жанбырдан кейін эфемерлер шығады, ол қысқа мерзiм ішінде өсіп шығып, гүлдеп және жеміс беріп, сонымен бірге қайтадан келесі жаңбырды күтіп бір емес бірнеше жылға созылатын тыныштық жағдайына келіп үлгереді.
Құмды учаскелерде көпжылдық тiкeнeктi бұталар өседі. Олар: жантақ, ретам тағы басқалар. Тастақ шөлдерге қыналар тән, олар тастардың бетін түгелдей қа6ыршақ сиақты жауын жатады. Copтаң жерлерде жусан мен сораңдар кездеседі. Африканың солтүстігіндегі шөлдерде, Аравиядағы сияқты оазистер көп, олардың басты өсімдігі - құрма пальмассы.
Африканың оңтүстік – батыстағы шөлдеріне көптеген эндемика өсімдіктері тән, олардың ішіндегі ең тамашасы вельвичия, оның қысқа әрі жуан сабағы және тығыз, жалпақ жерге сүйретіліп жатқан, ұзындығы 3 м жететін екі жапырағы болады.
Африканың шөлейт пен шөлдері еш жерде Үнді мұхитының жағалауына дейін жетпейді. Материктің экватордан oңтүcтiкке қарайғы шығыс бөлігінің солтүстік жарты шардағы сәйкес ендіктерде жатқан аудандармен салыстырғанда едәуір ылғалды болуы себепті Оңтүстік Африканың шығысын саванналар мен жапырақ тастайтын ормандар алып жатыр.
Материктің, солтүстік – батыс және оңтүстік – батысындағы жағалауларда және тау беткейлерінің төменгі бөліктерінде мәңгі жасыл қатаң жапырақты бұталардың астында субтропиктік қошқыл қоңыр топырақ тараған. Тау беткейлерінің жоғарғы бөліктеріндегі жалпақ жапырақты ормандардың астындағы топырақ – тау – орманының қоңыр топырағы.
Африканың солтүстік – батыс шет аймағының флорасының құрамында Оңтүстік Европаның жақындығы байқалады. Көп доминионының алабында жатқан материктің оңтүстік – батысы африканың қалған бөлігінен үлкен түр өзгешелігімен ерекшеленеді. Өзінің сыртқы көрінісі жағынан Оңтүстік Европалық немесе Солтүстік Африкалық маквиске жақын бұта қaулары семьялық тұрғысынан протейн, вepeск т. б.тұкымдастарға жататын эндемик туыстар мен түрлерден тұрады. Олар көбіне түкті болып келеді (ысалы күміс ағаш) және жпырақары сұрғылт немесе көгілдір реңді болып келеді. Шөптесін өсімдіктердің ішінде әсіресе лала гүлдер, құртқа гүлдер, амариллистер тұқымдастарынан баданалылар және тамыр сабақтылар жиі кездеседі.
Африканын сондай-ақ климаты субтропиктік, бірақ ылғалдануы анағұрлым бір қалыпты қиыр оңтүстік-шығысында табиғи өсімдік жамылғысында субтропиктік қызыл топырақта темір ағаштан, сары ағаштан, кап үшкір жапырақтысынан, ағаш типтес папоротниктен, алып шөптерден (мысалы, стерлийий) тұратын мәнгі жасыл ормандар басым. Жағадан шалғай және сондыктан да неғұрлым құрғақ таулы үстірттерде қызғылт қара түсті топырақтар (ол негізгі вулкандық жыныстар кеңінен тараған аудандарда қара түсті топырақпен алмасады) субтропиктік далалардың шөпті астық тұқымдас өсімдігі басым.
Кап флорасы дүние жүзіне әдемі гүлдейтін көптеген әр түрлі сәнді өсімдіктер берді, бірақ тағамдык өсімдіктер Африканың оңтүстік бөлігіне Европадан әкелінген. Көбінесе олap Европалық Жерорта теңізі алқабына тән дақылдар: цитрустар, жүзім шыбығы бидай және баска астық тұқымдастар.
Мадагаскар аралы флорасы жөнінен Африкаға қарағанда біршама ерекшеленеді, өйткені ол материктен әлдекашан бөлініп кеткен-ді. Ол флорасының кұрамы жөнінен Африкадан Азияға өтпелі жағдайда және онда эндемик түрлер көп (шамамен 75%). Жауын-шашынның солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа карай азаюына байланысты Мадагаскардың өсімдік жамылғысы да өзгереді: шығыс жағалауда және таулардың шығыс беткейлерінде ылғалды тропиктік ормандар басым, олар батысқа карай саваннамен және селдір орманмен, ал оңтүстік-батыстағы үстіртте-кұрғак бұталы даламен алмасады.
КЛИМАТЫ
Африка - жер шарының солтүстік және оңтүстік жарты шарларына шамамен бірдей қашықтыққа созылып жаткан бірден-бір материк. Осы ерекшелік екі жарты шардың бірегей ендіктерінде бірегей климат болуына жағдай жасайды. Климаттық белдеулердің барлығы дерлік Африка территориясында екі реттен кайталанады.
Дегенмен Африканың солтүстік бөлігінің оңтүстік бөлігінен (экватордан оңтүстікке қарай жатқан) ауданы жөнінен екі есе үлкен болуының үлкен маңызы бар. Африкадан солтүстікке және солтүстік-шығыcқа қарай орасан зор. Евразия құрлығы орналасқан, одан Африканы континентаралық жылы теңіздер - Жерорта теңізі мен Қызыл теңіз бөліп тұр. Оңтүстік субконтинент Атлант және Үнді мұхттарының аралығында. Сондықтан Африкада экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай климаттың түзілу жағдайлары бірдей емес.
Материктің негізгі бөлігі тропиктер арасында жатыр және бүкіл жыл бойы күн жылуын көп мөлшерде қабылдап, әсіресе солтүстік, анағұрлым сом бөлігінде қатты кызады. Бүкіл Африка (азғана қaлысты есептемегенде) жылына 160 ккал см2 астам жылу алады, ал солтүстік бөлігінде жиынтық радиация 200 ккал см2 асып түседі. Бұл жоғары температураның белең алуына жағдай жасайды және Африканы Жердің ең ыстық материгіне айналдырады.
Материктің горизонталды бөлшектерінің шамалы болуы және шеткі аймақтарының ішкі бөліктермен салыстырғанда көтеріңкі келуі мұхит әсерін шектейді және климаттың Африкаға тән континенттігін туғызады, бұл оның көлемі үлкен болуына және Евразияға жақын жатуына байланысты солтүстік бөлігінен айқын көрінеді.
Жер беті деңгейіндегі орташа температурасы
Африканың көпшілік бөлігі екі жарты шардың субтропиктік антициклон мен пасаттық циркуляциясының ықпалында болады. Солтүстік жарты шардың құрлықтан келетін пассаттары салыстырмалы ылғалдығы төмен континенттік ауа ала келеді. Үнді мұхиты жағынан келетін оңтүстік жарты шардың пассаттары материктің шығыс шетіне ылғалдылығы тұрақсыз ауа массаларын алып шығады.
Материктің солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы батыс шет аймақтары пассаттық инверция тән атлантикалық субтропиктік антициклонның шығыс шетінің ықпалында болады, Атлант мұхитының суық ағысты инверциясы онан сайын күшейе түседі. Мұның өзі жауын-шашынның түсуіне қолайсыз жағдай туғызады.
Материктің экватор бойы бөлігінде ауа массасының бip жарты шардан екінші жарты шарға өтуінің ерекше манызы бap. Мұның өзінде материктің шығысында пассаттардың басқа жарты шардан өтуі осы жарты шардың жазында орын алады. Ал батыста болса, қысым градиенті әрқашанда Оңтүстік Атлант максимумынан Африканың солтүстік субконтинентіне қapaй бағытталатындықтан жыл бойына оңтүстік пассаттың, (оңтүстік-батыс муссонның) солтүстік жарты шарға өтуі үнемі байқалады. Сондықтан да 17˚с.с. және 20˚о.е. аралығындағы өңірде әрбір жарты шардың жазында экваторлық муссондардың ыппалы корініс береді, олар ылғалдылығы тұрақсыз экваторлық ауаны aлa жүреді де жауын-шашынды кезең тудырады. Материктің субтропиктік белдеулердің шегіне кіретін қиыр солтүстігі мен оңтүстігі әрбір жарты шардың қысында қоңыржай ендіктердің батыс циркуляциясы жағдайында қалады.
Ауа массалары циркуляциясының жағдайы, жауын-шашын мен температураның таралуы екі жарты шар үшін январь мен июльде әр түрлі қалыптасады.
Январьда материктің оңтүстік бөлігі көбірек қызады, ал сол:түстік бөлігі салыстырмалы түрде сaлқын тартады. Осыған байланысты жоғарғы қысымды субтропиктік белдеу Сахараның солтүстігін кесіп өтеді де, Солтүстік-Атланттық максимуммен түйіседі. Материктің қиыр солтүстік-батысы қыста қоңыржай ендіктердің батыс циклондық циркуляцциясының ықпалына түседі.
Бұл кезде оңтүстік жарты шарда ауқымды тоқырау орын тебеді де оған қарай көршілес мұхиттардан да, солтүстік жарты шардан да ауа ағылады.
Солтүстік пассат 25˚ солтүстік ендіктен экваторға қарай қызған ауаның салыстырмалы ылғалдығы 30-15% болатын негізгі үш ауа толқыны түрінде қозғалады. Үлкен, шығыс бөлігінде ол солтүстік-шығыс бағыттағы египет ағыны деп аталады да экваторды басып өтпей Конго бассейнінің солтүстік бөлігіне дейін барады. Онан шығысқа таман бapыншa құрғақ аравия пассаты әрекет етеді, ол Сомали түбегін қамтып, экватордан оңтүстікке қарай өтеді де, Үнді мұхиты жағынан Оңтүстік-Үнді максимумының шеткері жағы бойымен келе жатқан оңтүстік-шығыс пассатымен қосылып кетеді. Египет ағынынан батысқа Гвинея жағалауына қарай харматтан атты ағын ағылады, ол Гвинея шығанағының солтүстік бөлігінде Оңтүстік Атлант антициклонының шығыс шеткері жағымен ағылып жатқан оңтүстік-батыс муссонымен кездеседі. Әдетте, харматтан Гвинея шығанағының жағалауына жете алмайды, онда бәсең оңтүстік-батыс желдері соғып тұрады. Бірақ үлкен биіктіктерде пассат толқындары оңтүстікке қарай алысыраққа өтіп, оңтүстік-батыс муссондағы жоғары бағытталған ағынға және жауын-шашынның жаууына кедергі жасайды. Cондықтан январь Гвинея жағалауында ең құрғақ ай болып табылады.
Оңтүстік-Үнді максимумы январьда онтүстікке қарай көп ығыстырылады. Ол Африканың қиыр оңтүстігін қамтиды да Африканың биік таулы қыраттарының шығыс беткейлеріне Үнді мұхитынан мол жауын-шашын әкелетің оңтүстік-шығыс пассаттарына бастама береді. Олардың саны материктің түкпіріне қарай барған сайын күрт азаяды да Калахаридің орталық бөлігінде минимуміне жетеді.
Африканың батыс жағалауы Оңтүстік-Атлант антициклонының шығыс шеткері жағының ықпалында болады. Қызған материкке оңтүстік румб желдерімен анағұрлым биік ендіктерден салыстырмалы суық ауа массасының келуіне байланысты батыс жағалауда тура экваторға жуық созылып жатқан өңірде жауын-шашын болмайды.
Атлант ауасының Үнді мұхитынан жететін массалармен түйісетін ауданында фронт пайда болады, соған байланысты Калахиридің батысында жауын-шашын мөлшері материктің анағұрлым батыс және шығыс аудандарымен салыстырғанда біршама арта түседі.
Июльде солтүстік жарты шар қатты кызады. Сондықтан бүкіл баралық зоналар солтүстікке қарй ығысады. Солтүстік жартышардың субтропиктік максимумы Жерорта теңізі мен Оңтүстік Европаға қарай ауысады да Африканың қиыр солтүстік-батысын ғана қамтиды. Африканың солтүстік бөлігінде қатты қызуына байланысты төмен қысымды облыс пайда болады, ол экватордан оңтүстікке карай жалғасып кетеді. Оңтүстік Африка өзінің көрші мұхиттарымен қоса оңтүстік жарты шардың баралық максимум аймағына кіреді. Оның тек қиыр оңтүстігі ғана оңтүстік жарты шардың қоныржай ендіктерінің батыс циркуляциясы жағдайында қалып қояды.
Солтүстік Африкада (Сахарада) құрғақ солтүстік-шығыс және солтүстік батыс желдері соғады, ол Қызыл теңіз бен Ніл аңғарын бойлап 20˚ дейін, ал батысында 18˚ с.с. дейін енеді. Оларға қарсы Оңтүстік Атлант максимумы жағынан оңтүстік-батыс муссоны ағылады да Судан территориясы мен Гвинея жағалауларына жауын-шашын ала келеді.
Эфиопия, Сомали және Африканың бүкіл шығысы экватордан солтүстікке қарай Үнді муссонының ықпалындa болады, ол экватор арқылы өтіп, мол жауын-шашын әкелетін оңтүстік-шығыс пассатының жалғасы болып табылады.
Африканың жоғары қысым белдеуімен және әлсіреген пассат әрекеті қамтылған бүкіл оңтүстік бөлігі әсіресе оның ішкі аудандары бұл кездері құрғак, болады. Тск Кап облысы бұл жағдайдан тысқары қалады, өйткені оған жанданған циклондық әрекет тән.
Африканың негізгі бөлігіндегі бүкіл жыл бойғы жоғарғы температура күннің көкжиектен едәуір биіктікте тұруына және күшті инсоляцияға байланысты. Материктің едәуір бөлігінде жылдық орташа температура +200С-ден асып түссді. Африканың солтүстік бөлігі анағұрлым сом, сондықтан да ол тұтас алғанда оңтүстікке қарағанда қаттырақ қызады, онда Жерде байқалатын ең жоғарғы орташа айлық температура (+350-400С), сонымен бірге ең жоғары максимумды температура (+580С-ге дейін) орын алады.
Бүкіл Африкаға сондай-ақ континенттік климаттың көрініс беруі, температураның тәуліктік едәуір ауытқуы да тән. Мысалы, Сахарада температураның тәуліктік амплитудасы 500С-ге жетеді.
Материктің территориясында жауын-шашын біркелкі таралмайды. Үнемі және мол болатын конвективтік жаңбырлар экватор бойы бөлігіне шамамен 5˚с.с. псн 10˚о.е. аралығында түседі. Африкада максимум жауын-шашын (10 000 мм шамасында) Камерун массивінің басым оңтүстік-батыс жерлеріне қараған беткейлеріне түседі.
Экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарайғы облыстарда, шамамен екі жарты шардың 170-қа дейін жауын-шашынды тек әрбір жарты шардың жазындa экваторлық муссондар әкеледі, олардың жылдық мөлшері географиялық орынға және рельефке байланысты құбылып тұрады. Онан әрі экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай (300-қа дейін) жыл бойына жауын-шашын өте аз мөлшерде түсетін облыстар орналасқан. Материктің қиыр солтүстігі мен қиыр оңтүстігінде, субтропиктік белдеуде жауын-шашынның мөлшері қайтадан көбейеді де солтүстік-батыс пеп oңтүcтік-батыста оның түсу максимумы - қысқа, ал oңтүстік-шығыста – жазға келеді.
Осы көрсетілген заңдылықтардың арқасында Африка өзінің климатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Экваторлық климат белдеуі Конго бассейнінің едәуір бөлігін шамамен 5˚с.с. пен 5˚о.с. apaлығы, сондай-ақ Гвинея жағалауын 7–8˚с.с. дейін қамтиды. Конго бассейнінде жер бетінің қатты қызуына бaйлaнысты ауа массалары көтеріледі де жыл бойына конвективтік жауын-шашын болып тұрады. Олардың режимінде күннің eң биiк орнына байланысты екі максимум айқын көрінеді. Гвинея шығанағының жағалауларынa жауын-шашынды үстемдік ететін оңтүстік-батыс желдері жеткізеді, олардың жылдық мөлшері көп - Камерун массиві беткейлерінде 9600 мм дейін жетедi. Жоғары және бір калыпты температуралар (+240-280С), буланудан 1,5-2 есе асып түсетін мол мөлшердегі жауын-шашын мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығының жоғары болуы тұракты артық ылғалдануға жағдай туғызады. Осыған байлансты Африканың экваторлык, бөлігінің климатын оған үйренбеген европалықтар ғана емес, жергілікті тұрғындар да азар көтереді.
Жауын-шашынның жылдық орташа молшері
Солтүстік Африкадағы субэкваторлық белдеу солтүстікте 17˚с.е. дейін жетіп жатыр. Oңтүстік жарты шарда субэкваторлық климаттың белдеуі Атлант мұхитына дейін жетпейді, ал оңтүстікте 20˚ о.е. дейін жуықтап барады. Материктің шығысында жарты шардың солтүстік және оңтүстік субэкваторлық белдеулері түйіседі, ал экваторлық белдеу Үнді мұхитына дейін жетпейді. Әрбір жарты шардың жазы кезіңде муссон үстемдік етеді, ол мол жауын-шашын бөлетін ылғалды экваторлық ауа алып келеді. Қыс кезінде облыс тропиктік құрғақ ауа жеткізетін пассаттың ықпалындa қалып қояды. Бұл жауын-шашын мүлде жаумайтын әрі салыстырмалы ылғалдылығы өте төмен кезең.
Ылғалды кезеңнін ұзақтығы, жауын-шашынның жылдық жиынтығы және белдеу шегіндегі ылғалдану экватордан тропикке қарай және батыстан шығысқа қарай өзгеріп отырады. Экватордан тропикке қарай ылғалды кезеңнің ұзақтығы бірте-бірте 10 айдан 2-3 айға дейін азаяды. Батыстан шығысқа қарай муссонның әлсіреуіне байланысты жауын-шашын мөлшері азая береді. Солтүстік жарты шардың субтропиктік 6елдеуі алабындағы жеткіліксіз ылғалданатын барынша қуаңшылық аудандары Сомали түбегіне орналасқан, ол экваторлық муссоннан Эфиопия таулы қыратымен, ал Суданның солтүстік бөлігінде, шекарада тропиктік белдермен бөгелген. Субэкваторлық белдеудегі температура жыл он екі айдың көпшілігінде жоғары, бірақ жылдық айырмашылықтары экваторлық белдеуге қарағанда едәуір үлкен. Ең ыстық кез жауын-шашын маусымының басында, орташа температура +30˚С-ден асқан кезде болады. Дегенмен ең салқын айлардың өзінде орташа температура + 20˚С-ден төмендемейді.
Барынша жаңа классификацияларда субэкваторлық климаттық белдеулер ажыратылмайды, ал субэкваторлық климатты жазы ылғалды, тропиктік ылғалды климат деп қарастырады.
Африкадғы көптеген кеңістіктер, әсіресе солтүстік жарты шарда, аридтік тропиктік климатқа жатады.
Солтүстік жарты шардағы ыстық та құрғақ тропиктік климат Сахараның көптеген бөлігіне тән. Жазда Солтүстік Африканың беті қатты қызады да oндa солтүстік-шығыс пассаты бет aлады, ол салыстырмалы ылғалы 15-30% ауа әкеледі. Қыста солтүстік Африканың үстінде антициклондық режим орнайды, демек, бүкіл жыл бойына Сахараға жауын-шашынның түсіуіне жағдай қолайсыз. Ауаның құрғақтығы және шамадан тыс аз бұлттылық өсімдіктің мүлдем дерлік жоқтығына қоса тәуліктік температураның күрт ауытқып тұруына әкеп соғады. Бұл облыстағы буланушылық шамамен нақты буланудан 20-25 есе асып түседі.
Оңтүстік жарты шардағы қуаң тропиктік климат Калахари қазан шұңқырына тән, дегенмен ондағы жауын-шашын мөлшері Сахараға қарағандабіршама көп, бұл Үнді мұхитынан соғатын оңтүстік – шығыс әсерімен байланысты.
ХАЛҚЫ
Африкада халықтың ұдайы өсуі бүкіл дүние жүзінде ең жоғары қарқынға жеткенін біздер білеміз. Бұл едәуір дәрежеде көп балалы болуды қолдайтын ежелгі дәстүрлерге байланысты. Африкада "Ақшаң жоқ болса – кедейлігің. Ал балаларың жоқ болса – сорың" дейді. Оның үстіне, континенттегі елдердің көпшілігі белсенді демографиялық саясат жүргізбейді, соңдықтaн мұнда бала туу көрсеткіші ең жоғары дәрежеде болып отыр. Кенияда, Бенинде, Угандада, Нигерияда, Нигерде, Танзавияда бала туу 1 мың тұрғынға 50 нәрестеден асады, яғни ол Еуропадағыдан төрт-бес есе жоғары.
Африка әлі де халықтың өлімі ең жоғары аймақ болып отырғанымен, оның халқы өте тез өсуде және болжам бойынша 2000 ж. қарай ол 900 млн. адамға жетпек. Бұл балалар үлесінің өте жоғары болатынын, жұмысқа орналасу; білім беру, дeнcayлық сақтау проблемаларының одан әрі шиеленісетінін көрсетеді. Буған қоса, Африкадағы халықтың "сапасы" да ең төменгі дәрежеде, өйткені ересектердің жартысынан астамы сауатсыз, СПИД – пен ауыратындар да көбейіп барады.
Аса ала-қулалығымен көзге түсетін Африка халқының этникалық құрамына байланысты бірқатар проблемалар бар. Этнограф – ғалымдар континенттен 300-500 этносты бөліп көрсетеді. Олардың кейбіреулері, әсіресе Солтүстік Африкада қазірдің өзінде ірі ұлттарға айналған, бірақ көпшілігі әлі де ұлыстар деңгейінде қалған; рулық-тайпалық құрылыстың қалдықтары сақталуда.
Африканың азаттық алған елдері бір кезде этникалық ерекшеліктерді ескерместен жүргізілген отарлық шекараны мұра етіп алған. Оcының нәтижесінде көптеген біртұтас халықтар шекараның түрлі жағыңда қалып қойған. Мұның өзі осы уақытқа дейін этникааралық жанжалдар мен жер дауын туғызып отыр, бұл кейде әскери қақтығыстарға (Африка Мүйісі) , "этникалық босқындар" санының артуына ұласуда. Әлі күнге дейін Африка елдерінің көпшілігінің мемлекеттік (ресми) тілі бурынғы метрополиялардың тілі - ағылшын, француз, португал тілдері болуы да өткеннің мұрасы екені айқын.
Африкада халықтың орташа орналасу тығыздығы (1 км-ге 22 адам) шетелдік Еуропа мен Азиядағыға қарағанда бірнеше есе кем. Азиядағы секілді, Африкада да халық өте әркелкі орналасқан. Сахарада адам мүлде қоныстанбаған дүние жүзіндегі ең үлкен территория бар. Ылғалды тропик ормандары зонасында да халық сирек орналасқан. Алайда халықтың айтарлықтай шоғырланған жерлері де бар, бұл әсіресе жағалауға қатысты. Кейбір елдерде халықтың орналасуы тіпті өзгеше болып келеді. Египет осы айтылғанға жарқын мысал болады. Іс жүзінде оның бүкіл халқы дерлік (55 млн. адам) Нілдің атырауы мен аңғарларында тұрады, ал бұл территория оның жалпы жер көлемінің не бары 4 %-ін құрайды. Бұл осында 1 км-ге 1300-1400 адамнан келетінін, ал шөлде - 1 адамға да жетпейтінін көpcедi.
Урбандалу деңгейі жөнінен Африка басқа аймақтан әлі де көп артта қалып отыр. Мұның қала халқының үлесіне де, үлкен қалалар мен "миллионер" қалалардың санына да (олардың барлығы 20) қатысы бар. Африкада қала агломерациялары жаңадан қалыптаса бастады. Алайда мұндағы урбандалу қарқыны дүние жүзінде ең жoғары дәрежеде; кейбір қалалардың халқы әрбір 10 жыл сайын екі есе өсуде. Бірақ қалалық жарылыстың мұндай көрінісінің бірқатар теріс зардаптары да бар. Өйткені негізінен астаналық қалалар мен "экономикалық астаналар" өседі, оның өзінде күнкөріс қаржысы жоқ қыстақ тұрғыңдары шеткі лас аудандар қатарына ұдайы келіп қосылуынан өсіп отыр.
ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін Африка елдері ғасырлық мешеулікті жоюға күш-жігер жұмсай бастады. Табиғат байлығын мемлекет меншігіне айналдырудың, аграрлық реформаны жүзеге асырудың, экономикалық жоспарлаудың, ұлт кадрларын дайындаудың ерекше зор маңызы болды. Осының нәтижесінде даму қарқыны жеделдеді. Шаруашылықтың салалық және территориялық құрылымы қайта құрыла бастады.
Бұл жолда тау – кен өнеркәсібінде зор табыстарға қол жетті. Қазір пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін өңдіру жөнінен Африка шетелдік дүниеде маңызды, кейде ерекше орын алады. Өндірілетін отын мен шикізаттың негізгі бөлігі дүниежүзілік рынокқа шығарылатындықтан, нақ өндіруші өнеркәсіп ең алдымен Африканың халықаралық географиялық еңбек 6өлінісіндегі орнын айқындайды.
Африканың дүниежүзілік шаруашылықтағы opнын айқындайтын экономиканың екінші саласы – тропиктік және субтропиктік егіншілік. Оның да айқын байқалатын экспорттық бағыты бар.
Бірақ, тұтас алғанда, Африка өзінің дамуында өте артта қалып келеді. Ол индустрияландыру деңгейі, аyылшaруашылық дақылдарының түсімі жөнінен дүние жүзі аймақтарының ішiнде coңғы орын алады.
Елдердің көпшілігінде әлі күнге дейін шаруашылықтың салалық құрылымының отарлық түрі сақталуда. Оның айырым белгілері: 1) аз тауарлы, өнімділігі төмен ауыл шаруашылығының басым болуы, 2) өңдеyші өнеркәсіптің нашар дамуы, 3) көліктің өте артта қалуы, 4) өңдірістік емес саланың негізінен саудамен және қызмет көрсетумен шектелуі.
Шаруашылықтың территориялық құрылымына өткен отарлық дәуірден сақталған жалпы артта қалушылық пен өте сәйкессіздік тән. Аймақтың экономикалық картасынан өнеркәсіп (негізінен астаналық аудандар) пен жоғары тауарлы ауыл шаруашылығының жекелеген ошақтары ғана көзге түседі.
80-жылдары Африканың әлеуметтік-экономикалық жағдайы ерекше нашарлап, терең дағдарысқа ұласты. Даму қарқыны баяулады. Азық-түлік өндіру (жылдық өсімі 2 % шамасында) мен халықтың тұтынуы (3 % -ке өскен) арасындағы алшақтық артты; осының нәтижесінде астық импорты өсті. Оның үстіне, Африканы бұрын болып көрмеген құрғақшылық жайлады, ол континент елдерінің жартысынан астамын қамтып, тікелей 200 млн. адамды шарпыды. Африка сондай-ақ Батыс елдеріне борышқорлық қыспағында қалды. Сондықтан оны барған сайын "апат континенті" деп атай бастады.
Африканың көптеген елдері экономикасының біржақты аграрлық–шикізаттық дамуы олардың көпшілігінің әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығының басты себептерінің бірі болды. Көптеген елдерде бұл біржақтылық бір дақыл (монокультура) деңгейіне жетті. Бір дaқыл өндіруге (бір тауарға) мамандану дегеніміз - бұл елдегі шаруашылықтың бір, әдетте, негізінен экспортқа арналған шикізаттық немесе азық-түлік тауарын өндіруге бір жақты мамандануы.
Бір дақыл дегеніміз - бұл табиғи ғана емес, сонымен бірге тарихи, әлеуметтік құбылыс. Ол Африка елдеріне отарлау кезеңінде-ақ таңылған болатын. Қазір де осындай бір жақты халықаралық маманданудың нәтижесінде ондаған елдердің бүкіл тіршілігі олар экспорттайтын бір-екі тауарға дуние–жүзілік сұранымға тәуелді болып қалуда. Бір дақылды елдер көп салалы экономика құруға тырысуда, бірақ әзірше бұл жолда аздаған елдер ғана табысқа жетті.
Оңтүстік Африкада тұңғыш алмасты 1869 ж. бақташы бала тапқан. Бір жылдан кейін осында Кимберли қаласының негізі қаланады да, кейін құpaмындa алмас кездесетін байырғы жыныс кимберлит деп атала бастады. Кимберлиттегі алмастың мөлшері өте аз - 0,0000073%-тен аспайды, бұл әрбір 3 т кимберлитте 0,2 г немесе 1 карат. алмас бар деген сөз. Қазір алмас өңдірушілер қазған тереңдігі 400 м алып қазаншұңқыр Кимберлидегі көрікті орыңдардың бірі.
Амазонкаға қарағанда Конго өзені суды мұхитқа бес есе кем жеткізгенімен, оның су энергетикалық қуаты едәуір жоғары. Бұл оның 32 сарқырама мен тік құздар кездесетін төменгі aғыcының 300 километрлік кесіндісінде өзеннің құламасы 275 м болатынына байланысты. Мұнда қуаты 80-90 млн. кВт су электр станциясын тұрғызуға болады, бұл шамамен АҚШ су электр станцияларының бүкіл қуатына тең келеді. Осы жерде орасан зор бөгет пен Инга СЭС-ін салу жобасы бар.
ЖAНУАРЛАР ДҮНИЕСІ
Материктің солтүстік бөлігі Сахарамен бірге Голарктика зоогеографиялық облысының Жерорта теңіздік кіші облысына, қалған бөлігі фаунасының ерекше байлығымен ерекшеленетін Эфиоп облысына кіреді. Дегенмен материкте айқын зоогеографиялық шекаралар білінбейді және Африканың жеке аудандарының фауналарындағы айырмашылығы негізінен қәзіргі ландшафтық айырмашылықтарға байланысты болады. Материктің солтүстік бөлігінің фаунасы көп жағдайда Оңтүстік Европа мен Батыс Азияның фаунасына жақын келеді. Атластың қуаң аудандары мен Сахараны суды көп қажет етпейтін немесе суды жәнетамақты ұланғайыр алыс жерлерден іздеп табатын жануарлар мекендейді. Бұлар-әр түрлі бөкендер: бубал, мендес және басқалар. Сондай-ақ солтүстік Африка бұғысы, мapaл, ал жыртқыштардан – жолақ қорқау, шие бөрі, шөл түлкісі фенек, жабайы мысықтар мекендейді. Саваннадан шөлге арыстандар келеді. Атлас тауларында маимылдың Оңтүстік Испанияда да мекендейтін сол кішкентай түрі (құйрықсыз мaнaн) тіршілік етеді. Кемірушілер көп (қояндар, қосаяқтар), жабайы кроликтер, жайранның бip түрі кездеседі. Бауырымен жорғалаушылар, әсіресе кесірткелер: шөл ешкіемері, геккондар, тікен қүйрық қаптап жүреді. Бұл өңірге жыландардан құм әбжыланы, сұр жыланның түрлері, Африка кобрасы тән.
Өзен жағасындағы қаулар мен өзендерде крокодил, тасбақа, улы ніл жыланы мекендейді.
Cолтүстік Африканың шөлі мен шөлейтін африка түйеқұсы, дуадақ, бозторғай, ал Атлас тауларын - тау құры, қара күшіген, қарақұс, акбас сип, қозықұмай (бұл кұстар оңтүстік Епропада да кең тараған) мекендейді. Өзендері мен көлдерінде қоқи қаз, бірқазан, ләйлек, құтан тіршілік етеді. Cолтүстік Африканың сипатты кұсы - ақсары сандуғаш , ол ормандар мен бақтарға, сондай-ақ тауларда айтарлықтай биікте ұялайды.
Жepгiліктi халыққа көкқасқa шегіртке көп зиян келтіреді, олардың жиі-жиі қаптап кетуінен Солтүстік Африка елдерінің ауыл шаруашылығы зиян шегеді. Қоңыздар, көбінесе ашық түсті көбелсктер көп. Адамдарға бүйі, шаян үлкен қауіп туғызады.
Эфиоп облысының фаунасы материк алабында барынша біркелкілігімен ерекшеленеді, тек мекендеген жер жағдайына қарай кeйбiр өзгешектері болады, ол кіші oблыстардың бөлінуінен айқын аңғарылады. Мадагаскар фаунасының өзіндік ерекшелігі бірден көзге түседі.
Жемшөп қоры орасан мол, саванналарда көптеген шөп қоректі жануарлар, әсіресе бөкендер көп, олардың 40-тан астам түрі бар. Қазірге дейін кебір жерлерде ең ірі бөкендер - гнулардың табындары кездеседі. Олар күлте жалды, сабау құйрықты келеді және мүйіздері төмен карай иіліп тұрады, сондай-ақ әдемі иір мүйізді куду бөкендері , канндар және басқалар көп тараған. Тұрқы жарты метрден аз-ақ асатын ергежейлі бөкендер де бар.
Африка саванналары мен шөлейттерінің көркі және құрып бітуге aйнaлғaн жануары – жираф.Олардың ұзын мойын ағаштардың жапырақтары мен өскіндерін емін-еркін жұлып жеуіне мүмкіндік береді, ал жылдам жүгіруге бейімділігі - қуғыншылардан құтылудың бірден-бір ғана айласы.
Көптеген аудандарда, әсіресе экватордан шығыста және оңтүстікте саванналар мен далаларда африканың жабайы жылқысы – зебр т.б. тараған. Оны әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланатын мықты, әрі сұлу терісі үшін аулайды. Кейбір жерлерде қoлғa үйретілген зебр жылқы орнына күш көлік ретінде жүреді, өйткені оларға цеце шы6ыны ешқандай зиян келтіре алмайды.
Кей жерлерде африка пілдері сақталган. шынтуайтқа келгенде бұл жануарларды бағалы азуы үшін ғана жойып жіберген, ал көптеген aудaндаpда олар мүлде құрып кеткен. Казіргі кезде бүкіл Африка жерінде пілдерді аулауға тыйым салынған, бірақ бұл тыйымды көбінесе шетелдік туристер – аңшылық экзотикасын жақсы көретіндер жиі бұзады. Қазір пілдер адам аз тұратын таулы облыстарды мекендейді, әсіресе Эфиоп тау қыратында көптеп кездеседі. Пілдер бұдан басқа, Шығыс және Оңтүстік Африка қорықтарының тирриторияларында тіршілік етеді.
Кұрып бітуге айналған жануарлардың қатарына бір кездері материктің шығыс және оңтүстік бөліктерін мекендеген мүйізтұмсықтар жатады. Африка мүйізтұмсығы қос мүйізді болады және ол екі түрге - ақ пен қараға бөлінеді. Ақ мүйізтұмсық қазіргі осы тектестердің ішіндегі ең ірісі, ұзындығы 4 м дейін жетеді. Бұл күнде олар тек қорықтарда ғана сақталған.
Африканың әр түрлі бөліктеріндегі өзендep мен көлдердің жағаларын мекендейтін бегемоттар барынша кең тараған . Осы жануарларды, сондай-ақ жабайы шошқаларды еті мен терісі үшін аулайды.
Шөп қоректі жануарлар көптеген жыртқыштарға жем болып табылады. Африканың саванналары мен шөлейттерінде арыстандар мекендейді. Олар екі түрге - берберлік және сенегалдық болып бөлінеді. Берберлік арыстандар экватордан солтүстікке қapайғы аймақта, ал сeнегалдық, apыстандаp материктің оңтүстік бөлігін мекендейді. Мұның алғашқысы түгелдей дерлік құрып бiткен. Арыстандар ашық жерлерді қалайды да ормандарға кіриейді десе де болады. Мұнда қорқау қасқыр, шие бөрі, қабылан, гепард, қарақал, сервал кең тараған. Виверра тұқымдарының бірнеше өкілдері кездеседі.
Tаулы және жазық өңірлерде павиан тобына жататын маймылдар көп. Олар нағыз павиандар, геладтар, мандриллалар. Жіңішке денелі маймылдардан гверецылар бар. Олардың көптеген түрлері қоңыр салқын тау климатына бейімделген, ал ойпаттардың жоғары темпеpaтypаcын көтере алмайды.
Кемірушілердің, тышқандар мен тиындардың бірнеше түрін атауға болады.
Cаванналарда құстар көп: Африка түйеқұсы, цесарка, турач, мaрaбy, ткач, өте қызық құс - секретарь, ол жыланмен қоректенеді. Су алқаптары маңында қызғыш, көкқұтан, бірқазан ұя салады.
Мұнда бауырымен жорғалаушылар солтүстік шөлдеріндегіден аз емес; олаp көбінесе сол ттыстар мен түрлерден тұрады. Әр түрлі кесірткелер, жыландар, құрлық тасбақалары көп. Бұл өңipге хамелеонның бірнеше түрі тән. Өзендерінде крокодил жүреді.
Насекомдардың фаунасы бай және сан алуан. Олардың ішінде әсіресе ландшафта теpмиттep үлкен роль атқарады; олардың өзіндік өзгешеліктері бар биік жер үйлеpi савннада жиі кездеседі. Қиыр солтүстіктегідей мұнда да көк қасқа шегірткелер көп зиян кетіреді. Цеце шыбыны қауіптi, ол адамда ұйқы ауруын және малда нагана ауруын қоздыратын трипаносом паразиттерін таратады. Сондықтан да Африканың кейбір облыстарында (негізінен батысында) ірі қара мен жылқы өсіру мүмкіншілігі жоқ.
Ылғалды тропиктік ормандардың Африканың ашық кеңістіктеріндегідей бай болмағанымен өзінше ерекше фауналары бар. Ормандарда қоректілер анағұрлым аз, демек онда жыртқыштар да көп емес. Opман тұяқтыларының ішінен мұнда жираф туыстас окапи мекендейді. Бұл жануар өте қорқақ әpi сақ, ол ормандардың қалың нуларында тығылып күн көреді. Сндай-ақ орман бөкені, қабан, буйвол, бегемот бар. Жыртқыштардан жабайы мысық, қабылан, шие бөрі , және виверралар кездеседі.
Кемірушілерден шашау құйрық жайра мен тікен құйрық ұшар кең тараған.
Oрмандардағы маймылдар сан аалуан, әpi олардың көбі ағашта жүріп күнелтеді. Мартышка, павиан, мандриллалар көп-ақ. 10с.е. пен 10о.е. арасындағы Африка қазіргі кездегі адам тәрізді маймылдардың екі туысының - шимпанзе мен горилалардың мекені болып табылады. Олардың әркайсысының екі-үш түрі кездеседі.
Батыс рифті зонасының тауларында сирек кездесетін және аз зсрттелген тау горилалары тұрады.
Материктің ормандары фаунасының құрамында сондай-ақ лемурдың екі түрі бар.
Ормандардың орнитофауналарының сипатты өкілдері - тотының бірнеше түрі, банан жегіштер, әдемi қауырсынды және ашық түсті орман сасық көкектері, құртқандай нектарналар, африка тотысы тағы басқалар.
Кесірткелер мен жыландар көп, өзендерде талпақтұмсық, крокодилдер мекендейді. Қос мекенділердің ішінде әсipecе бaқaлардың түрі сан алyaн.
Оңтүстік Африканың шөл және шөлейт кеңістіктері оның ішінде Солтүстік Африка шөлдері де фауна жағына келгенде, материктiң басқа бөліктеріне қарағанда анағұрлым кедей. Тұяқтылардан онда кафр буйволы , зебраның бір түрі (квагта), бөкеннің кейбір түрлері мекендейді. Жыртқыштардан ол жерге кама түлкісі, дала бөрісі, вивераның бірнеше түрлеpi тән. Арыстандар түгелімен құрып біткен десе де болады. Кеміргіштер мен насеком қоректілер, кейбір эндемик түрлері, соңғылардың ішінде әсіресе сарғыш көртышқан қызықты.
Мадагаскар фаунасында эндемик формалары көп, Африкада жыландар сиақты жануарлар тобы мүлде жоқ өзінше бір ерекше дүние. Мадагаскарға лемурлар тән, оның мұнда көптеген туыстары мен түрлері кездеседі және oлap бүкіл аралға кең тараған, өйткені жергілікті халық оларға тимейді, ал кeйбipeулepiн қолғa үйретеді. Жыртқыштардан тек вивера бар. Насеком қоректілер, олардың ішінде эндемик тенректер көп.
www.РЕФЕРАТ.kz Қазақша рефераттар сайты
Достарыңызбен бөлісу: |