Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жоспар: І. Кіріспе 1 Банктік емес кредиттік ұйымдар ІІ. Негізгі бөлім Кредиттік одақ



Дата05.07.2016
өлшемі222.64 Kb.
#180916
түріРеферат

Жоспар:


І. Кіріспе

1.1 Банктік емес кредиттік ұйымдар

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Кредиттік одақ (КО)

Кредит серіктестігі (КС)

2.2. Сақтандыру компаниялары

2.3. Инвестициялық қорлар

2.4. Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары

ІІІ. Қорытынды

3.1. Қор биржалары



Банктік емес кредиттік ұйымдар

Сұраныс пен ұсынысты ұтымдылығына сәйкес пайдалану үшін ресурстардың бөлініп таралуы арқылы нарық экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Қаржы нарығының және осыған сәйкес мекемелердің жақсы жүйелері ақшаларын жоғары пайдасы бар инвестицияларға аудару арқылы осы процестің бір бөлігі болып табылады. Әлемдік тәжірибе бойынша қаржы жүйесі жоғары дамыған елдер бұл жүйесі нашар дамыған елднрмен салыстырғанда тез, әрі өседі. Сонымен қатар бұл елдер экономикалық жағдайларының шұғыл өзгеруіне жақсы бейімделе алады. Сондықтан, экономикасы дамушы елдердің барлығы үшін кез келген қаржылық жүйесінің ажырамас бөлігі – банктік емес қаржылық институттардың дамуын тездетудің маңызы зор.

Белгілі қоғамдық қажеттілікті қаржыландыру үшін және өз бетімен оперативті түрде жұмсалатын қаржылай қаражатты пайдалануды мемлекет тарапынан, қайтадан таратудың бірі бюджеттен тыс қордың қордың формасы болып саналады.

Бұл қорлар қаржы нарығының қатысушы ретінде және инвесторы болып шыға алады. Өйткені, біріншіден, ақшалай қаржыны пайдалану олардың құрылу уақытымен үйлеспейді, ал екіншіден, инвестициядан түскен табыс басқа немесе бөгде қорды қосымша қаржыландырудың көзі болып саналады.

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға мыналар жатады:


  • Зейнетақы қоры;

  • Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры;

  • Әлеуметтік сақтандыру қоры;

  • Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ).

Зейнетақы қоры. Олардың негізгі міндеті:

  • Балаларға жәрдемақы мен зейнетақы төлеу үшін мақсатты алым және қаражатты жинақтау, оларды қаржыландыру мен ұйымдастыру;

  • Халықты әлеуметтік қолдау бойынша аймақтық бағдарламаға келісімшарт негізінде республикалық тұрғыда қаржыландыруға қатысу;

  • Өзін-өзі қаржыландыру негізінде ұдайы өндіру қаржы қорын кеңейту.

1993 жылдан бастап ол Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынышты. 1994 ж зейнетақы қоры бюджетке енгізіліп, 4 айдан соң оның құрамынан шығарылды. 1995 жылдан бастап зейнетақы қоры бюджетке кірмейді.

Зейнетақы қоры кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің түріне және меншігіне қарамастан азаматтардың сақтандыру жарналарын аудару есебінен қалыптасады. Зейнетақы қоры мен Әлеуметтік сақтандыру қорын бірге алғанда еңбектен төлеу қорының 20%-ын құрайды. Жиналған жарнамалардың 85% қаржысын – Зейнетақы қоры, 15% - Әлеуметтік сақтандыру қоры мен Міндетті медициналық сақтандыру қоры құрайды.

Қордың бюджеттік жобасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде әзірленіп, қордың басшылығына беріледі. Басшылық құрамына Қаржы министрлігінің, ҚР Ұлттық банктің, Үкімет пен Президент әкімшілігінің өкілдері кіреді.

Әлеуметтік сақтандыру қоры – аумақтық дәл осындай, осы салалық тұрғыда бөлінетін жалпы мемлекеттік ресурстардың орталық қоры. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар мен меншіктің түрлі формасындағы ұйымдар мен кәсіпорын қаржыларының міндетті түрдегі қатысуы арқылы сақтандыру әдісімен құрылады. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысы еңбекке төлеу қорынан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылымдары есебіне қалыптасады. 1993-1995 жж аралығында осы аталмыш қорға аударымның жалпы сомасының 50%-ы түсті. 1996 ж 1 қаңтарынан бастап, бұл сан 5% төмендеді. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысы әр түрлі төлемдерге (еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жүкті кезде және босанғанда, бала туғанда бірмезгілдік, жерлеуге) емдеу-сауықтыру орындарын қаржыландыруға жұмсалады. Бұл қордың негізгі шығындарының үлесі жәрдемақы төлеуге тиеді.

Жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру шараларының өткізілуін қаржыландыру үшін арналып жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызмет шеңберінде дербес жүйе ретінде 1991 ж. Жұмыспен қамтудың мем- лекеттік қоры құрылды. Қаулыда анықтап көрсеткендей оның қаржысы бюджеттік құрамына енбейді, яғни қор бюджеттен тыс болып есептелінеді. Соған қарамастан қор 1993 ж бюджетке енгізілді, оның қаржылық жағдайының жақсылығымен және артық қаржыны бюджеттің қажеттілігіне жұмсалуының мүмкіндігімен түсіндірілді. 1995 жылдың мамырынан бастап, Жұмвспен қамтудың мемлекеттік қоры қайтадан бюджеттен шығарылады.

Оның қаржылық көздерін қамтитындар:


  • Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, еңбекке төлеу (296) қорының белгіленген мөлшерінен және шаруашылық жүргізу мен меншік түрлерінің формасынан тәуелсіз, өзге де жұмыс берушілер мен кооперативтердің міндетті аударымдарынан;

  • Мемлекеттік бюджеттен дотациялар және де олардың бөліну шарттары нақтыланған жоқ;

  • Отандық және шетелдік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдармен азаматтардың ерікті жарналары, коммерциялық қызметтің табыстары мен басқадай түсімдер.

Міндетті медициналық сақтандыру қоры. ҚР Үкіметінің жанынан 1995 ж 29 қыркүйекте ҚР Үкіметінің №1295 қаулысымен ММСҚ құрылған болатын. ҚР-ң заңында азаматтардың міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде өзін сақтандыруға құқылы екендігі және осы саладағы мемлекеттік қаржы саясатын жүзеге асыру үшін және оны әзірлеуге қатысуын қамтамасыз ететіні қарастырылған. Сонымен қатар жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру мен Қазақстанның барлық аумақтарындағы сақтандырылған азаматтарға ұсынылатын медициналық көмектің сапасын және оның көлемін теңестіру үшін жағдай жасау.

ҚР Үкіметінің жанындағы Міндетті медициналық сақтандыру қоры қаржылай қаражатының медициналық сақтандыру жүйесі мемлекет меншігінде. Ол бюджеттің және басқа қордың құрамына кірмейді, сондықтан да тиісінше алынуға жатпайды. Олар мыналардың есебінен құралады:



  • ҚР Үкіметі белгілеген міндетті медициналық сақтандырудың көлемінде жұмыс берушінің сақтандыру бөлімінің төлемдерінен;

  • Мөлшерленген басы артық (запас) сақтандырудың қаржылай қаражат қоры;

  • Қордың уақытша босаған қаржысын пайдаланудан түскен табыстардан;

  • Ерікті жарналар мен заңды және жеке тұлғалардың сыйлықтарынан;

  • ҚР заңында тыйым салынбаған басқа түсімдерден.



ҚР бюджеттен тыс қорына аударымдардың пайызы.

2.2 Кредиттік одақ (КО)

Кредит серіктестігі (КС)

Кредиттік серіктестіктер, қоғамдар, одақтар Еуропада ХХ ғасырдың екінші жартысында, АҚШ-та алғаш рет ХХ ғасырдың басында пайда болды. ХХ ғасырдың аяғында олар әлемнің 90 елінде жұмыс істеп, 95 млн адамды біріктірді. Сонымен, 55 мың кредиттік одақтың тұтастай активінің көлемі 4,3 трлн АҚШ долларынан артып отыр. Канада, АҚШ, Ирландия, Австралия, Оңтүстік Корея мен Тайванда кредиттік одақтар барынша кең дамып отыр.

Кредиттік серіктестік туралы ең негізгі міндетті орындайтын іс жүзінде барлық жерде қолданыстағы арнаулы заң бар:


  • Өзара көмек көрсету үшін бірігетін кредиттік серіктестіктердің, коммерциялық емес ұйым ретіндегі одақтардың, азаматтардың мүдделерін қорғау;

  • Кредиттік одақтарды бақылау және жол берілген қызмет түрлерін белгіленген шектеу арқылы одақтың кредиттік жарнашыларының өз мүдделерін қорғау.

1994 ж кредит серіктестігі, қоғам, одақтардың қызметтерінің негізгі принциптерін бекіткен Дүниежүзілік кеңес құрылды. Олар төмендегідей:

  • КС (кредиттік серіктестік) демократиялық институттар болып саналады;

  • Мүшеліктің еріктілігі мен ашықтығы. КС мүшелерінің барлығының мүдделерінің сақталуы, қызмет көрсетуді пайдалануға келісімі мен өзіне тиісті міндеттемені қабылдауға әзір екендігі. Сонымен, нәсіліне, ұлтына, дініне және тұтынатын наным сеніміне қарап кемсітуге жол бермейді;

  • Бизнестің немесе жинақ ақшасының салынған мөлшеріне қарамастан КС істері бойынша дауыс бергенде бірдей құқықты пайдаланады. Осының барлығы, яғни бақылау мен басқарудың демократиялығына байланысты. Кредит серіктестігі (КС) – өзінің қатысушыларына қызмет көрсететін кредиттендіру мақсатымен құрылған банк болып табылмайтын заңды тұлға. Бұл ҚР «Кредит серіктестігі туралы» заңымен белгілегендей Ұлттық банктің лицензиясының негізінде өз қызметін қарыз және басқа банктік операция түрлерін жүзеге асыру үшін жүргізеді.

Кредит серіктестігі коммерциялық ұйым болып саналады, жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде ұйымдастыру-құқықты формасында қызметін жүзеге асырады.

КС мүліктері меншіктікке құқылы ретінде өзінің иелігіне жатқызылады және міндетті салымдар есебінен, қатысушылардың қосымша жарналарынан, КС алынған табыстарынан, Заң рұқсат ететін табыс көздерінен оның қаржысы қалыптасады. КС өзге заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілмейді.

Кредит серіктестігінің қатысушылары өкілдік, атқарушы және сот билігі органдарының, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекетке жататын жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы, сонымен қатар оны тіркеген мемлекеттің заңдарына сәйкес офшорлық аймақта тіркелген компанияның мәртебесі бар заңды тұлғаны қоспағанда үш заңды және жеке тұлғадан аз болмауы керек (резиденттер мен резидент еместер).

Кредит серіктестігі ҚР аумағында және одан сыртқары жерде филиалдар, өкілдіктер мен еншілес серіктестіктер құруға құқы жоқ.

Кредит серіктестігі мыналарды жүзеге асыра алады:


  • Кассалық операциялар – қабылдау, қайта санау, ұсақтау, айырбастау, сұрыптау, монета мен банкнотты сақтау мен орау;

  • Қарыз операциялар кредит серіктестігінің қатысушыларына ақшалай түрде кредиттер ұсыну;

  • Аудару операциялары, ақша аудару бойынша кредит серіктестігінің тапсырмасын орындау;

  • Сенімгерлік (трастовые) операциясы сенімгердің тапсырмасы бойынша (кредит серіктестігіне қатысушы) және ақшаны мүддеге сай басқару;

  • Кредит серіктестігінің қатысушылары үшін клирингтік операциялар-алым, салыстырып тексеру, сұрыптаумен дәлелденген төлемдер, сонымен қатар олардың өзара есепке алуын және клиринг қатысушылары позициясын анықтау (кредит серіктестігі);

  • Сейфтік операциялар – бағалы қағаздарды клиенттің бағалы заттарымен құжаттарын сақтау үшін қызмет көрсету, үй-жай мен шкафтарды, сейф жәшіктерін жалға беру;

  • Кредит серіктестігіне қатысушылардың заңды және жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау;

  • Кредит серіктестігіне қатысушылардың тапсырмасы бойынша олардың банкідегі шотымен есеп айырысуларын жүзеге асыру.

Жоғарыда аталған операциялармен қатар, Ұлттық банктің лицензиясы болған жағдайда кредит серіктестігі келесі операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

  • Факторингілік операциялар – төленбеген төлемді тәуекелдікке барумен қабылдаудың тауар сатып алушының төлем талаптарының құқығын сатып алу (қызмет көрсету, жұмыс);

  • Форфейтинг операциялары – сатушыға айналымсыз келмейтін вексельді сатып алу жолымен тауарларды сатып алушы борышқорлық міндеттемесін өтеу (төлеу) (қызмет көрсету, жұмыс);

  • Жалға берілген мүліктің келісімшарт күшінің барлық мерзімінде жалға берушінің жалға берілген мүлкіне меншіктік құқығының сақталуы (лизинг).

КС кәсіпкерлік қызметпен айналысуына тыйым салынады қолданылып жүрген банкі заңдарында қарастырылғандай банкілік және өзге де операцияларды кредит серіктестігі Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгемен ғана жүзеге асырады. Кредит серіктестігі Ұлттық банкіден немесе екінші деңгейдегі банкілерден оның келісімімен корреспонденттік шот ашуы мүмкін.

КС қатысушылардың жалпы жиналысныда бекітілген ішкі кредит саясатының ережесімен байланысты КС қарыз операцияларын жүзеге асырады. КС қатысушыларға берілетін кредиттің барынша сомасы, кредиттендірудің шектемесі, кредиттің орнын жабу мен оның жағдайын қамтамасыз етуі мен оның мерзімі баяндалуы керек. Кредит тек қана КС қатысушыларға беріледі.

КС қатысушыларға кредит қамтамасыз етіліп немесе қамтамасыз етілмей берілуі мүмкін. Кредиттің қайтарымын кепіл мен кепілдеме беруші қамтамасыз ету мүмкін.

Өздерінің қызметтерін үйлестіру үшін, ұсынылатын жалпы мүдделерді қорғау, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен өзге де жалпы міндеттерді шешуде КС ассоцияция түрінде, кредит серіктестігінің бірлестігін, сонымен қатар бірлескен қызмет тыралы келісімшарттың негізінде, консорциум құра алады.

ҚР қадағалау және реттеу жөніндегі агенттігі КС міндетті пруденциялды нормативтің және лимит (шектеме) пен басқа міндетті белгілейді. Сонымен қатар ол нормативтер мен лимиттердің орындалуын, формаларын, тәртібін кезеңдігін және қаржылық реттеуіш пен бухгалтерлік есептеме ұсынудың мезгілін белгілейді.

2006 ж 1 қаңтарындағы мәлімен бойынша Қазақстанда 80-нен астам кредит серіктестігі жұмыс істейді, жиынтық активтерінің мөлшері 10,0 млрд теңгеден астам, міндеттемелері – 5,0 млрд астам, баланс бойынша меншік капиталы – 5,0 млрд теңгеден астам.

КС 2006 ж 1 қаңтарындағы құрылымының стандарт кредит үлесі – 84%, күмәнді кредиттер – 15,9%, үмітсіздер – 0,1% 09райды7

КС алуан түрлілігінің бірі ауыл шаруашылық кредит серіктестігі болып табылады (АКС). Олардың негізгі құрылтайшылары – ауыл шаруашылық кооперативтері, фермерлер, шаруа қожалықтары және т.б. АКС қызметіндегі басты бағыттары – ауыл шаруашылығына кредит-есеп айырысу үшін қызмет көрсетуге, мал сатып алу шағындарына, тұқым, тыңайтқыш, себу мен жинау жұмыстарына және т.б кредит беруге жәрдемдесу. АКС қызметінің негізгі операциясы – қысқа және орта мерзімді қарыздарды береді және салымдарды қабылдайды, сонымен қатар делдалдық қызметті де атқарады.

Кредит серіктестігі, ломбардтармен, ипотекалық компаниялар және өзге ұйымдармен жекелеген банкілік операция түрлерін жүзеге асыратындармен қатар кредиттендіру жүйесіндегі екінші деңгей болып саналады. Сонымен оның борышкерлері болып шағын және орта бизнес, сонымен қатар жеке тұлғалар есептеледі.

Кредит жүйесіндегі үшінші деңгейдегі тек қана шағын кредитпен айналысатын, яғни өзара кредит қоғамының ұйымдарын құрайды.



2.2. Сақтандыру компаниялары

Белгілі бір сақтандыру жағдайлары болған кездерде ақшалай қордың есебінен сақтандырудың орнын толтырып, сонымен жәрдемімен (сақтандырылған) жеке және заңды тұлғалардың мүліктік қатынасы бойынша сақтандыру мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл ақша қорлары сақтандыру төлемдерінен және заңда тыйым салынбаған өзге де көздерден түскен қаржы арқылы қалыптасады.



Сақтандырудың түрлері. Сақтанды мынандай болып бөлінеді:

  • Міндетті дәрежелері бойынша:

А) ерікті;

Ә) міндетті;

- Сақтандыру объектісі бойынша:

А) жеке;


Ә) мүліктік.

Міндетті сақтандыру – заң талабының күшімен жүзеге асырылатын сақтандыру. (Өз денсаулығын сақтандыру міндеті азаматқа жүктелмеу керек).

Ерікті түрдегі сақтандыру – екі жақтан да өз еркімен жүзеге асырылатын сақтандыру.

Азаматтың жеке басына байланысты өз өмірін, денсаулығын, жұмысқа қабілеттігі және басқа да мүдделерін сақтандыруы жеке басын сақтандыруға жатады.

Мүлікті сақтандыру мен сол мүдделерге байланысты, азаматтық-құқықтық жауапкершілік және кәсіпкерлік тәуекелдікті қосқанда – мүліктік сақтандыруға жатады.

Азаматтығы жоқ, шетел азаматтары, өз қызметтерін ҚР аумағында жүзеге асырып жатқан шетелдік заңды тұлғалар,ҚР заңды тұлғалары және азаматтарымен бірдей сақтандыру құқығын пайдаланады.

ҚР сақтандыру ұйымдарындағы шетелдік инвесторлардың жарғылық қордағы қатысу үлесі 50%-дан аспауы керек.

Сақтандырушы тиісті сақтандыру түрлерін іске асыруға құқылы лицензиясы бар, сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған – коммерциялық ұйым.

Мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдары акционерлік ұйым немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде, құрылтайшыларды таңдау бойынша құрылады.

Мемлекеттік сақтандыру ұйымдару шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын түрінде құрылады. Ұйымдастыру-құқылық және меншік түрлерінің тәуелсіздігіне қарамастан, сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорларының көлемін Қаржылық нарықты қадағалау және реттеуі бойынша агенттігі ақшалай қаражатын белгілейді. Мемлекеттік тіркеу мезгілінде сақтандыру ұйымының жарғылық қоры ең аз шамадағы мөлшердің 50%-нанастам емес ақша түрінде қалыптасуы тиіс, сондай-ақ, тиісті банкінің берген құжаты арқылы дәлелденуі керек. Қордың алған бөлігі сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны алу мезгілінде, құрылтайшылық құжаттарының мөлшерін қарастырғанға дейін қалыптасып үлгерулері керек.

Сақтандыру компанияларының пассивті және активті операциялары айрықша сипатта болады да, банктердің осыған ұқсас операцияларынан өзгешелеу болып көрінеді.

Сақтандыру компанияларының пассивтері заңды және жеке тұлғалардың сақтандыру сыйақылары төлемдерінің есебі негізінде қалыптасады.

Өзге пассивті бап үлесі шамалы, оған пайда есебінен қалыптасқан акционерлік капитал жатады.

Сақтандыру компанияларының активті операциялары ірі компаниялар жергілікті органдардың орталық банктің және Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарындағы инвестицияларынан, сонымен қатар полистік қарыздарынан тұрады.

Активті және пассивті операцияларының нәтижесінде сақтандыру компаниясы пайда алады. Сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру төлемдерінің орнын толтыру арасындағы айырмасының нәтижесіне операциялық шығындарды қосса инвестициялық қызметке бағытталуы мүмкін сақтандыру қорын береді.

Сақтандыру мен қайта сақтандыру компаниялары өздерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қаржылық тұрақтылығының ең аз жағдайларын қамтамасыз етуге жататындар: сақтандыру резервтері мен қажетті мөлшерде меншік капиталының болуы, сақтандырушының жекелеген келісімшарты бойынша ең аз шамадағы нормативті міндеттемелерді сақтау және мемлекеттік уәкілеттік органдар белгілеген норма мен лимиттерді сақтау болып табылады.

Сақтандыру компаниясының жарғылық капиталы сақтандыру төлемдерін өтеу мен өзінің қызметін қаржыландыру үшін арналған.

Сақтандыру резервтері сақтандыру төлемдерінің есебінен құрылады және сақтандыру келісімшарты бойынша тек қана өздерінің міндеттемелерін атқаруды қамтамасыз ету үшін арналады.

Компания меншікті капиталы, басқа да міндеттемелер мен сақтандыру резервтеріне оның барлық активтерінің сомасын шегерудегі құны ретінде анықталады.

Компания міндеттемесінің ең жоғары көлемі қайтадан сақтандырылуда немесе қайта сақтандырушының сақтандырудың жекелеген келісімшарты бойынша сақтандыру резерытермен меншікті капитал сомасының 10%-нан аспайтындай болу керек.

ҚР Қаржы ұйымдары және қаржы нарығын қадағалау мен реттеу бойынша агентігі мемлекеттік уәкілеттік органы болып табылады.

Сақтандыру ұйымдарының қызметі ҚР «Сақтандыру туралы» заңымен реттеледі.

1.01.2006 ж Қазақстанда 36 сақтандыру компаниялары жұмыс істеді. Олардағы меншік капиталының тұтастай жиынтығы – 29,6 млрд теңге, жарғылық капиталы – 17,7 млрд теңге, сақтандыру төлемінің шығыстары – 6,7 млрд және сақтандыру сыйақысы - 40,0 млрд теңге шамасында, олардың ішінде міндетті сақтандыру – 4,4 млрд, ерікті жеке басын сақтандыру - 4,5 млрд, ерікті мүлікті сақтандыру – 31,0 млрд теңгені құрады. Сақтандыру сыйақысының халықтың жан басына шаққандағы қатынасы небәрі АҚШ-тың – 20,0 долларын құрайды. Белгияда – 3283, Австралияда – 2039, Чехияда – 364, Сербияда – 41 доллардан келеді.



2.3. Инвестициялық қорлар

7 шілде 2004 ж ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» №576-11 заңына сәкес инвестициялық үлестік жарна немесе акционерлік қоры (ИҚ) құрылған болатын.

ҚР-да инвестициялық қордың 2 түрі бар:


  1. Акционерлік инвестициялық қор (АИҚ);

  2. Үлестік жарна инвестициялық қоры (ҮЖИҚ); олар келесі формада болуы мүмкін: ашық, аралық немесе жабық.

Ашық ҮЖИҚ ҚР «инвестициялық қорлар туралы» заңында белгіленген тәртіп пен шарт негізінде компания басқарушысынан оның үлестік жарна иесіне үлестік жарнасын сатып алуды талап ететін құқықты ұсынады. Осы инвестициялық қордың (ИҚ) ережесіне сай 2 аптада 1 рет ал ҮЖИҚ аралығында – ұзартпай жылына 1 рет сатып алуды ұсынылады. Жабық ҮЖИҚ оның үлес жарнасының иеленушісіне осы қордың үлес жарнасын иеленушісінен жалпы жиналысына қатысу құқығын табыс етеді. Сонымен қатар қордың қарастырылған ережесімен үлес жарнасы бойынша және шарт тәртібінде дивиденттерді алуды ұсынады.

Жабық түрдегі ҮЖИҚ үлес жарнасын иеленушіге өзіне жататын үлес жарнасын компания басқарушысынан сатып алуды талап етуге құқы жоқ.

ИҚ инвестициялық қызметі лицензиясының бар кезінде дербес АИҚ инвестицияларының немесе осы қордағы жарналық үлесті иеленушілердің немесе басқарушы компания қоры акционерлерінің табыс алу мақсатының жинақталуымен анықталады.

Басқарушы компания – бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушы, инвестициялық қоржынды лицензияның негізінде басқаруға және ИҚ активтерін сенімгерлікпен басқарып жүзеге асырушы.

Инвестициялық деклорация – ИҚ активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің шектеу және мақсатын, стратегиясын сақтандыру шарттарын және қор активтерін әртараптандыратын инвестициялық объектілер тізбесін анықтайтын құжат.

Инвестициялық кіріс (табыс) – олардың инвестициялар нәтижесінде алынған ақша түріндегі ИҚ активтерінің өсімі.


  1. Инвестициялық акционерлік қор (ИАҚ) ҚР «Инвестициялық қорлартуралы» белгіленген заңның талаптарына сәйкес жинақтау мен инвестициялаудың айрықша қызмет түрі болып табылатын акционерлік қоғам. Сонымен қатар, осы қоғам акционерлері енгізген оның инвестициялық декларациясын, ақшасын және оның акциясын, осындай инвестициялаудың алынған нәтижесінде төлейді.

АИҚ жоғарыда көрсетілген өзге қызметті іске асыруға, «алтын акцияны» енгізуге, еншілес ұйым құруға, жай акциядан басқадай қаржылық құралдарын шығарып және орналастыруға құқығы жоқ.

Офшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалар, осы компаниямен келісімшарт жасасқан басқарушы компания, тіркеуші мен кастодиян ИҚ құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.

Басқарушы компания, кастодиян мен тіркеуші өзара байланыста болмауы керек.

АМҚ жарғысында ҚР «Инвистициялық қорлар туралы» Заңнын белгіленген талаптары мен оның оның инвестициялық декларациясының шартына сәйкес инвестициялау қызметі ИҚ-дың айрықша түрі болып табылатыны, АИҚ органдарын ұстаудағы шығынның ең көп мөлшері, түрлері мен тәртібі инвестициялық декларацияда белгіленуі керек.

АИҚ ақшалары тек қана ұлттық валютаның ақшасымен төленеді. Оларды орналастыру кезінде акциялардың жарым жартылай төлемдеріне жол берілмейді.


  1. Үлестік жарна инвестициялық қоры (ҮЖИҚ).

Үлестің жарна инвестициялық қор заңды тұлға болып саналмайды, ол шексіз мерзімге құрылады. Үлестік инвестициялық жарна қорының меншік активтерінің үлесіне құқық беруді басқарушы компания шығаратын үлес жарнасымен куәландырады.

Үлестік жарна құжатталмаған формада шыққан атаулы эмиссиялық бағалы және үлестік инвестициялық жарна қорындағы оның меншік үлесін дәлелдейді. Оның жұмысы тоқтаған кезде, сонымен қатар үлестік инвестициялық жарна қорының меншіктігімен, басқа да құқықтарға байланысты және үлестік инвестициялық жарна қорының активтерін өткізуден (сату) түскен акцияны алуға құқық береді.

Үлестің инвестициялық жарна қоры активтерінің ең аз мөлшері есептік айлық алу мың еселік көрсеткішін құрайды.

ҮЖИҚ қызметі жоғарыда аталған «Инвестициялық қор туралы» заңымен реттеліп отырады.

Қазақстанда бірінші үлестік инвестициялық жарна қоры 2004 ж соңына таман пайда болды. Басқарушысы Compass компаниясы 2004 ж қарашасында компанияға қарасты қазақстандық екі ҮЖИҚ-тың бірінші рет тіркелгені туралы хабарлап жария етті. Бұл қорлардың біріншісі қоржынды инвестициямен, екінші тікелей инвестициямен айналысады. Сонымен қатар 01 және 02 тіркелім нөмірін алып, салымшыларды тарта бастады. Сонымен, жаңа ел тарихы үшін қаржы нарығының жаңа сегменті ашылды.

Сол жылы инвестициялық қоржынды басқару жөніндегі (бойынша) Сентрас-Секьюритиз компаниясы Қазақстанда алғаш рет «Қазыналық» ашық ҮЖИҚ құрды. Қазақстанда бірінші рет құрылып отырған ашық ҮЖИҚ қаржы нарығының даму тарихындағы елеулі кезеңі болып табылады. Сонымен ол елдегі қалыптасқан жинақ ақша мен инвестицияның құрылымын жеке тұлға ретінде және корпоративті құрылымын өзгертуге қабілетті. Себебі банктегі депозиттің пайызына қарағанда үлес жарнасының табысы анағұрлым жоғары.

Ресейде бірінші ҮЖИҚ 1996 ж пайда болды. 5 жылдан кейін олардың кейбіреудері жылына 125%-ға дейін пайда тапты. Шынында, кейіннен олардың табысы төмендеп, 10-45%-ға дейін ауытқыды, қазірде олардың саны бірнеше жүздеп саналады.

2005 жылдың басында Қазақстанда 6ҮЖИҚ тіркелген болатын, мамандардың болжамдары бойынша шамамен қазақстандардың 10% өздерінің жинаған ақшалары осы қорларда сақтайды, - дейді

2.4. Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары

Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары – бұл қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендететін, мемлекеттің өз міндетін орындаудағы шығындарды азайтатын, қаржы нарығында тұрақтылықты арттыратын, ұзақ мерзімді инвестициялауға «арзан ақшаны» тартатын әлеуметтік-экономикалық институт.

Мемлекеттік емес зейнетақы қоры (МЗЕҚ) халықың зейнетақы жарналарын шоғырландыру арқылы қалыптасатын коммерциялық емес ұйым (еңбек ақысынан – 10%) және келісімшартқа сәйкес зейнетақы төлеуді атқарады. Жиналған қаржыны көбейту үшін қор зейнетақы қорының активтерін басқару жөніндегі арнайы компанияға тапсырады (ЗАБҚ)

Қор кастодиандық қызметке лицензия алғаннан соң кастодиян-банкісінен ғана банкілік шотын ашуға құқылы болады. Кастодиян ақша қаржысының құнды қағаздармен мәмілеге арналған және оған сеніп тапсырылған бағалы қағаздардың есебін алу мен оны сақтау бойынша кәсіби қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға.

Зейнетақы қоры корпоротивті активтердің жалпы сомасын, инвестицияланған қаржының сомасын, қаржылық инвестиция құнының өзгеруі, бағалы қағаздардан өткізуден болған түсімнің сомасы мен комиссиялық сыйақы сомасын кастодиан-банкісі салыстырып тексеріп отырады. Зейнетақы активін басқару компаниясымен мыналар салыстырылып тексеріледі: зейнетақыф жарнасының түскен сомасы, жинақталған зейнетақыдан төленген сома, инвестиция түрлері бойынша инвестицияланған қаржы сомасы, ивестициялық табыстан алынған сома, басқа қорларға ауысып кеткен салымшылар саны мен олардың сомасы.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары:



  • Ашық;

  • Корпоративті болады;

Азаматтың жұмыс орны мен мекен-жайына қарамастан салымшыдан жинақтау жарнасын қабылдауды ашық зейнетақы жинақтаушы қорлары жүзеге асырады.

Корпоративті ЖЗҚ – осы қордың акционерлері мен құрылтайшылары болып табылатын, бір немесе бірнеше заңды тұлғаның алушы қызметкерлері үшін құрылады.

ЖЗҚ акционерлік қоғам нысанында құрылады және ҚР қадағалау мен бақылау агенттігінің келісімі бойынша филиалдары мен өкімдіктерін ашуға құқылы. Зейнетақы жарналарын қабылдау бойынша филиалдары мен өкімдіктерін ашуға құқылы. Зейнетақы жарналарын қабылдау бойынща қызметті және зейнетақы төлемін жүзеге асыру ҚР заңында белгіленген ҚР қадағалау және басқару бойынша агенттігінің тәртібімен лицензияланады. 20 маусым 1997 ж ҚР «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы( заңына с»йкес ЖЭҚ өзгертуге және толықтыруға құқы бар:


  • Зейнетақы қорларының іске асыруға;

  • Өзінің қызметі (жұмысы) үшін комиссиялық сыйақы алуға;

  • Зейнетақы активін басқарудың инвестиция бойынша қызметін өз алдына жүзеге асыру;

  • Зейнетақы келісімшартының жағдайына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

ЖЗҚ міндетті:

  • Зейнетақы алушының төлемдерін жүргізу;

  • Жинақталған зейнетақыны жеке есепке алып және төлеуді жүзеге асыру;

  • Салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақысының жағдайы туралы ақпаратты беру;

  • Зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдармен келісімшарт жасасу;

  • ЖЗҚ зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға тең жағдайды жасауды қамтамасыз ету.

ЖЗҚ салымшыларының мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатымен мыналарға тыйым салынады: өндірістік қызмет, зейнетақы активтерін кепілге коюға, акциялардан басқа қағаздар шығаруға, сақтандыру қызметіне.

Қадағалау жөніндегі-агенттік белгіленген пруденциялық нормативті міндеттемелерін ЖЗҚ сақтауға міндетті. ЖЗҚ меншікті капиталы мыналар есебінен құралады:



  • Акционерлер мен құрылтайшылардың жарғылық капиталына салған салымдарынан;

  • Комиссиялық сыйақыларынан.

ЖЗҚ меншікті капиталы – оның міндеттеме сомасының шегерілімін шығарғандағы ЖЗҚ активтерінің құны.

3.1. Қор биржалары

Қаржылық қолдауды қосқанда ресурстардың бөлінісі жаңа экономикалық шарттардың формасына сәйкес экономикада қайта құруды міндет етіп қойып отыр. Нарық қатынасы дамыған елдерде қаржы ресірстарын тиімді түрде қайта бөлу қор биржалары арқылы жүзеге асады.қор биржасы – құнды қағаздардың қалыпты айналымы үшін қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының барынша толық мәні экономикада төмендегідей қызметтерді орындау кезінде көрінеді:



  • Қор нарығында биржалық делдалдармен бағалы қағаздарды сату жолымен ауқытша жинақталған және қорланған еркін ақшаларды жұмылдыру және шоғырландыру;

  • Ел үкіметінің шығындар мен өндірісті қаржыландыруы және кредиттендіруі;

  • Жалған капиталдың қалыптасыу және ұсыныс пен сұраныстың деңгейіндегі көрінетін бағаларды белгілец, құнды қағаздармен болатын операцияларды шоғырландыру.

Қаржылық ресурстарды қайта бөлу мен жұмылдыру, шоғырландыру процесінде қызмет етуші қор биржасы экономиканың маңызды буындарының бірі болып табылады. Ол қаржылық және өндірістік капиталдың арасындағы делдалы ретінде алға шығып және экономикалық дамудың қозғаушы бірден бір күші болып табылатын инвестициялық процеске ықпал жасайды

Қор биржасы өзінің қызметін келесі принциптерге сай құрады:



  • Брокер және клиентпен арадағы жеке сенімділік, өйткені биржадағы мәміле ауызша жасалып, кейін заңды түрде рәсімделеді;

  • Биржада жасалатын барлық мәмілелер туралы жариялық пен ашықтық;

  • Сауда мен есепке алу дәрежесін белгілеу жолымен қаржылық делдалдар қызметін аудитрлар мен қор биржасы әкімшілігі тарапынан қатаң реттеулер.

Баға белгілеуге рұқсат етілген құнды қағаздары мен акционерлік қоғамның экономикалық жай-күйін биржа мұқиятназарда ұстап отырады. Бейнелеп айтқанда қолын осы компаниялардың қан тамырына қойып, тамыр соғысын қадағалап отырады. Ал қажет болған жағдайда (экономикалық жағдайының шұғыл түрде нашарланғанда немесе тоқырағанда) бағалы қағаздарын тізімнен шығарып дели-стинг рәсімін қолдануы мүмкін.

ТМД елдері қор биржасының тәжірибесінде листинг рәсімі біртіндеп болса да еніп келе жатыр. Бағалы қағаздар инвесторлардың сеніміне кіруі қазіргі кезде маңызды мәселенің бірі. Себебі, кәсіпорындарды жаппай акционерлік қоғамға айналдыру алдында инвесторлардың салынғанжұмсалымдардың сенімділігіне кепілдеме беріп және бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық күйреу тәуекелін азайту өте маңызды.

Барлық күрделі жағдайларда, инвестициялық процестегі қор нарығының атқаратын рөлі арта түседі. Бұл ең алдымен кәсіпорындарды көптеп ( жаппай) акцияландырумен байланысты. Өйткені олардың көп бөлігі қаржыландыру үшін күрделі қаржы ресурстарының салымын қажет етеді. Өндіріс пен инфрақұрылымдарға шетелдік инвестиция үшін, қор нарығы арқылы жүзеге асатын барынша қолайлы жағдайдың негізі жасалады.

Сонымен қатар бюджеттен тыс түрлі қорлар қалыптасады. Қаржының жинақталу шамасына қарай олар құнды қағаздарға инвестиция жасайды. Осы және басқа факторлар инвестиция үшін қаржыларды жинақтау ретінде қор нарығының әоуетінің арту мүмкіндігінің салынуын көрсетеді.

Қазақстандық бағалы қағаздар нарығын келешектегі дамуы үшін ресурстардың құрылу мәселесін ғана қамтымай (материалдық база, адамдарды оқыту, заң шығару ісін құру, ақпараттық және технологиялық базасы т.б.) бағалы қағаздар нарығын ұзақ мерзімді дамытудың саясаты керек. Сонымен қатар нарыққа қарай жылжыған кезде туындайтын басқару мәселелері мен макроэкономикалық талдау шешімдері қажет.

Соншама, осы бағдарламаның әрекеті мемлекеттік шеңберде, оның қаржылық саясатында қалыптасатынын күту, әрине қиындау. Мемлекеттік қазыналық мүддесінің әлсіздігі мен оның құрылымдарының арасындағы қайшылықары бұл міндеттің шешілуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан, атап айтқанда қаржылық тұрақтылыққа барынша толық жәрдемдесу үшін және республикада жаңа өндірістің кеңеюінің бастау алуы мен ұзақ мерзімді биржалық мүдделерінің, брокерлік фирмалардың және т.б келісім әрекеттерін қамтитын жаңадан құрылып жатқан бағалы қағаздар нарығының стратегиясына кәсіби қатысушылар бірлестіктерінің дербес өнімдерінің маңызы зор.



Қолданылған әдебиет:

«Ақша, кредит, банктер»

Ғ.С. сейтқасымов,

Алматы, 2006.



www.РЕФЕРАТ.kz Қазақша рефераттар сайты


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет