Реферат kz Қазақша рефераттар сайты



Дата02.07.2016
өлшемі51 Kb.
#173024
түріРеферат

Мемлекеттік туымыздың аспан текті зеңгір көк тусті болуы кездейсоқ емес. Әйгілі Ансельм кестесі бойынша ол - адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны. Көк тус ынтымақ пен бірлік идеясын аңғартады, бейбітшілік, тұрақтылық пен береке-байлық белгісі болып саналатын ашық аспанға мегзейді.

Аспанкөк түс - қазақтың ұлттық бояуының реңі. Ұлттың менталитеті, танымы, мәдениеті мен бұл түске деген айырықша ілтипаты осы ойға жетелейді.

Табиғат - көшпелілердің өмір суру ортасы ғана емес, бүкіл тіршілігінің ажырамас бөлігі. Табиғаттың төл баласы қазақ та айналасының бәріне көгілдір арман көз әйнегімен қарайтындай. Ашық аспан, көк тіреген биік таулар, мөлдір сулар, көкжиекпен астасқан көкмайса қырлар - бәрі де бір ғана ғажайып тәңірлік түс зеңгір көк реңмен жан баурайды. Тіпті, кейде жасыл түстің өзі көктей көрінеді. Жасыл шөп деудің орнына көк шөп дейміз. Құс төресі ару аққудың өзінің көгілдірін іздейміз. Тегін бе? Әрине, жоқ. Жан жылуы, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы ашықтық пен адалдық, жақсылыққа сену тәрізді ұлттың менталитетін құрайтын қасиеттер де аспан көк түске байланысты образдар бойына қапысыз сіңірілген.

Ата-бабаларымыз көтерген бөрілі байрақ атауы -"Көк асаба". Олар жай бөрі емес, "көк бөріні" кие тұтқан. Аспан түстес асыл ту астында қайырсыз қас дұшпанның қабырғасын қақыратып, кең-байтақ атамекенінің әр сүйемін көлденең көк аттыдан қызғыштай қорыған қайсарлығымен айдай әлемге танылды. Тарихта көшпелілер мәдениеті деген атпен белгілі бітімі бөлек өркениетті орнықтырды.

Байрақ бетіне әр түрлі нышандардың суретін салу бұрыннан бар үрдіс. Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек -сондай айтары мол астарлы айшықтар. Олармен бірге халқымыздың тарихи зердесі де қайта оянғандай.

Күн образы - байлық пен берекенің белгісі. Оның графикалық бейнеленуі (шеңбер) өміршеңдік нышаны деп саналады.

Табиғаттың төл баласына айналған көшпелілер ұрпағы үшін қанатты қыран - дала бүркітінің де орны бөлек. Тарихшы Рашид-ад-диннің куәлік етуіне қарағанда, Оғыз хан ұлыс үлестірген кезде үлесіне ұшы-қиыры жоқ киелі кең дала тиген үшінші ұлына елтаңба ретінде қанатты қыран бейнесін ұсынған екен. Нышандық мәніне келер болсақ, бүркіт бейнесі өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Далалықтар үшін ол еркіндік белгісі, биік армандарға қол созу, жер бетіндегі тіршілік көші ұмтылған алыс армандарға қиялап қанат қағу нышаны. Сонымен бірге жолына кесе-көлденең тұрып, аяқтан шалғысы келетіндерді топшысымен қағып, ерен қайрат көрсете алатын құс. Туымыздағы бүркіт бейнесі тәуелсіздік алып, қанатын қомдаған қазақ елінің әлемдік өркениет биігіне талмай ұмтылып, талассыз жетуін тілеген игі ниеттен туғаны анық.

Қазақстан Туында бұл образ мүлдем жаңа көркемдік шешім тапты. Біріншіден - бейбіт, салмақты мінез сипаты сезіледі. Екіншіден - ол күн астында тұр. Қанатында Прометей алауын, бақыт нұрын алып келе жатқандай әдемі әсер қалдырады. Үшіншіден - қозғалыс үстінде бейнеленген. Асқақ арман, асыл мақсатқа құлаш ұрып келе жатқандай. Рәміздік тұрғыдан алғанда бақыт пен берекеге, өркениет биіктеріне ұмтылған ел мұратын, халық аңсарын аңғартады.

Қазақы дүниетанымда қыран құсқа байланысты еркіндік, асқақтық, тәкәппарлық, қайрат-жігер, биік мұрат, кең пейілділік пен жан тазалығы тәрізді ғажайып ұғымдар ойға оралады.

Мемлекеттік туды даралап тұрған тағы бір белгі – оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті ("Қош-қар мүйіз") жолақ. Бұл өрнек сонау сақ дәуірінен белгілі.

Ұлттық ою-өрнек - халқымыздың қолданбалы өнерінің ең ұлы жетістіктерінің бірі. Ол - қазақ мәдениетінің ең бір төлтума түрі. Мамандардың пікірінше, онда көшпелілердің көркемдік танымы барынша жарқын көрініс тапқан. Бүгінгі күнге дейін жеткен ою-өрнектер талай ұрпақтың ақыл-ойы мен шеберлігінің, талай ғасыр-ларға созылған үздіксіз ізденісінің жемісі.

Дәстүр бұзылмаған, Ұлттық ою-өрнектер сонысымен ерекше бағалы.

Алтынмен айшықталып, көз жауын алардай әдемі зерленген рәміздік жеке белгілердің бояуы Мемлекеттік тудың шымқай зерен көк реңімен әдемі үйлесім тапқан.
Ресми анықтамаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы кумбез тәрізді бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала кун сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында "Қазақстан" деген жазу бар".

Жасалу әдісі мен жасалатын материалы, эстетикалық әсері жөнінен елтаңба мен ту арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Егер тура дүниеге көзқарастың жазық кеңістікке байланысты бөлігі көрініс табатын болса, елтаңба табиғаты, әдетте, көлемге қатысты түсініктерге, сол сияқты сәулеттік (архитектуралық) композиция мен пошымға (формаға) қатысты ұғымдарға сәйкес айқындалады.

Әлемдік тәжірибеде сыртқы түр-пішіні әр алуан ел-таңбалар кездеседі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының пішіні - дөңгелек, оның барлық белгілері бір шеңбер ішіне орналастырылған. Рәмізтануда кең тараған кескін әлемге алғаш шығыстағы көшпелілер өркениетінің өнер туындысы ретінде тараған. Мән-мағыналық жоралғысы: тіршілік белгісі, өмір нышаны. Әдетте жас жұбайлардың үйлену тойына ша-қыру қағаздарының сыртында өзара айқасқан қос шеңбердің суреті салынуының, тіпті бір-бірімен дөңгелек сақина алмасуының сырын да осындай танымдық ұғымдардан іздеген жөн. Белгілі ғалым Г. Фелькерзам көшпелілердің дөңгелек шеңберге деген ықыласы бөлек екенін тап басып таныған.
Елтаңбаның басты белгі-нышаны(герб) - рәміздің негізгі көркемдік-идеялық жүгін арқалап турған шаңырақ образы. Шеберлікпен шендестірілген түндік аспан күмбезіндегі асыл шырақ Күн бейнесін көз алдымызға әкелсе, уықтар - одан тарап жатқан алтын сәулелердей әсер қалдырады. Қисыны табылып, керегелердің көрінісі де берілген.

Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ дүние космосының кішкене көшірмесіндей әсер қалдырады. Қазақстандықтардың ортақ шаңырақтағы тату-тәтті тірлігі, ортақ Отан тағдырына деген жауапкершілік идеялары - шаңырақ образына қатысты туындайтын ойлар мен әсерлердің бір парасы. Табылған көркемдік шешім жа-расымдылығымен әрі жаңашылдығымен назар аудартады.

Көшпелілер мәдениетінде шаңырақтың пайда болуы ата-бабаларымыздың қоршаған ортаны қабылдау ерекшеліктеріне және соған орай ойлау жүйесінде ор-ныққан ұғымдармен тығыз байланысты. Ол сырттай аспан күмбезіне қалай ұқсаса, оның адамдардың ішкі жан-дүниесінде тіршіліктің аса маңызды заттық құралы ретінде сәулеленуі де сондай ақиқат.

Шаңырақ - отбасының, одан да асыра алғанда бүкіл адамзат ұясының нышаны. . "Шаңырақ" ұғымының әлеуметтік мәні зор. Елтаңбадағы қасиетті қара шаңырақ бейнесі: "Асыл діңгек аман болсын. Алтын бесік мәңгілік тіршілік әлдиімен тербеле берсін. Үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла шаншысқан еншілес ел-жұртқа да бірге бақыт тілейік. Ортақ шаңырақ - биік, ортақ босаға

- берік болсын. Отанымызға талмай адал қызмет етуге жазсын", - деген өрелі ойларға жетелейді. Барлық ұлттар өкілдерінің жанына жақын образдық жүйе жалпы адамзаттық игіліктер аңсарына ұштасар ұлы ниет-терге бастайды.

Елтаңба композициясын құрап тұрған келесі деталь

- ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі.

Жылқы жануары батылдық, көрегендік пен айырықша ерік-жігер нышаны деп есептеледі.

Ат - көшпелілердің өмірлік серігі. Мінген көлігі ғана емес. Ет пен қымыз - қазақ тағамының негізі, тері - киім, жал - музыка аспаптарының шегі. Жауынгерлік өнерде, дәстүрлі спорт түрлерінде, ұлттық ойындарда ("көкпар", "бәйге", "құс салу", "қыз қуу", т.б.) да сұлу да берік текті тұлпарлар кең пайдаланылады.

Қазақ дүниетанымында жылқы - адам тектес. Басқа жануарлардың бәрі де тек адамға қызмет етеді, ал жылқы алдында адамның өзі бас иіп, қызмет етуге әзір.

Елтаңбада қыран қанатты қос тұлпар - қос пырақ бейнесі бедерленген.

Қанат - асқақ арман нышаны. Бул жерде ол еңсесі биік, дәулеті тасыған тәуелсіз мемлекет құру жөніндегі ел мұратын еске салады. Қанатты тұлпарлар - елдің өсіп-өркендеуіне, дәулеті тасып дамуына қатысты табиғи тілектердің, сол сияқты қоғамдағы әр түрлі мүдделермен және ғаламдық өркениет үміттерімен үйлесім табуға деген ұмтылыс пен ізгі ниеттің де көрінісі.

Биікке ұмтылу, дамудың төменгі сатысынан жоғарғысына дейін көтерілу - әлемдік өркениет мұраттарының бірі. Асқақтық, самғау, биік мақсаттарға жету деген үғымдар адам үшін де, қоғам үшін де қастерлі. Күйкілік қораштыққа жатады.

Қанат образының терең рәміздік мәнінің Мемлекеттік елтаңбада жақсы жарасым табуы - жалпы мәдениет заңдылықтарының, оның ішінде нышандық емеуіріннің, типологиялық образ жасау мүмкіндіктерін пайдалану жемісі.

Мемлекеттік елтаңбада қос бірдей ай мүйізді әпсаналық арғымақтар бейнеленген. Олар киелі шаңырақты қос қапталынан орап, пәле-жаладан, қауіп-қатерден қызғыштай қорып тұрғандай әсер қалдырады. Ортақ үйіміз - қасиетті Отанымызға қалтқысыз қызмет ету идеясын білдіреді. Тәуелсіз елімізді көздің қарашығындай қастерлеп, сол жолда жан сала қызмет ету -қиялдағы қанатты пырақтар бейнесінің астарында жатқан басты лейтмотивтердің бірі.

Мемлекеттік елтаңбада бес бұрышты жұлдыз бар. Ол тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей айқара ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар деген ойға мегзейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының рәміздік астарында аса ауқымды мән-мағыналар жатыр. Оның ел өмірінде ерекше орын алуының сырын да осындай терең қатпарлардан іздеу керек.

Мемлекеттік елтаңбада пайдаланылған негізгі бояу алтын түсті рең. Рәмізтану дәстүрі бойынша алтын-байлықтың, әділдік пен кеңдіктің белгісі. Графикалық түрде көп нүктемен белгіленеді.

Елтаңбада көгілдір түс те бар. Ол алтын түсті рең-мен әдемі жарасым тапқан.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының мағыналық және көркемдік-эстетикалық болмыс-бітімі, сол сияқты, оны жасаудағы жоғары кәсіби шеберлік білгір мамандар тарапынан жақсы баға алып жүр.

Әнұран (гимн)

Мемлекеттік әнұран - елдің музыкалық-поэтикалық эмблемасы, әдеби-сазды төлқұжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлемхат іспеттес. Оның сазы мен сөзі сипаты мен мақсаты жөнінен біртұтас шығарманың құрамдас қос қанаты тәрізді.

Өнер туындысының маңызды саяси-әлеуметтік міндет атқаруының астарында айырықша сыр бар. Ол өнердің адам жанына әсер етіп, оның іс-қимылы мен ой-аңсарына тікелей ықпал ету қасиетімен байланысты.

Саз бен сөз арқылы өмірдің бүкіл бояуын, тағдырдың барлық мағыналық-әсерлік болмысын танытуға болады. Олар адам баласының ішкі дүниесін, жан ауаны мен асқақ аңсарын жайып салып, жеткізудің ең қүдіретті қүралдары саналады.

Музыка мен поэзия әлеміне енген адам тылсым табиғат ырғағын тап басып, керемет күйге бөленеді. Ал ырғақ болса табиғи және әлеуметтік болмыстарды біріктіру арқылы адам жанында бүкіл тіршілікке деген ортақтас-тық сезім оятады.

/ Мемлекеттік әнұранға да елдің намысының туы, ары-ның айнасы, жоғары отаншылдық рухының көрінісі ретінде қараған жөн. Соған лайық ән мен сөз табу қай халықтың да арманы болса керек.

¥лы композитор Мұқан Төлебаевтың Евгений Брусиловский және Латиф Хамидимен тізе қосып отырып шығарған әйгілі әуені қазақ елінің әнтұмары міндетін 1944 жылдан бері атқарып келеді. Ғаламдық қан төгістегі жақын қалған жеңіс рухы, соған орай көтерілген халқымыздың ұлттық рухы өлмес өнер туындысының дүниеге келуіне тікелей ықпал еткен тәрізді...

Мамандар Мемлекеттік әнұран әуенінің музыкалық жарасымын, жанға жайлы әсерлілігін және өзгеше оптимистік рухтағы өршілдігін бөле-жара атайды.

Әнұран әуенінің өзіндік болмысы тамыры тереңде жатқан ұлттық музыка мәдениеті ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Бірқатар ғалымдар қазақтың қобызы / Бәйге шарттары жарияланар тұста осы орайда болашақ авторларға қалай көмектесуте болады, алдын ала бағыт-бағдар сілтеген жөн бе деген ойлар да туды. Бірақ қасиетті іске дайын қалып ұсына қою қиын дегенге тоқтадық. Расында да, тарихи зерде ұрпақтан ұрпаққа ұластырған халықтық таным тағлымы, "әнұран жыры" деген қасиетті ұғымдар ақын миының мың градустық домнасының от-жалынынан қайнап шыққанда қандай қорытпаға айналарын қалай болжап білерсің?! Ел тұмарына айналар асыл сөз, жүрегіміздің ең бір нәзік қылын тербелтер төл жырымызға айналатын аруақты өлең жазу, ең алдымен, бәйгеге түскен жүйріктің, хас таланттың өзіне түсер салмақ болса керек. Сөйтіп, елдігімізге тән ерлік бүл жолы ақындардан күтілді.

Жан-жақты сыннан сүрінбей өтіп, маңдайы жарқы-рап келген жыр-жоба дүлдул ақындарымыз: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Түманбай Молдағалиев, жас ақын Жадыра Дәрібаева бірігіп жазған мәтін болып шыққаны белгілі. Ол - ел Парламентінің сессиясында бекітілді.

Озып шыққан творчестволық топтың сыры неде болуы мүмкін? Тегінде, алдымен, құрамының сәтті іріктелуінде болса керек. Авторлардың ортақ творчестволық қуатында жоғары поэтикалық шеберлік, зор шығар-машылық және өмірлік тәжірибе айырықша орын алады. Авторлардың үшеуі - Қазақстанның халық жазушысы және әрқайсысы 300-400 ән мәтіндерін жазған. Олардың арасында Мәскеудің әдебиет институтын бітірген, қазақ және орыс тілдерінде қатар жыр жазып жүрген жас ақынның болуы да үсынылған жобаға жа-ңашылдық рең беруге әсер еткендей.

Әнұран үш шумақ пен қайырмадан тұрады. Олар біртұтас шығарманың қүрамдас бөліктері әрі маңызды құрылымдық элементтері.

Мемлекеттік әнұранның мазмүндық-идеялық мәні туралы сұраққа жауап бергенде, оның авторларының бірі М. Әлімбаев былай дейді: "Біздің ойымыз бойынша бірінші шумақта Қазақстанның ерлікке толы өткені ту-ралы тақырып, ал екінші шумақта - көптеген халықтар-дың тағдырын бір арнаға тоғыстырған республикаға айналған қазіргі Қазақстан тақырыбы қамтылды. Үшінші шумақта келешекке көзқарас жөнінде сөз болады. Қа- йырмада біз Қазақстан халқының бірлігі, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді көздің қарашығындай сақтау қажеттілігі туралы айтқымыз келді".

Әнұран қашан да дәуір рухынан туады. Халықтың тағдырымен байланысты ойларды кәделеп, халықтың жүрегін билеген ортақ сезімдерге негізделеді. Қазақ-стан Республикасының тұңғыш әнұранының мәтіні де -оны өмірге әкелген тарихи кезеңнің туындысы.



Мемлекеттік әнұран - өзгеше рухани туымыз. Бағзы бабалар ақылды - сары, денені - қызыл, ал рухты - көк туспен бейнелейді екен. Бұл ретте мемлекеттік тудың көк шулан реңі де ерекше мағынаға ие болады. Ал әнұранда халқымыздың бостандық сүйгіш көңілі, тари-хи тамырының тереңдігі және болашаққа деген үміті көрініс тапқан. Ол бізді көне де киелі қазақ жерінде, бейбітшілік пен береке, татулық пен ізгілік мәңгі салтанат құра беруі жолында бірігуге шақырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет