Реферат орындаған: Бақытжар Н. А топ: Б1-101 Тексерген: Қуанышбаева М. Г семей 2024 Көпклеткалылардың шығу тегі



Дата07.02.2024
өлшемі15.3 Kb.
#491258
түріРеферат
Зоо реферат


Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" ҚеАҚ жаратылыстану- математика факультеті

РЕФЕРАТ

Орындаған: Бақытжар Н. А


Топ:Б1-101
Тексерген: Қуанышбаева М.Г
Семей 2024
Көпклеткалылардың шығу тегі
Көпклеткалылар бірклеткалылардан шыққан. Біршама қарапайымдылардың әр топтарында көпклеткалы құрылысы жасауға бейімділіктері байқалады.
Э.Геккель көпклеткалылардың шығу тегі туралы гастрея теориясын ашты. Э.Геккельдін пікірі бойынша көп клеткалы жануарлардын арғы тегі бір қабатты, бластула тәрізді, колониальды талшықты қарапайымдылар. Олардың эволюциялық даму процесінде бластула тәрізді тегінің вегетативті полюсі, инвагинация әдісі бойынша, шардың ішіне карай тартылып (жиырылып) екі қабатты организм пайда болған деп жорамалдады. Осы организмді ұрыктың гаструла сатысына сейкес "гастрея" деп атаган. "Гастреяның" сыртқы қабатын эктодерма, ішкісін - энтодерма деп атаған. Онын ауызы жене алғашкы ішегі болған.
А. А. Захваткин көп клеткалылардың тіршілік циклдерін зерттей отырып, 1949 жылы "синзооспора" теориясын ұсынды. А. А.Захваткиннін пікірі бойынша барлық көп клеткалы жануарлардың зиготасы палинтомия (белінген клеткалар еспей ары қарай майдаланып бөліне беруі) жолымен бөлініп, бластуланың тузілуіне бастама берген.
И. Хаджидің пікірі бойынша көп клеткалы жануарлар көп ядролы инфузориялардан пайда болған. Олардың, терісі инфузорияның эктоплазмасынан, ішегі - эндоплазмасынан, зәр шығару мүшесі - жиырылғыш вакуольдерден, еті - мионемалардан, корғаныс мүшелері - трихоцисталардан, жыныс мүшелер - микронуклеустен пайда болған деп тусіндіреді. И. Хаджидің бұл теориясы ешбір ұғымға жатпайды және көп клеткалылардың эмбриональдык дамуына негізделмеген.
Келесі теорияны И.И.Мечников ұсынған. Төменгі сатыдағы көпклеткалылардың онтогенезін қарастырып, олардың энтодермасы ойыстанып енбей, жеке клеткалардың бластула қуысы – бластоцельге енуі арқылы жасалған, яғни ол жеке клеткалар алдымен борпылдақ, онан кейін тығыз ішкі қабат түзген. Геккель сияқты Мечников та көпклеткалылардың қауымды талшықтылардан дамыған деген. Клеткалардың ішкі қабатын Мечников фагоцитобласт деп, ал филогенетикалық кезеңді «фагоцителла» деп атаған.
Көп клеткалылардың (metazoa) негізгі сипаты: денесі дифференцияланған көп клеткалылардан және үш ұрық жапырақшаларынан – эктодерма, эндотерма, меэодермадан тұратындығы. Осындай үш жапырақшалар көп клеткалылардың ұрығы дамыған кезінде қалыптасады. Ұрықтың дамуын барлық көп клеткалы жануарларға тән. Ұрықтану кезінде ааталық және аналық екі гаметалар қосылып зигтаны түзейді, содан кейін организнің жеке дамуы – онтогенезі басталады. Зигота бөлшектеніп бір – біріне тығыз жанасқан бластомерлер деп аталатын клеткалар тобын құрайды, ал осылардан бластула деген бір қабатты ұрық түзіледі. Бластула шар тәрізді, ішкі қуысы бластоцель деп аталады, бұл бірінші қуыс. Бластула түзіліп болғаннан кейін дамудың екінші кезеңі – гаструляция немесе екі қабатты Ұрықтың дамуы басталады. Ұрықтың екінші қабаты, бластула клеткаларының ішкі бластоцель қуысына ауысуы нәтижесінде пайда болады. Гаструляция әр түрлі әдіспен жүре алады: инвагинация ( бластуланың бір жақ қабырғасы ішкі бластоцель қуысына жиырылу арқылы еінші қабат түзеді ); иммиграция (бластула қабырғасындағы клеткаларының біразы өз орнынан бластоцель қуысына ауысып, екінші қабатты құрайды ); эпиболия т. б. Гаструланың екі ұрық жапырақшасының біреуі – эктодерма сыртқы қабат, екіншісі – энтодерма ішкі қабат. Осыдан кейін эктодерма эәне эндотерманыңаралығынан клеткалардың үшінші мезодера қабаты түзіледі де, мүшелер құрыла бастайды.
Төменгі сатыдағы көп клеткалы жануарлардың ( губкалар, ішек – қуыстылар, ескектілердің ) ересек формалары қос қабатты күйінде қалған.
Көп клеткалылар ( Metazoa ) үлкен үш бөлім үсті топқа бөлінеді: Phagocytellozoa,Parazoa, Eumetazoa.
Phagocytellozoa – алғашқы қарапайым құрылысты көп клеткалылар. Жануарлар дүниесінің арғы тегінің белгілерін осы уақытқа дейін сақтап қалған жәндіктер. Бұл топты жаңадан ашылған тақталылар – Plcoozoa – типі құрайды.
Parazoa – төменгі сатыдағы көп клеткалылар, Бұлардың дене құрылысында тканьдері, мүшелері, нерв клеткалары болмайды. Осыларға губкалар -Spongia – типі жатады.
Eumetazoa – нағыз көп клеткалылар. Олардың тканьдері, мүшелері, нерв клеткалары, нерв жүйесі жақы дамыған. Eumetazoa қатарындағы жануарлар мүшелерінің белгілі ретімен орналасуына немесе дене симметриясына байланысты екі үлкен бөлімге бөлінеді: сәулелі ( радиальды ) – Radiata және билатеральді (екі жақты) – Bilaterata – симметриялы жануарлар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет