Реферат орындаған: Ишниязова Акгуль Топ: азт-201 Ақтөбе 2022 Тақырып: Жалпы дене дайындығы



Дата09.10.2023
өлшемі20.59 Kb.
#480223
түріРеферат
Ишниязова Акгуль Азт-201


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті


РЕФЕРАТ

Орындаған: Ишниязова Акгуль
Топ: АЗТ-201
Ақтөбе 2022

Тақырып: Жалпы дене дайындығы

  1. Дене қасиеттерінің дамуы

  2. Жеңіл атлетика және жалпы дене дайындығы элементтерімен қозғалмалы ойындар

1. Дене тәрбиесінің мақсаты — жалпы халық пен жеке адамның үйлесімді жетілуін қамтамасыз ететін кешенді дене шынықтыру және спорттық ілімдер мен тәжірибені меңгеру.
Дене дайындығы - спортшының жан-жақты және дене мүмкіншілігінің дамуы болып табылады. Осыған байланысты ол жалпы және арнайы деп бөлінеді. Жалпы спортшы өз денесін үйлесімді жетілдіруге ағзаның қозғайтын бұлшық еттерді дамытуға, организмнің барлық мүшелері мен жүйелерін нығайтуға, функционалды және үйлесімді қозғалыстарды жақсартуға, күшті, жылдамдықты, шыдамдылықты, икемділікті және иілгіштікті өсіруге бағытталған. Осы міндөттерді шешу көп жағдайда дененің жан-жақты дамуы мен денсаулық деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Арнайы дене дайындығы спорттың маманданып жатқан түрінің талаптарына сәйкес спортшы ағзасы мүмкіндіктерінің, барлық дене мүшелері мен жүйелерін жоғары деңгейде дамытуға бағытталған. Жалпы денені дамытатын және арнайы дайындықта пайдаланылатын сан-салалы жаттығулар түрлі тәсілдермен орындалады. Оның негізгі түрлері: қайталау, аралас, аралық, бірқалыпты, екпінді, бақылау, "барынша", өте жоғары қарқындылық, жеделдету, ойындық, жарыстық. Осы тәсілдердің әрқайсысы спорттың әр түрінің ерекшеліктері мен түрліше дене қасиеттерін дамытуға сәйкес көлетін тәртіптері бар.
Дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуда білім беру міндетінің маңызы зор. Дене жаттығуларын орындау кезде мінездің жақсы қасиеттерін, адамгершілік қасиеттерін (әділеттілік, адалдық, жолдастық сезім, өзара көмек, ұжымда жүмыс істей білу, дене шынықтыру құрал-саймандарын күтіп үстай білу, т.б.) тәрбиелеу үшін жақсы жағдайлар жасалады.Маңызды ұйымдастырылған топтық жаттығулар, саяхаттар, жарыстар, мерекелер оқушыларды достыққа, жолдастыққа, ұжымды сүюге төрбиелейді.Адамның қозғалыс әрекетінде дененің сапалық қасиеттері - күш-қуат, жылдамдық, ептілік, төзімділік, икемділік маңызды орын алады. Дененің сапалық қасиеттері біріккен, байланыстырылып, ұйымдастырылған жаттығулар арқылы іске асады.
Жылдамдық - бүл жаттығуларды мейлінше аз уақыт ішінде орындау қабілеті. Ол қандай да бір белгіге жауап берудегі әрекет жылдамдығына (қимыл реакциясының жылдамдығы деп аталатын) жекелеген қозғалыстардың жылдамдығына, сонымен қатар қайталанатын қимылдың жиілігіне байланысты болады. Мысалы, қимыл жылдамдығын қысңа арақашықтықта жүгіргенде, ал қимыл реакциясының жылдамдығын кездейсоқ берілген дабыл арқылы жүгіру, жүзу ойындары, т.б. арқылы анықтайды. Дененің жылдамдың қасиеттерін төрбиелеу үшін әртүрлі екпіндегі кездейсоқ берілген дабыл, қимыл жиілігін тездететін, эстафеталық жүгіру, жүгіріп келіп үзындыққа секіру, үзын жөне қысқа секіртпелермен секіру, жылдам реакция талап ететін, қимылдың өсері бар ойындар, т.б. қолданылады.

Ептілік - қозғалыс қызметін кездейсоқ жағдайлар барысында пайда болған қызметке орай тез ауыстыру жөне жаңа қимылдарды меңгеру қабілеті. Ептілік қасиетіне төрбиелеу қимылдар үйлесімділігін жетілдіру, олардың екпіні мен амплитудасын, бүлшық еттердің қатаю жөне босаңсу дөрежесін айыра білу, сондай-ақ уақытқа жөне кеңістікке бағдарлай білудің негізінде жүзеге асады. Ептілік қасиеттерін төрбиелеу үшін күрделі гимнастика- лық жаттығулар (жатып жүгіру, акробатика снарядта орындалатын жаттығулар), суға секіру, шаңғымен жүру, конькимен жүру, биіктікке секіру, лақтыру жөне т.б. жаттығулар жатады.

Шыдамдылық - қозғалыс әрекеті барысында алған қарқын мен шаршауға қарсылық қабілеттілігі. Шыдамдылық жалпы жөне арнаулы шыдамдылық болып бөлінеді.

2. Жеңіл атлетика - спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.

Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е.Кадяйкин, Ұ.Қосанов, Ә.Тұяқов, В.Савинков, Л.Кононова, С.Исабаев, Б.Күреңкеев, В.Муравьев, В.Савин, В.Солдатенко, Л.Микитенко, А.Бадранков, т.б. Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е.Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет