Сурет-4. Рейнольдстың әртүрлі сандарында тегіс құбырдың диаметрі бойымен араласу жолы ұзындығының үлестірілуі.
Әрі қарай, араласу жолы ұзындығының үлестірілуі (4.7) тек тегіс емес, сонымен қатар беті тегіс емес (кедір-бұдыр) құбырларда да орындалады. Бұны 5-суреттен көз жеткізуге болады. Онда И. Никурадзенің әр түрлі кедір-бұдырлы құбырларда жүргізген өлшемдері көрсетілген. Сондықтан, егер біз араласу жолының ұзындығының үлестірілуі (4.7) негізінде жылдамдықтың таралуын есептесек, онда ол тегіс және кедір-бұдыр құбырлар үшін де дүрыс болады деп күтуге болады.
Сурет-5. Араласу жолы ұзындығының беті кедір-бұдыр құбырдың диаметрі бойымен үлестірілуі.
Араласу жолы ұзындығының таралуын қысқа түрде былай жазамыз:
(4.5) және (4.6)- теңдіктерден жылдамдықтың үлестірілу теңдеуін аламыз:
интегралдаcақ:
Интегралдың төменгі шегі үшін жылдамдық нөлге тең болатын қабырғадан қашықтықты алу керек.
U – u айырмашылығын алcақ:
сонымен қатар, эмпирикалық тұрақты ϰ = 0,4.
Осылайша, біз тағы да жылдамдық үлестірілуінің әмбебап заңының басқа түрлеріне келдік, бірақ айтарлықтай жалпылауға мүмкіншілік алдық: енді бұл заң тегіс және тегіс емес құбырларға, F(y/R) функциясының бірдей түрінде, қолданылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
Шлихтинг Г. Теория пограничного слоя. -М.: Наука, 1974.- 711 с.
Достарыңызбен бөлісу: |