ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. Аманжолов атындағы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Пән: Оптика
Тақырыбы: «Кристалдардағы оптика элементтері»
Орындаған: Мұхаметқан А.С.
Тексерген: Иманжанова К.Т.
Өскемен қ, 2023
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бӛлім
Жарықтың таралу заңдары
Жарықтың толық шағылуы
Линза
Линзаның оптикалық центрі
Жұқа линзаның формуласы
Дененің линзадағы кескінін салу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Оптика (гр. optіke – кӛзбен қабылдау жӛніндегі ғылым, optas – кӛрінетін) – физиканың сәуле (жарық) шығару табиғатын, жарықтың таралуын және оның затпен әсерлесу құбылыстарын зерттейтін бӛлімі. Жарық электро-магниттік толқын болғандықтан Оптика электро-магниттік ӛріс жӛніндегі жалпы ілімнің (электрдинамиканың) бір бӛлігі болып табылады. Оптикалық сәулелер толқын ұзындығы (λ) бойынша 1 нм-ден 1 мм-ге, бір жағынан рентген, ал екінші жағынан радиосәуленің микротолқындық диапазонына дейінгі аралықты қамтиды. Оптика қалыптасқан дәстүр бойынша геометриялық, физикалық және физиологиялық Оптика болып бӛлінеді. Геометриялық Оптика жарықтың табиғатына назар аудармай, тек оның таралуының тәжірибелік заңдарына сүйеніп, ӛзара тәуелсіз жарық сәулелерінің біртекті ортада түзу сызықтар бойымен таралуын, әртекті орталар шекарасындағы шағылу және сыну заңдылықтарын зерттейді. Бұл заңдылықтар әр түрлі оптикалық құрылымдарды жобалауға, есептеуге (кӛзілдірік, микроскоп, телескоп, т.б.) мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол жарық әртекті орта арқылы ӛткенде байқалатын құбылыстарды (сағым, кемпірқосақ, т.б.) зерттейді. Есептеу математикасының кеңінен қолданылуы, әдістемелерінің дамып жетілуі есептеу Оптикасы деген жаңа бағыттың дамуына алып келді. Жарық шамаларын ӛлшейтін Оптиканың фотометрия бӛлімі де іс жүзінде жарықтың табиғатын ескермейді. Оның бірқатар мәселелері адам кӛзінің жарықты сезу, қабылдау қабілетіне байланысты шешіледі. Бұл заңдылықтар биофизика мен психологияға және кӛздің кӛру механизмдеріне сүйенетін физиол. Жарықтың табиғаты, оған байланысты әр түрлі оптикалық құбылыстар (интерференция, дифракция, полярлануы және жарықтың анизотроптық орталарда таралуы, т.б.) физикалық Оптикада зерттеледі. Жарықтың толқындық қасиеттері физикалық Оптиканың негізгі бӛлімі – толқындық Оптикада зерттеледі. Толқындық Опитканың негізін Х.Гюйгенс (1629 – 1695), Т.Юнг (1773 – 1829), О.Френель (1788 – 1827) және т.б. қалаған. Гюйгенстің Оптикаға қосқан, осы кезге дейін маңызын жоймаған ең басты үлесі – Гюйгенс – Френель принципі. Жарықталған оптика Жарықталған оптика-- кейбір элементтерінің жарық шағылу коэффициенттері оларға арнайы жапкыштар жағу жолымен азайтылған оптикалык жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: |