Ақтөбе өңірлік С.Бәйішев атындағы жоғары медициналық колледжі
Реферат
Пәні:Хирургия
Тақырыбы:Пациентті шұғыл, жедел және жоспарлы
операцияға дайындаудаудағы мейіргердің рөлі.Операцияға дейінгі және
операциядан кейінгі кезең.
Тексерген:Қанкелді Алия Хаймоллақызы
Орындаған: Мардашова Жұлдызай
Ақтөбе 2022
Жедел шұғыл және жоспарлы операция
Операция алдындағы кезең-ол науқастың ауруханаға түскен мезгілінен,операция жасағанға шейінгі уақытты айтады
Операция жасауға арналған көрсеткіш ауру тарихында нақты көрсетіліп жасалуы тиіс.
Операция түрлері : 1-шұғыл операция. Науқас ауруханаға түссе саласымен, не біраз дайындықтан өткеннен соң, өміріне қауыпті болғандықтан тез арада жүргізілетін операция. Оларға жататын көрсеткіштер : 1.Жедел қан кетуде, 2.Қуыс мүшелердің тесілуінде, 3.Асфиксия болған жағдайларда
Жедел операция Бұл операция науқас науқас ауруханаға түскеннен соң, ол адамға консервативті ем ж ə рдем бермесе, 24 пен 48 сағат арасында жасалатын операция
Оларға жататын көрсеткіштер : 1 -іш перденің қабыну белгісі болса, 2 -жедел өт қабының қабынуында ( холеоцистит ) 3 -жедел аппендецитте, 4 -жедел панкреатитте, 5 – ішек түйнегінің уыттану белгісі күшейгенде. Бұл кезде науқасқа : • қан сен сұйықтықтарды құйуға, • электролиттік ж ə не н ə руызды теңгерімді түзетуге мүмкіншілік бар
3.Жоспарлы операция
Бұл кезде науқасты толық тексеріп,дайындалған кезде жүргізілетін операция. Олар: 1.Аурудың түріне қарай,бір күннен бір апта ішінде жүргізіледі, 2.Қосымша тексеру кеерек болса,керекті жағдайларда- жүрек пен өкпеге операция жасау кезінде дайындау уақыты ұзарады, 3.Жоспарлы операцияға қарсы көрсеткіштерді анықтау.
Операция алдында:
1 Новакаин,антибиотиктерге және де наркотикалық,заттар мен нәруызды препараттарға т.б. с езімталдығын анықтау. 2 Бронхоспазм мен демікпеге бейімілігін анықтау. 3 Науқастың температурасын күніне 2 рет өлшеу, ол көтерілсе, онда операцияны шегереді. 4 Ауыз қуысы мен терісінде жұқпа ошағы жоқтығын анықтау. 5 Етеккыр келгенде, және де етек кірдің келіуіне 2-3 күн қалғанда операция асалмайды. 6 Науқастың психологиялық жағдайына көңіл бөлу. 7 Барлық операция туралы бағдарлама, науқас пен туыстарына тек қана дәрігері мен хирург қана жүргізеді.
Операция алдында:
Осы көрсетілген жәйді, мейірбике жүргізіге болмайды. 9 Операция кезінде болатын қауып-қатерді туысқандарына білдіру. 10 Науқасты-өзінің ауру тарихы мен медициналық құжаттарын таныстыруға болмайды. 11 Ұйқысы бұзылған науқастарға операция алдында бірнеше күн ұйқтататын дәрілерді беру. 12 Қатты аурсынуыы бар науқасқа наркотикалық препараттары қолдану 13 Жүрек-қан тамыр жүйесін дауындау. 14 Гипертониялық ауыруы болса:төсек режимі,сұйықтық пен тұзды тағамды тежеу,науқаста ісіну,іш шемені болса зәр айдағыш дәрәлер беру.
Асқазан операцияға операция жасау кезінде:
1 Жоғары каллорияқ тағам мен витаминдерді беру; 2 Кешінде және таң ертең операция алдында тәтті шәй беру 3 Асқазанның стенозы болса,онда күніге асқазанды жуып,дайындау; 4 Көк қантамыр арқылы -1,5-3,0л глюкоза ерітіндісін,электролиттер мен нәруыздар препараттарды еізу;
Аспаптық зерттеулер:
ЭКГ, тамография ( МРТ ) УДЗ, Ренген Лабараториялық зерттеулер: ЖҚА, ЖЗА, қан тобы, +Rh, Гепатит, ВИЧ, каоглограмма, Микроскопия.
Склероздық өзгерістер себебінен қарт кісілерде жүрек-тамыр, тыныс жүйелерінің созылмалы аурулары болады. Оларға коронаролитиктер береді, созылмалы бронхит, пневмосклероз, өкпе эмфиземасы аурулары болса, бронхолитиктер, қақырық түсіретін дәрілер береді. Гипертония ауруын емдейді. Қарт кісілерді өте мүқият, ұзақ дайындауға тура келеді. Жас балалар ұзақ уақыт арнайы диета сақтаса (ас ішпесе ), ацидоз пайда болады, сондықтан ас ішкізуді операция алдында 4-5 сағат бұрын тоқтатады. 1-күн қалғанда тазалау клизмасын қояды. Жасы кіші балаларға операция болатынын айтпайды. Операцияға келісім ата-анасынан алынады.
Ауруханада операция жасалынатын бөлмелер алдын -ала жинастырылады
Операциялардың кестесі жасалынып, оған инструменттер тобы, материалдар дайындалады. Операциялык бөлмеде тұрған аппараттардың жұмыс істелуі тексеріліп, дайындалады. Қол жуатын антисептиктер дайындалады. Әуелі медбике жуынып киінеді. Операциялық столикке инструменттер, материалдарды жайғастырады. Сосын анестезиологтар келіп аппараттарды дайындайды. Операциялық бөлмеде науқасты қабылдауға дайындық біткенде, дәрігерлер киініп дайын болғанда науқасты әкелуін сұрайды.
Пост медбикесі науқасты каталкамен операция алдындағы бөлмеге кіргізіп, киімін ауыстырады. Басына, аяғына кепка, бахилл кигізеді. Науқас бұл бөлмеде көп күтіп қалса көңіл-күйіне теріс әсер етеді
Науқасты операциялық бөлменің каталкасына салып операция бөлмесіне кіргізеді, операциялық столға жайғасуына көмектеседі. Ол кезде науқастың көзіне жалтыраған өткір инструменттер түспеуі керек, олар жаймамен жабулы тұру керек. Бөтен әңгіме, күлкі, инструменттердің өтпейтіні, иненің қисықтығы туралы әңгіме болмауы керек. Науқасқа анестезия берушыі анестезиолог рұқсат еткен кезде дәрігер-хирургтар операцияны бастайды.
Жасалу уақытына қарай операциялар төтенше (экстренная), жедел (неотложная) және жоспарлы (плановая) болып бөлінеді.
Шұғыл (экстренная, срочная) операциялар – бірден, тез арада жасалу керек, себебі операцияны бірнеше сағат немесе тәулікке кешіктіру адам өліміне әкеліп соғуы немесе операциядан кейінгі кезеңнің болжамын аскындыруы мүмкін. Әсіресе қан кеткенде, тұншығуда, жедел хирургиялық ауруларда, соның ішінде қуыс мүшелер тесілгенде, жараланғанда, т.б жасалатын операциялар жатады.
Жедел операциялар (неотложная) аурудың тоқтаусыз дамуына байланысты ұзақ уақытқа қалдыруға және кешіктіруге болмайтын операцияларды атайды. Бұл – қатерлі ісіктерде, т.б жасалатын операцияларды қамтиды.
Жоспарлы (плановая) операцияларды кез-келген уақытта, науқастың денсаулығына зиян келтірмей жасауға болады.
Операция жасауға арнайы дайындығы бар немесе мамандығы осы бағытты да қамтитын дәрігерлерге рұқсат етіледі. Бірақ, мамандығына байланыссыз кез-келген дәрігер жасауға міндетті операциялар бар. Олар – трахеостомия, әйелдің босануына көмектесетін, т.б. қансыз операциялар.
Лапароскопия – бұл оперативтік емдеу әдісі, түрлі көлемді оперативтік араласуларды бұлшық тіні және тері жамылғысына үлкен тілік жасамай, дәлдеп тесу арқылы жасау.
Басымдығы:
Аз жарақаттық операциялық амал;
Қысқартылған оңалту мерзімі;
Косметикалық эффект (көрінетін тері тыртығы болмау).
Лазерлі хирургия- лазер арқылы хирургиялық инструмент анатомиялық құрылысға көлемі мен орналасуына жетпейтін кезде қолданылады.
Лазер арқылы специалист емдейдің оперативті әдістерін қолданады: тінді кесу,ошақты булау,үлкен көлемді ошақтарды алу,т.б.
Артықшылығы: сау тіннің термиялық зақымдануы аздау, эпителизация тезірек жүреді;
Жақсыгемостаз;
Әдіс контактсыз;
Кольпоскоп арқылы визуалді бақылау мүмкіндігі;
Операциядан кейінгі кезең ауырсынусыз,ірі тыртық қалуы аз.
Барлық хирургиялық операциялар екі кезеңнен тұрады: І. Операциялық жету, мысалы: лапаратомия, яғни құрсақ қуысының мүшелерін, құрсақтың алдыңғы қабырғасының ұлпаларын кесу арқылы жету. 2. Операциялық әдістерді науқасқа немесе зақымдалған мүшеге қолдану, мысалы: ішек жарарқаттанғанда ішекке тігіс салу.
Рационалдық жету дегеніміз аймаққа оперативтік әдістерді қолдана отырып кең түрде жету. Опреациялар мақсатына байланысты радикалдық және паллативтік әдістерге бөлінеді. Радикалдық операцияның мақсаты паталогиялық өзгерген ұлпалар мен ауруға шалдыққан мүшенің себептерін тауып, патологиялық өзгерген мүшемен бірге алып тастау. Мысалы: асқазан ісіктері мен ойық жаралары кезінде, асқазанның бөлігін алып тастау. Паллативтік операцияның мақсаты патологиялық белгілерді (симптом) тауып алып тастау. Мысалы: ойық жараға тиіспей (немесе ісікке), асқазан ішіндегі құрылымдардың ішекке өту үшін, асқазан мен ішектің арасына жол салады (анастомоз).
Жедел операция – адамның өмірін сақтап қалу үшін көрсетілетін хирургиялық көмектердің бір түрі. Жедел операцияларға жатады:
І. Ірі қан тамырлар мен көк тамырлардан аққан қанды тоқтату.
2. Жедел тұншыққанда (асфиксия) кеңірдекті кесу (трахеотомия).
3. Қысылған жарық кезінде кесу.
4. Ішектің жедел өтімсіздігі кезіндегі операциялар (ішек қайырылып қалғанда).
5. Іш пердесінің жедел қабынуы (асқазанның, ішектің зақымдалуы).
6. Аяқ, қолдың қатты езілуі немесе үзіліп қалуы кезіндегі алғашқы ампутация.
7. Кеудені тесіп өтіп кеткен ашық жарақатты пневмоторокспен бірге болғанда операция
Жасау.
8. Кездейсоқ оқ тиіп жарақаттану, химиялық және басқа жолдармен болған жарақаттарды өңдеу. Бұл көмектерді диагнозын қоя салысымен жасау керек. Егер барлық кезеңі бір уақытта жасалса, бір кезеңді операция деп атаймыз. Егер ауыр операцияның бірінші кезеңі жасалып, екінші кезеңі бірнеше күннен кейін жасалса, онда екі кезеңді операция деп аталады. Кейбір операциялар үш немесе оданда көп кезеңді болады (мысалы: Филатов бойынша терілі пластика жасағанда). Операциялар қайталамалы немесе екінші деген терминдермен аталып бөлінеді. Зақымдалғаннан соң немесе аурудың басында жасалатын операциялар алғашқы операция деп аталады. Мысалы: жараны алғашқы өңдеу, алғашқы ампутация жасау. Егерде операция қабыну процесіне немесе демаркациялану сызығына дейін жасалынбаса (семіп қалу, гангрена), онда екінші операция жасалады. Бір жерге екі мәрте операция жасалса, қайталанбалы операция деп аталады. Мысалы: қайталанбалы ампутация (реампутация), екінші мәрте құрсақты кесу (релапаротомия). Операциялардың аты операциялық әдісті қолданатын мүшенің атына терминді қосып айтылады. Сондықтан, бес түрлі термин қолданылады: кесу-tomіa, анастомоз-соустие, жыланкөз-stomіa, толық кесіп алып тастау-ectomіa, (немесе exterpatіo), жартылай кесіп алып тастау -resectіo. Сүйекті кесу-osteotomіa, жұтқыншақты кесу-phayngotomіa, асқазанды кесу – gastrotomіa, асқазан жыланкөзі-gastrostomіa, асқазанды толық кесіп алып тастау- gastroectomіa, асқазанды жартылай кесіп алып тастау-resectіo ventrіculі. Осыған сәйкес өт қабына қолданылатын операциялар-cholecystotomіa,cholecystostomіa,сholecystectomіа деп аталады. Анастомоз жасағанда операцияны ағзаның атымен атайды. Мысалы: ащы ішек пен асқазанның арасына жасалатын анастомозды-gastroenterostomіa деп атайды. Ағзаның соңғы бөлігін кесіп алып тастаса ампутация деп атайды, мысалы: қолды иықтың деңгейінен кесіп алып тастау – amputatіo humerі, тік ішекті іш пердесінен тыс көтен ішекке дейін кесіп алып тастау-amputatіo rectі деп аталады. Жартылай шеткі бөлігін сақтап кесіп алып тастау – алып тастау (резекция) деп аталады. Мысалы: буынды алып тастау, тік ішекті алып тастау ж.т.б.
Хирургиялық операцияның міндетіне асқынған сұйықтықтарды шығарып іріңді ағызу, сарсулы қуыстар, ұлпалар мен мүшелерден ағзаға тыс заттарды, сүйектің ұсақ сынықтары, оқ кесектерін, бытыраларды алып тастау, зақымдалған ұлпалар мен мүшелерді жартылай алып тастау, асқазан, өкпе, ішек, (резекция) т.б. өт қабын алып тастау, ұлпалар мен мүшелердің арасындағы анатомиялық бүтіндікті қалпына келтіру, жараны алғашқы хирургиялық өңдеу, жарыққа жасалған операция немесе қызметі жағынан тиімді анатомиялық байланыстар жасау – өңештің, асқазан қалтқысының (привратник), ішектің түйілуінде айналма байланыстар (анастомоз) салу, т.б. жатады.
Операциялық жарақаттың түріне қарай хирургиялық операциялар қанды және қансыз болып бөлінеді. Қанды операцияларда ағзаға жара салынады, ал қансызда – тері мен кілегей қабықшаның бүтіндігі бұзылмайды. Қансыз операциялар аз жасалады. Оның қатарына шыққан мүшелерді қалпына келтіру, сынықтарды салу, ағзаларға (өңеш, қынап, ішек, несеп жолы, т.б.) түтік-буж салу, катетеризация, табиғи тесіктер арқылы бөгде заттарды алып тастау, эндоскопиялық зеріттеулер жатады. Қажеттілігіне байланысты хирургиялық операциялар емдік және диагностикалық болып бөлінеді. Егер де диагностикалық операция кезінде асқынған ауру табылса, онда басында диагностикалық болып басталған операция кейінірек емдік болып жалғастырылады, бірақ өзгерістің жайылып кеткеніне байланысты бұл операцияны толығымен жасауға мүмкіндік болмайды. Мұндай кезде диагноз қоюмен ғана шектеледі.
Емдік операциялар көлемі мен маңызы жөнінен көлемді, толық (радикальная) және шектелген, толық емес (паллиативная) болып бөлінеді. Көлемді, толық операцияларда асқынған ауру өзгерістері алынып тасталса, шектелген операцияларда науқастың жағдайы жеңілдетіледі, бірақ негізгі асқынған өзгерістер ағымына онша әсер етпейді. Шектелген операцияның мысалы ретінде асқазан қатерлі ісігінде жасалатын айналма асқазан-ішектік байланысты (обходной гастро-энтероанастомоз) айтуға болады. Осы операция асқазан қалтқысының қатерсіз ісігі әсерінен тарылуында жасалса, онда бұл операция толық болып табылады. Сонымен, операцияның толықтығы хирургиялық операцияның көлемі мен түріне ғана байланысты емес, аурудың даму сатысы, кезеңі және түріне де байланысты болады.
Сонымен бірге операциялар алғашқы және екінші кезектегі болып бөлінеді. Алғашқы операция жасауға жарақаттың немесе аурудың барлығы себеп болса, екінші кезектегі операциялар асқынуларды емдеу үшін жасалады. Мысалы: аяқ-қол артерия тамырларының эмболиясында жасалатын эмболэктомия операциясы алғашқы операцияға, ал эмболиядан кейін қоректілік жетіспеушілігінен болған шіруде жасалатын аяқ-қолды кесіп алып тастау операциясы (ампутация)- екінші кезектегі операцияға жатады.
Операциялық жарақаттың ауырлығы мен оның ұзақтығына байланысты операциялар үлкен және кіші болып бөлінеді. Негізінде кіші операция, - деп емхана – амбулатория жағдайында жасалатын шағын, жарақатсыз операцияларды атайды. Бірақ, сонымен бірге бұл операцияға басқаша көзбен қарауға да болады. Кез-келген операцияның науқас үшін қауіптілігі бар. Бұл қауіптіліктер мыналарға байланысты: шокты тудыруы мүмкін, ауырсыну, қан ағу мен жараның қоздырғыштармен ластану мүмкіншілігі пайда болады. Кейбір қауыпті жағдайлар көбінесе қолданылған жансыздандыруға, тоңазуға, психалық жарақатқа, т.б. байланысты болуы мүмкін. Осы айтылғандарды естен шығару кейде ең кішкентай операцияның өзін асқындырып, қауыпті етуі мүмкін.
Жараға қоздырғыштардың түсу-түспеуіне байланысты хирургиялық операциялар асептикалық, асептикалық емес және іріңді операциялар болып бөлінеді. Асептикалық емес операция деп – жараға инфекция түсірмей, таза жасауға мүмкіндік болмаған жағдайды айтады (тік ішекке, ауыз қуысына, т.б. жасалған операциялар), ал іріңді операциялар деп – іріңді, анаэробты қабынулар бар ұлпаларға жасалған операцияларды атайды.
Кез – келген қанды (кровавая) операцияның жасалуында үш кезеңді бөліп атауға болады:
Хирургиялық тілу және кесу (оперативный доступ). Осы тәсілдер арқылы хирургиялық операция жасауға керекті мүшені не ұлпаны ашып, ажыратып, салыстырады, аурудың орналасқан жерін анықтайды.
Оперативтік тәсіл – ұлпаға, мүшеге, сүйекке, т.б қол күшімен, құрал-аспаптармен жасалатын емдеу шаралары (манипуляция).
Қортынды іс – әрекеттер (заключительные мероприятия) операция кезінде жарақаттанған ұлпалардың, ағзалардың бүтіндігін анатомиялық – физиологиялық қалпына келтіру, сұйық өткізгіштер (дренаждар) салу.
Достарыңызбен бөлісу: |