Реферат тақырыбы: Қазақстан республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және мемлекеттік бағдарламалар



бет1/4
Дата26.11.2022
өлшемі77.16 Kb.
#465815
түріРеферат
  1   2   3   4
Аманкосов Бейбит EKT referat


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «Экономика және Бизнес»
Кафедрасы «Бизнес-Технология»

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстан республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және мемлекеттік бағдарламалар
Орындаған:Аманкосов Б.Б.
Тексерген:Кулиев И.У.

Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Әлеуметтік қорғау ұғымына жалпы түсінік.
2. Әлеуметтік қорғаудың үлгілері және түрлері
3. Қазақстандағы әлеуметтік қорғау және мемлекеттік бағдарламалар
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

I.Кіріспе
Әлеуметтік саладағы реформалар әлеуметтік саясаттың бағыттарын мемлекеттің қолда бар нақты мүмкіндіктері мен ресурстарына орай дамытуға жәрдемдесуді мақсат етеді. Мұнда белсенді әлеуметтік саясат экономикалық өрлеудің шектеушісі емес, жеделдетушісі ретінде көрінуге қабілетті. Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде әлеуметтік сақтандыру: медициналық, зейнетақылық, жұмыстылық (жұмыссыздықтан), мүгедектігін, асыраушысынан айырылуына байланысты сақтандыру айырықша орын алады. Бұл жерде сақтандыру қаражатын қалыптастыруға мемлекет, жұмыс беруші және халықтың өзі қатысатын болады. Мұқтаж адамдарды анықтаудағы заңнамалық реттелімінің аяқталмаған жұмыстары, соның ішінде жеке қосалқы шаруашылығының табыс бағасының көтеріңкі нормативтері мұқтаж адамдардың жәрдемақы алуына кедергі келтіреді. Ауылды аймақтарда кейбір отбасылар жәрдемақы алу үшін малдан құтылуға, жер топырағын өңдеуден және де онда ешнәрсе өсірмеуге тырысады. Халықты әлеуметтік қорғауды жетілдіру және кедейшілікті қысқарту экономикалық өсу үшін жағдайлар жасау, тиімді жұмыспен қамту және халықтың табыс деңгейін көтеру, аз қамтамасыз етілген азаматтардың денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізуін көтеру және шешім қабылдауда қоғамдық институттарды тартумен мемлекеттік басқарудың тиімділігі арқылы қамтамасыз етіледі.
Атап өтетін жағдай, Қазақстанның барлық азаматтарының сапалы медициналық кызмет көрсету мен білім алуына қол жетімділігі халық үшін кең мүмкіндікті қамтамасыз етеді және тұрмыс деңгейінің тең еместігін қысқарта отырып "Әлеуметтік тұлғалар" қоғамдық жүйесінде жұмыс атқаруына мүмкіндік береді. Қазақстандағы әлеуметтік көмек көрсету жүйесі үш деңгейден тұрады: негізгі, міндетті, ерікті. Негізгі кезеңде мемлекет ен төмен деңгейде негізгі жәрдемақының төлемімен қамтамасыз етеді, міндетті деңгейде тиісті Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік Қорынан әлеуметтік төлем және өмірді сақтау компанияларынан сақтандыру төлемдері жүзеге асырылады, сонымен катар жинақтық зейнетақы қорынан зейнетақы төлемі, ерікті жарна негізінде ерікті түрде төлемдер жүзеге асырылады. Қазақстанда әлеуметтік демеу республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асады, сонымен қоса, халық үлесінен де азаматтардың міндетті әлеуметтік сақтандыру және жинақтық зейнетақымен қамсыздандыруды қоса жүзеге асады. Базалық деңгейде мемлекет базалық минималды деңгейдегі жәрдемақыларды төлеумен қамтамасыз етеді, ал міндетті деңгейде Мемлекеттiк әлеуметгік сақтандыру қ?рынан тиісті әлеуметтік төлемдер және өмір сақтандыру компанияларынан сақтандыру төлемдері, сонымен катар жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жүзеге асырылады. Ерікті деңгейінде ерікті жарна негізінде құрылған төлемдер жүзеге асырылады. Қазақстандағы Әлеуметтік көмек көрсету, азаматтарды міндетті әлеуметтік сақтандыру және жинақтаушы зейнетақылық қамтамасыздандыруды қоса отырып, республика және жергілікті бюджет есебіне қарай жүзеге асырылып қана қоймай,сонымен қатар, жергілікті халықтың есебіне қарай да жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет