Реферат Тақырыбы: Қазіргі замандағы Қазақстандағы саяси партиялар Орындаған: Оспанова Айгерім Тобы: дпмно



Дата25.04.2023
өлшемі68.08 Kb.
#472716
түріРеферат
Қазақстанның қазіргі саяси партиялары

    Бұл бет үшін навигация:
  • Тобы

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті



Реферат

Тақырыбы:Қазіргі замандағы Қазақстандағы саяси партиялар
Орындаған: Оспанова Айгерім
Тобы: ДПМНО-201С

\

Семей 2023

Қазақстанның қазіргі саяси партиялары
Жоспар:
1.ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы
2.ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі
3.ҚР-ның саяси партиялар туралы заңы
4.Қорытынды. 

1.ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы.
Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл кәдімгі даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс, алайда тежелудің де қажеті жоқ, өйткені бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады. Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды. Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар. Саяси партияларды құқықтық реттеудің теориялық және практикалық мәселелері, әдетте, отандық және шетелдік саяси және заң ғылымдарының басым бағыттарына кіреді. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңінде аталған мәселелер ерекше өзектілікке ие болуда, себебі елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық өзгерістер уақытында, мемлекет пен қоғамды байланыстыратын саяси партиялардың тиімділігі тиісті деңгейде болмай отыр. Мұндай өзгерістер кезеңінде саяси партиялар өздерінің жақтастары болып табылатын қоғамның бір бөлігінің мүдделерін мемлекет алдында мүмкіндігінше дәл білдіре алулары тиіс, сондай-ақ өз жақтастарына жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсіндірулері тиіс.
Саяси партиялар пайда болысымен-ақ, саясаттанушылардың, тарихшылардың және құқықтанушылардың ғылыми мүддесінің объектісіне айналды. Саяси партиялар туралы алғаш ой қозғағандар ретінде Берк, Вашингтон, Монтескье, Мэдисон, Руссо және т.б. білеміз. Саяси партиялардың мәселелері белгілі әлеуметтанушылар Вебер, Моски, Паретоның еңбектерінен орын алған. Саяси партияларға арналған және олардың одан ары зерттелуіне ықпал еткен ауқымды жұмыстар XІX соңы мен XX ғасырдың басында пайда болды. Аталған ғылыми еңбектің авторлары Дж. Брайтс, Р. Михельс, М. Острогорский саяси партиялар туралы ілімнің қайнар көзінде тұрды. Б. Хеннеси оларды партиялар туралы зерттеулердің негізін қалаушылар деп есептесе, С. Элъдесвельд оларды партиялар туралы ғылымды дүниеге әкелушілер деп санайды. Олар нағыз саяси ғылым ретінде сипатталатын, саяси партиялар туралы алғашқы кітаптарды жазған авторлардың арасында аталады. Саяси партиялар туралы жалпы теорияның негізін қалаушы болып франзуц ғалымы М. Дюверже саналады.
Партияларды құқықтық реттеудің келесі кезеңі болып, саяси партиялар туралы арнайы заңның пайда болуы саналады. Саяси партиялар туралы арнайы заң - құқық шығармашылығының жас түрі болып есептеледі. Оның қалыптасуы XX ғасырдың 60-70 жылдарына жатады. Аталған заңның ерекшелігі, оның тек қана партияға бейімделуінде және оның қызметінде ғана емес, сонымен бірге ұйымның өзін де реттеуінде еді. Сондай-ақ аталған заң партияның ішкі ұйымдастырушылық қатынастарын реттейтін нормаларды қамтиды. Уақыт өте келе заң шеңберінде партия қызметін қаржыландыру сұрақтарына ерекше назар аударыла бастады.
Сонымен, осы тақырыпта партияның пайда болу себептері анықталды. Себептері ретінде, қоғамның күрделі ұйымдасуын, азаматтық қоғамның болуын және осы қоғамда әртүрлі нақты білдірілген әлеуметтік мүдделердің болуын айта аламыз. Демократия мен партияның пайда болуының арасындағы тікелей байланыстың жоқтығы негізделді. Сонымен бірге, партиялардың пайда болу себептері XX ғасырдың ортасында басталған оларды институционализациялау процесінің (яғни мемлекет қызметі аясының кеңеюі, партияның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлінің өсуі, жеке тұлғаның, оның құқықтары мен бостандықтарының артуы) себептерімен байланысты емес екендігі анықталды. Шетелдік тәжірибеде, партияларды институционализациялаудың және олардың қызметін құқықтық реттеуді жүйелеудің іргетасы болып, партиялардың мәртебесін конституциялық деңгейдегі реттеу табылады. Сондай-ақ партияларды институционализациялаудың кезеңдері зерттелді.
Партияларды зерттеудің үш жолы бар екендігі анықталды, яғни, саяси партияларды әлеуметтік және құқықтық құбылыс ретінде зерттеу. Осы жұмыста партиялар әлеуметтік және саясаттану тұрғысынан емес, құқықтық құбылыс ретінде қарастырылады. Партиялардың құқықтық құбылыс ретінде зерттеу басым сипатқа ие болуы тиіс, себебі партияның өзгермейтін императивті ұғымының пайда болуы, қоғам мен мемлекеттегі олардың орны мен рөлін нақты анықтау, саяси жүйенің өзге элементтерінен оларды даралау, партиялардың жағдайын құқықтық регламенттеудің көмегімен ғана мүмкін болады. Партияны құқықтық құбылыс ретінде зерттеудің көлеңкелі тұсы болып, оның конституциялық-құқықтық мәртебесі табылады.
2. ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі. 
«НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы
Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Бахытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді (зейнетақы көлемін ұлғайту, ең төменгі жалақы көлемін ұлғайту, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру) шешуге бағытталған реформалық саясатын ресми түрде қолдау болып табылады.
Қазақстан коммунистік партиясы
Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын Әбділдәұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-ның мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері республиканың барлық облыстарында бар. Партия республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай жасауды; коммунистік қоғамдық құрылысты қалыптастыруды өзінің негізгі мақсаты етіп санайды. 2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3,44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ.
Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы
 Бірінші хатшысы – Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия сапы 90 мың адам құрады. Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі қоғамдық дамудың жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға негізделген. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 1,98% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте партияның депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша ҚКХП 1,29% дауыс жинады.
Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы
 Партия төрағасы – Ғани Әлімұлы Қалиев. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында партияның құрылымдық бөлімшелері бар. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру. Партия 2004 жылғы парламенттік сайлауға қатысты, алайда үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бірде-бір депутаттық мандатты иелене алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ауыл» партиясы 1,51% дауыс жинады.
Қазақстанның патроиоттар партиясы
 Партия төрағасы – Ғани Есенкелдіұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың
денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0,55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ.Е.Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы
Партия төрағасы - Әлихан Мұхамедұлы Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12,04% дауыс жинады. Партия үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ақ жол» партиясы 3,09% дауыс жинады.
«Руханият» партиясы
Партия төрайымы – Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 мың адамды құрайды. Партия бөлімшелері облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партияның негізгі міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамыту. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,44% дауыс жинап, үшінші шақырылымдағы Мәжілісте депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Руханият» партиясы 0,37% дауыс жинады.
«Әділет» демократиялық партиясы
Партия төрағасы – Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. 2004 жылғы 14 маусымда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 70 мың адамды құрайды. Партия аумақтық принцип бойынша құрылып, республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында өз бөлімшелерін иеленген. Қазақстанда құқықтық демократиялық әлеуметтік мемлекет құруды, тиімді, озық және дамыған экономикалық жүйе құруды, азаматтық қоғам қалыптастыруды партия өзінің басты міндеттері санайды. Партия 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партиялық тізім бойынша сайлауда 0,76% дауыс жинады. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір мандатты округ бойынша сайланған бір депутаты болды. 2007 жылғы 8 шілдеде өткен «Әділет» демократиялық партиясының 5-ші съезінде Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясына қосылу жөнінде шешім қабылданды.
Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы
Партияның тең төрағалары: Болат Мұқышұлы Әбілов, Ораз Әлиұлы Жандосов, Төлеген Тілекұлы Жүкеев. Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуінің нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірінде құрылған. 2006 жылғы 17 наурызда тіркелді. Партия мүшелерінің саны 87 012 адамды құрайды. Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін ашқан. Партияның мақсаттары – демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет және ашық қоғам құру. 2007 жылғы 23 маусымдағы «Нағыз Ақ жол» ҚДП-ның 3-ші съезінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына (ЖСДП) қосылу туралы шешім қабылданды.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП)
Партия төрағасы: Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай. Төрағаның орынбасары: Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов. Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Партия мүшелерінің саны – 140 мың адам. Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін ашқан. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өз алдына демократиялық, құқықтық әлеуметтік мемлекет қалыптастыру, инновациялық экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қояды. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.
Асар» партиясы.
Партия көшбасшысы: «Хабар Агенттігі» ЖАҚ басшылар кеңесінің төрайымы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты – Дариға Назарбаева. Негізгі мақсаты – дамыған азаматтық қоғамдық институттары бар экономикасы мықты, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру. Партияның саясаты Елбасының жүргізген реформаларын қолдауды негізге ала отырып жүзеге асырылады. Партия «Қазақстан-2030» Стратегиясының шынайы екендігін мойындайды және аталмыш бағдарламаны қолдайтынын жариялайды. Саяси ортада «Асар» өзін орталықшыл мәтіндегі партия деп біледі, және егер өз мүдделеріне қажет болса, партия басшылықпен, басқа да партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға дайын.
Қазақстанның аграрлық партиясы.
Аталмыш партия жерге деген жеке меншікті енгізу, ауыл инфрақұрылымының жақсаруын, аграрлық сектордың салық салуына қатысты өзгерістер енгізу мәселелерін қолдайды, агроөндірістік кешен қызметкерлерінің мүдделерін қорғайды. Партия жетекшілерінің айтуына қарағанда, партия саяси тұрақтылықты қолдайтын және көтерілістік өзгерістергі қарсы көзқарасты ұстанатын консервативтік саяси күш сипатын иеленуі тиіс. Партия жетекшісі – Мәжіліс депутаты, ҚР Парламентінің аграрлық мәселелер бойынша Комитетінің мүшесі, Р.Мадинов
Қазақстанның азаматтық партиясы.
 Еліміздің бірқатар ірі металлургиялық және тау-кен кәсіпорындарының еңбек ұжымдарының ұсынысымен құрылған. Бұл партияның негізгі мақсаттары - өндірісті дамыту, әрбір қазақстандық жанұяның әл-ауқатын жақсарту, Қазақстанның мемлекеттігін нығайту. Басқа да қазіргі таңдағы елдегі жүргізілген саясатты қолдауға негізделген партиялар сияқты ҚАП өз көшбасшысы деп Н.Ә. Назарбаевты таниды. Бұл партияның 1-хатшысы – А.Перуашев.
3. ҚР-ның саяси партиялар туралы заңы
Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 15 шілде N 344-ІІ 
Осы Заң саяси партияларды құрудың құқықтық негiздерiн, олардың құқықтары мен мiндеттерiн, қызметiнiң кепiлдiктерiн белгiлейдi, саяси партиялардың мемлекеттiк органдармен және басқа ұйымдармен қатынастарын реттейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
1-бап. Саяси партия ұғымы

1. Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады. 
2. Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ.

2-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады. 
2. Саяси партиялар заң алдында бiрдей.

3-бап. Саяси партияларға бiрiгу құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға бiрлесу бостандығына құқығы бар. 
2. Қазақстан Республикасының азаматы тек бiр саяси партияға мүше бола алады. 
3. Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды. 
4. Әркiм өзiнiң қандай партияға жататынын көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы.

4-бап. Мемлекет және саяси партиялар
1. Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi. 
2. Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси партиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Саяси партияларға мемлекеттiк органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi. 
3. Азаматтардан кез келген нысанда, оның iшiнде ресми құжаттарда да, қандай партияға жататынын көрсетудi талап етуге тыйым салынады. 
4. Парламент депутаттарының, мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси партиялардағы ақы төленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ. 
5. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде

Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды. 
6. Саяси партиялардың тұрақты жұмыс iстейтiн органдарында қызмет атқаратын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары қолданылады.

2-тарау. САЯСИ ПАРТИЯНЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ 
6-бап. Саяси партияны құру

1. Саяси партия саны бiр мың адамнан кем емес, саяси партияның құрылтай съезiн (конференциясын) шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың үштен екiсiнiң атынан өкiлдiк ететiн Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады. 
2. Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашы тобының тiзiмдерi тiркеушi органға ол белгiлеген нысан бойынша табыс етiледi. 
3. Құрылтай съезiн (конференциясын) әзiрлеу және өткiзу үшiн құрамында кемiнде он адам бар ұйымдастыру комитетi құрылуы мүмкін. 
4. Құрылтай съезiнде (конференциясында) саяси партияны құру, оның атауы, жарғысы, бағдарламасы туралы шешiмдер қабылданады және оның басшы органдары құрылады. 
5. Саяси партия жарғылық қызметiн мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады.

7-бап. Саяси партияның атауы мен рәмiзi
1. Саяси партияның атауында "саяси партия" немесе "партия" деген сөздер болуға тиiс, оларды саяси партиялардың атауында ғана пайдалануға жол берiледi. 
Саяси партияның толық және қысқартылған атауы мен оның рәмiзi мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасында тiркелген саяси партиялардың атаулары мен рәмiзiнен өзгеше болуға тиiс. 
2. Саяси партияның атауында ұлттық, этникалық, дiни, аймақтық, қауымдық және гендерлiк белгiлердi көрсетуге, оның лидерлерiнiң, тарихи тұлғалардың есiмдерi мен фамилияларын пайдалануға жол берiлмейдi. 
3. Саяси партияның өз рәмiзi ретiнде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң мемлекеттiк нышандарын пайдалануға құқығы жоқ. 
4. Саяси партия рәмiз ретiнде эмблемаларды, туларды, гимндердi, вымпелдердi, значоктарды пайдалануға құқылы. 
5. Саяси партияның рәмiзi Конституцияға қарсы және заңға қарсы мақсаттарды насихаттауға қызмет етпеуге тиiс. 
6. Саяси партия рәмiзiнiң сипаттамасы мен эскиздерi жарғыда болуға тиiс.

8-бап. Саяси партияға мүше болу
1. Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматы саяси партияның мүшесi бола алады. 
2. Саяси партияға шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi. 
3. Әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi және судьялар саяси партияда болмауға, қандай да болсын саяси партияға қолдау көрсетпеуге тиiс. 
4. Саяси партияға мүшелiк ерiктi, жеке және тiркелетiн тәртiпте болады. 
5. Саяси партияға қабылдау жазбаша өтiнiш негiзiнде жүзеге асырылады. 
6. Саяси партияға мүше болу кәсiби, әлеуметтiк, нәсiлдiк, рулық, ұлттық немесе дiни белгiлер бойынша, сондай-ақ жынысына және мүлiктiк жағдайына байланысты шектелмеуге тиiс. 
7. Саяси партияның мүшелерi саяси партияның басшы органдарына сайлауға және сайлануға, саяси партия мен оның басшы органдарының қызметi туралы ақпарат алуға құқылы. 
8. Қайтыс болу, партиядан шығу, партиядан шығарылу, басқа партияға кiру саяси партияға мүше болуды тоқтатуға негiз болып

3-тарау. САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТI
15-бап. Саяси партияның құқықтары мен мiндеттерi
1. Саяси партия жарғысы мен бағдарламасында анықталған мақсаттар мен мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен: 
1) өзiнiң қызметi туралы ақпарат таратуға және өз мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттауға; 
2) ерiктi негiзде қауымдастықтарға (одақтарға), сайлау блоктарына бiрiгуге; 
3) Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар ұсынуға; мәслихаттардағы өз өкiлдерi арқылы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатуралар жөнiнде ұсыныс жасауға; 
4) өздерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарын құруға; 
5) жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткiзуге; 
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актерлерiнде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 

2. Саяси партия: 
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының талаптарын сақтауға
2) әрбiр азаматтың өз құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгін қамтамасыз етуге; 
3) заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде тұрақты жұмыс iстейтiн органы орналасқан жердiң өзгергенi туралы және өз басшылары туралы деректердi тiркеушi органға хабарлауға; 
4) салық органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмдер мен көлемде өзiнiң қаржылық қызметi туралы есеп табыс етуге мiндеттi. табылады.4,54% дауыс жинады.

Қорытынды
Демократиялық бастауларға негізделген саяси жүйенің тиімді жұмысы, саяси партиялардың қоғамдық және мемлекеттік өмірге араласуынсыз мүмкін емес. Олар әлеуметтік топтардың ұстанымын жүзеге асыратын және азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің арасын тікелей байланыстыратын ең қолайлы өркениетті құрал болып табылады.
Партиялар әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтау, негіздеу және білдіруді жүзеге асырып қана қоймай, сонымен бірге, осы мүдделерді біріктіру арқылы қоғамның жалпыұлттық консолидациясына жол ашады. Кез келген мемлекеттегі демократиялық даму деңгейін нақ осы саяси партиялар анықтайтыны белгілі.
Кез келген ғылыми зерттеу қандай да бір құбылысты, өзі маңызды деп есептейтін қырынан қарастырады. Құбылысты барлық қырынан есептеу, бір ғылыми еңбектің шеңберінде мүмкін емес. Осы бітіру жұмысында саяси партияларды құқықтық қырынан зерттеуге қадам жасалды. Егер шет мемлекеттерде саяси партиялардың институционализациясы XX ғасырдың ортасынан басталса, бізде бұл процесс XX ғасырдың аяғынан бастап қана жүре бастады. Осы сәттен бастап партиялар құқықтық құбылыс белгілеріне ие болды және тиісті зерттеуді қажет ете бастады.
Саяси партиялардың қазіргі күнгі анықтамасы да әртүрлі. Қазақстан Республикасының конституциялық-құқықтық дамуының ерекшеліктерін және шет мемлекеттердің құқықтық тәжірибесін ескере отырып, бітіру жұмысында бұл құқықтық институтқа жеке анықтамамызды бердік. Сонымен саяси партия дегеніміз демократиялық жолмен, мемлекеттік деңгейде саяси билікке жетуге және оны жүзеге асыруға ұмтылатын немесе соған қатынасатын, халықтың белгілі бір бөлігінің саяси еркін білдіретін, қоғамдық мемлекеттік процестерге ықпал етуді көздейтін пікірлестердің идеологиялық негізде құрылған, ерікті, тәуелсіз, қоғамдық бірлестігі.
Партия қызметін мәжбүрлеп тоқтатудың бітіру жұмысында қарастырылған негіздері партияның заңсыз қызметіне тыйым салуға және қоғамның саяси жүйесінің тұрақтылығын сақтауға бағытталуы тиіс. Осыған орай біздің пікірімізше, Парламент Мәжілісінің сайлауына қатарынан екі мәрте қатыспау партияны таратуға алып келеді деген негіздің күшін жою керек. Себебі, республикада қолданылатын қазіргі құқыққа сәйкес, саяси партияның кез келген сайлауға қатысуы ерікті болып табылады және ешкім де оларды мәжбүрлей алмайды.
Саяси партиялардың Парламент Мәжілісі депутаттығына өз кандидаттарын партиялық тізім бойынша ұсыну құқығы қоғам мен мемлекеттің өзара тиімді байланысына жол ашады. Сонымен бірге депутаттық корпустың дәл жартысын пропорционалды қағида бойынша қалыптастыру, партиялардың көпшілігіне Парламентке өз өкілдерін өткізу мүмкіндігін берер еді.
Мәжілістегі партиялық өкілдіктің кеңеюіне қатысты маңызды мәселе болып депутаттық мандатты пропорционалды бөлу үшін белгіленген 7% кедергі табылады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заң 97-1 бабы 1-бөлігі). Өткен жылғы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы бұл пікірімізді нығайта түсті. Парламенттегі партиялық өкілдіктің көлемін кеңейте түсу үшін кедергінің деңгейін 2-3% төмендеуі қажет деп есептейміз. Бұл көппартиялылықтың одан әрі дамуына және партиялардың сайлауға белсенді араласуына жол ашар еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет