Реферат тақырыбы: Дене сапаларын тәрбиелеудің негіздері Орындаған: Р.Құрметбек Тексерген: Е. Тугельбаев



бет1/4
Дата02.01.2022
өлшемі0.63 Mb.
#454450
түріРеферат
  1   2   3   4
Дене сапаларын тәрбиелеудің негіздері



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Дене сапаларын тәрбиелеудің негіздері


Орындаған: Р.Құрметбек

Тексерген: Е.Тугельбаев

Алматы 2021

Дене сапаларын тәрбиелеудің негіздері



Дене жаттығулары сабағы дене тәрбиесі жүйесінің бөлігі болып саналады, яғни оларда іс жүзінде құралдары мен әдістері пайдаланылады, сонымен бірге соңғы нәтижеде оның міндеттерінің негізін құрайтын дене тәрбиесінің принциптері жүзеге асады. Дене жаттығуларымен шұғылдану барынша әр түрлі - серуендеу, таңертеңгілік дене шынықтыру, спорттық сайыстар, суға шомылу, туристік жорықтар, дене тәрбиесі сабақтары және т.б. Дегенмен, олардың барлығында кейбір сәйкес жалпы заңдылықтары бар. Бұл заңдылықтарды білу әрбір жекелеген жағдайда жете түсініп, барынша тиімділікпен дене жаттығуларының шұғылданушылардың ағзасына әсер етуін іске асыруға жағдай жасайды.

Дене жаттығуларының шұғылдану үлгілері мен мазмұнының өзара байланысының диалектикалық сипаты педагогикалык қатынаста өте маңызды болып табылады.

Шұғылданудың негізгі мазмұнын адамның денесін жетілдіруте бағытталған белсенді қозғалыс қызметі құрайды. Кез келген сабақтағы шұғылданушылардың қызметі қатынастық дербес элементтер қатарынан тұрады: дене жаттығуларының өзі, оны орындауға дайындық, белсенді демалыс және т.б. Өзара байланыс тәсілі немесе мазмұн элементтерінің құрылымы, дене жаттығуларымен шұғылдану үлгісін құрайды. Оған мыналар жатады: жаттығуды орындау тәртібі, шұғылданушылардың өзара байланыс сипаты, олардың ұйымдасуы және т.б.

Әрбір жекелеген жағдайда сабақтың шұғылдану үлгісі оны сапалы өткізудің негізгі педагогикалық ережесінің бірі болып табылып, мазмұнына сәйкес келуі тиіс. Егер сабақтың мазмұны дене сапаларын дамытуға бағытталған болса, онда жүктеме мен демалыстың қатаң жүйелілігін сипаттайтын жаттығуды орындаудың белгілі бір тәртібі қажет. Сабақтың нәтижесі оқушылардың ұйымшылдығына, сабақты өткізу уақытына, жаттығуды өткізу орнына және сабақ бөліктерінің басқа үлгілерін ұтымды пайдалануға байланысты. Атап айтқанда, сабақтың түрінің мазмұнына белсенді әсер етеді. Онымен бірге болып, шұғылданушылардың қызметіне тиісті табысты қамтамасыз етеді, ал кері жағдайда шұғылдану нәтижесі төмен болады. Үнемі сабақтың бір үлгісін пайдалану шұғылданушылардың дене дайындығының жетілуін тежейді. Сабақтың ескі үлгісін жойып және оны жаңасымен ауыстыру немесе керісінше, дене тәрбиесінің міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік жасайды.

Дене жаттығуларымен шұғылданудың әр түрлілігі мазмұндық және үлгілік қатынас тұрғыларында көрінеді.



Тамыр соғуының қисық сызығы (Пульсовая кривая)

Осылай сабақ әдістемесіндегі екінші бағыт - гигиеналық пайда болды. Екі бағытта да сабақты дұрыс, ұтымды ұйымдастырудың тек жекелеген жақтары ескерілді.

Кейінірек сабақты құрудың әр түрлі принциптерін қатар қолдану әрекеттерін байқап көрулер болды (Ж.Домени және т.б.), мысалы, Францияда келесі үлгі ұсынылды:

Дайындық бөлімі: а) жүру, ә) қолға арналған жаттығулар, б) аяққа арналған жаттығулар, в) кеудеге арналған жаттығулар, г) күрделі құрастырылған жаттығулар, д) симметриялық емес жаттығулар, е) тыныс алу жаттығулары.

Негізгі бөлім: а)жүру, ә) өрмелеу, тепе-теңдік, тіреу, б) секірулер, в) ауырлықты көтеру және алып жүру, г) жүгіру, д) затты тастау және онымен жауынглерлік жасау, қорғану және шабуылдау.

Қорытынды бөлім: а) жай жүру, ә) тыныс алу жаттығулары, ән айтып жүру, б) төбесінен су құю және ысқылау.

Мұнда дайындық және қорытынды бөлімдерінде гигиеналық бағыт бар да, ал негізгі бөлімінде бірінші жоспарға жаттығу түрлері алға шығады.

Бұлай келуде дене жаттығуларының ағзаға әсер етуінің бірлігі көп мөлшерде ескеріледі. Келесі қадам кеңестік дене тәрбиесі ілімімен жасалды. 1933 жылы гимнастикалық конференцияда сабақтың келесі үлгісі бекітіледі:

1-бөлім. Шұғылданушыларды жұмысқа кірістіру (топты ұйымдастыру, ағзаны біртіндеп қыздыру, жалпы зат алмасуды арттыру, назарын және көңіл-күй жағдайын реттеу).

2-бөлім. Бұлшық еттермен буындарға күш беруге, ширықтыру және босаңсыту, сонымен бірге тұлға сымбатын қалыптастыруға арналған арнайы жаттығулар.

3-бөлім. Қозғалыстың жалпы үйлесімділігімен әдіс негіздерін үйрету. Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.

4-бөлім. Меңгерген дағдыларды іс жүзінде қолдану және жүрек қан-тамыры жүйесімен тыныс алу органдарын физиологиялық тұрғыда жаттықтыру.

5-бөлім. Жұмысты аяқтау: 1. Жалпы жаттығулар. 2. ҚР қорғаныс күштерінің жаяу әскерлерге арналған жарғысы бойынша саптық жаттығулар.

Жоғарыда тәртіппен, сабақтың 1,2 және 5-ші бөлімдері гигиеналық қызметтің басымдығымен, 3-ші бөлім білім беру, ал 4-ші шұғылданушылардың әр түрлі жағдайда әрекет ете білуін тәрбиелеуге бағытталған.

Дене тәрбиесі жүйесінің жан-жақты сипатын толық көрсететін сабақтың құрылымында оның барлық негізгі, яғни шұғылданушыларды сауықтыру, білім беру және тәрбиелеу міндеттерін шешу әрекеті іске асырылады. Кетірілген мысалдар сабақтағы оқу-тәрбиелік әсер етуді іске асырудағы кейбір орынды, ұтымды үлгіні жасауға жалпы ұмтылыспен сипатталады. Бір мезгілде кез келген еліктеушілік, шығармашылықпен жүргізілетін педагогикалық қызметті бөгейтіні белгілі. Дайын үлгіге еліктеуді (шаблон) жену дене тәрбиесі жүйесінде бәрінен бұрын сабақ міндетінің өзгеруімен және сыртқы жағдайдың әр түрлілігімен адамдардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес сабақтың барынша тиімділігіне жетудегі маңызды жағдай болып табылады. Олай болса сабақты өткізу ілімі еліктеушілікке, төзбейтін тәжірибемен қарама-қайшылыққа келді.

Бұл қарама-қайшылықты жеңу соңғы жылдардағы сабақ үлгілері туралы пікірсайыстардың негізін құрайды. XX ғасырдың 30-шы жылдарының соңында бес бөлімнен тұратын сабақ үлгісі төрт бөлімдікке өзгертілді (модификацияланды):

1. Кіріспе бөлім: а) жалпы ұйымдастыру және сапқа тұрғызу; ә) шұғылданушылардың ықылас назарын ретке келтіру; б) ағзаның жалпы дайындығы.

2. Дайындық бөлім: а) қозғалыс аппаратын арнайы сапалы дайындау; ә) жалпы үйлесімділік негізін үйрету.

3. Негізгі бөлім: а) дағдыларды меңгеру; ә) дағдыларды өздігінен қолдануға үйрету; физиологиялық және өнегелілік ерік-жігер дайындығы.

4. Қорытынды бөлім: а) жүктемені біртіндеп түсіру; ә) сезімге берілу,жігерлілік жағдайын реттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет