Қазақстан Республикасы М.Х.Дулати атындағы Білім және Ғылым министрлігі Тараз өңірлік университеті.
Министерство Образования и Таразский региональный Науки Республики Казахстан университет им. М.Х.Дулати
РЕФЕРАТ Тақырыбы:Диффузия құбылысы, тұтқырлық, жылу өткізгіштіктің техникада қолданылуы Орындаған:Қалдарбекова Шұғыла Тобы: Ф21/1 Тексерген:Егембердиева София Шаймерденовна
Тараз қаласы, 2021 ж. МАЗМҰНЫ І. КІРІСПЕ...............................................................................3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.................................................................4
Диффузия құбылысы.....................................................4
Жылу өткізгіштік............................................................7
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................8
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................9
Кіріспе Тасымалдау процестерінде заттың, жылулық энергияның және импульстің кеңістік және уақыт бойынша бөлінуі байқалады. Бұл бөлінулер заттың тұтас жүйе (дене) ретінде «таза» механикалық (гидродинамикалық) қозғалысымен де және заттың құрамындағы молекулалардың жылулық қозғалысымен де байланысты болуы мүмкін. Тасымалдаудың «таза түрі» осы екінші – молекулалардың жылулық қозғалысымен анықталады.
Сондықтан, заттың құрамындағы молекулалардың жылулық қозғалысы нәтижесінде кеңістік және уақыт бойынша массаның (заттың) бөлінуі немесе тасымалдануы диффузия деп аталады. Осылай молекулалардың жылулық қозғалысында импульстің тасымалдауы тұтқырлық деп аталады, бұл процесс ортаның (газдың, сұйықтың) деформациялануына әкеледі, нәтижесінде деформациялану жылдамдықтарына тәуелді кернеулер пайда болады. Молекулалардың жылулық қозғалысы нәтижесінде энергияның тасымалдануы (энергиясы жоғарғы бөлшек энергиясы төменгімен бөліседі) жылуөткізгіштік деп аталады.
Тәжірибеден белгілі, бұл процестер қайтымсыз. Олардың қайтым-сыздығы молекулалардың жылулық қозғалысының ерекшеліктерімен байланысты.
Сақталу заңдары мен макроскоптық шамалардың градиенттері мен массаның, импульстің және энергияның тасымалдауы арасындағы байланыстарды сипаттайтын эмпирикалық қатынастар тәжірибе нәти-желері негізінде тағайындалған. Мысалы, бұл Ньютонның тұтқыр ұйкеліс заңы, Фурьенің жылуөткізгіштік заңы, диффузия үшін Фиктің бірінші заңы. Осы заңдарға кіретін тасымалдау коэффициенттері, мысалы, тұтқырлық, жылуөткізгіштік және диффузия коэффициенттері молекулааралық өзара әрекеттесу күштерімен байланысты. Бұл заңдардың жылулық құбылыстарды зерттегенде маңызы өте зор.