Реферат тақырыбы: Эканомикалық талдауда факторлардың жіктелінуі



бет1/3
Дата21.11.2022
өлшемі130.91 Kb.
#465308
түріРеферат
  1   2   3
талдау


РЕФЕРАТ


ТАҚЫРЫБЫ: Эканомикалық талдауда факторлардың жіктелінуі.
Орындаған:
Тексерген:

Алматы 2022


Мазмұны
Кіріспе


1.Факторлық талдау
2. Факторлык талдау келесі реттілікпен жүзеге асырылады
3. Экономикалық талдауда факторлардың жіктелуі
Қортынды

Кіріспе
Кез келген ұйым шаруашылық қызметiнiң үдерiстерi мен құбылыстары озара байланыста, өзара тәуелдiлiкте болады. Осы өзара байланыстарды зерделеу үшiн факторлық талдау қолданылады.

Әрбiр кұбылысты себеп ретiнде және нәтиже ретінде де қарастыруға болады. Мысалы, енбек өнiмдiлiгiн өнімді өндіру көлемiнiң өзгеру себебі ретінде де, сонымен бірге өндiрiстi механикаландыру, автоматтандыру денгейiнiн өзгеру нәтижесi ретiнде қарастыруға болады. Егер кандай да бір көрсеткiштi салдар ретiнде және бiр немесе бірнеше себептер әрекетi нәтижесi түрiнде қарастырып және ол зерттеу объектiсi ретiнде көрінсе, онда өзара байланыстылықты зерделеген кезде оны нәтижелiк керсеткiш деп атайды. Натижелiк белгiнiн қозгалу тәртiбiн анықтайтын көрсеткіштер факторлық деп аталынады.Кез келген көрсеткіш көптеген және әртурлі факторларға тәуелдi болып келедi. Нәтижелік көрсеткiшке факторлардың әсерi жеке-жеке, бөлшектеп қарастырылып, зерттелінетін болса, талдаудын нәтижесi және ұйымның шаруашылық кызметiнiң сапасын бағалау нактырақ болады. Сондықтан ұйымдардын шаруашылық қызметiн талдауда манызды әдiснамалык мәселе факторлардын нәтижелiк көрсеткiштерге әсерiн зерделеу және өлшеу болып табылады.

Факторлық талдау дегенiмiз нәтижелік көрсеткіштер мөлшерiне факторлардың әсерiн кешендi, жүйелі түрде зерделеу және өлшеу әдістемесі.

Факторлық талдау бiрқатар белгiлерi бойынша жіктелінеді:


1. Факторлық және нәтижелік көрсеткiштер байланысы сипаты бойынша;


2. Логикалық әдісті қолдану бойынша:


3. Зерттеу терендігі бойынша;


4. Уакыт белгiсi бойынша;


5. Себеп-салдарлы байланысты зерттеу сипаты бойынша.


Детерминациялық фақторлық талдау функционалдық қандай да бір математикалық функциямен анықталынатын, факторлық және нәтижелік көрсеткіштер арасындагы себепті-салдарлық байланысты қарастырады. Бұл жағдайда факторлық мәндердін белгiлi комбинациясы әркашан нәтиже береді.


Стохастикалық факторлық талдау егер факторлардың себепті-салдарлық байланысы және нәтижесi ыктималдылы сипатында болган жағдайда жүргiзiледi. Бұл жағдайда факторлық мәндердiн анықталынған комбинациясы әртүрлі нәтижелерге әкеледі.

Тура (дедуктивті) факторлық талдауда нәтижелік көрсеткiшке факторлардын әсерi жеке құрамдарға, яғни жалпыдан жеке беліктерге бөлу жолымен жүргізіледі.


Керi (индуктивті) факторлық талдауды жекеден жалпыға - жеке факторлардан жалпылама корсеткішке, яғни себепті-салдарлық байланыстарды зерттеуді логткалық индукциц тәсілімен жүзеге асырады.


Бір сатылы талдау тек бір деңгелі факторларды зерттеуден тұрады,мысалы: у=a*b.
Көп сатылы факторлық талдауда факторлардың мәнін зерделеу үшiн оларды құрамдас элементтерге бөлшектеу, яғни нәтижелік көрсеткiшке әсер ететін факторлар ұсақ факторларға дейiн бөлшектенеді.

Статистикалық факторлық талдау нәтижелiк көрсеткiшке факторлардын эсерiн сәйкесінше белгiлi бiр күнге зерделеген кезде қолданылады. Ал динамикалық факторлық талдау себепті салдарлық байланыстарды динамикада зерттеу әдiстемесi болып табылады.


Ретроспективті факторлық талдау кезендердегі өткен шаруашылық қызмет нәтижелерiнiн өзгеру себептерiн зерделейдi. Ал перспективті факторлық талдау факторлар мен нәтижелiк көрсеткіштер қозгалысы тәртiбiн перспективада зерттейді.


Факторлык талдау келесі реттілікпен жүзеге асырылады:
1. Талдау жүргiзу үшiн факторларды iрiктеу;

2. Факторларды жiктеу және жүйелеу;


3. Нәтижелiк жане факторлық көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты модельдеу;


4. Нәтижелік көрсеткiшке әрбір фактордың әсерiн бағалау;

5. Баскару қызметiнде факторлық улгiнi тәжiрбие жузiнде қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет