Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Реферат
Тақырыбы: Газ заңдары. Молекулалық-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі (МКТ) және одан шығатын салдар.
Орындаған: Мұхамеджанова Айдана
Оқу тобы: ТФК-108
Қабылдаган: Каюмова А.С.
Қарағанды, 2021
Мазмұны:
Кіріспе.
Газ заңдары.
Изотермиялық процесс.
Изобаралық процесс.
Изохоралық процесс.
Молекулалық-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі (МКТ) және одан шығатын салдар.
МКТ негізгі теңдеуі.
МКТ-нің негізгі теңдеуінен шығару:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Идеал газ күйі теңдеуінің көмегімен газ массасы жә¬не үш параметрдің — қысым, көлем немесе температура — біреуі өзгермей қалған жағдайдағы процестерді зерттеуге болады. Газдың бір параметрінің1 мәні тағайындалып, қалған ек1 мәні арасындағы сандық, тәуелділікті айқындайтын заңдарды газ заңдары деп атайды.
Параметрлердің біреуінің мәні өзгермей қалған кезде өтетін процестер изопроцестер деп аталады. Изопроцестер табиғатта кең таралған және техникада жиі пайдаланылады.
Шынында да, ешбір процесс қандай да болмасын қатаң тағайындалған бір параметрдің мәнінде жүрмейді. Температураның, қысымның, немесе көлемнің тұрақтылығын бұзуға әсер ететін қандай да бір жағдайлар болады. Тек лабораториялық жағдайларда ғана кайсыбір параметрлердің тұрақтылығын тым дәлірек сақтағга болады, бірак жұмыс істейтін техникалық кұрылғылар-да және табиғатта бұл іс жүзінде әсте мүмкін емес. Изопроцесс — бұл нақты процестің идеалдандырылған моделі. Ол шындықты тек жуық қана бейнелейді.
Газ заңдары.
Газ — заттың атомдары мен молекулалары бір-бірімен әлсіз байланысқандықтан, кез келген бағытта еркін қозғалатын және өзіне берілген көлемге толық жайылып орналасатын агрегаттық күйі. «Газ» атауын ғылыми қолданысқа 17 ғасырдың басында голланд ғалымы Ян Баптист ван Гельмонт енгізген. Газ молекулаларының соқтығысу уақыты олардың еркін жолға кететін уақытынан әлдеқайда аз болады. Химиялық элементтердің өте кіші бөлшекке бөлініп, бейтарап ұшуы. Негізгі тұрмыстағы газдар пропан, бутан, неон және тағыда басқа Газ қатты дене мен сұйықтық тәрізді еркін бет түзбейді және ол берілген көлемді толық толтырып тұрады. Газ тәрізді күй – заттардың (жұлдызаралық заттар, тұмандықтар, жұлдыздар, планеталардың атмосферасы, тағыда басқа) ғаламдағы ең көп таралған күйі. Химиялық қасиеттері бойынша газдар және олардың қоспалары (активтілігі аз инертті газдар мен қопарылғыш газдар қоспасына дейін) сан алуан болып келеді. Газға атомдар мен молекулалардан тұратын жүйе ғана емес, кейде басқа бөлшектерден – фотондардан, электрондардан, броундық бөлшектерден, сондай-ақ плазмадан тұратын жүйелер де жатқызылады.
Нақты (реал) газдар. Газдың тығыздығы артқан сайын оның қасиеттері идеал газ күйінен ауытқи бастайды. Бұл жағдайда соқтығысулардың рөлі артып, молекулалардың мөлшерлері мен олардың өзара әсерлерін ескермеуге болмай қалады. Мұндай газды нақты (реал) газ деп атайды.
Қатты отынды ауа және су буының қоспасымен газдандыру кезінде түзілетін газ тәрізді өнім.
Газ тәрізді заттардың қоспасы; қатты отындарды ауамен газдандыру кезінде алынады, өндірістік пештерде отын ретінде қолданылады.
Картерлық газ - цилиндрлардан поршень сақиналары арқылы іштен жанатын қозғауыштың картеріне өтіп, май буларымен араласқан газ.
Газды бөліп тарату - қозғауышқа жаңғыш қоспаны толтыру және жанармай жанғанда пайда болатын газды шығару үрдісі.
Изотермиялық процесс.
Температура тұрақты болғанда макроскопиялық денелердің термодинамикалық жүйесі күйінің өзгеру процесін изотермиялық деп атайды. Газ температурасын тұрақты етіп ұстау үшін ол температурасы тұрақты болып тұратын үлке жүйемен - термостатпен - жылу алмасатындай болу керек. Өйткені сығылғанда немесе ұлғайғанда газдың температурасы өзгеретін болады. Егер атмосфералық ауаның бүкіл процес барысында елеулі өзгермесе, онда ол термостат қызметін атқара алады.
Идеал газ күйінің теңдеуіне сәйкес тұрақты температурадағы кез келген күйде газ қысымының оның көлеміне көбейтіндісіне тұрақты болады, яғни T = const
Достарыңызбен бөлісу: |