Реферат тақырыбы: Геофизика және қоршаған орта Орындаған: Юсупов Парвиз (нгд-23)



Дата22.02.2024
өлшемі56 Kb.
#492913
түріРеферат
Реферат3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Кафедра «Мұнай-газ ісі»




РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Геофизика және қоршаған орта


Орындаған: Юсупов Парвиз (НГД-23)


Тексерген: Амангелдиев. Ә.Қ
Орал 2024
Геофизика — Жердің ішкі құрылысын, физикалық қасиеттерін және оның қатты, сұйық, газ қабаттарында өтетін құбылыстарды зерттейтін ғылымдар жиынтығы. Геофизиканың негізгі салалары соңғы төрт ғасыр ішінде дамып келеді. 17 ғ-да мұхит деңгейінің көтерілуі жөнінде алғашқы теориялық болжамдар жасала бастады. Кейінірек ауырлық күшінің өрісі, ауадағы физ. құбылыстар, Жердің ішкі құрылысы және оның магнит өрісі, жер сілкіну туралы ілімдер кеңінен өріс алды. Геофизика көп салалы ғылым ретінде тек 20 ғ-дың 40 — 60-жылдарында ғана қалыптасты.Геофизиканың геомагнетизм (Жер шарының және оның бөліктерінің магнит өрісі туралы ілім), аэрономия (атмосфераның ең жоғ. қабаттарындағы құбылыстар туралы ілім), метеорология (атмосф. құбылыстар туралы ілім) сияқты негізгі салалары бар. Оның ішінде метеорология: динамикалық метеорология, синоптикалық метеорология және климатология болып бөлінеді.
Физ метеорологияда атмосфера физикасы, ал динамикалық метеорологияда атмосферадағы процестер гидромеханикалық әдістер арқылы зерттеледі. Синоптикада ауадағы көлемді процестер, ауа массасының қимылы бақыланады және ауа райы туралы болжам жасалады. Климатологияда Жер шарының климат жағдайлары зерттеледі. Сондай-ақ, Геофизика ғылымының құрамына океанология (Дүниежүз. мұхитты, теңіз физикасын, теңіз геологиясын, теңіз химиясын және теңіз биологиясын зерттейтін ғыл. салаларының жиынтығы); құрлық гидрологиясы (өзен, көл, т.б. туралы ілім); гляциология (мұздықтар туралы ілім); Жер қойнауының физикасы (Жердің ішкі бөліктерінің физикасы мен оның құрылысы туралы ілім); сейсмология (жер сілкінуді зерттейтін ілім); гравиметрия (жер бетіндегі ауырлық күшінің өрісі туралы ілім); жер бетінің көтерілуі туралы ілім (құрлық, теңіз, мұхиттар беткейінің Ай мен Күннің тарту күші әсерінен көтерілуі, тасуы туралы); Жер қабығының қазіргі уақыттағы қозғалыстары туралы ілім де кіреді. Геофизика геология, геодезиягеографиягеохимияфизика және астрономия сияқты ғылымдармен тығыз байланыста дамиды.
Сондай-ақ, Жердің терең қойнауларын зерттей отырып, Геофизика геологиямен бірге Жердің пайда болуы мен даму тарихын да анықтайды. Геофизиканың барлау Геофизикасы, өндірістік Геофизика деп аталатын салалары кен барлау, Жер қабығын, оның түрлі қабаттарының құрылысын зерттеуде қолданылады. Қазақстанда Геофизиканың метеорология, ионосфера физикасы, сейсмология және барлау Геофизикасы сияқты салалары кең дамыған. Қазіргі кезде гидрометеорология қызметі ондаған метеостансалар арқылы ауа райы мен гидрол. құбылыстарға жан-жақты бақылау жүргізіп, зерттеп отыр. Жер сілкінуі ықтимал деген аудандарда жаңадан бірнеше сейсмостансалар құрылып, ондағы бақылау жұмыстары кеңейе түсуде. Сондай-ақ, Бат. Қазақстанның мұнайлы-газды аудандарының тереңдегі құрылысын бақылау және геофиз. жұмыстар тәсілін жетілдіру жолдары зерттелуде. Қазақстан геофизиктерінің геол., геохим. және геофиз. кешенді зерттеулерді жүргізуі негізінде Қазақстан жер қыртысының терең құрылысы және геол. дамуының тарихымен байланысты кен байлықтарының орналасуындағы аймақтық заңдылықтар анықталды. Қазақстанның орта масштабты құрылымдық-геофиз. картасы жасалды.
Қысқаша айтқанда Геофизика — Жер туралы ғылымдар кешені; Жердің ішкі құрылысын,физикалық қасиеттерін, геосфераларда (атмосферагидросфералитосфера, мантия және тағы да басқалары) жүретін процестерді зерттейді
Геофизиканың қоршаған ортаны зерттеудегі рөлі:
Геофизикалық әдістер қоршаған ортаның әртүрлі компоненттерінің жағдайы мен динамикасы туралы ақпарат береді. Мысалы, сейсмикалық зерттеулер жер қыртысының құрылымын зерттейді, магнит өрісін талдау геомагниттік белсенділікті зерттеуге көмектеседі, ал гравиметрия жердегі материалдардың тығыздығының өзгеруін бақылау үшін қолданылады. Бұл деректер табиғи апаттарды болжау, ресурстарды бағалау және тұрақты даму стратегияларын әзірлеу үшін маңызды.


Қоршаған ортаны қорғауға арналған геофизикаға қатысты мысалдар:
Климаттың өзгеруін бақылау: спутниктер мен датчиктер арқылы мұхиттар мен атмосфераның беткі температурасының өзгеруін талдау.
Геологиялық түзілімдерді зерттеу: жер сілкінісі, жанартау атқылауы және көшкін сияқты қоршаған ортаға ықтимал қауіптерді бағалау.
Су ресурстарының жай-күйін бағалау: жер асты Сулы қабаттарын зерттеу және ластануды анықтау үшін геофизикалық әдістерді қолдану.
Қиындықтар мен перспективалар:
Маңызды жетістіктерге қарамастан, геофизика зерттеу әдістерінің дәлдігін жақсарту, мониторинг ауқымын арттыру және жаңа технологияларды дамыту қажеттілігі сияқты қиындықтарға тап болады. Дегенмен, геофизикалық технологиялар мен деректерді талдау әдістерінің дамуы қоршаған ортаны тиімдірек басқару және тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін жаңа перспективалар ашады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет