СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
6B07118 Биомедицинская инженерия
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Геометриялық оптика. Линзалар
№
|
Жұмысты орындау сапасы
|
Баға
диапазоны
|
Орындалған
%
|
1
|
Орындалған жоқ
|
0%
|
|
2
|
Орындалды
|
0-50%
|
|
3
|
Материялдық өзіндік жүйелендіру
|
0-10%
|
|
4
|
Талап етілген көлемде және көрсетілген
мерзімде орындау
|
0-5%
|
|
5
|
Қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдалану
|
0-5%
|
|
6
|
Орындаған тапсырманың ерекшелігі
|
0-10%
|
|
7
|
СӨЖ-ді қорғау
|
0-20%
|
|
|
Қорытынды:
|
0-100%
|
|
Оқытушы: Төлеубай Г.Қ Студент: Боранов. М Мамандығы: 6B07118
Алматы 2024ж
Жоспар
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Геометриялық оптика
Линзалар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жарықтың шағылу және сыну қасиетін жарық шоқтарын басқаруға пайдаланады. Ол үшін арнайы жасалған фотоаппарат, лупа, көзілдірік, микроскоп, дүрбі, телескоп тәрізді оптикалық аспаптар пайдаланылады Бұл аспаптардағы негізгі бөлік линза болып табылады. Линзалар деп екі сфералық немесе бір сфералық және бір жазық бетпен шектелген мөлдір шыны денелерді атайды.
Линзалардың екі түрі бар: өзінен өткен жарықты жинағыш және шашыратқыш. Жинағыш линзалардың шеттеріне қарағанда ортасы қалыңдау, ал шашыратқыш линзалардың ортасы шеттеріне қарағанда жұқалау болып келеді. Сыну беттерінің пішініне қарай линзаларды жазық, дөңес, қосдөңес, қосойыс, жазықойыс және т. б. деп атайды.
Негізгі бөлім Геометриялық оптика
Геометриялық оптикада жарықтың таралуын түсіндіретін негізгі 4 заң бар:
1. Жарықтың түзусызықты таралу заңы: жарық сәулесі біртекті ортада түзу сызық бойымен таралады.
2. Жарықтың тәуелсіз таралу заңы: жарық сәулелері кездескенде бір-бірінің әрі қарай таралуына әсер етпейді.
3. Жарықтың шағылу заңы:1) түскен сәуле, шағылған сәуле және екі ортаның шекарасындағы сәуленің түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады; 2) Альфа түсу бұрышы гамма шағылу бұрышына тең;
4. Жарықтың сыну заңы: 1) түскен сәуле, сынған сәуле, екі ортаның шекарасындағы сәуленің түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады; 2) Түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақта шама және ол бірінші ортаның екінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші деп аталады:
Яғни, (sinα) / (sinβ) = n
Ферма принципі. Біртекті ортада жарықтың түзусызықты бойымен қозғалу заңын, екі орта шекарасынан жарықтың сынуы мен шағылу заңын 17 ғ. ортасында Франция ғалымы Пьер Ферма ұсынған Ферма принципі көмегімен оңай түсінуге болады
"Жарық кеңістіктің бір нүктесінен екінші нүктесіне ең аз уақыт кететін жолмен жүріп өтеді (таралады)".
18 ғ-дан бастап геометриялық оптика оптикалық жүйелерді есептеу әдістерін жетілдіре отырып, қолданбалы ғылым ретінде дамыды. Классикалық электр динамикасы жасалғаннан кейін, геометриялық оптиканың формулаларын Максвелл теңдеулерінен алуға болатындығы дәлелденді. Геометриялық оптика теориясы іргелі түсініктері мен заңдарының (жарық сәулелері туралы түсінік, шағылу және сыну заңдары) аздығына қарамастан көптеген практикалық нәтиже алуға мүмкіндік беретін теория үлгісі болып есептеледі. Оптикалық құрылғылар теориясының көптеген есептері осы кезге дейін геометриялық оптикаға негізделген.
Жарықтың шағылу және сыну қасиетін жарық шоқтарын басқаруға пайдаланады. Ол үшін арнайы жасалған фотоаппарат, лупа, көзілдірік, микроскоп, дүрбі, телескоп тәрізді оптикалық аспаптар пайдаланылады Бұл аспаптардағы негізгі бөлік линза болып табылады.
Линзалар деп екі сфералық немесе бір сфералық және бір жазық бетпен шектелген мөлдір шыны денелерді атайды.
Линзалардың екі түрі бар: өзінен өткен жарықты жинағыш және шашыратқыш. Жинағыш линзалардың шеттеріне қарағанда ортасы қалыңдау, ал шашыратқыш линзалардың ортасы шеттеріне қарағанда жұқалау болып келеді. Сыну беттерінің пішініне қарай линзаларды жазық, дөңес, қосдөңес, қосойыс, жазықойыс және т. б. деп атайды.
Қосдөңес линзаны екі шардың жанасуынан пайда болған дене тәрізді елестетуге болады. Линзаларды сипаттау үшін бірқатар ұрымдар енгізіледі.
Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердің С1 және С2 центрлері арқылы өтетін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп атайды.
Оптикалық осьтің бойында линзаның центрінде жатқан О нүктесін линзаның оптикалық центрі деп атайды.
Жинағыш линзаның бас оптикалық осіне параллель жарық шоқтарын бағыттаймыз. Шоктар линзадан өтіп, әрбір беттен сына отырып, линзаның оптикалық осінде жатқан бір нүктеде жиналады Бұл нүктені линзаның бас фокусы деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |