Реферат Тақырыбы: «Жазғы демалысты ұйымдастыру»
Бұл бет үшін навигация:
Лагердің топ жұмыстары дегеніміз, бұл
Топ ұрандарының үлгілік нұсқалары
Лагерде балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
2. Жазғы демалыс педагогикасы: дамуы, өзекті мәселелері.
Лагердің жұмыс мақсаты
Лагерь ауысымдарын жобалау мен өткізуде пайдаланылатын принциптер
Бағыттары
Бізді қоршаған заттардың барлығы әдемі
Жазғы лагерь жұмысынан біз қандай нәтиже күтеміз
Жазғы демалыс лагерлеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары.
Реферат
Тақырыбы: «Жазғы демалысты ұйымдастыру»
Дайындаған: А.С. Карагойшина
2013 жыл
Жаз айлары- мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.
Бастауыш және орта буын сыныптарының балалар0ы үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.
Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз-тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызыметін тынықтыратын, қарым-қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шындалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.
Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, олармен түрлі шаралар өткізуде тәрбиешілер:
- балалардың жас ерекшелігін;
- психологиялық ерекшелігін;
- денсаулығын;
- ұлттық ерекшелігін;
- аймақтық ерекшелігін;
- діл (менталитеттік) ерекшелігін;
- жыныстық ерекшелігін;
- қабілет-мүмкіндігін, т.с.с. ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруі қажет.
Сонымен қатар, өткізілетін шаралар нәтижесі балаларға:
- өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге;
- ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеруге;
- достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға;
- туған жердің табиғатынның және экологиялық маңызына мән беруге;
- азаматтық-елжандылық сананы қалыптастыруға;
- ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт-дәстүр, және т.б. ұғымдарды меңгеруге қалыптастыру – тәрбиеші-ұстаздың басты міндеті.
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үрдісінде оны орындау және түзетуді бақылау – жоспардың нақтылығы.
Нақты педагогикалық міндеттерді анықтау:
- лагерь орналасқан жердің, елдің даму перспиктивасы;
- қазіргі заманғы балалар қозғалысы мен ұйымдары қызыметінің негізгі бағыттары;
- лагерь жұмысының күнтізбелік және перспективалық жоспарынан;
- лагердің әлеуметтік кеңесінің ұсыныстары арқылы жолға қойылады;
|
Достарыңызбен бөлісу: |