Реферат Тақырыбы: «Коллоидты химия»



бет1/2
Дата22.07.2023
өлшемі26.41 Kb.
#475787
түріРеферат
  1   2
Реферат( Коллоидты химия)


Қазақстан республикасының Білім және Ғылым Министирлігі
Атырау инженерлі-гуманитарлық институты
Реферат


Тақырыбы: «Коллоидты химия»

Атырау, 2023 жыл


І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Коллоидты химия пәні.

  2. Коллоидты химияның даму кезеңдері.

  3. Коллоидты ерітінділерді алу жолдары.

ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе:
Тақырыптың мақсаты мен өзектілігі: Коллоиды химия -үстіртті құбылыстарды және дисперсті жүйелерді зерттейтін ғылым. Анықтау объекттері ретінде негізгі колда бар заттар мен материалдарды қолдана отырып, коллоидты химия, жалпы химиялық білім береді. Қазіргі кезде физикалық химия, үстіртті кұбылыстардың химиясын және дисперсті жүйелер мен қатар да тағы көптеген табиғаттың спецификалық кұбылыстарын зерттеп келеді, оларға осы кезге дейін жөнді көңіл бөлінбеген болатын.

  1. Дисперсті фаза – ұнтақталған ұсақ бөлшектер.

  2. Дисперсті орта –дисперсті фаза бөлшектерін біркелкі таратушы газ, сұйық, не қатты зат.

Коллоидты жүйелер деп дисперсті фаза бөлшектерінің ұнтақталу дәрежесі жоғары гетерогенді жүйелерді атайды.
Академик П.А Ребиндердің айтуы бойынша, қазіргі коллойдты химияны дисперсті жүйелер мен беттік құбылыстардың физикалық-химиясы деп анықтауға болады. Себебі жоғары дисперстілік заттарға жаңа қасиеттер береді, ерігіштік және жоғары реакциялық қабілет, түс қарқынының артуы, жарықты шашырату т.б

  1. Коллоидтық химия пәні.

Коллоидтық химия пәні Коллоидтық химияны беттік құбылыстар және дисперсті жүйелер туралы ғылым деп атауға болады. Жоғарыда айтқандай, беттік қабаттағы молекулалар ерекше қасиеттерге ие болып, жүйенің күйін анықтайды. Затты ұнтақтаған сайын оның беттік ауданы артып, бұл майда бөлшектерге жаңа қасиеттер береді. Негізінде коллоидтық заттар ережесі, заттардың ерекше коллоидтық күйі туралы айтқан жөн. Неғұрлым бөлшектер майдаланған сайын оның коллоидтық күйде болу ықтималдылығы артады. Мұндай бөлшектері бар жүйелерде беттік қабат қатты дамыған. Оларға майда бөлшектер, қабыршықтар, капилярлар, конусты денелер (топырақ, адсорбциялар, катализаторлар, ұнтақтар) мембраналар, гельдер жатады, олар белгілі бір ортада (газ, сұйық не қатты) таралып, дисперсті жүйені құрайды.
Коллоидтық химия өзінің аталуы (грекшеден колла-желім, eidos-түр) зерттелетін мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейтін ғылымдардың бірі. Дисперсті жүйелер-коллоидтық химияның зерттейтін негізгі нысаны, себебі осы жүйелерде беттік құбылыстардың сипаты барлық қырынан көрінеді.
Дисперсті жүйелерді жіктеу. Дисперсті жүйелерді әртүрлі белгілеріне байланысты жіктейміз. Бөлшек өлшеміне байланысты жіктеу. Бөлшектердің ұнтақталу дәрежесіне (диеперстілігі) байланысты дисперсті жүйелерді үш топқа бөлеміз:

  1. Ірі - дисперсті жүйелер (жүзінділер, суспензия, эмульсия, ұнтақтар), бөлшектер радиустары 10-2-10-5см.

  2. Коллойдтық - дисперсті жүйелер (зольдер), бөлшектер радиустары 10"5 - 10'7см.

  3. Молекулалық – дисперісті жүйелер (иондық ерітінділер), бөлшектер радиустары 10-8-10-І0см.

Дисперстілік жүйенің негізгі қасиеттеріне (кинетикалық, оптикалық, каталиттік т.б.) қатты әсер етеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет