Реферат тақырыбы: Металдардың механикалық қасиеті Дайындаған: Кәрім Аян Тексерген: Дүйсен Ерғалым Алматы қ. 2024ж


Динамикалық әдістермен сыналатын механикалық қасиеттер



бет4/5
Дата17.05.2024
өлшемі0.72 Mb.
#501332
түріРеферат
1   2   3   4   5
Металдардың механикалық қасиеті

1.4 Динамикалық әдістермен сыналатын механикалық қасиеттер

Статикалық әдістермен салыстырғанда динамикалық әдістермен сынау


кезінде деформациялау күші аса жоғарғы жылдамдықпен беріледі.
Динамикалық сынау арқылы материалдың морт сыну қабілеті
анықталады. Мұндай әдіс маятникті тоқпақпен ортасы кертілген (тілікше)
арнаулы мөлшерлі үлгіні соғып сындыру арқылы жүргізіледі (1.3 -
сурет). Маятникті тоқпақтың шкаласы арқылы соғуға жұмсалған жұмыстың толық мөлшері (К) анықталады: К = Ph1 (cos β - cos α ).


1.3-сурет. Маятникті тоқпақпен соғып сынау сұлбасы. а ) 1- маятник, 2- үлгі, 3- шкала, 4- шкаланың тілі, 5- тежеу б) стандартты үлгі

Соққы тұтқырлығы КС ( Дж / ) деп соғуға жұмсалатын жұмыстың (Дж) үлгідегі тілікшенің тұсындағы көлденең қимасының бастапқы ауданына S0 ( , ) қатынасы аталады, КС = К / S0.
Мемлекеттік стандарт бойынша тілікшенің пішіні үш түрде жасалады:
U- тәрізді, радиусы R = 1мм;
V- тәрізді, радиусы R = 0,25мм, бұрышы - 450 және
T- тәрізді қажу жарығы (1.3, б- сурет).
Демек, соққы тұтқырлығы КСU, КСV, КСT деп белгіленеді.
Соққы тұтқырлығы жарықтың туындауына жұмсалатын жұмыс (aз)
пен тұтқыр жарықтың таралуына жұмсалатын жұмыстардың (ар) қосынды
сипаттамасы:
КСU = aз + ар

Мұндағы аз - жарықтың туындауына жұмсалатын жұмыс, ар -


жарықтың таралу жұмысы.
Металдың морт сынғыштық қабілеті ең алдымен ондағы туындаған
жарықтың дамып таралу жұмысын анықтаудан басталады. Жарықтың таралу
жұмысы қанша үлкен болса, металдың кенеттен морт бұзылу мүмкіндігі
сонша төмен.
1.4.1 Суықта сынғыштық табалдырығы
Материалдың суықта сынғыштық табалдырығы мен жұмысқа пайдалануға жарамды температурасын білу арқылы оның тұтқырлық
температура қорын, атап айтқанда, суыққа сынғыштық табалдырығының
температурасы мен жұмысқа жарамды температура ара қашықтығын табуға
болады.
Тұтқырлық температура қоры үлкен болған сайын, морт бұзылу қаупі
төмендей береді. Суықта сынғыштық табалдырығы материалдың тұрақты
көрсеткішіне жатпайды, оның мөлшері құрылымына, сынау шартына, кернеу
тілікшелерінің болуына, үлгінің мөлшеріне өте тығыз байланысады. Беріктік
(в, 0,2) қаншалықты жоғары болса, суықта сынғыштық табалдырығы
соншалықты жоғары келеді.
Машиналардың сенімділігін анықтауда, беріктігін есептеуде суықта
сынғыштығы ескерілмейді, тек қана материалды суықта сынғыштық
табалдырығы температурасынан төменде қолданбау керек деген жалпы
ұсыныс қана беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет