Реферат Тақырыбы: Оптикадан зертханалық жұмыстарда қолданылатын құрылғылар Дайындаған: Такенова Ж



бет1/3
Дата27.12.2022
өлшемі1.68 Mb.
#467982
түріРеферат
  1   2   3
Жанна оптика срсп (копия)


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Физика-математика факультеті
Физика кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Оптикадан зертханалық жұмыстарда қолданылатын құрылғылар

Дайындаған: Такенова Ж.
Қабылдаған: Серікбаева Г.

Ақтөбе 2022 ж




ЖОСПАР

  1. Кіріспе

1.1 Оптикадан зертханалық жұмыстарда қолданылатын құрылғылардың маңызы;

  1. Негізгі бөлім

2.1 Оптикалық құрылғылардың түрлері;
2.2 Құрылғылардың жұмыс істеу принциптері және олардың мақсаттары;

  1. Қорытынды



Кіріспе
Оптикалық құрылғылар әртүрлі объектілердің суреттерін алуға арналған құрылғылар деп аталады.Әртүрлі оптикалық аспаптардың жұмыс істеу принциптерінің негізінде геометриялық оптиканың заңдары жатыр. Бұл аспаптардың негізгі бөлігі — нәрсенің кескінін салатын оптикалық жүйе. Көзді қаруландыратын әртүрлі оптикалық құрылғылар бар. Олардың кейбіреулері қашықтағы заттарды (бинокль, телескоп), басқаларын — ұсақ заттарды (үлкейткіш әйнек, микроскоп) ажыратуға мүмкіндік береді. Оптикалық құрылғыларға сонымен қатар кескін жазықтығында орнатылған экрандарда, жарыққа сезімтал жазбаларда, фотопленкаларда және т.б. кескіндерді алуға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар кіреді.Қандай мақсатта пайдаланылатына орай оптикалық аспаптардың осындай түрлері бар: проекциялық аппараттар, микроскоптар, телескоптар, фотоаппараттар т.б. Проекциялык аспаптарға экранда нәрсенің шын, үлкейтілген кескінін беретін оптикалық аспаптар жатады. Бұл аспаптардың үш түрі бар: диаскоп,эпископ,эпидаскоп.

Оптикалық құрылғылардың түрлері:

  • Линза

  • Лупа

  • Микроскоп

  • Диаскоп

  • Эпископ

  • Эпидиаскоп

  • Телескоп


Линза –екі сфералық бетпен шектелген, мөлдір заттан тұратын оптикалық аспапты айтамыз. Олар шашыратқыш және жинағыш болып екіге бөлінеді. Біріншілері өзі арқылы өткен жарықты шашыратады, ал екіншілері оларды бір нүктеге жинайды. Жинағыш линзаның ортасы шетіне қарағанда қалың, ал шашыратқыш линзалардың, керісінше, шеті қалың, ортасы жұқа болып келеді. Егер линзаның қалыңдығы сфералық беттердің қисықтық радиусымен шамалас болса, онда оны қалың линза, ал әлдеқайда кіші болса, жұқа линза дейді. Линза беттерінің түріне қарай линзалар: дөңес (жазық дөңес, екіжақты дөңес, ойыс-дөңес) және ойыс (жазық ойыс, екіжақты ойыс, дөңес-ойыс) болып бөлінеді.

1.1-сурет

Лупа - бұл шыныдан жасалған қосдөңес қысқа фокусты линза. Ол арқылы кішкентай нәрселердің бөліктерін көре аламыз . Бұл үшін нәрсені линза мен оның фокусының арасында қояды, яғни d
1.2-сурет

Микроскоп-қаруланбаған көзбен көрінбейтін ұсақ объектілердің үлкейтілген кескінін алуға арналған құрал. Адам көзі белгілі бір ажырату шегі бар табиғи оптикалық жүйе болып табылады. Объектіден алыстағандағы қалыпты көздің жақсы көру арақашықтығы (D=250 мм) орташа қалыпты ажырату шегі 0,2 мм, ал минимал ажырату шегі шамамен 0,08 мм. Микроскоп объектілердің аралығы 200 нм болатын бөліктерін ажыратып көрсете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет