Реферат тақырыбы: Педагог педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі. «Ы. Алтынсариннің педагогикалық іс-әрекеті»



Дата06.11.2023
өлшемі16.11 Kb.
#482445
түріРеферат
СӨЖ Педагогика


Ш.Есенов атындағы технология және инжиниринг университеті

РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Педагог педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі. «Ы.Алтынсариннің педагогикалық іс-әрекеті»
Дайындаған:Бегешова Әсел
Тексерген:Аманқосова Ботагөз

2022-2023



Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж.) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
Педагог позициясы – интеллектуальды, ерік, эмоционалды-бағалы қатынастардың қоршаған ортаға, педагогикалық шындыққа, педагогикалық іс-әрекетке қатынастарының жүйесі. Ол бір жағынан, қоғам қоятын талаптардан көрінсе, екінші жағынан, белсенділік сапаларынан – педагогтың мотив, мақсат, бағалы құндылықтары, дүниеге көзқарасы, мұраты арқылы көрінеді.
Педагог позициясынан оның жеке басы, әлеуметтік бағалы сапасы, азаматтық мінез-құлқы, әрекеті көрініс береді.Педагогтың әлеуметтік позициясыжалпы білім беретін мектепте қалыптасқан пікір, түсінік, бағалы құндылықтары жүйесінен туындайды. Кәсіби даярлық негізінде оларда педагогикалық мамандыққа, мақсатқа, педагогикалық іс-әрекет құралдарына деген мотивациялық-бағалы қатынас қалыптасады. Педагогикалық іс-әрекетке деген мотивациялық-бағалы қатынас мұғалім бағыттылығынан көрінеді.Педагогтың әлеуметтік позициясы кәсіби позицияныда анықтайды. Педагогтың кәсіби позициясының таңдауына көптеген факторлар әсер етеді. Бірақ олардың арасында жеке тұлғаның кәсіби бағдары, дара типологиялық ерекшелік, темперамент, мінез көп әсер етеді. Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар жиынтығы педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлықретінде анықталады. Оның құрамында бір жағынан психологиялық, психофизиологиялық, дене даярлығы болса, екінші жағынан ғылыми-теориялық, практикалық жан-жақтылықты атауға болады.
Кәсіби даярлық мазмұны педагогикалық білім беру мақсаты ретінде профессиограммадаберіледі, онда жеке бас параметрлері мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті көрсетіледі.
Қазіргі кезде мұғалімнің профессиограммасын құрастырудың бай тәжірибесі жинақталған. Бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыра алатын үш кешенді атап көрсетуге болады:
- жалпы азаматтық сапа,
- мұғалім мамандығын анықтайтын сапалар,
- мамандық немесе пән бойынша арнайы білім, іскерлік, дағды.
Педагогикалық бағыттылық негізі мұғалім мамандығына қызығушылықболып табылады. Оның өзі балаға, ата-анаға, педагогикалық іс-әрекетке дұрыс қатынасынан көрінеді. Педагогикалық атағыныңпедагогикалық қызығушылықтан айырмашылығы, ол педагогикалық іске деген қабілеттілік.
Педагогикалық атақ (презвание) болашақ педагогтың теориялық және практикалық тәжірибесінің толықтырылу және педагогикалық қабілетін өзін-өзі бағалау процесінде қалыптасады.Педагогикалық атақ негізіне балаларға деген сүйіспеншілік жатады. Бұл сапа мұғалімнің кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайды.Осындай сапалар ішінен педагогикалық борыш пен жауапкершіліктіатап кетуге болады. Педагогикалық борышты біле отырып, мұғалім балаларға, ересектерге көмек жасай отырып, өз-өзіне жауап береді, педагогикалық моралькодексіне сүйенеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет