Сынау нәтижесін бағалау кезінде дәлдік көрсеткіштері, сенімділік көрсеткіштері үлкен роль атқарады. Ол сынау нәтижесінің қателігінің сандық сипаттамасы болып табылады.
Дәлдік көрсеткіш түсіндірілгенде сенімді интервал болып табылатын жоғарғы және төменгі мәндері арқылы сипатталатын көрсеткіштерді айтамыз.Егерде жоғарғы және төменгі мәндерден ауытқу болған жағдайда қателігіміздің болу ықтималдығы жоғары яғни
[ Umжәне т.б. статикалық есептер арқылы 0,95% нәтиже беру ықтималдығын статикалық есептермен шығаруға. Сынау нәтижесінің сенімділігі – бақылау сынағының қасиеті, яғни сынау кезіндегі нағыз мәнін алу мүмкіншілігі болып табылады.
Оның көрсеткішіне:
өтірік сәйкес келу ықтималдығы – мұнда шындығында сәйкес келмейтін
таңдап алынған шарттарға сәйкес келетін сынау объектісі.;
өтірік сәйкес келмеу ықтималдығы;
шындығында сәйкес келетін, ал таңдап алынған шарттарға сәйкес
келмейтін сынау объектісі осы екі объектінің көрсеткіштерін анықтап талаптарын анықтағанда сынау нәтижесінің сенімділігі анықталады.
Сыртқы факторлардың әсерінен өнімді сынау. Сыртқы факторлардың әсерінен жіктеу. Сыртқы факторлар әсері дегеніміз – бұйымның сыртқы пішініне немесе жағдайында құрамдық бөлшегіне әсер ету болып табылады. Ол бұйымды пайдалану кезінде бұйымның жұмыс істеу мүмкіншілігін жоғалтады немесе кемітеді.
СТСӘВ 2603-80 келтірілген СФӘ жіктеуге сүйеніп сынауды жүргізуге болады. СФӘ бұйымның сипатына әсер етуіне байланысты келесі кластарға бөлінеді:
1. механикалық
2. климаттық және табиғи
3. биологиялық
4. радиациалық
5. электро магниттік толқын
6. арнайы орта
7. термиялық
Бірінші класс – механикалық СФӘ -оның өзі алты топқа бөлінеді.
1-ші топқа – тербермелі қозғалыс, яғни уақытқа байланысты әртүрлі дәрежеде қайталауды сипаттайды. Тербелмелі пайда болу жағдайына байланысты қайталану және жылдамдығының ауысу жағдайына қарай бөлінеді.
Тербелмелі қозғалыс тік бұрышты және синусоидалды болып бөлінеді. Тербермелі қозғалыс көбіне теңіздегі кемелерде машинаның кейбір бөлшектерінде механикалық қасиеттеріне әсер етеді. Тербермелі қозғалыс көп жағдайда вибрация, яғни тербеліс болып табылады. Тербеліс машина жұмысы кезінде көлік құралдардың қозғалысында пайда болатын құбылыс. Сонымен бірге механикалық тербеліске дауыстың диапазонда қатты, сұйық және газды ортадағы анкустикалық шу жатады.
Екінші топқа – соққы – екі дененің әсерінен пайда болатын құбылыс, сонымен бірге қатты дененің сұйықпен немесе газбен соқтығысынан пайда болады. Механикалық соққы – қатты денелердің бір-біріне соқтығу әсерінен пайда болып қысқа уақыттық механикалық әсер. Қатты дененің ағынды сұйықпен соқтығысы - гидравликалық соққы болып табылады, бұл қозғалып келе жатқан сұйықтың тез арада қысымның өсуі немесе азайуы,ол ағынның жылдамдығының тез арада өсуімен азаюынан болады. Аэродинамикалық соққы – толқынның механикалық әсері болып табылады. Ұшу аппаратының атмосферадағы қозғалыстың жоғары дыбыстық жылдамдығынан асқан моментінде пайда болады. Сейсмикалық соққы- табиғи себептерден пайда болатын соққы. Жер сілкінісі немесе жасанды жарылыс кезінде пайда болатын соққы. Баллистикалық соққы – баллистикалық траекторияда ортаның жылдамдығы, қысымы және тығыздығы тез жоғарылаған жағдайда дене қозғалысынан пайда болатын соққы толқынның механикалық әсері. Жарылыстық толқын – жарылыс кезінде ортаны қозғалысқа келтіретін және қысқа қозғалыс жасайтын толқын.
Үшінші топқа – тұрақты үдеу жатады.
Тұрақты үдеу дегеніміз – нүктенің v жылдамдықты t уақытты сипаттайтын АВ векторлық шама. Ньютонның екінші заңы бойынша сызықтық үдеу нәтижелік күштің материалдық нүктеге пропорционалды әсер етеді және осы бағыттағы күшке сәйкес келеді. Осы нүктеден екі бағытта жүретін үдеу бұрыштық үдеу деп аталады, ал траекториялық нүкте арқылы ортаға ұшталатын үдеуді – ортаға ұшталу үдеуі деп атайды.
Салмақсыздық – белгілі бір жүйеде өзара қысым түсірмейтін және деформация тудырмайтын сыртқы өрістің әсері болатын механикалық жүйені айтамыз.
Мысалы: серіппеде ілініп тұрған дене ілініп бекітілген жерге ешқандай қысым тудырмайды немесе деформацияға ұшаратпайды.
Төртінші топқа – механикалық қысым жатады.
Қандайда бір дене бетіне перпендикуляр күш түсу арқылы әсер етуін сипаттайтын шама болып табылады. Статистикалық қысым – бұл әсер етуі байқалмайтын қолдану орнында аз ғана өзгеріс беретін шама.
Бесінші топқа – күш. Бұл денеге әсер ететін векторлық шаманы сипаттайтын шама. Өлшем бірлігі – H ( Ньютон). Күш моменті – дененің айналу қозғалысының өзгерісін анықтайтын немесе сыртқы әсердің денеге әсерін сипаттайтын – механикалық шама. Күш моменттерініңөлшем бірлігі (Н·м). Созатын (сығылатын) күш – дененің вектордың бағытына қарай әсерін сипаттайтын күш шамасы яғни созу – денеден сығатын денеге. Майысатын күші – әртүрлі жазықтықта жатқан сыртқы нүктелердің әсерінен пайда болады. Айналу моменті – күштің ұзындыққа әсерін сипаттайтын айналу деформациясын тудыратын күштің әсері. Механикалық кесу – күштің әсерінен материалдың бір бөлігінің екінші өлігінен бұзылуы жатады. Күш импульсі – векторлық шама. Қандайда аз ғана уақыт аралығында яғни t уақыттан t +Δt уақыт аралығында күштің денедегі қандайда бір шамасын сипаттайтын қозғалыс болып табылады.
Ең соңғы топ – сұйықтық ағыны. Оның тек бір түрі сұйық ағынының бағыты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |