Б
атыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Тері анатомиясы мен физиологиясы. Тері ауруларының
мәселелері этиологиясы мен патогенезі. Тері ауруларының
терапиясының қағидалары.
Орындаған: Дүйсекен.А.Е
Тексерген: Мендигалиева.Б.С
Топ: ЛД-31
2023-2024- оқу жылы
Тері анатомиясы мен физиологиясы. Тері ауруларының мәселелері этиологиясы мен
патогенезі. Тері ауруларының терапиясының қағидалары.
Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді
сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері
микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері
ағзадағы зат алмасу үдерісіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Сыртқы
ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен, адамның дене температурасы үнемі
тұрақты болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз
ететін физиологиялық үдерістерді жылу реттелу дейді.
Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар (хлорлы), сүт қышқылы, азоттық алмасу өнімдері сыртқа
шығарылады. Тері қанайналым үдерісінде қан сақталу қоймасының да қызметін атқарады. Ересек
адам терісінің қылтамырларында 1 литрдей қан болады. Теріде көптеген жүйке талшықтары,
сезгіш жасушалар шоғырланған. Сондықтан тері сезім мүшесінің қызметін де атқарады. Адам
тері арқылы бір заттың жанасқандығын, температураны, ауырғанды сезеді.
Терінің витаминдер алмасуына да қатысы бар. Теріде болатын ерекше заттардан күннің
ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі. Теріде аздаған мөлшерде газ алмасу
үдерісі жүреді, яғни оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Адам терісіндегі тер, май және
сүт бездері арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді. Теріде ағзадағы артық май қор ретінде жиналады.
Адам терісі негізінен үш қабаттан тұрады. Терінің сыртқы қабаты - эпидермис (лат. ері -
Достарыңызбен бөлісу: |