Реферат тақырыбы: Тұтас құймалы темірбетоннан орындалған ғимараттар Темірбетон конструкциялары



бет1/6
Дата17.10.2023
өлшемі35.54 Kb.
#480894
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
СТР-21-3 Хамит Е.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖЕНЕРЛІ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТ
СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІ КАФЕДРАСЫ
Азаматтық және өндірістік ғимараттар сәулеті
пәнінен
РЕФЕРАТ

Тақырыбы:


Тұтас құймалы темірбетоннан орындалған ғимараттар
Темірбетон конструкциялары
Орындаған СТР-21-3 оқу тобының студенті Хамит Е.

Қабылдаған т.ғ.к., аға оқытушы Будикова А.М.

Қызылорда 2023
Жоспар
Кіріспе
1-бөлім.Темірбетон конструкциялары
1.1.Темірбетон жабындар
1.2.Темірбетонның артықшылықтары мен кемшіліктері
2-бөлім.Тұтасқұймалы темірбетонды ғимараттар
2.1.Тұтас құймалы темірбетоннан орындалған ғимараттартуралы жалпы түсінік.
2.2.Тұтас құймалы құрылымды ғимарат тұрғызудың жалпы талаптары мен ережелері.
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Тұтас құймалы бетон мен темірбетоннан жасалған үймереттер мен ғимараттардың құрылысы механикаландыру, автоматтандырудың нәтижелі құралдарын және зауыттық дайындау компоненттерін пайдаланумен жоғары индустриалды кешенді механикаландырылған процесс болады [5].


Тұтас құймалы темірбетон конструкциялары – алдын-ала дайындалған қалыпқа арматура мен бетон қоспасын салу арқылы тікелей тұрғызылатын объектіде жасалады. Бұл жағдайда құрылыс алаңына қалып, арматура және бетон қоспасы жеткізіледі [5].
Темірбетон қатайған бетон мен болат сырық ұстаса бірігіп, қатар жұмыс істейтін конструкция. Бетон сығуға жақсы төзгенмен, созуға шыдамсыз, ал бетон сырық созуға шыдамды [6].
Екі тіреуіштің үстінде жатқан арқалықтың үстінен салмақ түсіргенде оның үстінгі бөлігі сығылады да, астыңғы жағы созылады. Бетоннан жасалған арқалықтың беріктігі көп емес, бетон созуға көп шыдамайтындықтан, ол көп күш түспей-ақ бүлінеді. Ал төменгі қабатына болат шыбық салынса, арқалық едәуір күшке төтеп береді. Бетон мен болат шыбықтың бірігіп жұмыс істеуі олардың арасындағы ұстасу күшіне байланысты. Болат сырық бетон ішінде жақсы қорғалады. Дайындау тәсіліне қарай темірбетон тұтас құймалы және құрастырмалы болып бөлінеді. Тұтас құймалы темірбетонды конструкциялары тікелей құрылыс алаңдарында жасалады. Бұл конструкцияларды бөлшектерін бөлшектегенде стандартты емес және элементтердің аз қайталануы жағдайында, аса үлкен салмақ түсетін конструкцияларды жасағанда (көп қабатты өнеркәсіп ғимараттарының іргетастары мен жабындарын жасағанда, гидротехникалық, көліктік және басқа құрылыстарды салғанда) қолданады [6].
Сейсмикалық аймақтарда, энергетикалық және су шаруашылық құрылысында, биік үймереттер мен ғимаратттар тұрғызғанда құрастырмалы темірбетонмен салыстырғанда тұтас құймалы бетон мен темірбетон қолдану ұтымдырақ [4].
Тұтас құймалы бетон және темірбетон жұмыстарын өндіру кешенді процесі шапшаң-тасқынды әдәсі бойынша жұмыстардың барлық процестерін өзара үйлестіріп орындаудан тұрады және өзіне келесі процестерді енгізеді: қалыпты тасымалдау және орналастыру; бетон қоспасын тасымалдау, төсеу және тығыздау; тұрғызу процестерінде және қату процесінде бетон қоспасының сапасын бақылау [4].
1-бөлім.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет