Рефераты Қазақстан Республикасы Қызылорда, 2013 жыл



Дата09.06.2016
өлшемі211.5 Kb.
#126142
түріРеферат


ӘОЖ 574 (282.255.2) : 379.8.091

Қолжазба құқығында

Дастанова Жарқын Қасымқызы

Сырдарияның төменгі ағысындағы табиғи ландшафттардың қазіргі экологиялық күйін талдау

6М060800 – Экология мамандығы бойынша

жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның



рефераты

Қазақстан Республикасы

Қызылорда, 2013 жыл

Жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институтының «Химия және экология» кафедрасында орындалған.




Ғылыми жетекшісі: география ғылымдарының

кандидаты, аға оқытушы

О.Т. Айдаров


Ресми оппонент: Әл-Фараби атындағы Қазақ

Ұлттық Университеті,

«Энергоэкология» кафедрасы техника ғылымдарының докторы, 

доцент  М. М.  Абдибаттаева

Қорғау 2013 жылы «____» маусымда сағат ___-00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Жаратылыстану және аграрлық технологиялар» институтының 9-оқу ғимаратында 303 аудиторияда өтеді.

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Амангелді к-сі, 66

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады (120014, Қызылорда, К.Байсеитова көшесі №100).

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Соңғы 30 жылда Арал теңізінің тартылуы мен Сырдария суының азаюы бұл өңірдегі табиғи ландшафтың өзгеруіне әкеліп соқтырды. Сонымен қатар 2009 жылдан қолға алынған «Батыс Европа – Батыс Қытай» автомагистралы жобасының қолға алынуы, бұл автобамның 800 шақырымға жуығы Облыс байтағы арқылы өтетін болғандықтан, Сырдың төменгі ағысының табиғи ландшафтысына тигізер кері әсері де жоқ емес. Сондықтан Сырдарияның төменгі ағысындағы құрып кету қаупі бар экожүйенің, ландшафттың алуан түрлілігін сақтап қалу, сонымен қатар Сырдария суының тартылуы мен аймақтың құрғақтануынан ландшафтың басқа да табиғи ерекше құрамбөлшектерін қорғау қажеттілігінен туындап отыр.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Бұл жұмыстың басты мақсаты Сырдарияның төменгі ағысындағы қорғауды қажет ететін табиғи ландшафтарына антропогендік факторлардың әсерін жан-жақты талдап, олардың таралу аумағын анықтап, қалпына келтіру шараларын ұсыну.

Зерттеу нысандары: Зерттеуіміздің басты нысаны Сырдарияның төменгі ағысындағы шөл және шөлейт зоналарының бұрыннан бар табиғи және антропогендік ландшафтары. Сырдарияның төменгі ағысындағы шөл және шөлейт зоналарының ландшафттарының алуан түрлілік дәрежесі зерттелді және талдау жасалынды. Сонымен қатар Батыс Европа – Батыс Қытай автобамының жүргізіп жатырған жол бойындағы табиғи ландшафтардың адам әрекеті нәтижесінен өзгеріске ұшырауы зерттелді.

Зерттеу әдістері: Жұмысты жазу барысында Қызылорда облыстық экология және биоресурстар қоры комитеті, облыстық орман, аң және балық шаруашылығы, аудандық орман, аң және балық шаруашылығының бөлімшелерінің мәліметтері, "Казгипроземнің" облыстағы филиалының, облыстық ауылшаруашылық басқармасы, облыстық қоршаған ортаны қорғау, облыстық мұрағат мәліметтері пайдаланылды.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі:

Ғылыми жұмысты орындау барысында зерттеуге тарихи-географиялық, мұрағаттық және статистикалық мәліметтер пайдаланылып.

Зерттеу жұмысының теориялық мәтіні көптеген табиғат зерттеушілерінің еңбектерінің негізіне сүйеніп жазылды. Сонымен қатар Қазақстандық ландшафттанушы ғалымдардың (Гельдиева, Чередниченко, Скоренцова, А.В. Чигаркин, С.Ө.Қошқаров т.б.) ландшафт зерттеу әдістері пайдаланылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығының түйіні төмендегідей:

1. Әртүрлі қоғамдық-экономикалық қатынастар жағдайында табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың мәні ретінде Сырдың төменгі ағысындағы табиғи ландшафтарды қорғаудың экологиялық-географиялық ұстанымдар алғаш жасалынады.

2. Сырдың төменгі ағысындағы табиғи ландшафтардың қазіргі даму тарихына тұңғыш талдау жасалынады.


  1. Қызылорда облысында қалыптасқан антропогендік ландшафт түрлері

анықталып, оларды қалпына келтіру шаралары қарастырылды;

Диссертациялық жұмыстың қолданбалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін қоршаған орта табиғат русурстарын тиімді, оның жеке құрам бөліктерін үнемді де ұқыпты пайдаланудағы геоэкологиялық мәселелерін шешуде және жоғары оқу орындарында Жаратылыстану факультеттерінің "экология" және "география" мамандықтары бойынша арнаулы курстар мен "Қазақстанның ландшафт географиясы" және «Ландшафттану негіздері» пәндерін оқытуда пайдалануға болады.

Жұмыс нәтижелерінің сыннан өтуі және мақұлдануы. Жұмыстың негізгі мазмұны Қызылорда қаласында өткен «Жас ғалымдар» Альянсы Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда, Абай атындағы Қазақтың Ұлттық Педагогикалық университетінде өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндалып, жарияланды.

Қызылорда облысының геоэкологиялық күйін анықтаушы табиғи факторлар атты бірінші бөлімде өңірдің геологиялық құрылымы, климаты, су қорлары айтылады.



Аймақтың геологиялық құрылымы және жер бедері. Зерттелетін аймақ эпигерциндік Тұран плитасы шегінде қалыптасқан. Бұл өзі ерекше жазық аймақ. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуында неотектоникалық және аридтік денудациялық процестер маңызды орын алып отыр.

Солтүстік Қызылқұм синеклизасы Қаратау-Есіл ойпаңының девон-корбон әк тастары бетінде орналасқан. Ойыстың ортаңғы бөлігі төменгі бордың континенттік кесекті жыныстарынан құралған. Арал маңы Қарақұмның оңтүстік жиегі бор шөгінділерінен тұрады. Сырдарияның сол жағалауындағы Қазалы массивінің тұсы палеогендік жыныстар. Ал қалған аумақ түгелімен дерлік антропоген шөгінділері. Төменгі протерозойда Сырдарияның оң жағалауын тайыз теңіз басып жатты, ал сол жағалауы құрғақ жазық болды. Венд шөгінділері каледон антиклинорийлерінің осьтік бөліктерінде дамыған. Жыныстардың құрамы әр түрлі.



Өңірдің климаттық жағдайы. Арал теңізі мен Сырдария аймағының климаты Евразиялық құрылықтың ішкі оңтүстік жағдайында атмосфералық ауа айналымы ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасқан. Климаты континенттік, жазы ыстық құрғақ, әрі ұзақ, қысы қарсыз қысқа, бірақ ызғарлы суық. Ауа температурасының өзгеріс белгілері тәулік, ай, жыл ішінде білініп тұрады. Облыс аумағы ылғалдану көрсеткіштеріне байланысты бірнеше агроклиматтық аудандарға бөлінеді. Ауданның климаты тым континентті, қысы аз қарлы, жұмсақ, жазы аңызақты, ыстық, ең жоғарғы температура +40-+42 оС жететін кезеңдер де болады (1998-1999 ж.). Шығыс Арал өңірінің климаты Н.П. Герасимовтың (1933 ж.), В.М. Боровский, А.И. Волковтың (1967 ж.), З.Г. Канович пен И.А. Одинцова, М.А. Белокопытовалардың еңбектерінде толық көрсетілген.

Гидрографиялық желісі және су ресурстары. Шығыс Аралдың Қазақстандық бөлігінің су ресурстарын жер беті және жер асты су қорлары құрайды. Жер беті сулары облыста азды-көпті баршылық. Оларға Қаратаудың етегінен ағып шығатын бұлақ сулары, шағын өзендер, ойпаң жерлерге жиналатын қар суы мен жаңбыр сулары жатады. Облыстың ең басты су көзі Сырдария өзені. Өзеннің су жинау алабы 462000 км2 жерді алып жатыр . Өзінің төменгі ағысында Сырдария ауданы 218,4 мың км2 болатын Қазақстан Республикасының Қызылорда облысының аумағы арқылы өтеді.

Сырдария өзенінің ескі арналары Жаңадария, Қуаңдария сол сияқты Телікөл, Қараөзек т.б жүзге жуық ирригациялық-суландыру жүйелері облыс аумағының гидрографиялық желісін құрайды. Оған қоса облыс байтағында жалпы ауданы 1164 шаршы км2 болатын барлық саны 2582 көл болғанды.



Өсімдік жамылғысы. Облыс аумағының өсімдік жамылғысы солтүстік шөл тұрпатына жатқызылады, мұнда эфемерлер өсетін сортаңды-жусанды қауымдастық басым келеді. Солтүстік Арал және Сырдарияның оң жағалауының кей жерлері солтүстік шөл зонасына, ал қалған барлық жерлердің өсімдік дүниесі оңтүстік шөл зонасына жатады.

Шығыс Арал өңірінің өсімдік жамылғысын төрт топқа бөліп қарастыруға болады: сазды жазықтардың өсімдігі, тастақты жердің өсімдігі, тау алды жазықтарының өсімдігі және Сырдарияның атыраулық өсімдіктері.

Қазіргі уақытта жалпы орманның 1751 мың гектарын сексеуілдік (87%), 260 мың гектарын (12,94%) суармалы аймақтағы тоғайлары құрайды. Тоғайлы ормандар Сырдарияның атыруында ылғалды жерлер мен өзен жағалауын бойлап өсетін ағаш-бұталардан тұрады. Бұлар су мен топырақты қорғайтын орманға жатады. Облыс аумағындағы орман ресурсы қорғаныш орман (99,40%), су қорғайтын (0,53%), санитарлық-гигиеналық (0,06%) және ерекше қорғалатын орман (0,01%) деп 4 категорияға бөлінеді (1 - сурет).


1 - Сурет - Қызылорда облысының орман ресурсы (%)
Облыстағы мемлекеттік орман қорындағы ормансыз жерлер санатына байланысты беске бөлінеді (2 - сурет).



2 - Сурет - Мемлекеттік орман қорындағы ормансыз жерлердің санатына

байланысты бөлінуі (%)
Облыс аумағында кейбір әдебиеттерде өсімдіктің 756 жуығы кездеседі десе, ал кейбір әдебиеттерде 819 деп келтіреді. Оның 50 ден астамы дәрілік қасиеті бар, 12 түрі Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген (1981 ж.), және 9 түрі қорғауға алынған. Әсіресе сирек және құрып кету қаупі бар Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер ерекше қорғауды қажет етеді.

Екінші бөлім Қазіргі геокешендердің эволюциялық дамуына әсер ететін табиғи- антропогендік факторлар.

Географиялық ғылымдар жүйесінде қоғамның табиғи ортаға әсері мен олардың арасындағы қарым - қатынасты зерттеу В.Б.Докучаев пен Л.И.Воейковтың классикалық еңбектерінде, ал шет елдік география саласында Джорж Марштың ғылыми зерттеулерінде көрсетілген. Бірақ антропоген түсінігі осы ғылыми еңбектерден біршама кейін пайда болады. Бұл ілімді өткен ғасырдың 30–жылдарда Ленинградтық профессорлар А.Д. Гожев пен Б.Н. Городков ұсынды. Антропогендік ландшафтар деп ландшафттың бүкіл аумағында болмаса да басым ауданында адамның шаруашылығы әсерінен бір немесе бірнеше компоненттерінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы.



Геокешендердің табиғи даму тенденциясы. Табиғи кешендердің тарихи даму ерекшелігінне шолу жасау олардың болашақтағы өзгерісіне баға беру үшін қажет. Л.С. Бергтің «Табиғи ландшафтарды танып – білу үшін оның қашан қалай пайда болғанын, уақыт өте келе неге айналатынын анықтау керек» - деген тұжырымы осы ойдың бірден-бір дәлелі болып табылады. Алуан түрлі табиғи факторлар мен процестер комплекстердің дамуына бірдей әсер етсе де әрқайсысының қарқыны мен бағыты әрқалай. А.А.Григорьев, М.И.Будыко сияқты ғалымдар, әсіресе климатқа негізгі фактор ретінде көп көңіл бөлген. Климаттағы жылу мен ылғалдың қарым-қатынасы, ылғалдану коэффициенті сияқты көрсеткіштерінің рөлі ерекше. Сонымен қатар, климаттың көп жылдық көрсеткіштерінің ауытқуы, кеңістік пен уақыт арасында өзгеруіне көп көңіл бөлу қажет. Жалпы ылғалдану теориясы бойынша солтүстік жарты шарға әр түрлі ұзақтықтағы ритмикалық ауытқулар тән. Ең ұзақ ритмнің мезгілі - 2000 жыл. Дегенмен, қазіргі климаттың өзгеруі ылғалданудың бірде артып, бірде төмендеп ауысып отыруына сәйкес. Шнитников бойынша, мұндай кезендердің ұзақтығы - 45 жыл. Ылғалданудың соңғы өсу фазасы Қазақстан территориясында өткен ғасырдың 40- жылы болған.

Антропогендік факторлардың әсер ету кезеңдері. Табиғи ортаға антропогендік факторлардың тигізер әсері үнемі даму үстінде және саяси-қоғамдық формация типіне байланысты өзгермелі болады. Сондықтан, табиғи ландшафтардың антропогендік фактордың әсерінен өзгеруі: қоғамның алғашқы даму сатысында компоненттердің аздаған өзгерісінен казіргі кездегі ғаламшарлық (глобальды) масштабтағы техногендік ауытқуға дейін артып отырады. Жекелеген компоненттердің өздігінен қайтып орына келу қасиетіне байланысты бір өзгерістер қайтымды болса, кейбірі қайтымсыз, яғни табиғи ландшафт құрылымының мүлдем жоғалып кетуіне әкеліп соқты. ХІХғ басында Қазақстанның жазық жерлерінде жаңадан ірі қалалар мен қала типтес ауылдар пайда бола бастады. Мал шаруашылығымен қатар қалалардың маңында егін шаруашылығы да қалпына келді. Халық санының артуына байланысты антропогендік әсердің түрлері де өзгеріп отырды

Антропогендік әсер ету деңгейіне байланысты ландшафтарды А.В.Чигаркин 1974 жылы төмендегідей топтарға бөлді:

1. Табиғи күйіне жақын ландшафтар: Арал және Каспий теңіздерінің суының қайтуынан жаңадан пайда болған теңіз жағалауында қалыптасқан сорлар және сортандар;

2. Өсімдік жамылғысында ғана өзгерістер байқалатын кешендер: бүгінгі таңда техногендік әсер байқалмайтын, тек мал шаруашығы жақсы дамыған аймақтарда кездеседі;

3. Өсімдігі мен топырақ жамылғысында өзгеріс байқалатын ландшафтар: оған темір жолдар мен автомобиль жолдары, мұнай мен газ құбырлары жақсы дамыған аймақтар жатады;

4. Рельефі өсімдігі мен топырақ жамылғысында қатты өзгерістер байқалатын ландшафтар: Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан аймақтардағы өнеркәсіп орталықтары мен малды шамадан тыс жаю салдарынан пайда болған, қатты өзгерістерге ұшырған ландшафтар;

5. Белгілі бір мақсатқа байланысты жақсарту бағытында өзгерілген ландшафтар: олар шөл зонасы, өзен аңғарларындағы егіндіктік игерілген массивтер. Биогендік және гидроклиматогендік компоненттердің түпкілікті өзгеруі;

6. Көптеген табиғи компоненттері өзгерген табиғи ландшафтардың орнында пайда болған жасанды мәдени ландшафтар: оған ірі қалалар мен елді мекендердегі антропогендік ландшафтар жатады.



Антропогендік ландшафтардың пайда болу ерекшеліктері. Адам баласы табиғи ортада өмір сүріп, ондағы ресурстарды пайдаланатын болғандығы барлығымызға мәлім. Сондықтан табиғи ландшафтарды халық жекелеген салаларында пайдалану қажеттілігі мен ерекшеліктеріне байланысты туындаған өзгерістері де әрқалай. Мысалы, биологиялық өнімділікті арттыру үшін егін шаруашылығындағы агротехникалық шаралар: қышқыл топырақ қабатын ізбестеу, тереңде жырту, суару мен батпақтан құрғату үшін жүргізілетін мелиоративтік жұмыстар, ауыспалы егістік, әр түрлі тыңайтқыштарды пайдалану, тау беткейлерін террассалау, су өткізгіштігі нашар сазды топыраққа құм себу сияқты шаралардан кейінгі өзгерістер.

Диссертация жұмысын жазу барысындағы экспедицияның жүріп өткен жолының жалпы ұзақтығы 512 шм-ға жуық (болу керек 812-900 шм-дай).



Табиғи ландшафттардың өзгеру сипаты. Арал өңірінің табиғатын құрайтын құрамдарының (топырақ, су, ауа, биокешендер) арасындағы қарым – қатынастың тұрақтылығы мен тұтастығы, олардың арасында зат пен энергия алмасуының іркіліксіз жүруі Арал теңізінің деңгейі мен Сырдария өзенінің ағысының динамикасына тікелей байланысты. Өзеннің тасу және қайту жылдарының бірімен бірі белгілі ырғақпен ауысып отыруы, яғни, бірде мол судың арнадан асып кең жайылуы, енді бірде қуаңшылық болуы бұл өлкеде ылғалды (гидроморф) ландшафттардың қалыптасуына үлкен ықпалын тигізеді. Сырдарияның төменгі ағысындағы атыраулық жазықта ландшафт жасаушы негізгі фактор –Сырдария өзені. Мұндағы ландшафттар өзен суының әсерімен геоморфологиялық келбеті өте күрделі қалыптасқан және саны да аз емес.
Қызылорда облысында қалыптасқан антропогендік ландшафт түрлері

Жалпы, адам табиғи факторды өзгертуші негізгі күш болып табылады. Олардың табиғатқа ықпалы жан-жақты. Соған байланысты адамның табиғатқа ықпалы топтастырылды. Соларға жеке-жеке тоқталайық (3-суретке сәйкес).




3 – Сурет - Антропогендік ландшафт түрлері

Осы топтастырудың негізінде Қызылорда облысының топографиялық, пайдалы қазбалар картасы, экономикалық, ауыл шаруашылығына жарамды жерлер, көлік жүйесі және қорықтар мен ұлттық саябақтар картасы пайдаланып, Қызылорда облысының антропогендік-ландшафттық картасы құрастырылды(2-сурет).



Өндірісті аймақтардың техногендік ландшафтары.

Академик А.Е. Ферсман 30-жылдары техногенез адамның техникалық іс-әрекеті, инженерлік, химиялық ауылшаруашылықтық, тау-кен техникалық, процестер нәтижесінде қалыптасқан геохимиялық минералдық процестердің жиынтығы деп қарастырған. Кейіннен Р.К.Баландин техногенез терминінің толық анықтамасын беріп, оны адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераның, жер қыртысының қайта құрылу процесі деп атаған. Ландшафтарға әсер етуші техногендік процестерді ғылыми тұрғыдан зерттеу геотехникалық жүйелер концепциясы пайда болғаннан кейін қарқынды дамыды.





Ландшафтарға техногенез факторларының тигізер әсерін аңықтау геотехникалық жүйелер концепциясы пайда болған соң қарқынды дами бастады.

Қазақстандағы минералды шикізаттың жаңа бір өндірістік игерудегі болашағы мол түрі: молибден-ванадий кені. Ең ірі кен орындары Баласауысқанды, Қорымсақ, Жабағлы. Мұнда молибден-ванадиймен қатар сирек кездесетін элементтері селен, скандий, гелий, күміс, ниобий, германий, рубидий және т. Б. көптеп кездеседі. Ванадий рудасының жалпы қоры 1 млрд. т. жоғары.

Пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі ландшафтардың өзгеруі. Оларды карьерлі-үйінді ландшафт типі деп атайды. Қазіргі техника арқылы карьерлердің тереңдігі 800 метрге дейін, ені – 5 километрге жетеді, ал жер астын қазған кезде шығатын тау жыныстарын бір жерге үйіп тастау мыңдаған гектар жерді алып жатады. Осыған байланысты ландшафтардың фундаменті түбегейлі өзгереді деп айтуға болады. Ландшафтың бұл түрінің ауданы мыңдаған км жерді қамтиды. Карьерлі-үйінді кешендер – адамның ландшафтық сфераға әсер етуінің ізі. Мұндай кешендерде табиғи комплекстер: өсімдік пен топырақ жамылғысы, су режимі мен геологиялық құрылыс толығымен трансформациядан өткен ойысты рельеф түрі болғандықтан, карьерлерде ерекше микроклимат пайда болады.

Карьерлі-үйінді ландшафт кешені бірнеше түрге жіктеледі:

1. Ашылған (өсімдіксіз ашық жер) карьерлі-үйінді жер. Бұл жаңадан пайда болған, өсімдіксіз үйінділер және биологиялық игеруге токсикантты аз пайдаланатын немесе тіпті пайдаланбайтын жерлер. Бұл рельеф үйінділерінің әр түрлі уақытына байланысты, төбешікті және толқынды жер бетімен ерекшеленеді. Мысалы Құмкөл мұнай өндірісі, Шалқия кен орындарының маңындағы аймақтарда кездеседі. Көлемдері 10 метрден асады (4-сурет).




4 – Сурет - Ашылған карьер
2. Терриконниктер – жер астындағы пайдалы қазбаларды өңдеу кезінде пайда болатын биік, дөңесті үйінділер. Терриконниктер кейде бір ландшафтың бүкіл ауданын алып жатады. Мысалы, Украинадағы Донбасста террикондар саны 800-ден астам, биіктігі-30-35 метр, кейде 90 метрге дейін жетеді. Облыс аумағында Шиелі ауданында орналасқан уран өндірі аймағында, Қаратаудың батыс сілемдерінде кездеседі (5-сурет).



5 – Сурет - Терриконниктер
3. Карьерлі-үйінділі тақыршалар. Көптеген үйінділер, көбінесе, ұзақ уақыттан соң рельефі өзгеріп, толқынды пішінге ие болады. Алғашында даланың арам шөптері, кейіннен шалғынды-далалы және орманды түрлер пайда бола бастайды Шалқия маңында кездеседі. .

4. Тасты бедленд – бұл тас өндіретін жерлерде пайда болатын рельеф типі. Рельефінің өте күрделілігімен ерекшеленеді – жазықты жерлерде – карьерлердің түпкі бөлігі, ойыстар мен төбешіктер, бұзылған үйінділер, ішінара көлшіктер мен дамуы нашар шөптесінді өсімдіктер. Жергілікті жердің үйінді түрлерінен айырмашылығы – түбі жазықты болғанымен тасты, беткейлері тік жарлы. Бұндай жерлерде ұзақ уақыт бойы өсімдік өспейді, әк тасты шөл немесе эрозиялы жазық сақталады.



Агроландшафтар, олардың жіктелуі

Агроландшафт - термині қазір географиялық және ауылшаруашылықтық ғылыми әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Күнделікті ғылыми термин ретінде «агроландшафтық» ұғымының қолданылуы агрономдық және экологиялық-географиялық ортада егістік ландшафтарының принциптері мен әдістерін жете зерттеумен байланысты. Осылайша табиғи кешендер шеңберінде ауылшаруашылықтық және табиғи жүйелердің себеп-салдары тығыз байланыстылығынан құрылымы мен функционалдық қасиеті ерекше табиғи-антропогендік комплекстер – агроландшафтар қалыптасады. Агроландшафт - егістікті комплекстерде әртүрлі агротехникалық және мелиоративтік шараларды пайдаланғанда қалыптасатын табиғи антропогендік құрылымдар.

Облыс бойынша барлық егіс көлемі 241,2 мың гектарды алатын болса, оның ішінде бидай, дәндік жүгері, күріш егістігінің көлемі кеміп, керісінше картоп, көкеніс, бақша дақылдарының егіс көлемі көбейген. Бұл ретте ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алқабы ішінде дәнді дақылдардың үлесі 56% болып отыр. Облыста егілген барлық дақылдардың ішінде күріштің еншісінде 47,7% болса, ал дәнді дақылдар құрылымында күріштің үлесі 84,6% болып отыр. Қазіргі таңда егістік алқаптағы табиғи ландшафтар түбегейлі өзгеріске ұшыраған. Соңында егістік алқап жер бедерінің адырлы рельефіне ауысып өзгерген өзге табиғи ландшафтар қалыптасады.

Агроландшафтардың жіктелуі (6- сурет) :

Табиғи ландшафтармен салыстырғанда агроландшафтардың құрылымы динамикалық тұрақсыз және тез өзгермелі. Осыдан 50-60 жыл бұрын Қазақстанның солтүстік аймағында тың және тыңайған жерлерді игеру дала зонасына тән комплекстердің жасанды егістікпен алмасуы осының айғағы.





6 – Сурет - Агроландшафт түрлері
Агроландшафтарды көптеген көрсеткіштер бойынша жіктеуге болады: шаруашылықтағы құндылығы бойынша; пайда болу мақсатына қарай; шығу тегі бойынша; өмір сүру ұзақтығы мен қайтып орнына келу деңгейіне қарай.

Суарылмайтын агроландшафтар - ауыл шаруашылықтық мақсатта пайдаланылатын жерлер суарылмайтын және суаруды қажет ететін территориялар деп бөлінеді. Сондықтан антропогендік ландшафтар модификациясы ірі аймақты қамтиды, бірақ соңғы ғасырда оның ауданы екі есе өсіп отыр.



Суармалы егістіктің агроландшафтары. Мелиративтік шара ретінде суармалы егістік ылғалды және құрғақ климаттық аймақтарда кеңінен қолданылады. Ылғалды климатта суды көп қажет ететін дақылды еккенде немесе ылғалдың түсуі біркелкі болмаған жағдайда суару жұмыстары жүргізіледі. Аридті территориялармен салыстырғанда ылғалды климатты суару әсерінен ландшафтардың түпкілікті өзгеруі әлсіз.

Жайылымдық антропогендік ландшафтар. Кез-келген территорияда ауылшаруашылық саласы бойынша жайылымдық жерлердің үлес салмағы аз болғанымен, табиғи комплекстермен салыстырғанда антропогендік әсері тұрақсыз.Ылғалы мол жылдармен жайылымды алқаптарды дұрыс пайдаланғанда ғана нәтижелі көрсеткіштере қол жеткізугек болады.

Қоныстық ландшафтар. Қоныстық ландшафтар өздерінің өзгеруі бойынша екіге бөлінеді: қалалық және ауылдық. Кішірек қалалар мен ірі ауылдың антропогендік ландшафтардан айырмашылығы өте аз. Бірақ, жалпы қала ландшафтарының ауыл ландшафтарына қарағанда табиғи жағдайының өзгеруі тереңірек болып келеді. Тұрғылықты халық қоныстанған аймақтарда қоныстық ландшафт типтері қалыптасады.

Көліктік ландшафтар. Дүние жүзілік көлік жүйесі соңғы уақытта қарқындап дамыды. Дүние жүзінде магистарльды автомобиль тас жолының ұзындығы 23,0 млн км, темір жолынікі -1,5 млн км, құбыр транспортынікі -1,4 млн км, ал ішкі су жолының ұзындығы -650 мың км.

Республикамыздың автомобиль жолдарының ұзындығы 96,1 мың км, оның 76,5 мың км-і қатқыл табанды жол. Негізінен барлық көлік түрлерінің ішінде әсіресе, ауа бассйнін ластайтын – автомобиль көлігі. Көліктен қоршаған ортаға 70 % көміртек тотығы, 30 % азот тотығы, және 90 % жуық қорғасын таралады. Милиондаған шақырымға созылып жатқан көліктің осы барлық түрінің тура (ауа бассейнінің, жер асты және жер беті суларының ластануы, у-шумен ластану, өзен, теңіз жағалауының шайылуы) және антропогендік салмақтың басқа түрлерін қарқындатушы фактор ретінде жанамалы әсері зор.

Мысалы, магистральды жолдарда өткізілген құрылыс жұмыстарының өсімдік жамылғысына тура әсері: бұл ластандырушы улы, радиоактивті заттарды бөліп шығаруы, орман ағаштары мен өсімдіктің жойылуы. Жанамалы әсерден орманның сандық және сапалық өзгерісі, түрлік құрамы азаяды.

Мысалы, Батыс Европа – Батыс Қытай автобамының салынуы барысында көптеген экологиялық – экономикалық алғышарттар бұзылуда. Бір ғана Қызылорда облысы аумағы арқылы бұл тас жолдың 812 шақырымы өтеді. Ал енді есептеп қарасақ, 812 шақырым жердің ені 6 метрлік жер ашылады, яғни беткі аналық топырағы ысырылып алынады, бұл деген 48720 га жердің табиғи келбеті жойылады деген сөз. Сонымен қоса бұл жердегі өсімдік атаулы мүлдем ескеріліп жатқан жоқ. Бір ғана, қала маңына жақын жерлерді алып қарасақ, Бірқазан елді мекеніне жақын маңда жол жиегінде шоқ тораңғылдар, құм төбешіктерде қоянсүйек бар болатын, қазір ол жерде бұл өсімдік атаулы жоқ. Құм төбешіктер тегістеліп кеткен. Бұған табиғат қорғау басқармасы көңіл аудармай отырған сыңайлы. Өйткені басқа облыстарда шетелдік компаниялардың мұндай әрекетіне айыппұл салған болатын, сол кезде олар жұмысын тоқтатып қойды, сөйтіп амал жоқ өзара келісіп қайта жұмысқа кіріскен. Тағы бір айта кететін жайт, жолдың бірінші беттік төсеніш қабаты ретінде жергілікті жердегі, елді мекен аймақтарынан саз топырақ ашып алып жатыр. Мысалы, олда сұрауы бар жерлер ғой, облыстың жер ресурстары қорына жатады.




Қорытынды

Соңғы жылдары табиғат қоғау органдарының бақылау жұмыстарының нәтижесінде және өндірістің құлдырауы себептерімен қоршаған ортаға техногендік әсерлер біршама азайды, бірақ шаруашылық механизмі қызметінде жаңа әлеуметтік-экономикалық аспект пайда болды. Ол - меншік түрінің өзгеруіне, жекешелендіру процесінің қарқын алуына, оған шетелдік инвесторлардын барған сайын кеңінен қатысуына байланысты экологиялық жағдайға жауапкершілік проблемасы күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Бюджеттік инвестиция ең төменгі мөлшерге дейін қысқарды, қаржы тапшалығына тап болған кәсіпорындар табиғат қорғау шараларына жұмсалуға тиісті шығын көлемін кемітуге көшті. Ал шаруашылықты жүргізудің осындай жағдайында баяндалған экологиялық проблемалар өз шешімін баяу табуда.



Болашақта шешімін табуға қажетті мәселелер:

  • үздіксіз экологиялық мониторинг, яғни табиғи ортаның өзгерістерін тұрақты бакылайтын және тексеретін жұмыс жүйесін қалыптастыру;

  • өзен, көл суларының ластануына жан-жақты баға беру, олардың арнасын қайта жөндеу, суын тазалау жөнінде Үкіметаралық Бағдарлама жасау;

  • топырақтың бүлінуіне, радиацилық фонга, радиациялық ауытқу мөлшеріне сапалы және сандық баға беру;

  • жануарлар мен өсімдіктер әлемі құрамындағы өзгерістерге және олардың өсіп-өну қабілетіне (зоогеоботаникалық) зерттеу жүргізу;

  • облыстардағы табиғат қорғау объектілері жұмыстарын жандандыру;

  • экологиялық және экономикалық факторларды есептей отырып, табиғат қорларын пайдалану концепциясын жасау;

  • залалды заттардан пайда болған зиянның орнын толтырудың экономикалық механизмін анықтауды үкіметаралық деңгейде шешу;

  • өндірістік қалдықтарды кайта өңдеп, одан өнім алу технологиясын өндіріске ендіру.

  • Батыс Европа – Батыс Қытай автобамының жүргізіп жатқан жұмыстарына үкіметтік қадағалау жүргізілсе.

  • Жергілікті жердің жер қорын пайдалануын заңдастырса және табиғат қорғау шараларына есеп беріп отыруын талап етсе.



Резюме

На автореферат диссертации на соискание академической степени магистра естественных наук по специальности-6М060800-Экология

Ж.К.Дастанова

АНАЛИЗ НЫНЕШНЕГО ЭКОЛОГИЧЕСКОГО СОСТОЯНИЯ ПРИРОДНОГО ЛАНДШАФТА В НИЖНЕМ ТЕЧЕНИИ СЫРДАРЬИ

Актуальность настоящего исследования. В последние 30 лет понижение уровня Аральского моря и уменьшение воды в Сырдарье привело к изменениям природного ландшафта в этом регионе. С 2009 года около 800 километров проекта автомагистрали Западная Европа – Западный Китай проходит через Кызылординскую область, и этот проект по-своему вредить природному ландшафту нижнего течения Сырдарьи. И поэтому сохранение экосистемы нижнего течения Сырдарьи и разнообразие ландшафта, а также снижение уровня воды в Сырдарье и осушение региона и другие особые природные изменения по необходимости.

Цели и задачи диссертационного исследования. Основная цель работы проанализировать влияние антропогенных факторов на природный ландшафт необходимость создания защиты нижнего течения Сырдарьи от влияния антропогенных факторов на природный ландшафт, определить регион распространения влияний и предложить мероприятия по реконверсии.

Объект исследования. Основным объектом исследования являются давние природные и антропогенные ландшафты пустынные и полупустынные зоны в нижнем течении Сырдарьи. Был проанализирована и исследована степень пустынных и полупустынных ландшафтов в нижнем течении Сырдарьи. Было исследовано изменение природных ландшафтов по автомобильной магистрали Западная Европа - Западный Китай из-за человеческого фактора.

Способы исследования. Во время исследования были использованы материалы из комитета экологии и фонда биоресурсов Кызылординской области и из областных и районных отделов звероводства, лесного и рыбного хозяйства, областного филиала «Казгипрозем», управления областного сельского хозяйства, областного управления защиты окружающей среды и из областного архива.

Теоретическая и практическая значимость исследования. Во время диссертационной работы были использованы историко-географические, архивные и статистические материалы. В теоретической части были привлечены материалы из трудов многих исследователей природы. А также были использованы методы исследования ландшафта Казахстанских ученых (Гельдиева, Чередниченко, Скоренцова, А.В. Чигаркина, С.О. Кошқарова и т.д.).

Научная новизна:

  1. Была создана впервые экологическо-географическая позиция по защите природных ландшафтов в нижнем течении Сырдарьи и найдены пути эффективного использования природных ресурсов в различных социально- экономических отношениях.




  1. Была проанализирована история современного развития природных ландшафтов в нижнем течении Сырдарьи.

  2. Были определены виды антропогенных ландшафтов Кызылординской области и рассмотрены мероприятия реконверсии.


Прикладное содержание диссертационной работы. Результаты исследования могут быть использованы в решении геоэкологических проблем при использовании ресурсов окружающей среды и их состав эффективный состав, а также данные результаты можно использовать в высших учебных заведениях на факультете естествознания по специальностям «Экология» и «География» и в обучении дисциплин «Ландшафтная география Казахстана» и «Основы ландшфтоведения».

Результаты и одобрение работы к защите. Главное содержание работы было опубликовано в научно-практической конференции Республиканском Альянсе «Молодые ученые» и в международной научно-практической конференции Казахского Национального педагогического университета имени Абая.

Summary
On the author's thesis for the academic degree Master of Science in specialty 6M060800-Ecology
J.K. Dastanova


THE ANALYSIS OF THE CURRENT ECOLOGICAL STATUS OF THE NATURALL AND SCAPE IN THE LOWER REACHES OF SYRDARYA

The relevance of this study. In the past 30 years, the decay of the Aral Sea and the Syr Darya water reduction has led to changes in the natural landscape of this region. In 2009, the project motorway Western Europe - Western China include about 800 kilometers of the project that goes through Kyzylorda oblast, and this project is doing harm to its natural landscape of the lower reaches of Syr Darya. And therefore the preservation of the ecosystem of the lower Syr Darya and the diversity of the landscape, as well as the decrease of the water and draining the Syrdarya region as well as other special natural compounds are considered as natural process.


Goals and objectives of the dissertation research. The main purpose is the of analyzing the impact of anthropogenic factors on the natural landscape and the need to preserve the lower reaches of Syr Darya and determine the distribution of territories, offering activities of recon version.
The object of the study. The main object of study is the long-standing natural and man-made landscapes, desert and semi-desert areas in the lower reaches of Syr Darya. Versatile degree desert and semi-desert landscapes in the lower reaches of Syr Darya were analyzed and investigated by changing the natural landscape because of the human factor of the highway Western Europe - Western China.
The methods of research. During the study the data were used from the Committee for Ecology and Bioresources fund of Kyzyl-Orda region and from the regional and district departments of farming, forestry and fisheries, the regional branch of "Kazgiprozem 'management of regional agriculture, the provincial Department of Environmental Protection and from the regional archives.
Theoretical and practical significance of the study. At the time of writing this thesis historical and geographical, statistical and archival materials have been used. The theoretical part has benefited with the works of many researchers of nature. As well as the research of Kazakh landscape scientists’ methods, there also were used the words of (Geldieva, Cherednychenko, Skorentsova, AV Chigarkina, S.O. Koshkarov, etc.).
Scientific novelty:
1. Environmental-geographic position to protect the natural landscape in the lower reaches of Syr Darya and the efficient use of natural resources in various socio-economic relations were established for the first time.
2. The history of modern development of natural landscape in the lower reaches of Syr Darya was analyzed.
3. Identified types of man-made landscapes of Kyzyl-Orda region and the activities of recon version were reviewed.
Application contents of the thesis. The results of this thesis can be used in solving geo-ecological problems of our environment and the effective composition, as well as in higher education at the Faculty of Natural Sciences in the field of "Ecology" and "Geography" and in the training courses "Physical geography of Kazakhstan" and "Basics landscape study . "
The results and the approval of the defense. The main content of the work has been published in the scientific-practical conference of the National Alliance "Young Scientists" and in the international scientific-practical conference of Kazakh National Pedagogical University named after Abai.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет