Рефераты қызылорда, 2012 ж



Дата13.06.2016
өлшемі274.53 Kb.
#132937
түріРеферат


ӘОЖ 656.07:631.11 (574.54) Қолжазба құқығында

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универститеті



НҰРЖАН ДАНАБЕК ЖАҒЫПАРҰЛЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ КӨЛІКТІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ НЕГІЗДЕУ
6М080600 –Аграрлық техника және технология мамандығы бойынша ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі академиялық

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012 ж.

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Машина-трактор паркін пайдалану» кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекші: техника ғылымдарының докторы

доцент Рахатов Сәтбай Зайырұлы
Ресми оппонент: техника ғылымдарының кандидаты,

доцент


Тобашов Марат Шайхисламұлы
Қ

орғау «___» _____________2012 ж. сағ. ____ -де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде болады.


Адресі: 120014, Қызылорда қ., Ы. Жақаев 67, №4 оқу ғимараты, Аграрлы-техникалық факультет, № ______ дәрісхана.

Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.



Кіріспе
Диссертацияның көлемі мен құрылымы: Диссертация кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертация көлемі 110 парақ жазба беттерден, 39 кестеден, 30 суреттен құралған. Библиографияға 122 атаудағы баспа материалдары кіреді.

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық дақылдарын өсіріп-жинау кезінде көліктік-технологиялық жұмыстардың маңызы зор. Себебі тұқым, тыңайтқыш, қосалқы бөлшектер, жанар-жағар май және егін өнімдерін тасымалдау, машиналарға ТҚК және жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу өнімді шығынсыз агротехникалық мерзім ішінде жинап алуға мүмкіндік береді. Аталған жұмыстардың бір-бірімен тығыз байланыспауы ауыл шаруашылық процестерінің өзара бірлесіп орындалуына кері әсерін тигізіп, бірін-бірі күтіп қалу негізінде еңбек, энергия және материалдардық шығындардың ұлғаюына әсерін тигізеді. Сондықтан ауыл шаруашылық операцияларында көліктік-технологиялық қызмет көрсетуді тиімді ұйымдастыру өзекті мәселе болып табылады.

Зерттеудің мақсаты: Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы жағдайында егін шаруашылығы бойынша көліктік-технологиялық машиналарды тиімді пайдалануды ұйымдастыру.

Ауыл шаруашылық мекемесіне көліктік-технологиялық қызмет көрсетудің негізгі міндеті ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер және тапсырыс берушілерге барлық қажетті қызметтерді сәйкес сервистік қызметтің өзіндік құрылымын құру жолымен көрсету болып табылады.



Зерттеу нысаны: Ауыл шаруашылық өндірісіндегі технологиялық операциялар мен машина-трактор агрегаттары, оның ішінде тракторлар, комбайндар, автомобильдер, тіркемелер, дән сепкіш, тыңайтқыш енгізу машиналары.

Зерттеу әдістері: Ауыл шаруашылық технологиялық процестерін математикалық модельдеу, зерттеу қорытындысын, математикалық өңдеудің математикалық әдістері, математикалық статистика, ықтималдылық және жаппай қызмет көрсету теориялары.

Алынған нәтижелері, олардың жаңалығы, ғылыми және практикалық маңыздылығы: Ауыл шаруашылық мекемелеріндегі техникалық қызмет көрсету, диагностикалау, техниканы тиімді пайдалануды ұйымдастыру қарастырылды. Оның ішінде Қызылорда облысы бойынша техниканы тиімді пайдалану, жылдық жүктемелерді пайдалану қасиетіне байланысты 1000-1400 сағат арасында болуы тиіс. Сол арқылы диссертациялық жұмыста машина-трактор агрегаттарын тиімді пайдалану жолдары ұсынылды.

Жарияланымдар туралы мәліметтер:

Диссертацияның негізгі мазмұны бойынша 4 ғылыми жұмыс және жұмыстың нәтижелері әр түрлі ғылыми конференцияларда талқыланып, басылымдарда жарияланды.



Кіріспеде ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсетудің негізгі мақсаты болып ауыл шаруашылық саласындағы өндірушілердің барлық қажетті қызметтерін жасау керектігі келтірілген.

Ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсетуді жетілдіру әдістері өзекті проблема және ғылыми өндірістік маңызы зор. Диссертация тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен оның практикалық маңыздылығы көрсетілген.



Бірінші бөлімде ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау мен тасымалдау барысында машиналарды пайдалану тиімділігі көп жағдайда ауыл шаруашылық аймақтарына байланысты атқаратын жұмыстарымен ерекшеленетін ескерілген. Олардың негізгілеріне: өнімді жинау кезеңінде жұмысты барынша топтастыру; жинау және тасымалдау машиналарының жұмыс атқару барысында табиғи-климаттық жағдайлардың едәуір өзгеруі; топ жағдайымен жұмыс күшінің жетіспеуі жатады.

Егіннің дәндік бөлігін жинауға сыйымдылығы үлкен бункер ыдыстар қолданған өте тиімді, сонымен бірге комбайн мен көлік агреттарының (автомобиль және трактор) арасындағы сандық қатынас та жүргізіліп жатқан жұмыс жағдайына сәйкес келетіндей ұтымды болуы тиіс (астық өнімділігі, тасымалдау арақашықтығы т.б.жұмыстар түріне байланысты). Бірақ үлкен сыйымдылықты бункерлер техника салмағын ұлғайтып, топыраққа көп қысым түсіреді. Сондықтан компромисті критерий негізінде бункердің ұтымды сыйымдылығы анықталуы тиіс.

Өнімнің дәндік бөлігін және сабанды тасымалдау мәселесі зерттеу міндетінде өзекті мәселе болып табылады, себебі Қызылорда облысы жағдайында маңызды орын алады.

Комбайнға көліктік-технологиялық қызмет көрсету процесінің негізгі техника-экономикалық критерийлері есебінде төмендегі критерийлер қолданылады:

1) Өнімділіктің ең жоғарғы мәні:

(1)

2) Тікелей пайдалану шығынының ең төменгі мәні:



(2)

3) Қосалқы критерий есебінде:

3.1. Еңбек шығының ең төменгі мәні:

(3)

3.2. Агрегат қуатын тиімді пайдалану:



(4)
Жүктерді тасымалдау кезінде автомобильдік және тракторлық көлік құралдары мен тіркемелер түрлері қолданылады. Ауыл шаруашылық өнімдерін қырманнан және басқа да сақтау орындарынан элеваторларға және тасымалдау арақашықтығы үлкен болған кездерде автомобильдік көлік құралдары қолданылады, яғни сонымен бірге көлік құралдарымен тіркемелердің техникалық сипаттамалары берілген. Соның негізінде диссертация тақырыбы негізделіп, жұмыстың мақсаты мен міндеттері анықталады.

Екінші бөлімде ауыл шаруашылық мекемелеріндегі көлікті пайдаланудың жағдайы мен ұйымдастырушылық деңгейі және ғылыми зерттеудің әдістері зерттеулердің өзіндік шаруашылықтарының ерекшеліктерімен және оларға әсер ететін факторлардың өзгерісінің сипатымен, ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсетудің сервистік қызметтері мен қызмет көрсетілетін шаруашылықтардың өзара байланысты қызметінің құрылымдық үлгісі 1-суретте берілген.

Ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсетілетін ұйымдардан жалпы жағдайда тапсырыстар келіп түседі немесе материалдық-техникалық жабдықтау бойынша машиналарды техникалық пайдалану бойынша жұмыстар, көліктік-технологиялық, егістік және басқа да жұмыстардың әртүрлі түрлерін орындауды қоса алғанда, жұмыс түрлерінің маңызды үш түрлерінің орындалуына талаптар құрылымдық үлгіден көрініп тұр. Ауыл шаруашылық мекемесінің көліктік-технологиялық құрылымында сондай-ақ тапсырыстарының әрбір түрінің уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ететін сервистік қызметтер құрылуы мүмкін.

1-суреттегі мәліметтерден түйетініміз, өндірістік қызметтегі сервистік қызмет көрсету, сондай-ақ жоғары өнімділік пен ресурстарды үнемдеудің біршама дәрежеде машина-трактор агрегаттары (МТА) мен көліктік-технологиялық талаптарына жауап беретіндей етіп құрылуын болжайды.

Ұтымдылықтың негізгі критерийі көліктік-технологиялық агрегаттарда бекітілген қозғалтқыштың номинальды күштілігіне байланысты тікелей шығындардың минимумы функция түрінде өрнектеледі:


(5)
мұндағы:

- күшке тәуелді немесе тәуелсіздігіне сәйкес салымдарды сипаттайтын шығындардың коэффициенттері; сәйкес өлшем бірліктегі -

1-сурет. Ауыл шаруашылықтарындағы көліктік-технологиялық қызметтерінің өзара байланысты жұмыстарының қорытындыланған үлгісі

Жұмысшылардың орындаған операцияларының түрі бойынша көлік құралдарымен қызмет көрсетілетін ауыл шаруашылық өндірісіндегі машиналар 1-кестеде көрсетілгендей 3 топқа бөлінеді.
1-кесте – Жұмысты орындау операцияларының сипаты бойынша ауыл шаруашылық өндірісіндегі машиналардың жіктелуі

Машиналардың топтары

Мысалдар

Машиналардың өнімділігін өлшеу бірліктер

Тек қозғалыстар кезінде қатар жүретін және негізгі операцияларды іске асыратын машиналар

Қозғалыс кезінде материалдарды бөліп тиеумен жинаушы; тыңайтқышты ұсақтап шашатын машиналар; жүкті тиеуші – жинақтаушылардың бірқатар түрлері; қатар жүретін операцияларды орындамайтын егістік машиналарының көптеген түрлері (тұқым себетіндер, тырмалар және басқалар)

га, т, дана

Тек қозғалыс кезінде негізгі операцияларды орындайтын машиналар, қатар жүретіндері тоқтаған кезде ғана

Бункерлік типтегі тоқтаған кезде өнім түсіретін жинайтын машиналар, тиеуші (түсіруші) қондырғылармен жабдықталған көлік құралдары, борттық көліктік құралдар және т.б.

га, т, т-км

Тоқтаған кезде қатар жүретін негізігі операция-ларды орындайтын машиналар

Стационарлық және жартылай стационарлық типтердегі агрегаттар мен машиналар (дәнді тазалайтын, тиейтін агрегат, сорттайтын, тиеу машиналары және т.б.), тиеп-түсіру машиналары мен қондырғылардың көптеген түрлері және т.б.

га, т, дана

Өндірістік сервис қызметіндегі ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсету жалпы құрылымдық үлгіде берілгендей қызмет көрсету аймағындағы өндірістік қызметтің барлық түрлері бойынша тапсырыстар түсуі мүмкін, яғни мелиоративтік жұмыстар, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылғының жұмыстарын, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша және т.б. жұмыстарды қоса алғанда.

Қарастырылып отырған мәліметтерді шешудің әдістерін таңдау көліктік-технологиялық мекеменің өндірістік сервистік қызметіне келіп түсетін талаптардың ықтималдық ағымының сипатына байланысты. Көптеген зерттеулер бойынша талаптардың ағымы пуассондық таралу ретінде қарастырылады:

(6)
мұндағы:

- уақыт аралығы ішінде (сағат, ауысым, күн және т.б.) «К» талаптардың сервистік қызметіндегі түсу ықтималдығы;

- тапсырыстар немесе талаптар (1/сағ, 1/ауысым, 1/күн және т.б.) ағымының қарқындылығы немес орташа тығыздығы.

Агрегаттар жұмыс сипаты бойынша әртүрлі болғанымен олардың саны бірліктен бірнеше он шақтыға дейін үлкен диапазоны бойынша өзгереді, мұндай анықсыздау жағдайда міндеттер шешімдерінің ыңғайлылығы үшін барлық агрегаттарды өнімділіктің сәйкес жиынтығымен бір бүтін ретінде қарастырған дұрыс.

Мұндай үлгіде шартты бір каналдық күтпейтін жаппай қызмет көрсету жүйесі орын алады, жұмыстың принципиалды үлгісі 2-суретте көрсетілген.

2-сурет. Жаппай қызмет көрсетудің бір каналды күтпейтін шартты жұмысының принципиалды үлгісі


Ұтымдылық критерийі бір күтпейтін тапсырыстардың кетуіне және тапсырыстардың жоқтығына байланысты шартты агрегаттың тоқтап тұруынан жоғалған төменгі шығын болып табылады, яғни
(7)
мұндағы:

- шығындар сомасы, тг/сағ, тг/күн және т.б.;

- уақыт бірлігіндегі шығындар саны (қабылданбағандар), 1/сағ, 1/күн және т.б.;

- бір тапсырысты орындау кезіндегі ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсету үшін пайданың орташа шамасы, тг;

- тапсырыстардың жоқтығынан шартты агрегаттардың тоқтап тұруларының орташа ықтималдылығы;

- уақыт бірлігіндегі шартты агрегаттың тоқтап тұруға кеткен шығындар және т.б.

Агрегаттардың белгілі типтік өлшемдер теңдігін мына түрде беруге болады:



(8)
мұндағы:

- агрегаттардың қажетті ұтымды саны;

- таңдалған бірліктегі бір агрегаттың өнімділігі.

Агрегаттардың қажетті ұтымдылық саны сол кезде мынаны құрайды:



(9)
Берілген жағдайда ұтымдылық критерийі мына түрде болады:
(10)
және шамалары қабылданбаған бірге қарастырылған көп каналды жаппай қызмет көрсету жүйесі үшін мына теңдікпен анықталады:
(11)
(12)
(13)

(14)
мұндағы:

- тапсырыстардың болмауынан барлық агрегаттардың тұрып қалу ықтималдығы;

- агрегаттардың тапсырысын орындаумен айналысатындардың саны;

- барлық каналдардың бос болмауының орташа ықтималдылығы.

Ауыл шаруашылық мекемелерінің көліктік-технологиялық сервистік өндірістік қызметін орындауға қабылданған тапсырыстар немесе талаптардың саны кезекте шектеледі, бұрын көрсетілгендей әртүрлі белгілерімен (жұмыстардың орындалу мерзімі, шектелген өндірістік алаңдар және т.б.) шамамен.

Мұндай жаппай қызмет көрсету жүйесінің принципті жұмыс үлгісі 3-суретте көрсетілген.


3-сурет. Кезектегі орындардың шектелген саны кезіндегі жаппай қызмет көрсету жұмысының принципті үлгісі

Ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсету үшін негізгі экономикалық критерийінің ең төменгі мәні мынадай болады:


(15)
мұндағы:

- кезектегі тапсырыстарды орналастыру үшін үлкен емес орындардың саны;

- уақыт бірлігі үшін бір орынның пайдалану құны, тг/сағ, тг/күн.
Ауыл шаруашылық мекемесінің көліктік – технологиялық сервистік қызметі жағынан кезектегі тапсырыстарға қызмет көрсетуге қабылдауға қарсылық білдіру орын алады, егер барлық агрегаттар мен кезектегі барлық орындар бос емес болса, мұндай қарсылықтың ықтималдылығы жаппай қызмет көрсетудің (ЖҚК) жалпы әдістерімен төмендегі формула арқылы анықталады:

(16)
Тапсырыстардың болмауынан барлық агрегаттардың тұрып қалуының ықтималдығы бұл жағдайда мынаны құрайды:
(17)

Күтудегі тұрып қалған агрегаттардың орташа санын мынадай деп аламыз:



(18)
Бір егістіктен екіншісіне жүрулердің санын төменгі мәніне дейін жеткізу мәліметі жұмыс күйі шегіндегі топтағы агрегаттардың санын мына теңдікпен анықтайды:

(19)
мұндағы:

- бір егістіктің немесе алқап массивінің орташа көлемі, га;

- бір егістіктің немесе алқап массивін өңдеудің ұтымды күнтізбелік мерзімі немесе жіберілетін мерзім, күндер:

- ауысымдар уақытын пайдаланудың орташа коэффициенті;

- бір агрегаттың өнімділігі, га/сағ;

- аусымның нормативтік ұзақтығы, сағ;

- ауысым коэффициенті;

- ұйымдастыру және басқада шарттар бойынша агрегаттардың біршама жеткілікті саны.

Ауыл шаруашылығында көліктік жұмыстар көліктік және көлікті-өндірістік процестермен орындалады. Көліктік процестер тиеу, түсіру және тасымалдаудың операцияларынан тұрады. Ал көліктік-өндірістік процестер көліктік құралдардың ауыл шаруашылық машиналарымен (комбайн, шөп шапқыштармен және т.б) өзара әрекеттерін қосады, яғни олардың өндірістік операцияларға қатысуы егістік жерге тыңайтқыш енгізу, дақылдарды жинау, азықтарды тарату және т.б.

Ауыл шаруашылық мекемелерінде көліктік-технологиялық қызмет көрсету, диагностикалау және пайдалану барысындағы ақауларды жөндеуді қосқанда техникалық қызмет көрсету бойынша сервистік қызметін ұйымдастыру міндеті қарастырылады.

Ауыл шаруашылық мекемесінің көліктік-технологиялық қызметінің экономикалық-ұйымдастырушылық негіздемесі мынадай реттілікпен жүргізіледі:



  • ауыл шаруашылық өндірісінің жағдайын талдауға микроқұрылым, көлем, мерзім және арақашықтығын анықтау жатады;

  • ішкі шаруашылықты және шаруашылықтан тыс қызмет көрсетуде мекеменің ұйымдастыру негізін таңдау (мемлекеттік қор негізінде немесе ауыл шаруашылық кооперация негізінде);

  • көліктік-технологиялық қызметті нақты жағдайларда (егін оруға, бастыруға және т.б) ұйымдастыруға ортақ модель бекіту;

  • көліктік-технологиялық қызметтің ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымын негіздеу және мекеме мен басқарма қызметінің техникалық-экономикалық параметрін есептеу;

  • басқару құрылымын таңдау және басқару аппаратының құрылымдық бөлімшелер функцияларын белгілеу;

  • экономикалық өзара қарым-қатынас жүйесін белгілеу және негіздеу;

- арнайыландырылған көліктік-технологиялық қызмет құрудың экономикалық тиімділігін бағалау.

Техникалық қызмет көрсету, диагностикалауды және ақауларын жою жұмыстарын рет-ретімен жүргізу, шаруашылықтан және жеке техника иелерінен түсетін ықтималды тапсырыстар ағымы сервистік қызмет көрсету жүйесінде екі фазалы жүйемен жүргізіледі. Бірінші фазадағы диагностикалауда да, екінші фазадағы техникалық қызмет көрсету мен ақауларды жоюда да кезекке тұрғандардың саны көбейіп жиналып қалуы мүмкін. Екі фазалы жаппай қызмет көрсету жүйесінің жұмыс істеуінің нақты сызбасы 4-суретте анық көрсетілген. Машиналарға қызмет көрсетуге түскен тапсырыстар ағымының орташа тығыздығы  және оларға қызмет көрсету үдемелілігі  екі фазада да өткен жағдайлардағыдай анықталады:


(20)

мұндағы:


 - сервистік қызметке келген машиналардың келу моменті арасындағы орташа аралық уақыт, с;

,  - 1-ші және 2-ші фазадағы бір қызмет көрсетудің орташа ұзақтығы, 1/с.

4-сурет. Жаппай қызмет көрсету жүйесінің екі фазалы жұмыс істеуінің нақты сызбасы
Тиімділік критерийін тапсырыс берушіге де ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсетуде де экономикалық жағынан тиімді болуы тиіс. Ондай критерийге қызмет көрсетудегі машинаның тұруынан келетін төменгі шығыны жатады:
(21)
мұндағы:

 - бірінші (диагностикалау) және екінші (ТҚ) фазалар алдында қызмет көрсетіліп жатқан және кезекте күтіп тұрған машиналар саны;

 - тұрған машинаның бір сағатының (күнінің) орташа құны, тг;

 - бірінші және екінші фазада тұру ықтималдығы;

 - бірінші және екінші фазаға сәйкес тұрған бір сағаттық (күннің құны, тг/с);

Сонымен бірге диагностика және техникалық баптау бақылау бекеттерінде бір мезгілде тұру ықтималдығын  (81) формуласы бойынша тапсырыстардың болмауынан анықтауға болады.  мәндері техникалық баптау мен диагностиканың, сонымен бірге трактор маркалары мен күрделі ауыл шаруашылық машиналарының (астық жинайтын комбайндар, ТҚ-1 және ТҚ-2 көрсетілетін комбайндар типі) белгілі бір түріне арналған хронометражды және статистикалық мәліметтер бойынша анықталады.


5-сурет. Ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың экономикалық нәтижесі


Үшінші бөлімде жаппай қызмет көрсетудің әртүрлі жүйесін іске асыруға болатын, біз алған математикалық модельдердің көп бөлігі талаптар ағымының тығыздығын және қызмет көрсету үдемелілігін анықтайтын хронометражды мәліметтерге жатады. Сондықтан тәжірибенің негізгі блігінде машиналарды өндірістік және технологиялық пайдалануға, агрегаттар және технологиялық кешендерге хронометражды бақылау жүргізілді.

Сонымен бірге тәжірибе жүргізу процесіне ReefQSM – 3000 спутниктік ақпараттар – іздеу жүйесі қолданылады. Бұл жүйе желілік байланыстың кез-келген жасырын нүктесінде ауыл шаруашылық машиналарымен екіжақты байланыс жасауды қамтамасыз ететін және оның орналасқан орнын анықтауға мүмкіндік берді. Жүйе автодабылдың күзеттік-айдауға қарсы бекітпесін едәуір арттырып, атомобильді пайдалануда қосымша мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге қабілетті. Жүйе қозғалыстың толық құпиялылығын сақтай отырып көлік құралдары қайда тұрғанын анықтайды.

Тәжірибелер бағдарламасында барлық математикалық модельдерді практика жүзінде қолдану үшін қажет болатын бастапқы ақпараттарды алуға және алынған мәліметтерді өңдеуге арналған математикалық әдістері келтірілді.

Төртінші бөлімде өндірістік қызмет аясында ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсетудің тиімді жұмыс істеп тұруы үшін 2-бөлімде айтылғандай, агрегаттардың параметрі мен жұмыс режимі жергілікті жағдайларға бейімделуі келтірілген.

Келтірілген төменгі шығын шамасы арқылы көліктік-технологиялық агрегат қозғалтқышының қажетті ұтымды қуаты (NK) анықталды. Бұл өндірістік жағдайға байланысты анықталып отыр. Өндірістік жағдай деген мысалға органикалық тыңайтқыштарды енгізу операциясында тасымал арақашықтығы мен тыңайтқыш енгізу нормасы деп түсіну.

Тыңайтқыш енгізу технологиясының үнемді орындалуының маңызды шарты-нақты жұмыс жағдайына сәйкес агрегат құрамын дұрыс таңдау болып табылады.

Көлік жұмысы мен егістік жұмысының осы агрегатпен істелетін жұмысының үйлеспеуінен, оларды пайдалануда техникалық-экономикалық көрсеткіштер төмендейді. Аз қашықтыққа тасымалдау кезінде және тыңайтқыш мөлшері аз болғанда, агрегат егістік агрегатына сай талаптарға жауап бере алады, ал қарама-қарсы жағдайда көліктік машина-трактор агрегаты талаптарына сай жұмыс істейді.

6–суретте көліктік-технологиялық агрегаттың егін жинау операцияларындағы қуаттылығының өзгеруі көрсетілген.


6-сурет. Жүкті тасымалдау қашықтығына байланысты көліктік-технологиялық агрегаттың қуаты
6 – суретте көрсетілгендей ара қашықтық пен өнімділік өскен сайын қажетті қуат мөлшері де өседі.

7 - сурет  болғанда көп каналды жаппай қызмет көрсетудің жұмыс режимінің ұтымды нәтижесі көрсетілген.



7 – сурет. Көп каналды жаппай қызмет көрсетудің жұмыс режимінің ұтымды нәтижесі

 болғанда берілген шарттар үшін тоқтап тұрған агрегаттардың орташа саны  және қызмет көрсетуде істен шығудың орташа ықтималдығы  болса, агрегаттар саны  болады.

Зерттеуден алынған жалпы нәтижелерді әрбір агрегат қызметінің  қарқындылығын ескеріп, қызмет көрсету  қарқындылығымен  жиынтығын  деп алып агрегат  жұмыстарына да жуықтатып қолдануға болады.

Сонда қызмет көрсету қарқындылығы  бір агрегаттың орнына қызмет көрсету қарқындылығы  екі агрегат () алуға болады немесе  мәнімен төрт агрегат () алуға болады. Сөйтіп, алынған практикалық нәтижелермен екінші топ тапсырыстарына қызмет көрсету міндетін тиімді шешуге болады.

8 - сурет. Тоқтап қалу (Ро) және қызмет көрсетуде істен шығудың (Ротк) орташа ықтималдығының агрегат санының (m) шығын шамасына тәуелділігі
Нақты машина-трактор агрегаттарын әртүрлі жағдайда қолдану арқылы орындалған есептеулер мәліметтері 2 - кестеде келтірілген. Талдауға қарағанда, себу мөлшері мен жол топтары кешеннің сандық құрамына айтарлықтай өзгеріс әкелмейді.
2-кесте – Тыңайтқыш енгізудегі бір маркалы агрегаттардан тұратын көліктік-технологиялық кешен құрамын есептеу нәтижелері


Тасымалдау қашықтығы, км

Отряд құрамы

МТА саны, дана

Тиеушілердің тұрып қалу коэффициенті ℅

Агрегаттардың тұрып қалу коэффициенті ℅

Отряд өнімділігі т/с

Тікелей шығындар, тг/т

0,5

МТЗ-80/82, 100/102

+

РОУ-6



6

5

4



2

11,7

20,3


31,0

63,9


26,3

19,3


13,8

3,9


70,7

63,8


55,2

30,7


0,404

0,382


0,370

0,390


0,5

ХТЗ-17221/

17222/150К

+

ПРТ-10


4

3

2



12,0

25,0


44,0

26,3

18,2


8,5

72,0

59,8


44,6

0,620

0,539


0,580

0,5

К-710

+

ПРТ-16



4

3

2



8,5

19,5


10,6

33,5

22,1


10,6

73,2

64,2


19,2

0,893

0,779


0,704

2,0

МТЗ-80/82, 100/102

+

РОУ-6



10

8

6



4

7,8

17,8


33,1

52,7


26,1

17,9


10,9

5,5


72,0

65,7


53,5

37,8


0,607

0,559


0,536

0,539


2,0

ХТЗ-17221/

17222/150К

+

ПРТ-10


6

4

2



8,7

26,8


58,0

30,2

16,3


4,5

72,8

58,3


33,2

0,890

0,732


0,768

2,0

К-710

+

ПРТ-16



5

3

2



9,4

32,3


50,9

30,1

14,0


6,4

73,4

54,2


39,3

1,098

0,893


0,906

4,5

ХТЗ-17221/

17222/150К +

ПРТ-10


8

6

4



23,6

33,9


46,2

23,8

12,3


7,4

71,3

53,11


43,3

1,380

1,229


0,937

4,5

К-710

+

ПРТ-16



6

4

2



14,0

33,9


63,6

23,9

12,3


3,4

69,1

53,11


29,3

1,388

1,229


1,238

8,5

К-710

+

ПРТ-16



10

8


6,6

16,0


28,3

19,3


74,6

69,8


2,110

1,820


8,5

К-710

+

ПРТ-16



6

4


31,0

54,0


11,8

6,4


55,0

30,0


1,750

1,950

Шаруашылықтың техникамен (НТ) техникалық жабдықталуы техниканың санымен және оның құнымен (КТ) айдалған жердің 100 га-ның құнымен (немесе ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер) анықталады (ПП):
(22)
мұндағы: – өңделген жердің 100 гектарына қажет техника саны немесе баланстық құны (ПП);

– техниканың баланстық құны (тг);

 - өңделген жер ауданы, мың-га.

Салыстырылып отырған нұсқалар бойынша құнын бейнелесек:



Бір га жерге машина күшінен қамтамасыз етілгендігінің () көрсеткіші:


Бастапқы мәліметтерді және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін пайдалана отырып, шығын мәнін нұсқа бойынша анықтаймыз:


Жыл бойы өзгермейтін жағдайда және нұсқалары бойынша бірдей машина-трактор паркін (РТ) пайдалану нәтижелерін құндық бағалауда жобаланған нұсқа тиімділігін салыстырмалы экономикалық тиімділік мәнін анықтауға болады:

мұндағы:

- МТП шараларын жүзеге асыруға кететін жылдық шығындар, тг;

 - МТП реновациясының коэффициенті, қызмет мерзімі 7 жыл болғанда, реновация коэффициенті 0,066-ға тең болады.



 - 0,25 боп бекітілген қаржы жұмсалымы тиімділігінің нормативті коэффициенті.

Қызылорда облысы бойынша F=75000 га күріш, бидай, жоңышқа және т.б. дақылдарды қоса алғанда. Қызылорда облысы жағдайында 1 ш.э.га шамасы 1,75 тең болады. Осы жерден 75000 га жерге есептегендегі экономикалық тиімділік 67245 мың теңгені құрады.




4.4. Жалпы қорытындылар
1. Барлық түрдегі ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсету бөлімшелерінің қызметінің тиімділігін арттырудың негізгі бағыты әртүрлі факторлардың өзгеруінің ықтималды сипатын ескеріп, қызмет көрсету жүйесі мен технологиялық кешендердің де, жекелеген көліктік-технологиялық агрегаттардың да параметрлерін және жұмыс режимдерінің ұтымды мәндерін математикалық модельдеу арқылы анықтау қажет.

2. Ауыл шаруашылық мекемелерінде көліктік-технологиялық қызмет көрсету жағдайының кең көлемде өзгеру диапазонында қолдануға болатын, қорды сақтау және жүк тасымалдау арақашықтығы, қосымша тыңайтқыш себу нормасы, жер өңдеу ұзындығы сияқты қосымша өндірістік шарттарға байланысты көліктік-технологиялық агрегаттардың тиімді қуаттылығын анықтауға арналған ұсынымдар жасалды және диссертациялық жұмыстың мақсаты негізделді.

3. Егістікті өңдеуге көліктің және көліктік-технологиялық операцияларды орындау үшін ресурсты үнемдеу және өнімділікті жоғарылату бағытында, қозғалтқыштың қуаттылығы мен жүккөтерімділігіне байланысты көліктік-технологиялық агрегаттардың қозғалыс режимдері анықталды.

4. Көліктік-технологиялық агрегаттардың ұсынылып отырған тиімді құрамы агрегаттардың өнімділігін 8....12%-ға арттыруды, жанар-жағар май шығынын 10...15%-ға азайтуды және пайдалану шығындарын 10%-ға төмендетуді қамтамасыз етеді.

5. Жаппай қызмет көрсетудің ықтималды жүйелерімен сипатталатын машиналарды техникалық пайдалану және өндірістік пайдалану бойынша көліктік-технологиялық қызмет көрсету бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеуі үшін тапсырыстар ағымының тығыздығы  және әсер етуші факторларының барлық өзгеру диапазонында қызмет көрсету қарқындылығы  арасындағы толықтырылған ұтымды үйлесім анықталды.

6. Тапсырыстарды орналастыру үшін m орын саны шектеулі көліктік-технологиялық қызмет көрсету бөлімшелер жұмысының тиімділігі m=0…8 мәндері арқылы қамтамасыз етіледі.

7. Ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсету жағдайында машиналар мен агрегаттарды пайдаланудың негізгі тиімді ұйымдастыру түрі барлық  мәндерінде m=1…4 агрегаттар санымен сәйкес машиналардың технологиялық кешенінің құрамындағы топтық жұмыс болып табылады. Кең тараған көліктік-технологиялық агрегаттар мен тиеу құралдары үшін тиеу құралдарының моделіне және жүк тасымалдау арақашықтығына байланысты көліктік-технологиялық агрегаттар мөлшерінің нақты мәндері бар отрядтардың тиімді құрамы жасалды.

8. Ауыл шаруашылық мекемелеріне көліктік-технологиялық қызмет көрсету, диагностикалау және машиналарға техникалық қызмет көрсету құралдарының өзара байланыстағы тиімді жұмыс жүргізуіне екі фазалы жаппай қызмет көрсету жүйесі, оның ішінде бірінші  және екінші фазаларында тапсырыстар ағымы, тығыздығы  мен қызмет көрсету қарқындылығының тиімді үйлесімі анықталды.

9. Жобалық ұсыныстар енгізуден болатын экономикалық тиімділік 75000 га жерге есептегендегі шығын 67245 мың теңгені құрады.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі:
1. Рахатов С.З., Нұржан Д.Ж., Төлегенов С.Ұ., Нұрғалиев Н.Ш. «Қызылорда облысы бойынша астық жинау комбайндарына көліктік-технологиялық қызмет көрсетудің негізгі құрылымдық сұлбасын таңдау» // Ғылым, білім және инновация: жастардың ғылыми шығармашылығы. Қызылорда-2012 ж.

2. Рахатов С.З., Нуржан Д.Ж., Шукеев А.С. «Оптимизация вместимости технологических емкостей рисозерноуборочного комбайна» // Ғылым, білім және инновация: жастардың ғылыми шығармашылығы. Қызылорда - 2012 ж.

3. Нұрмұхамед Б.С., Нұржан Д.Ж. «Өздігінен жүретін машиналар мен автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету тиімділігін бағалаудың кешенді көрсеткіштері» EFEKTIVNI NASTROJE MODERNICH VED-2012. 27.04.2012-05.05.2012. VIII международна научна практична конференция. Praha. Publishing House «Education and Science» s.r.o. 2012 г. Том 32. 12-16 стр.

4. Нұрмұхамед Б.С., Нұржан Д.Ж. «Техникалық дайындық коэффициентінің қызмет көрсету тиімділігі көрсеткіштерімен байланысы» EFEKTIVNI NASTROJE MODERNICH VED-2012. 27.04.2012-05.05.2012. VIII международна научна практична конференция. Praha. Publishing House «Education and Science» s.r.o. 2012 г. Том 32. 17-21 стр.




РЕЗЮМЕ
ОБОСНОВАНИЕ ТРАНСПОРТНО-ТЕХНОЛОГИЧЕСКОГО ОБСЛУЖИВАНИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ ПРЕДПРИЯТИЙ В УСЛОВИЯХ КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Структура и объем диссертации: Диссертация состоит из введения, 4 разделов, выводов и использованной литературы. Объем диссертации составляет 110 страниц машинописного текста, 38 таблиц, 30 рисунок. В библиографию входят 122 наименований материалов.

Актуальность исследований: При возделывании и уборке сельскохозяйственных культур Республики Казахстан важное место занимают транспортно-технологические работы. Посев семян, внесение удобрений, транспортировка запасных частей, горюче-смазочных материалов, своевременное и качественное проведение ТО и ремонтных работ предоставляет возможность собрать урожай без потерь в установленные агротехнические сроки. Без тесной взаимной связи вышеназванных работ невозможно качественное выполнение сельскохозяйственных процессов. Поэтому, транспортно- технологическое обеспечение сельскохозяйственных операций является актуальной проблемой.

Цель исследования:

Организация эффективного использования транспортно- технологических машин в условиях Кызылординской области Республики Казахстан.

Основной целью транспортно- технологического обслуживания в сельском хозяйстве является обеспечение всех операций между производителями и заказчиками сельскохозяйственной продукции.

Объект исследования: Анализ работы машинно-тракторных агрегатов в сельском хозяйстве, в том числе тракторов, комбайнов, автомобильных прицепов, сеялок, разбрасывателей минеральных удобрений.

Методы исследований: Математическое моделирование сельскохозяйственных технологических процессов, выводов исследования, математическая статистика, теория вероятностей и теория массового обслуживания.

Полученные результаты, их новизна и практическая важность: Рассмотрены вопросы организации эффективного использования, диагностики, качественного технического обслуживания техники, Средняя нагрузка эффективного использования техники по Кызылординской области должна составлять 1000-1400 часов.В диссертационной работе предлагаются эффективные пути использования машинно- тракторных агрегатов.

SUMMARY
GROUND OF TRANSPORT-TECHNOLOGICAL MAINTENANCE OF AGRICULTURAL ENTERPRISES IN THE CONDITIONS OF KYZYLORDA OBLAST
Structure and volume of dissertation : Dissertation consists of introduction, 4 divisions, conclusions and used literature. The volume of dissertation consists of 110 pages of typoscript, 38 tables, 30 picture. 122 names of materials are included in bibliography.

Actuality of researches: The Transport – technological warns are occupied an important place at till and cleaning up of agricultural cultures of Republic of Kazakhstan. Sowing of seed, top-dressing, transporting of awaiting-parts, lubricate materials, timely and quality realization Hat and repair works gives possibility to store harvest without losses in the set agrotechnical terms. The quality implementation of mentioned works. That’s way the transport – technological providing of agricultural operations is the actual problem of these days.

Research aim:

Organization of the effective use of transport - of technological machines in the conditions of the Kyzylorda oblast of Republic of Kazakhstan.



The primary purpose of transport - of technological service in agriculture is providing of all operations between producers and customers of agricultural produce.

Research object: Analysis of work of machine – tractor aggregates in agriculture, including tractors, combines, motor-car trailers, throwing about of mineral fertilizers.

Methods of researches : the Mathematical design of agricultural technological processes, research conclusions, mathematical statistics, theory of chances and theory of mass service.

Got results, their novelty and practical importance: the questions of organization of the effective use, diagnostics, quality technical maintenance of technique are considered, the Middle loading of the effective use of technique on the Kyzylorda oblast must make 1000-1400 hours. The effective ways of the use machine - tractor aggregates are offered in dissertation work.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет