Рефераты қызылорда, 2012 ж



Дата15.07.2016
өлшемі221.44 Kb.
#201340
түріРеферат


ӘӨЖ 608.2:620.169.1.001.24:622.242.5:621.85 Қолжазба құқығында

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универститеті



БАЙНИЯЗОВА АКМАРАЛ ТАСҚАРАҚЫЗЫ

БҰРҒЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫСЫ ШЫҒЫРЫНЫҢ ТРАНСМИССИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ

6М072400– Техникалық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша) мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының
РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012 ж.

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мұнай және газ өнеркәсібі машиналары мен жабдықтары» кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекшісі: техника ғылымдарының кандидаты

Жабағиев Аслан Мухамедиярович
Ресми оппоненті: техника ғылымдарының докторы

Жалғасұлы Нариман


Қ

орғау «___» _____________2012 ж. сағ. ____ -де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде болады.


Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қ., Абай даңғылы, 64, №5 оқу ғимарат, Политехникалық институт, № ______ дәрісхана.

Магистрлік диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасына қойылады.



Кіріспе
Диссертацияның көлемі мен құрылымы: Диссертация кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардын тұрады. Диссертация көлемі 85 парақ жазба беттерден, 13 кестеден, 24 суреттен және 9 дана А1 форматтағы плакаттардан құралған. Библиографияға 120 атаудағы баспа материалдары кіреді.

Кілттік сөздер: Бұрғылау қондырғысы, бұрғылау шығыры, бұрғылау колоннасы, свеча, түсіріп-көтеру операциялары, түсіріп-көтеру комплекстері, трансмиссия, жетектер, планетарлық беріліс, ұзақмерзімділік, сапаны бақылау, сапаны басқару, түсіріп-көтеру тахограммасы.

Зерттеудің өзектілігі:

Жоғары жауапкершілікті объектіні пайдалану қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуінің ресурстық сипаттамаларын анықтау және орнату өте күрделі кешенді тапсырма болып табылады. Әртүрлі ресурстық сипаттамалардың тізімі көп. Яғни қондырғылардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін атқарылатын жұмыс көлемінің қатаң шектелуі, әр-түрлі іс-шаралар арасындағы интервалдарының (ауыстыру, жөндеу, бақылау) шекті жағдайының анықтамалары және табылмаған ақаудың максималды өлшемі болып табылады.

Жетекші элементтердің шаршауының қисық сызығын білу берілген тапсырманың шешімін табу үшін жеткіліксіз. Ұңғы өтімділігі процесіндегі жетекші элементтердің жүктеме режимін білу, қажетті талаптардың бірі болып саналады. Яғни, тісті берілістің ұзақмерзімділігін есептеу әдісінің өңделуі, ғылыми-техникалық құжаттардың соңғы ұсыныстары мен есептеу әдістерінің анықтамаларын ескере отырып бұрғылау қондырғысының шығырының трансмиссиясын жетілдіру диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

Зерттеудің мақсаты:

Ұзақ уақыттылық критериі бойынша бұрғылау қондырғысының шығыры жетегінің планетарлық берілісті ауыстыру қорабын (БАҚ) бағалауға мүмкіндік беретін бұрғылау қондырғысының жүкті көтеретін ресурсы мен түсіріп көтеру кешенінің (ТКК) өнімділігін есептеудің компьютерлік бағдарламалары мен қызмет етуінің математикалық модельдерін жасау.



Зерттеу нысаны:

Зерттеу жұмыстарының нысаны бұрғылау жабдықтарының техникалық деңгейі мен сапасы, оның ішінде бұрғылау қондырғыларының көтеріп түсіру және сорапты жүйелері болып табылады. Бұрғылау қондырғыларының сапасын бағалаудың қолданыстағы әдістемелері сараптамалық әдістерге негізделеді және бұрғылау қондырғысының түсіру-көтеру кешені (ТКК) мен бұрғылау құрал-саймандарының жүк көтеретін элементтерінің ресурсының тиімділігін анықтау.



Зерттеу әдістері:

Бұрғылау жабдықтарының бөлшектері мен түйіндерін есептеудің практикалық әдістемесін пайдалануда бірқатар қиындықтар туындайды:

- соңғы қорытындыда кернеудің ассиметриялық циклының жүйелі өзгеруі қарастырылады;

- сенімділікке жоғары дәрежеде әсер ететін жүктеме мен шаршау кедергісінің сипатталып таралуы есепке алынбайды;

- артық қорды есептеу бөлшектердің сенімділігін бағалауға еш мүмкіндік бермейді және әртүрлі кернеулік-деформациялық жағдайларда ТКК-дегі жетекші элементтерінің ұзақмерзімділігінің дәрежесін салыстыра алмайды;

- жалпы, сенімділікпен ресурсқа ең көп әсер ететін факторларды анықтау әдістері тиімсіз болып табылады. Металл өнімділігін төмендету іс – шараларын жасау;

- пайдалану кезіндегі жабдықтың істен шығуларын бақылаудың есептеу нәтижелерін тікелей формада салыстыруға мүмкіндік бермейді, яғни алғашқы мәліметтермен есептеу әдісінің дұрыстығын сынауға мүмкіндік бермейді.

Яғни, тісті берілістің ұзақмерзімділігін есептеу әдістерін өңдеуді ғылыми-техникалық құжаттардың соңғы ұсыныстары мен есептеу әдістерінің анықтамаларын ескере отырып орындау, жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.



Алынған нәтижелері, олардың жаңалығы, ғылыми және практикалық маңыздылығы:

1. Тісті жұптың беріктік сипаттамасын қарастыратын планетарлық БАҚ тісті беріліс ресурстарын есептеуді қамтамасыз ететін бағдарламалар мен әдістер өңделген;

2. Өңделген әдістер түсіріп-көтеру операциялары (ТКО) кезіндегі машина уақытының шығын минимизация критериі бойынша бұрынғы құрылысын бағалауға мүмкіндік береді. Жекелеп айтқанда:

- Көтергіш валдың қосылуы және оперативті муфта сипаттамасы болмаса, машина уақытының шығыны 6% төмендейді;

- ТКО кезінде турботрансформатор толық диапазонды қолданылу бекітілген. Жұмыстың рационалды режимі машина уақытының шығынын төмендетуге мүмкіндік береді.

3. Өңделген әдістер бойынша бұрғылау колоннасының көтеру тахограммасының толық еместік деңгейіне салыстырмалы түрде бағалау жүргізіледі;

4. Планетарлық БАҚ-тың тісті жұптардың ресурстары:

-байланысты кернеуді есептеу кезінде - 171 ұңғыма

-иілгіш кернеуді есептеу кезінде – 242 ұңғыма

5. Дайындалған әдістер бұрғылау қодырғысының құрылымдық – кинематикалық сызбасы мен режимін оптимизациялау үшін қолданылады.



Жарияланымдар туралы мәліметтер:

Диссертацияның негізгі мазмұны бойынша 3 ғылыми жұмыс және жұмыстың нәтижелері әр түрлі ғылыми конференцияларда талқыланып басылымдарда жарияланды.



Кіріспеде бұрғылау қондырғысының тиімді сапасына қол жеткізуге бағытталаған маңызды мәселелердің бірі, қолданыстағы және қайтадан жобаланатын техниканың деңгейін білікті бағалаумен ұңғымаларды бұрғылауды интенсификациялау жолдарының бірі бұрғылау қондырғыларының тиімді сипаттамаларындағы ТКК жасау проблемаларына баға берілген. Диссертация тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен оның практикалық маңыздылығы көрсетілген.

Бірінші бөлімде бұрғылау қондырғыларының техникалық деңгейлері, жобалау және есептеу нормалары, агрегаттар мен кешендердің жетілдірілген конструкциясы, олардың дайындалу салалары, жетектердің жасанды құрал жабдықтармен жабдықталуы, олардың механизмдерінің жұмыс істеу режимдерінің сипаттамалары, технологиялық операцияларды басқару жүйесі, агрегаттардың жұмыс режимдерін регламенттеу, пайдалану ережелері және құрылғыларды қажетті жөндеудің орындалуы туралы мәліметтер мен әдебиеттер көздеріне шолу жасалған.

Құрастырылуы жағынан бұрғылау жабдықтары әмбебап жөнделетін механизмдер болып табылады. Осыған байланысты, бұрғылау қондырғысын универсалды өңдеу мен тасымалдауда өзінің тиімді жақтарын қалыптастырады және оның жөндеу сипаттамалары: салмағы, секциялары.

Техникалық деңгейіне байланысты әсіресе, жаңа заманғы бұрғылау жабдықтары ұңғыма құрылысы технологиясының осы заманғы талаптарына және шет ел аналогтарының осы заманғы деңгейіне сәйкес келеді.

Күрделі өнімнің сапа деңгейін бағалау тапсырмасына бұрғылау жабдықтарының сапасын бағалауды да жатқызуға болады. Ол барынша еңбек сыйымдылықты, көп кезеңді және спецификалық болып табылады.

Бұрғылау жабдықтарының көп жағдайларда жеке номенклатуралы көрсеткіштерімен сипатталатын, көп функцоналды айырмашылықтары бар кешендерден тұратыны белгілі. Сондықтан, бұрғылау жабдықтарының сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдай отырып, оның қажеттілігі мен жеткіліктілігіне негізделген және де өз негізделуін талап ететін қиын және біркелкі емес болып табылады. Қиындықтың басқа ерекшелігі мынада, ондағы сапа көрсеткіштерін таңдау, осы көрсеткіштер мағынасын анықтау мүмкіндігін есепке алумен жүзеге асады.

Зерттеу жұмыстарының нысаны бұрғылау жабдықтарының техникалық деңгейі мен сапасы, оның ішінде бұрғылау қондырғыларының көтеріп түсіру және сорапты жүйелері болып табылады.

Бұрғылау жұмыстарының өнімділігінің жоғарылауы және бұрғылау жабдықтарының техникалық дәрежесі көп жағдайда бұрғылау жабдықтарын жасап шығаратын аудандардағы ғылыми – зерттеу және тәжірибелі – конструкторлық жұмыстардың тиімді жасалуына негізделеді.

Бұрғылау қондырғысының кинематикалық сұлбасы бәрінен бұрын жетектің түріне тәуелді. Осыған орай өндірістегі бұрғылау қондырғыларының кинематикалық схемасын, негізгі үш түрге бөлуге болады: топтастырылған, жеке және аралас жетектер.

Бұрғылау қондырғысының функционалды сұлбасы 1-суретте көрсетілген.

Мұнара және тальдік жүйе

Ұршық

Шығыр

5


4

Сораптар


Күштік жетек
8 7

Жетекші құбыр


3


Ротор


10 9


2


Бұрғылау құбырлары
АБҚ және ТҚ

Бұрғылау тізбегі

1


Қашау

1 – жалғастырушы және орталықтандарғыш; 2 и 3 – жетекші құбырдың және ұршықтың жалғастырушысы; 4 – ілмек; 5 – канаттың жетекші ішегі; 6, 7, и 9 – шығыр,сораптар және ротордың трансмиссиясы; 8 – жоғары қысымды құбыржелісі; 10 – ротор қысымы.

1 cурет - Бұрғылау қондырғысының құрылымдық сұлбасы
Осылайша, негізгі бұрғылау жабдықтарын жинақтаған кезде негізгі моментіне: түрі, жетектің типі және кинематикалық схемасы жатады. Бұрғылау жабдықтарының орналасуы жөндеу қабілеттілігіне, тасымалдануына, басқарудың ыңғайлылығына және т.б. жағдайларға байланысты болады.

Ары қарай бұрғылау қондырғыларындағы жетекші элементтерінің ресурстарының математикалық моделі ұсынылған және онда ұңғыманың өткізгіштік процесіндегі элементтердің жүктеме режимін және шаршаудың қисық сызығының параметрлері есепке алынды.

Өз уақытында бұрғыланған ZC, ұңғыда көрсетілген талдік жүйе шкивтері подшипниктерінің ұзақмерзімділігі, көтеру білігінің тірек подшипниктері және шығыр жетегінің білігі төмендегі формуламен анықталады

, (1)

Мұнда: СК – каталог бойынша подшипниктің динамикалық жүккөтергіштігі;

С/ – Бір ұңғыны бұрғылау режиміне шартталған, подшипниктің динамикалық жүккөтергіштігіне қойылатын талап ;

N0 – подшипник жүктемесінің негізгі айналым саны;

а1 – сенімділік коэффициенті;

а23 – подшипниктерді ұзақмерзімде пайдалану шарттары мен бөлшек металының сапасына әсер етуін сипаттайтын жалпылама коэффициент;

Qпр(п) – подшипник түйіндерін жүктеу талабына сәйкес анықтаудағы келтірілген жүк;

Nn – жүктің қайталану саны,ұңғы өткізгіштігінің циклі үшін Qпр(п);



т – подшипниктердегі шаршаудың қисық сызығының дәреже көрсеткіші.

Ұңғыда келтірілген тісті берілістің бұрғылау кезіндегі атқарған қызметінің ұзақмерзімділігі ZC мынаған тең



, (2)

мұнда [CHr] – контактілі кернеудің шекті мөлшер коэффициенті;

[CH] – контактілі кернеудің шекті коэффициенті;

ZV – тістің үстінгі бетінің қаттылығы мен жылдамдығының әсерін есепке алатын коэффициент;

ZR – тістің жоғарғы бөлігінің белсенді кедір- бұдырлығын есепке алатын коэффициент;

КНХ – тісті берілістің есептелінген диаметріне тәуелді коэффициент;

NН0 – контактілі кернеу айналымының базалық саны;

NНп – жүктемедегі айналымның эквивалентті сандар қосындысы;



т – тісті беріліс үшін шаршаудың қисық сызығының дәреже көрсеткіші.

Талдау бойынша қолданып жүрген тісті берілістің ұзақмерзімділігін есептеу әдістерінде соңғы МЕМСТ-21351-87 пен анықтамалық әдебиеттерінің ұсыныстары ескерілмеген. Бұл әдістің есептерінде ұзақмерзімділік коэффициенттері [CHr] және [CH] ескерілмеген (байланыс кернеулерінің мүмкіндік мөлшерінің коэффициенті және байланым кернеуінің мүмкіндік коэффициенті) және есептеу әдістерінің анықтамасы берілген.



Екінші бөлімде бұрғылау аспабын бір бағана биіктігіне көтеру процесі қарастырылған, яғни үш кезеңнің бар болуы: қарқынды үдету кезеңі (жылдамдықты нөлден белгілі бір орныққан мәнге дейін ұлғайту), қалыпқа келген қозғалыс кезеңі (қалыпқа келген жылдамдықтағы қозғалыс), баяулау кезеңі (жылдамдықтың қалпына келген шамадан нөлге дейінгі кемуі).

Көтерудің бір циклінде tм машина уақыты жалпы түрде келесідей анықталады (2.1-ші суретті қара)

tм = tр + tу + tз, (3)

Мұндағы tр, tу и tз - қарқынды үдету, қалпына келген қозғалыс және баяулаудың сәйкес уақыты.



vкр

vу




vср

tp ty tз t

tм

2 сурет - Таль блогын бағана биіктігіне көтеру жылдамдығының тахограммасы


Бұрғылау лебедкасындағы күштік жетегінің ерекше қасиеті оның түріне тәуелділігі және ТКО бойынша машина уақытының шығыны мен энерго шығынның есебімен қоса мыналар тіркелу тиіс:

-Жетекте орнатылған қозғалтқыш қуаты;

-Қозғалтқыштардың түрлері,олар:

а) Тұрақы тоқты электроқозғалтқышы;

б) Айнымалы тұрақты тоқтың электроқозғалтқышы мен элетромагниттік синхронды сырғу муфтасы;

в) Асинхронды электроқозғалтқыш;

г) Механикалық трансмиссиясы бар іштен жану қозғалтқышы (ІЖҚ)

д) Турботрансформаторы бар іштен жану қозғалтқышы

- Электроқозғалтқыштардың сипаттамасы, ІЖҚ сыртқы сипаттамасы, турботрансформатордың сипаттамасы, электромагниттік сырғу муфтасы, көтергіш валдың жылдам муфта қосқышы;

- Кинематикалық жоба бөлшектерінің инерционалдық көрсеткіштері (инерция сәттері), көтергіш вал мен қозғалтқыш арасындағы трансмиссиялық қатынасы және т.б

3-суретте ЖПМ-1070 пневматикалық муфтасының сырғып кету уақытының оның баллонының толтырылу уақыты мен ілмектегі жүктемеден есепті тәуелділігі келтірілген. Муфтаның сырғып кету уақыты БАҚ қосылған жылдамдығының нөмеріне маңызды түрде тәуелді екендігі суреттен көрінеді, яғни қарқынды үдеу кезеңіндегі жүйенің келтірілген массасына, сондай-ақ камераның толтырылуының толық уақытына tо.

3 сурет - ЖПМ-1070 пневматикалық муфтасының сырғып кету уақытының камераның толтырылу уақыты мен ілмектегі жүктемеге тәуелділігі

Қарқынды үдеу кезеңінде көтеру білігін қосудың жедел муфтасының сырғуын есепке алу кезінде бұрғылау колоннасын ұңғымадан көтеруде (муфта камерасының толық толтырылуы уақыты tо = 3 с болғанда) машина уақытының шығындары 62.4 с. құрайтындығын суреттен көруге болады. Жедел муфтаның сипаттамасын есепке алмай есептелген машина уақытының шығындары 58.6 с. тең, яғни айырмашылық 6% құрайды.

БУ 2500-ДГУ кинематикалық схемасымен тарту сипаттамасынан көрінетіндей, ТКО кезінде бұрғылау колоннасын көтеру 3 жылдамдықта 4 жылдамдықтың берілісті өзгерту қорабының көмегімен іске асырылады. Турбоөзгерткіштің шығу білігінің айналу жиілігін реттеудің ауқымды аралығына қарай, БАҚ көтеру жылдамдығының ауыстыру уақытының моменті (2-ші жылдамдықтан 3-шіге және 3-шіден 4-ге ауысу кезіндегі көтерілетін бағаналар саны) жүйелестірілуі тиіс.

Егерде оңтайландыру критерийі үшін көтерудің машина уақытының шығындарының ең төменгі шамасына қол жеткізуді қабылдаса, онда турбоөзгерткіштерді пайдаланатын режимге қатынасы бойынша ТКК жұмысының тиімді режимі кезіндегі уақыт шығындары шығу білігінің айналу жиілігінің толық аралығында сәйкес 58,6 сағатқа қарсы 60,6 сағат құрайды.

Сөйтіп, келтірілген талдаудан, тұрақты токты электрқозғалтқыштарынан ТКК жетегі дизель-гидравликалық жетекке қарағанда ТКО екі есе кем энергия шығындарына ие және ЭМС-750 муфталы синхрондық электрқозғалтқыштың жетегіне қарағанда біржарым есе кем.



Үшінші бөлімде бұрғылау қондырғысының шығырындағы тісті берілістің беріктігін рұқсат етілмейтін ақаулардың бекітілген шегінің өткелінен тыс берілген беріктік мерзімінен ұлғаю жағдайларының болжамы ұсынылған.

Байланысты кернеуді есептеу кезінде, эквивалентті жүктеме коэффициенті анықталады:



(4)

мұнда түбір астындағы квадрат жақшаларда бір ұңғыманы бұрғылау кезінде байланыс кернеулерінің барлық циклдары қарастырылады,ал ZHC – берілісті қатардан шығып қалуына дейінгі бұрғыланған ұңғымалар саны. КНЕ(n) формулаға қойсақ,онда:

HP НЕ(n) = (5)

Байланысты төзімділік кезінде БУ 2500-ЭПБМ1 берілістің планетарлы қорабының орталық дөңгелегінің беріктік мерзімін былай бейнеленеді:



ZHC = NH * , скв. (6)

мұнда Нi(n), Hlim, Н1 және HP – жүктеудің п-деңгейіндегі байланыс төзімділігін есептеу кезіндегі кернеу болып табылады,мПа.

мұнда NH, Nci(п) – байланыс төзімділік есебінде қабылданған циклограмманын соммаланған барлық циклы болып табылады;

Бұрғылау колоннасындағы көтеру диапазонындағы байланыс кернеуі байланыс төзімділігінен төмен болуына байланысты құрама ресурстардың есебі () формула бойынша өту белгісін жүзеге асырылған, оның кернеу деңгейі 20 және төзімділік деңгейі 14 болып табылады.

Байланысты төзімділік кезіндегі БУ 2500-ЭПБМ1 берілісінің планетарлы қорабының орталық дөңгелегінің беріктік мерзімі ZНC =171 ұңғыма.

Иілу кезіндегі жүктеу коэффициенті



(7)
мұнда qF - қисық тозу көрсеткіш: бірыңғай құрылымды тиісті дөңгелек, шлифті беткейі тісті дөңгелек qF=6; азотталған, цементтелген және нитроцементтелген тісті дөңгелектер үшін qF = 9

Түбір астындағы сумма тісті жұп қызметінің мерзімінде жүзеге асатын иілгіш кернеулердің барлық циклын қарастырылады. Егер ZFC қыс мерзімінде бұрғыланған ұңғымалар санын қарастырсақ, онда (7) теңдеу мынадай болады.

FР1 , МПа. (8)

Осыдан иілу кезіндегі БУ 2500-ЭПБМ1 берілісінің планетарлы қорабының орталық дөңгелегінің беріктік мерзімі



, скв. (9)

мұнда где NF -NF = NH -ге сәйкес қабылданған циклограмманың барлық сатысының суммалық циклдер саны;

Fi(n), F1 және FP – есептік иілгіш кернеулер

Иілу кезіндегі БУ2500- ЭПБМ1 берілістің планетарлы қорабының орталық дөңгелегінің беріктік мерзімі ZFC = 242 ұңғыма болып табылады.



Төртінші бөлімде БУ 2500-ЭПБМ1 бұрғылау қондырғысының тісті берілістеріні түйісу және иілгіу кезіндегі ұзақ мерзімділікке есептеу әдістемесі мен тісті жұптардың геометриялық және кинематикалық параметрлерін анықтау жұмыстары жүргізілген.
Өткізілген зерттеулер нәтижелері мен негізгі қорытындылар
1. Тістің жұптың беріктік сипаттамасын қарастыратын планетарлық БАҚ тісті беріліс ресурстарын есептеуді қамтамасыз ететін бағдарламалар мен әдістер өңделген.

2. Өңделген әдістер ТКО кезіндегі машина уақытының шығын минимизация критериі бойынша бұрынғы құрылысын бағалауға мүмкіндік береді. Жекелеп айтқанда:

- Көтергіш валдың қосылуы және оперативті муфта сипаттамасы болмаса, машина уақытының шығыны 6% төмендейді;

- ТКО кезінде турботрансформатор толық диапазонды қолданылу бекітілген. Жұмыстың рационалды режимі машина уақытының шығынын төмендетуге мүмкіндік береді.

3. Өңделген әдістер бойынша бұрғылау колоннасының көтеру тахограммасының толық еместік деңгейін салыстырмалы түрде бағалау жүргізіледі.

4. Планетарлық КПП-ның тісті жұптардың ресурстары:

-байланысты кернеуді есептеу кезінде-171 ұңғыма

-иілгіш кернеуді есептеу кезінде – 242 ұңғыма

5. Дайындалған әдістер бұрғылау қодырғысының құрылымдық – кинематикалық сызбасы мен режимін оптимизациялау үшін қолданылады.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі:

1. Жабағиев А.М., Байниязова А.Т. Бұрғылау қондырғы шығыры көтергіш білігіндегі оперативті пневматикалық муфта сипаттамасының түсіріп - көтеру операциялары кезінде машина уақыты шығындарына әсері // «Оңтүстік өңірінің ғылыми хабаршысы» ғылыми журнал №5-7 , 2011ж, Астана қаласы

2. Жабағиев А.М., Байниязова А.Т. Влияние характеристики оперативной пневматической муфты на подъемном валу лебедки буровой установки на затраты машинного времени при спуско-подъемных операциях // «Ақмешіт хабаршысы» №1, 2011ж, Қызылорда қаласы

3. Жабағиев А.М., Байниязова А.Т. Бұрғылау қондырғы шығыры көтергіш білігіндегі оперативті пневматикалық муфта сипаттамасының түсіріп - көтеру операциялары кезінде машина уақыты шығындарына әсері// Тоғызыншы халықаралық Надиров оқуларының конференция материалдары, 2011ж, Алматы қаласы



РЕЗЮМЕ
УСОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ ТРАНСМИССИИ ЛЕБЕДКИ БУРОВОЙ УСТАНОВКИ
Объем и структура диссертации: Диссертация состоит из введения, 4 разделов, заключения, списка использованных источников и приложения. Объем диссертации 85 страницы текста, 13 таблиц, 24 рисунков, а также плакаты A1 9 шт. Библиография включает 120 наименовании.

Ключевые слова: буровая установка, буровая лебедка, свеча, буровая колонна, спуско-подъемные операции, спуско-подъемный комплекс, трансмиссия, привод, планетарная передача, долговечность, контроль качества, управление качеством, тахограмма скорости спуско-подъема.

Актуальность исследования:

Определение и установление ресурсных характеристик для обеспечения безопасности эксплуатации объектов повышенной ответственности является очень сложной комплексной задачей. Перечень разного рода ресурсных характеристик достаточно солиден. Это и ресурс, как жесткое ограничение по наработке, это и интервалы между различными мероприятиями (заменами, ремонтами, осмотрами), поддерживающими безопасную эксплуатацию оборудования.

Знание кривых усталости несущих элементов не достаточно для решения данной задачи. Необходимым условием является также знание режима нагружения несущих элементов в процессе проводки скважины. Таким образом, целью диссертационной работы является разработка методики расчета долговечности зубчатой передачи СПК буровой установки, с учетом рекомендации последнего НТД и уточнении методов расчета путем усовершенствованием трансмиссии лебедки буровой установки.

Цель исследования:

В разработке математических моделей функционирования и разработке компьютерных программ расчета ресурса несущих элементов и производительности спуско-подъемного комплекса (СПК) буровой установки, оценить производительность подъемного комплекса буровой установки и оптимизировать конструкцию СПК, оценить планетарную КПП привода лебедки буровой установки по критерию долговечности.



Объект исследования:

Объектом исследования работы, является технический уровень и качество бурового оборудования, в частности спуско-подъемный комплекс и насосный комплекс буровых установок. Существующие методики оценки качества буровых установок базируются на экспертные методы и включают определить эффективности спуско-подъемного комплекса (СПК) буровых установок и ресурса несущих элементов бурового оборудования.



Методы исследовании:

Существующие практические методы расчета на выносливость деталей и узлов бурового оборудования имеют ряд существенных недостатков:

- в конечном итоге рассматривается регулярный ассимитричный цикл изменений напряжений, хотя в большинстве случаев имеет место случайный характер изменения нагрузок;

- не учитывается рассеяние характеристик сопротивления усталости и нагруженности, которое в большей степени влияет на надежность;

- расчет по запасам не позволяет оценить надежность деталей в зависимости от использования ресурса и не позволяет сравнить уровень долговечности несущих элементов СПК с различным НДС;

- этот метод является недостаточно эффективным для выявления факторов, наиболее сильно влияющих на ресурс и надежность в целом, а следовательно, неприемлемым для разработки мероприятий по существенному их повышению при одновременном снижении металлоемкости;

- метод не позволяет в прямой форме сопоставить результаты расчета с наблюдениями за появлением отказов при эксплуатации, а следовательно, и опробовать правильность метода расчета и исходной информации. Таким образом, целью работы является разработка методики расчета долговечности зубчатой передачи СПК буровой установки, с учетом рекомендации последнего НТД и уточнении методов расчета.

Полученные результаты, их новизна, научная и практическая значимость:

1. Разработана методика и программное обеспечение расчета ресурса зубчатой передачи планетарной КПП в приводе лебедки, учитывающие прочностную характеристику зубчатой пары и нагрузочную характеристику за цикл бурения скважины.

2. Разработанная методика позволяет оценить по критерию минимизации затрат машинного времени при СПО совершенство подъемного комплекса буровой установки. В частности:

- установлено, что отсутствие учета характеристики оперативной муфты включения подъемного вала занижает затраты машинного времени почти на 6 % ;

- установлено, что использование турботрансформатора в полном диапазоне регулирования частоты вращения выходного вала при СПО нерационально из-за низкого его к.п.д.

3. Проведена сравнительная оценка степени неполноты тахограммы подъема бурильной колонны с различными типами привода по разработанной методике.

4. Ресурс зубчатой пары планетарной КПП составляет:

- при расчете на контактные напряжения – 171 скважин;

- при расчете на изгибные напряжения – 242 скважины.

5. Разработанные методы рекомендуются для оптимизации конструктивно-кинематических схем и режимов эксплуатации СПК буровых установок.


Сведения о публикациях:

1. Жабағиев А.М., Байниязова А.Т. Бұрғылау қондырғы шығыры көтергіш білігіндегі оперативті пневматикалық муфта сипаттамасының түсіріп - көтеру операциялары кезінде машина уақыты шығындарына әсері // «Оңтүстік өңірінің ғылыми хабаршысы» ғылыми журнал №5-7 , 2011ж, Астана қаласы

2. Жабағиев А.М., Байниязова А.Т. Влияние характеристики оперативной пневматической муфты на подъемном валу лебедки буровой установки на затраты машинного времени при спуско-подъемных операциях // «Ақмешіт хабаршысы» №1, 2011ж, Қызылорда қаласы

3. Жабағиев А.М., Байниязова А.Т. Бұрғылау қондырғы шығыры көтергіш білігіндегі оперативті пневматикалық муфта сипаттамасының түсіріп - көтеру операциялары кезінде машина уақыты шығындарына әсері// Тоғызыншы халықаралық Надиров оқуларының конференция материалдары, 2011ж, Алматы қаласы

SUMMARY

IMPROVEMENT OF TRANSMISSION WINCHES DRILLING RIG


Volume and structure of the thesis: The thesis consists of an introduction, sections 4, conclusions, list of references and applications. The volume of the thesis text page 85, 13 tables, 24 drawings and posters A1 9 pcs. The bibliography includes 120 items.



Keywords: drilling rig draw works, drilling winches, candles, drill column, tripping, tripping range, transmission, drive, planetary gear, durability, quality control, quality management, tachogram rate lowering and lifting.
The topicality of research:

Identification and characteristics of the resource to ensure the safety operation of high responsibility is very difficult and complex task. A list of various resource characteristics quite respectable. This is life as a hard limit on operating time, this interval between events (replacements, repairs, inspections) that support the safe operation of equipment. Knowledge of the fatigue curves of load-bearing elements are not sufficient to solve the problem. A necessary condition is also the knowledge of mode of loading bearing elements in the process of posting a well. Thus, the aim of the thesis is to develop methods for calculating longevity gear SEC rig, taking into account the recommendations of the latest technical documentation and refinement of methods for calculating the transmission through the improvement of the winch rig.


The purpose of researches:

In the development of mathematical models of the functioning and development of computer programs for calculating the bearing elements of the resource and performance lowering and lifting of the complex (SEC), the rig, to evaluate the performance of complex lifting rig and optimize the design of SEC, to estimate the planetary gearbox drive winch rig by longevity.


Object of researches:

The object of research work, is the technical level and quality of drilling equipment, including round-trip range of complex and pumping rigs. Existing methods of assessing the quality of drilling rigs are based on expert methods to identify and include round-trip efficiency of the complex (SEC) of drilling rigs and service life of bearing elements of the drilling equipment.


Methods of researches:

There are practical methods for calculating the endurance of parts and components of drilling equipment have some significant drawbacks:


- In the end is considered a regular cycle of changes asymmetrical stress, although in most cases there is a random change in load;
- Do not take into account the scattering characteristics of fatigue resistance and the loading, which has a greater impact on reliability;
- Calculation of the reserves does not assess the reliability of parts, depending on resource use and allows you to compare the level of durability of the bearing elements of SEC with different VAT;
- This method is not efficient enough to identify the factors most strongly influence the life and reliability in general and, therefore, unacceptable for the development of measures to substantially increase their while reducing the metal;
- The method does not allow to explicitly compare the results of calculations with observations of the appearance of failure during operation, and thus test the validity of the method of calculation and source information. Thus, the aim is to develop methods for calculating longevity gear SEC rig, taking into account the recommendations of the latest technical documentation and refinement of calculation methods.
The results obtained, their novelty, scientific and practical importance:
1. The technique and software resource calculation of the planetary gear train gearbox in the drive winch, taking into account the strength characteristics of the gear pair, and load characteristics for a series of well drilling.
2. The developed technique allows to estimate by minimizing the cost of computer time for the perfection of the ACT complex lifting rig. In particular:
- Found that the lack of consideration of the operational characteristics of the clutch shaft hoist lowers the cost of computer time by almost 6%;
- Found that use of the full range of hydraulic torque converter speed control the output shaft when the ACT wasted due to its low efficiency
3. A comparative evaluation of the degree of incompleteness of the tachogram lifting the drill string with different types of drive on the developed method.
4. Resource of the planetary gear-CAT is:
- The calculation of the contact voltage - 171 wells;
- In calculating the bending stresses - 242 wells.
5. The developed methods are recommended to optimize the design and cinematic patterns and modes of operation SEC rigs.
For information on publications:

1. Жабағиев А.М., Байниязова А.Т. Бұрғылау қондырғы шығыры көтергіш білігіндегі оперативті пневматикалық муфта сипаттамасының түсіріп - көтеру операциялары кезінде машина уақыты шығындарына әсері // «Оңтүстік өңірінің ғылыми хабаршысы» ғылыми журнал №5-7 , 2011ж, Астана қаласы

2. Жабағиев А.М., Байниязова А.Т. Влияние характеристики оперативной пневматической муфты на подъемном валу лебедки буровой установки на затраты машинного времени при спуско-подъемных операциях // «Ақмешіт хабаршысы» №1, 2011ж, Қызылорда қаласы

3. Жабағиев А.М., Байниязова А.Т. Бұрғылау қондырғы шығыры көтергіш білігіндегі оперативті пневматикалық муфта сипаттамасының түсіріп - көтеру операциялары кезінде машина уақыты шығындарына әсері// Тоғызыншы халықаралық Надиров оқуларының конференция материалдары, 2011ж, Алматы қаласы






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет