Рефераты қызылорда 2012



Дата15.06.2016
өлшемі265.69 Kb.
#137040
түріРеферат

ӘОЖ 37.016: 539.14:004.422.833:373 Қолжазба құқығында



МҰХАНБЕТҚАЛИ АЙГҮЛ


Негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі

6М011000 – Физика мамандығы бойынша

педагогика ғылымдарының магистрі

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


РЕФЕРАТЫ

Қызылорда 2012

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, физика-математика факультетінің «Физика және ФОӘ» кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекші - п.ғ.к., Ресей Федерациясы

Жаратылыстану Академиясының

профессоры Ешімова Ұ. З.

Ресми оппонент - ф-м.ғ.д., профессор Бисенбаев Қ.

Диссертациялық жұмыс 2012 жылы «___»___________сағат_____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Физика және математика факультетінің «Физика және ФОӘ» кафедрасында қорғалады.


Диссертациялық жұмыспен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында (120014, Қызылорда қаласы, Байсеитова көшесі, 100) танысуға болады.


Реферат 2012 жылы «___» ______________таратылды.

Мемлекеттік аттестаттау

комиссиясының хатшысы Ж. С. Раимбаева


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Орта мектепте физика пәнін оқыту оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. Мектеп реформасын жүзеге асыру барысында, физикалық білім беруді қоғамның соңғы он жылдықтағы уақыт талаптары мен ғылыми жетістіктеріне лайықты, барлық мүмкіндіктерді қолдануды қажет етеді.

Адам және қоғам жөнінде барынша мол білім берумен қатар, білім мазмұнын тұлғаға бағыттау, тұлға мүддесіне бейімдеу маңызды. Егер, оқушылардың білімі мен шеберлігін, дағдысын жеке өмірлік жоспарларын іске асыруға, өз денсаулықтары мен өмірін қорғауға мүмкіндік берсе, олардың пәнге қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.

Қазіргі таңда әрбір азамат радиоактивтілік құбылысын ядролық энергетика, медицинадағы қолданысы бойынша тиімділік, ал қоршаған ортаға туғызатын экологиялық залалы тиімсіздігі тұрғысынан түсінеді.

Радиоактивтілік құбылысы атом ядросындағы процестерге тәуелді болғандықтан, орта мектептің физика курсының «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар» тарауында оқытылады.

«Атом және ядролық физика» тарауы 2000 жылға дейін 11-сыныпта оқытылды [1].

Қазақстан Республикасында 2000 жылдардан бастап «Физика» пәнінен алғашқы төл оқулықтарымыз қолданыла бастады. Негізгі мектепте «Физика және Астрономия» пәні ретінде қалыптасты, «Ядролық физика» тарауы негізгі мектептің 9-сыныбында бүгінгі күнге дейін оқытылуда. Алайда, мына төмендегі жағдайларды ескеру қажеттілігін атаймыз.

Қазақстан Республикасында радиациялық ахуалдың жағдайы әрбір азаматты ойландырары сөзсіз.


  1. Семей, Атырауда (Азғыр), Батыс Қазақстанда (Капустин Яр, Глиц), Шығыс Қазақстанда, Қызылордада (Байқоңыр), Ақтөбеде (Ембі) ядролық сынақтар жасалды. Алматы, Талдықорған қалалары Қытайдың ЛобНор сынақ айлағындағы жарылыстардан да зардап шегетіні анық.

  2. АЭС-ң қатты радиоактивті қалдықтарды жоспарлы бөлуін ескерген дұрыс деп ойлаймыз. Кеңестер Одағы кезінде алғашқы АЭС-ң бірі Қазақстанда (Маңғыстау облысында) жасалғандығын, АЭС-ң жұмыс істеу мерзімінің шектеулілігін ескерген жөн.

  3. Қазақстан Республикасы уран өндірісі жөнінде алдыңғы қатарға шығып отырғандығы, кейбір аймақтарда (Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары) радиациялық деңгейдің жоғарылығы байқалады.

  4. Әлем тәжірибесін ескерсек, Чернобыль АЭС-ғы, бүгінгі озық технологиялы Жапон еліндегі Фукусима АЭС-ғы реактордың істен шығуы әрбір азаматтың радиоактивтілік құбылысымен, оның тиімділігі мен залалы жөнінде жүйелі білімге ие болуды қажет етеді.

Аталған жағдайларды ескерсек, өскелең ұрпақтың радиоактивтілік құбылысы мен ядролық физика курсы бойынша берілген білім сапасы мен қоғамдық қажеттілік арасындағы қарама-қайшылықты көрсетеді. Бұл қарама-қайшылық, Қазақстан Республикасындағы 2009 жылы жүргізілген 15 жастағы оқушылар білімін анықтаудың PISA-2009 Халықаралық зерттеулерінен де байқалады. PISA-2009 Халықаралық зерттеулері 65 елді қамтыса, жаратылыстану білімі (оның ішінде физика пәні де бар) бойынша біздің еліміз 58-орында [2].

Зерттеу нысаны: негізгі мектепте «Физика және Астрономия» курсының «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауы

Зерттеу мақсаты: негізгі мектеп «Физика және Астрономия» пәні «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының мазмұнын анықтау мен тиімді әдістемесін жасау болып табылады.

Зерттеу болжамы: Егер,

  • негізгі мектеп физика курсы «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының мазмұнын әлемдік тәжірибелерді қолдана отырып, оқушылардың жас ерекшелігіне бейімдесе,

  • зерттеу нысанының мазмұнын жетілдіріп, физикалық экспериментпен толықтырса,

  • жоғарыда аталған тарауды оқытуда блок-модульдік технологияны қолдану жүйесі жасалып, ол іс-тәжірибеге енгізілсе,

онда, негізгі мектеп физика курсында «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауын оқыту барысында оқушылардың білімі, шеберлігі мен дағдысының жүйелі әрі өз өмірін қорғау мен сақтауға қажетті білім алуға мүмкіндік жасайды.

Зерттеу мақсатына жету үшін мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет деп есептейміз:



  • «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының орта мектепте оқытылу жағдайын зерттеу;

  • зерттеу нысанын оқытуды жетілдіру мақсатында Ресей Федерациясында қолданылатын оқулықтарға ғылыми-әдістемелік талдау жасау;

  • Қазақстан Республикасында «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауын оқытуға қажетті оқу материалдарын, эксперименттік жүйесін және тиімді әдістемесін жасау.

Зерттеудің жаңалығы мен теориялық мәнділігі: Негізгі мектеп «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауын оқытудың жаңа блок-модульдік жүйесін оқу процесіне қолданудың тиімділігі алғаш рет дәлелденді.


Практикалық маңыздылығы:

  1. «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауын оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жаңа оқу материалдарымен толықтыру мүмкіндігі дәлелденді.

  2. Жоғарыда аталған тарауды негізгі мектепте блок-модульдік жүйемен оқытудың тиімділігі анықталды.

  3. Зерттеу нысанын оқыту барысында оқушылардың алған білімі жаратылыстану негізіндегі пәндерді оқыту барысында қолдануға және орта мектепте аталған тарау бойынша білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді.

Зерттеу барысында педагогикалық зерттеулердің қалыптасқан әдістері, оның ішінде ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, озық технологияларды зерттеу, бақылау мен педагогикалық эксперименттер жүргізу, эксперименттер қорытындысы мен өңдеу әдістері қолданылады.

Жұмыстың апробациясы: Зерттеу қорытындылары Ресей Федерациясында Москва қаласында өткен «Физическое образование: проблемы и перспективы развития» атты конференциясында, Республикалық «Физика Қазақстан мектебінде» журналында, «Орта мектептегі жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытудың өзекті мәселелері» атты Қызылорда облыстық ғылыми-әдістемелік семинарда, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «Ғылым, білім және инновация: жастардың ғылыми шығармашылығы» жас ғалымдардың ғылыми еңбектерінің жинағында, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің “Физика және ФОӘ” кафедрасы мәжілісінде талқыланды.

Зерттеу барысында Қызылорда қаласындағы №2, 3, 4, 9 орта мектеп мұғалімдері оқу материалдарын таңдауға ықпал етіп, зерттеуге қатысты.

Арнайы жинақталған оқу материалдарын Дарынды балаларға арналған №2 «Мұрагер» мектебінде физика пәнін оқыту барысында қолданылды.

Магистрлік диссертация кіріспеден, 3 тарау, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.



Диссертацияның негізгі мазмұны
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі анықталып, мақсаты мен міндеті айқындалды. Жұмыстың нысаны мен болжамдары анықталды, зерттеу жұмысының жаңалығы көрсетілді, практикалық маңыздылығы көрсетілді.

І тарауда қазіргі таңда қолданыста жүрген педагогикалық технология ұғымына ғылыми-әдістемелік талдау жасалды. «Педагогикалық технология» - педагогикалық процесс пен оған қатысушылар іс-әрекетінің құрауыш, кезең, күйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік қозғалысы [3]. Кеңестік қоғамдағы педагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық технология»

ұғымына әртүрлі талдаулар беріледі. Мысалы, В. П. Беспалько, педагогикалық технологияға оқу процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы, И. П. Волков оқу процесінің жоспарланған қорытындысын сипаттау, А. М. Новиков – оқу процесін программалау деп тұжырымдайды. Талдау барысында М. М. Жанпейісова мен педагог Г. Д. Әуелбекованың модульдік технологияға берілген сипаттамалары талданып, қорытынды жасалды. Оқыту процесінде модульдік технологияны қолдану әдістері отандық ғалымдар М. М. Жанпейісоав [6], Г. Д. Әуелбекова [7] еңбектерінде талқыланған. Модульдік технологияны оқу процесінде тікелей қолдануға ұсыныстар мен әдістемелер ұсынған. Біздің зерттеуімізше бұл ұсыныстарды гуманитарлық пәндерде қолдану тиімді. Ал жаратылыстану бағытындағы оның ішінде физика пәніне қолдану үшін бұл технологияны жетілдіру керек деп ойлаймыз.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез-келген үлгімен құруға мүмкіндік береді [4].

Осы заңды негізгі ала отырып, «Физика» курсында блок-модульдік технологияны қолдану жүйесі ұсынылды. Бұл жүйені 1-сызбадан көре аламыз.

І тарауды талдай отырып, төмендегідей қорытындыға келдік:


  1. Негізгі мектепте «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауын оқытудың блок-модульдік технологиясына талдау жасалды.

  2. Жоғарыда аталған тарауды оқытуда блок-модульдік технологияны қолдану тиімділігі айқындалды.

  3. Зерттеу нысанын блок-модульдік технологияны қолдану жүйесі ұсынылды (сызба 1).

ІІ тарауда Ресей Федерациясында мен елімізде қолданыста жүрген «Физика-9» оқулығындағы «Атомдық физика» тарауының оқытылу жағдайына салыстырмалы екі жақты талдау жасалды. Нәтижесінде Ресей Федерациясының оқулығындағы сағат саны бағдарлама бойынша бөлінген санынан артық екені дәлелденді.

Бұл бағдарламалар мен оқулықтарды талдау барысында төмендегідей қорытынды жасалды:



  1. Қазақстан Республикасында қолданыста жүрген оқулық «Физика-9» курсында «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының оқу материалдарының күрделілігіне байланысты мазмұнын қайта қарау және жетілдіру.

  2. Оқу материалдарын жүйелеу негізінде, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіру.

  3. Жоғарыда аталған тарауда берілген оқу материалдарына қосымша материалдар жинақтау.

  4. «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тараудың жаңа мазмұнын құру қажеттілігі анықталды.

Блок-модульдік технологияның құрамы

сызба 1


Блок-модульдік педагогикалық технология



Концептуалды негіздері



Оқытудың мазмұндық бөлігі

Іс жүзіне асыру процесуалды бөлік



Оқыту мақсаты, оқу материалдарының мазмұны



Оқу процесін ұйымдастыру оқушының іс әрекетін ұйымдастыру әдістері мен формалары. Оқытушының нақты іс-әрекеті

Блок-модульдік технологияның қолданыс тарихы

Зерттеу жұмысының келесі сатысында отандық оқулықтардағы «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының оқытылу жағдайы талданды.

Мектеп физика курсы Кеңестер Одағы кезеңінде екі деңгейден біріншісі - таныстыру (пропедевтический) курсы VII-VIII сыныптар 2 жыл, екіншісі жүйелі (систематический) курсы IX-XI сыныптар 3 жылға арналған бағдарламамен оқытылатын еді (1-кесте).
Кесте 1

І деңгей – таныстыру

(VII-VIII сыныптар)



ІІ деңгей – жүйелі

(IX-XI сыныптар)



Сынып

Апталық жүктеме (сағат)

Сынып

Апталық жүктеме (сағат)

7 сынып

2

9 сынып

3

8 сынып

2

10 сынып

4







11 сынып

4,5

Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес жалпыға міндетті 11 жылдық білім бола тұрып, негізгі мектеп физика курсы таныстыру (пропедевтикалық) деңгейден арылып, ғылыми деңгейге көшті. Оның үстіне негізгі мектепте «Физика» пәнінің барлық тараулары оқытылып, сағат саны қысқарды. Бұрын 11 сынып үшін де қиындықпен түсіндіріліп, қиындықпен меңгерілетін «Толқындық оптика, атом ядросы» тараулары негізгі мектепке енгізілді. Бұл әрине, Ресей, Белорусь, Украина елдеріндегі физикалық білім беру бағдарламасымен үндеседі. Ресей Федерациясының «Білім туралы» заңына сәйкес жалпыға бірдей міндетті негізгі мектеп болып табылады [5].



Біздің елімізге келсек «Физика» пәнінен, Кеңес дәуіріндегі оқу материалдары азайған жоқ, күрделенді, ал бірақ оқытуға арналған уақыт азайды, яғни 2+2+2 негізгі мектепте, 3+3 орта мектепте. Оқу материалдарының күрделілігін ескере отырып, «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауын оқытудың тиімді әдістерін іздедік. Зерттеу жұмысы барысында негізгі мектеп физика курсында «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауы мен орта мектепте «Атомдық физика», «Атом ядросының физикасы» тарауларын салыстырмалы талдау жасалды. Талдау нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасалды:

  1. Негізгі мектеп физика курсында оқытылған материалдардың орта мектепте қайталануы;

  2. Негізгі мектепте оқу материалдарының күрделілігі;

  3. «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауында кванттық физика ұғымдарының оқытылуы;

  4. Оқулық бойынша тақырып саны көп, ал, бағдарламада тарауды оқытуға бөлінген сағат саны аз екендігі және есептер шығаруға уақыт жеткіліксіздігіне;

  5. «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауында эксперименттік жұмыстардың жасалмайтындығына көз жеткіздік.

Зерттеулер нәтижесінде «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауын оқытудың тиімді жаңа жүйесі жасалды. Бұл жүйе бойынша тарау «Атом ядросы. Ядролық энергетика» деп аталып, тараудың әдістемесі жасалды. Тарау мазмұны төмендегі кестеде келтірілген.
«Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауы
кесте 2



Сабақ тақырыбы

Сағат саны

1

Радиоактивтілік

1

2

Атом құрылысы

1

3

Ядролық физикадағы физикалық бірліктер

1

4

Ядро құрылысы

1

5

Ядроның радиоактивті түрленуі. Изотоптар

1

6

Ядролық күштер

1

7

Массалар ақауы. Байланыс энергиясы

1

2-кестенің жалғасы

1

2

3

8

Радиоактивті ыдырау заңы

1

9

Тізбекті реакция

1

10

Ядролық реакция. Ядролық реактор. Термоядролық реакция. Энергия. Күн және жұлдыздар энергиясы

1

11

Планеталардың пайда болуы және радиоактивтілік

1

12

Трансурандық элементтер

1

13

Иондаушы сәулелердің биологиялық әсері. Иондаушы сәулелердің қолданылуы

1

14

Бөлшектерді бақылау және тіркеу әдістері

1

15

Зертханалық жұмыс

1




Барлығы

15

«Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауын блок-модульдік технология негізінде оқытудың тиімділігі дәлелденді. Осы негізде оқу материалдарын 4 блок-модульге бөлу жоспарланды. Әр блок-модульдің мазмұнын төмендегі кестеде ұсынамыз.

кесте 3

Блок-модуль

Мазмұны

Сағат саны

І Блок-модуль

Радиоактивтілік

1

Атом құрылысы

1

Ядролық физикадағы физикалық бірліктер

1

І Блок-модуль бойынша деңгейлік тапсырмалар

1

ІІ Блок-модуль

Ядро құрылысы

1

Ядроның радиоактивті түрленуі. Изотоптар

1

Ядролық күштер

1

ІІ Блок-модуль бойынша деңгейлік тапсырмалар

1

ІІІ Блок-модуль

Массалар ақауы. Байланыс энергиясы

1

Радиоактивті ыдырау заңы

1

Тізбекті реакция

1

Ядролық реакция. Ядролық реактор. Термоядролық реакция. Энергия. Күн және жұлдыздар энергиясы

1

ІІІ Блок-модуль бойынша деңгейлік тапсырмалар

1

ІV Блок-модуль

Планеталардың пайда болуы және радиоактивтілік

1

Трансурандық элементтер

1




Иондаушы сәулелердің биологиялық әсері.

Иондаушы сәулелердің қолданылуы



1





Бөлшектерді бақылау және тіркеу әдістері

1




Зертханалық жұмыс

1

3-кестенің жалғасы

1

2

3

Тарауды қорытындылау

Қорытынды сабақ

1

Бақылау жұмысы

1

V Блок-модуль

Физика пәніне қызығушылар үшін





Жылулық сәулелену. Абсолют қара дене

1

Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Планк формуласы.

1

Фотоэффект құбылысы

1

Фотоэффект құбылысын түсіндіру. Эйнштейн формуласы. Фотоэффект құбылысын техникада пайдалану

1

Рентген сәулелері

1

ІІ тарауды қорытындылай келе, төмендегі нәтижелер алынды:



  1. Ресей Федерациясында қолданыста жүрген «Физика» оқулығына салыстырмалы талдау жасалды;

  2. Қазіргі таңда елімізде қолданылып жүрген «Физика» оқулығына салыстырмалы талдау жасалды;

  3. Салыстырмалы талдау нәтижесінде еліміздегі «Физика» оқулығының мазмұнын жетілдіріп, физикалық эксперименттермен толықтыру қажеттігіне көз жеткіздік;

  4. «Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауының оқу материалдары іріктелді;

  5. «Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауының оқыту әдістемесі жасалды,;

  6. «Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауы дозиметр эксперименттік жұмысымен толықтырылды.


ІІІ тарауда педагогикалық эксперимент жайлы сөз болады. Педагогикалық эксперимент 2 этаптан: зерттеуші 2009-2010 оқу жылы және оқыту эксперименті 2010-2012 оқу жылдарында жүргізілді.

Педагогикалық эксперименттің І этапында «Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауын блок-модульдік технология негізінде оқытуға ұстаздардың көзқарастары анықталды. Зерттеу экспериментіне барлығы 30 мұғалім қатысты. Зерттеу эксперименті барысында мұғалімдерге «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының мазмұнына байланысты сауалнама дайындалды. Сауалнама нәтижесі талданып, қорытынды жасалды.

Педагогикалық эксперименттің 2 этапында «Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауын блок-модульдік технология негізінде оқытудң тиімділігі дәлелденді. Оқыту эксперименті Қызылорда қаласында №2 Дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінде өтті. Оқыту экспериментіне 9-сынып алынды. Зерттеу барысында сынып 2 топқа: эксперименттік топ және бұрынғы бағдарлама бойынша оқитын топ болып бөлінді.

Эксперимент нәтижесі бойынша қорытынды бақылау алынды. Нәтижесі төмендегі кестеде берілген.


Бұрынғы бағдарлама бойынша оқитын сынып
кесте 4

Сұрақтың реті

1

2

3

4

5

Дұрыс жауаптар саны

Дұрыс жауаптар %

Деңгей

I деңгей

15

15

16

14

16

76

89,4

II деңгей

15

14

14

12

11

66

77,6

III деңгей

4













4

4,7

Эксперименттік сынып

кесте 5

Сұрақтың реті

1

2

3

4

5

Дұрыс жауаптардың саны

Дұрыс жауаптар %

Деңгей

I деңгей

17

17

16

16

16

82

96,47

II деңгей

15

14

15

16

14

74

87

III деңгей

8













8

9,4

диаграмма 1



диаграмма 2



диаграмма 3



ІІІ тарауды қорытындылай келе, төмендегідей қорытынды жасалды:



  1. «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауын «Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауы ретінде оқыту тиімділігі дәлелденді;

  2. «Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауын блок-модульдік технология негізінде оқытудың тиімділігі дәлелденді.

Қорытынды
«Негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі» тақырыбын зерттеу барысындағы зерттеу нысаны «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауы болатын. Алдымызға қойған мақсатымыз осы аталған тараудың мазмұнын анықтау мен тиімді әдістемесін жасау. Зерттеу жұмысы барысында алдымызға қойылған болжамдарды айқындап, нәтижесін педагогикалық эксперимент арқылы дәлелдедік. Зерттеу жұмысын қорытындылай келе, төмендегі тұжырымдарды алдық:

  1. Ресей Федерациясында және елімізде қолданылып жүрген «Физика және Астрономия» курсының «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының оқытылу жағдайына салыстырмалы талдау жасалды;

  2. Аталған тараудың бағдарлама бойынша тарауға бөлінген сағат саны Ресей Федерациясында қолданылып жүрген оқулықтағы тақырып санынан артық, ал еліміздегі оқулықтағы тақырып санынан аз екені анықталды;

  3. Салыстырмалы талдау барысында зерттеу нысанының мазмұнын жетілдіру қажеттілігі анықталды.

Педагогикалық эксперимент нәтижесінде тарауды оқытудың тиімді әдісі блок-модульдік технология негізінде оқыту екендігін дәлелеп, тараудың мазмұны айқындалды. Тарау «Атом ядросы. Ядролық энергетика» деп аталып, тиімді әдістемесі жасалды. Диссертациялық жұмыстың өзектілігі Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңдағы радиациялық ахуал мен өскелең ұрпақтың осы салада алып жатқан білімдерінің жеткіліксіздігі арасында пайда болған қарама-қайшылықтан туындаған болатын. Зерттеу барысында ұсынылып отырған «Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауында бұл мәселелер толықтай ашылды. Оқушылар:

  1. «Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауында Қазақстан Республикасындағы радиациялық ахуал жайлы;

  2. Радиацияның қандай дозасы қауіпті-қауіпсіздігі;

  3. Қазақстан Республикасындағы АЭС-ң тиімділігі мен тиімсіздігі;

  4. Қазақстан Республикасындағы уран өндірісі жайында;

  5. Радиациядан қалай қорғану керектігі жайында толықтай білім алып шығады.

Диссертациялық жұмыстың қорытындысы бойынша «Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауының мазмұны анықталып, блок-модульдік технология негізінде тиімді әдістемесі жасалды.

Зерттеу тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі:


  1. У. З. Ешимова, А. Муханбеткали «О состоянии школьного физического образования в Республике Казахстан» Х Международная научно-методическая конференция «Физическое образование: проблемы и перспективы развития» - Москва, 2011г

  2. Ұ. З. Ешімова, А. Мұханбетқали «12 жылдық білім жүйесінде негізгі мектепте «Атомдық физика» тарауын оқытудың өзекті мәселелері» /Физика Қазақстан мектебінде №6 (24) – 2009ж/

  3. Ұ. З. Ешімова, А. Мұханбетқали «Атомдық физика. Атом ядросы тарауын мектеп физика курсында оқытудың проблемалары», / «Орта мектептегі жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытудың өзекті мәселелері» атты облыстық ғылыми-әдістемелік семинар/ Қызылорда, 2010ж

  4. Ұ. З. Ешімова, А. Мұханбетқали «12 жылдық білім жүйесінде негізгі мектепте «Атомдық физика» тарауын оқытудың өзекті мәселелері» /Мұғалім №2 – 2011ж/

  5. А. Мұханбетқали «Негізгі мектепте «Атом физикасы» тарауында есептер шығару мәселесі» / Ғылым, білім және инновация: жастардың ғылыми шығармашылығы жас ғалымдардың ғылыми еңбектерінің жинағы / - 2009ж

  6. А. Мұханбетқали «Негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі» / педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның рефераты / - Қызылорда, - 2012ж

  7. Электрондық оқулық «Атом ядросы. Ядролық энергетика»

  8. Ұ. З. Ешімова, А. Мұханбетқали / Жұмыс дәптері: Физика-9 оқулығына қосымша құрал / - Қызылорда, 2012ж. – 3,1875 баспа беті.



Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Мякишев Г. Я., Буховцев Б. Б. Физика: учеб. для 11 кл. сред. шк. – 2-е изд., дораб. – М.: Просвещение, 1993. – 254с

  2. Основные результаты международного исследования образовательных достижений учащихся, Москва, 2009

  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі педагогика және психология

  4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы 2007 ж 27 шілде №319 51 бап, 4 тармақ

  5. Ресей Федерациясының «Білім туралы» заңы

  6. М. М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» /Аударған Д. А. Қайшыбекова/ - Алматы. – 180б

  7. Әуелбекова Г. Д. «Модульдік оқыту технологиясы негізінде оқу процесін ұйымдастыру». /Физика Қазақстан мектебінде №3,4 2007ж


Түйіндеме

Мұханбетқали Айгүл



«Негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі»

Магистрлік диссертация тақырыбы «Негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі». Зерттеу жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Магистрлік диссертация жұмысының І-тарауы 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қазіргі таңда қолданылып жүрген модульдік технология ұғымына ғылыми әдістемелік талдау жасалды. Нәтижесінде «Физика» курсын оқыту барысында бұл технологияны жетілдіру қажеттілігі анықталды. Осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында блок-модульдік технологияның қолдану жүйесі, «Физика» курсын оқыту барысында оның тиімділігі дәлелденді.

Зерттеу жұмысының ІІ-тарауында әлемдік тәжірибеде және отандық оқулықтардағы «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауын оқытудың мазмұнын талданды. ІІ-тарау үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Ресей Федерациясында қолданыста жүрген «Физика-9» оқулығында «Атом ядросы» тарауына бағдарлама бойынша қанша сағат бөлінгенін және оқулықтағы тараудың мазмұнының сәйкестілігі талданды. Нәтижесінде бағдарлама бойынша бөлінген сағат саны оқулықтағы тақырып санынан артық екеніне көз жеткізілді. Ал, ІІ-тараудың екінші бөлімінде қазіргі таңда елімізде қолданыста жүрген оқулықтардағы «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының мазмұны талданды. Нәтижесінде бағдарламада бөлінген сағат саны оқулықтағы тақырып санынан аз екіндігіне көз жеткізілді. Осы сараптамаларды қорытындылай келе, «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының мазмұнын жетілдіріп, оқу материалдарымен толықтыру қажеттілігі туындады. ІІ-тараудың үшінші бөлімінде «Атом ядросы. Ядролық энергетика» тарауының оқу әдістемесі жасалды.

Магистрлік диссертацияның ІІІ-тарауында жүргізілген педагогикалық экспериментке талдау және оның қорытындысы жасалды. Эксперимент 2 этаптан: зерттеу эксперименті және оқыту экспериментінен тұрды. Зерттеу экспериментінде Қызылорда қаласындағы №1, 2, 3, 4, 9 мектеп мұғалімдері сауалнамаға тартылып, негізгі мектепте жоғарыда аталған тараудың мазмұны, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныс пікірлер талданды. Осы ұсыныс пікірлер негізінде тараудың тақырыбы, тарау мазмұны анықталды. Ал, оқыту экспериментінде ұсынылған оқу бағдарламасы бойынша жүргізілген сабақтарда блок-модульдік технологияны қолдану тиімділігі дәлелденді. Зерттеу жұмысының соңында бақылау алынып, екі топтың нәтижелері сараланып қорытынды жасалды.

Сонымен қатар, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар қоса берілді.



Резюме

Муханбеткали Айгул



«Теория и методика обучения главы атомная физика в курсе физики основной школы на основании модульной технологии»

Тема магистрской диссертации «Теория и методика обучения главы атомная физика в курсе физики основной школы на основании модульной технологии». Исследовательская работа состоит из введения, 3 глав, заключения и списка использованных литератур.

Первая глава магистрской диссертации состоит из 3 разделов. Первый раздел включает в себя научно-педагогический анализ в отношении понятия модульной технологии, применимой в настоящее время. В результате чего, определена необходимость совершенствования данной технологии в ходе обучения курса «Физики». В целях осуществления данной задачи были доказаны система применения блочно-модульной технологии и ее эффективность при обучении курса «Физики».

Во второй главе исследовательской работы было проанализировано содержание главы «Структура атома. Атомные явления», «Ядро атома. Ядерная энергия. Элементарные частицы и сведения о развитии мира» как в мировой практике так и отечественных учебниках. Первый раздел включает в себя анализ распределения часов и соответствия содержания главы по программе главы «Ядро атома» учебника «Физика 9», применяемого в Российской Федерации. В результате стало ясно, что количество распределенных по программе часов превышает количество тем в учебнике. А также анализ содержания главы «Структура атома. Атомные явления», «Ядро атома. Ядерная энергия. Элементарные частицы и сведения о развитии мира» применяемой в настоящее время. В результате чего, количество распределенных по программе часов меньше количества тем в учебнике. Делая вывод по данным анализам убедились, что возникает необходимость совершенствования содержания главы «Структура атома. Атомные явления», «Ядро атома. Ядерная энергия. Элементарные частицы и сведения о развитии мира» и дополнения ее учебными материалами. В третьем разделе была составлены методика преподавания «Ядро атома. Ядерная энергетика».

В третьей главе магистрской диссертации представлен анализ педагогического эксперимента и его результаты. Эксперимент проведен по 2-м этапам: исследовательский и учебный. По исследовательскому эксперименту был проведен опрос среди школ № 1, 2, 3, 4, 9 города Кызылорда, согласно которого проанализированы предложения и мнения в отношении совершенствования содержания вышеуказанной главы. На основании предложений и мнений были определены тема и содержание главы. А в учебном эксперименте была доказана эффективность применения блочно-модульной технологии по учебной программе. В конце исследовательской работы была получена контрольная, проведен анализ результатов обеих групп.

Также прилагаются список использованных литератур и приложений.



Summary

Mukhanbetkali Aigul

The theory and methods of teaching the chapter “Nucleus of atom” in primary school physics course based on modular technology”

Master's dissertation theme is “The theory and methods of teaching the chapter “Nucleus of atom” in primary school physics course based on modular technology”. The research work consists of an introduction, three chapters, conclusion and list of bibliography.

Chapter I of Master's dissertation consists of three sections. The first section includes the scientific and pedagogical analysis on the concept of modular technology that is applicable at present time. As a result, the need to improve this technology in teaching the course “Physics” is defined. In order to implement this task, the system of applying block-modular technology and its effectiveness in teaching the course “Physics” were proven.

In the second Chapter of the research work, the content of teaching Chapter “Atom structure. Atomic phenomena”, “Nucleus of atom. Nuclear energy”, “Elementary particles and information about the world development” in world experience and as well as in domestic textbooks was analyzed. Chapter II consists of three sections. The first section includes an analysis of the distribution of hours and compliance of chapter content with curriculum of “Nucleus of atom” of the textbook “Physics 9”, used in the Russian Federation. As a result, it became clear that the number of hours allocated on the hourly curriculum exceeds the number themes in the textbook. The second section of Chapter II presents an analysis of the content of Chapter “Atom structure. Atomic phenomena”, “Nucleus of atom. Nuclear energy”, “Elementary particles and information about the world development” used at present time. As a result, the number of hours allocated on the hourly curriculum is less than the number of themes in the textbook. Concluding on these analyzes it was ascertained that there is a need to improve the content of Chapter “Atom structure. Atomic phenomena”, “Nucleus of atom. Nuclear energy”, “Elementary particles and information about the world development” and to supplement it with learning materials. In the third section the methodology of Chapter II “Nucleus of atom. Nuclear power engineering” was developed.

Chapter III of dissertation contains an analysis of conducted pedagogical experiment and its results. The experiment was conducted on two stages: research and educational. During research experiment the survey among teachers of schools No. 1, No. 2, No. 3, No. 4, No. 9 of Kyzylorda City was conducted, according to which suggestions and opinions concerning the improvement of the above chapter content were analyzed. Based on the suggestions and opinions the theme and content of the chapter were identified. And in the learning experiment the effectiveness of applying block-modular technology according to curriculum was proved. At the end of the chapter a control work was conducted and analysis of the results of both groups with drawing conclusions was performed.

Also, list of references and appendixes is attached.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет