Реферт «Си++ тiлiнiң негiзгi түсiнiктерi» Орындаған: Есен а тексерген: Шайкулова а алматы, 2022



бет4/12
Дата22.06.2022
өлшемі144.24 Kb.
#459418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Есен Айдар

2 Массивтер




Массив дегенiмiз – бiр типтi реттелген мәлiметтер жиынын қамтитын айнымалы. Массивтiң әрбiр элементiне оның адресi бойынша қатынас құруға болады. Си және С++ тiлдерiнде массив мәлiметтердiң стандартты типi болып саналмайды.Си және С++ тiлiнде массивтi құру және онымен жұмыс iстеу негiзiнде бiрдей болады.


2.1 Массивтердiң қасиеттерi

Төменде массивтiң қасиетiн анықтайтын төрт негiзгi принциптер келтiрiлген:



  • Массивте жеке мәндер сақталынады. Олар элементтер деп аталады.

  • Массивтiң барлық элементтерi бiр типтi болу қажет.

  • Массивтiң барлық элементтерi жадыда тiзбектi түрде сақталынады және бiрiншi элемент адрестiң нольдiк жылжуын алады, яғни нөлiншi индекс.

  • Массив аты тұрақты болып саналады және массивтiң бiрiншi элементiнiң адресiн сақтайды.

2.2 Массивтi баяндау

Төменде массивтi баяндау мысалдары берiлген:


int array[12]; /* 12 бүтiн саннан тұратын массив */
char carray[20]; /* 20 символдан тұратын массив */
Қарапайым айнымалыларды сипаттағандай массивтердi баяндау, оның
мәлiметтер типiн көрсету арқылы орындалады. Одан кейiн массив аты және екi тiк жақша қою керек. Олар массив размерiн анықтайды. Тiк жақшалар iшiнде тек тұрақтылар тұруы мүмкiн. Компилятор массивке қанша көлем жадыдан бөлу керектiгiн дәл бiлуi қажет. Сондықтан массив размерi алдын ала берiледi және программаның орындалу уақытында өзгертiлуi мүмкiн емес.


2.3 Массивтердi инициалдау


Массивтердi инициалдауды 3 тәсiлдiң бiреуiн қолдану арқылы жүзеге асырамыз:

  • Массивтi құру кезiнде – инициализациялауды үнсiз келiсiм бойынша қолдану арқылы (бұл тәсiл тек ауқымды және статикалық массивтер үшiн қолданылады);

  • Массивтi құру кезiнде – бастапқы тұрақты мәндi анық көрсету арқылы жүзеге асады.

  • Программаның орындалу процессiнде – массивке мәлiметтердi жазу жолы арқылы жүзеге асады.

Құру кезiнде массивке тек тұрақты мәндер берiлуi тиiс. Сосын
массивке айнымалылар мәндерiн жазуға да болады. Массивтер көлемiне қарай бiр өлшемдi, екi өлшемдi және көп өлшемдi болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет