2015 жылғы «___»____________ №____
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
-
Жалпы ережелер
1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринарлық ұйымдары - аудандар мен Орал қаласының «Ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 27 тамызда № 11959 болып тіркелді) бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Ветеринариялық паспорттан үзінді көшірмені алу қажет болған жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
-
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
-
www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру тәсілдерінің бірімен жануарларға ветеринариялық паспорт бере отырып жеке нөмір беру, телнұсқа беру, ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрде.
4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес чиптердің құнын қайтару ақылы негізде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша айқындалған чиптердің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.
-
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) ұсыну болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
-
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды қабылдаған күні мен уақытын, қабылдаған тұлғаның аты-жөнін көрсете отырып, өтініштің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, құжаттарды қызметті берушінің жауапты орындаушысына қарауға жібереді.
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына қарауға жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бастапқы бірдейлендіруді жүргізу ретінде облыстың жергілікті атқарушы органмен анықталған мерзімінде ұсынылған құжаттарды тексереді, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәсілдерінің біреуімен жануарға жеке нөмір береді, жануардың жеке нөмерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер қорына енгізеді, ауыл шаруашылығы жануарына жеке нөмір берілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ветеринариялық паспортты дайындайды.
Нәтижесі – ветеринариялық паспортты дайындау арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәсілдерінің бірімен жануарларға алғашқы жеке нөмір беру.
Сырға (сырғалар) жоғалған немесе бүлінген кезде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті берушіге сырға түскен кезінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде телнұсқасын дайындайды.
Ірі жануардың сырғаларының біреуі жоғалған немесе бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге аспалы сырға телнұсқасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Нәтижесі – телнұсқасын дайындау.
Ветеринариялық паспорт жоғалған немесе тозған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ветеринариялық паспорттың телнұсқасын дайындайды.
Нәтижесі – ветеринариялық паспорттың телнұсқасын дайындау.
Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірмені алу қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш білдірген күн ішінде ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірмені дайындайды.
Нәтижесі – ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірмені дайындау.
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде журналға тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға ветеринариялық паспортты, немесе телнұсқасын, немесе ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірмені береді.
Нәтижесі – ветеринариялық паспорт, немесе телнұсқасын, немесе ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірмесін беру.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесi:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылын толық сипаттау осы «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттің (бұдан әрі – регламент) 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
қолдану тәртібін сипаттау
9. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсiмдерінiң (iс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:
-
көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталып тұратын электрондық цифрлык қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған тіркеу куәлігінің көмегімен порталға тіркелуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
-
1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, көрсетілетін қызметті алушының паролін порталға енгізу процесі (авторландыру процесі);
-
1-шарт – логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;
-
2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде кемшіліктердің болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны порталда қалыптастыру;
-
3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен үлгілік талаптарын ескере, сұраныс нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде жалғай отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);
-
4-процесс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
-
2-шарт – порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің ішінде болмауын, сондай-ақ сұраныста көрсетілген ЖСН және (немесе) БСН мен ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН және (немесе) БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеруі;
-
5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның расталмауына байланысты сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
-
6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге толтырылған сұраныс нысанын (енгізілген деректерін) куәландыру (қол қою);
-
7-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) «Е - лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) тіркеу және сұранысты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да өңдеу;
-
3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруі;
-
8-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде кемшіліктердің болуына байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
-
9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Портал арқылы «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы осы регламенттiң 2-қосымшасында көрсетілген.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық
паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығы
құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды қабылдаған күні мен уақытын, қабылдаған тұлғаның аты-жөнін көрсете отырып, өтініштің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, құжаттарды қызметті берушінің жауапты орындаушысына қарауға жібереді 30 (отыз) минут ішінде
ветеринариялық паспортты, немесе телнұсқасын, немесе ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірмені дайындайды :
ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бастапқы бірдейлендіруді жүргізу ретінде облыстың жергілікті атқарушы органмен анықталған мерзімінде ұсынылған құжаттарды тексереді, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәсілдерінің біреуімен жануарға жеке нөмір береді, жануардың жеке нөмерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер қорына енгізеді, ауыл шаруашылығы жануарына жеке нөмір берілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ветеринариялық паспортты дайындайды,
сырға (сырғалар) жоғалған немесе бүлінген кезде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті берушіге сырға түскен кезінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде,
ірі жануардың сырғаларының біреуі жоғалған немесе бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге аспалы сырға телнұсқасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде,
ветеринариялық паспорт жоғалған немесе тозған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде,
ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірмені алу қажет болған жағдайда өтініш білдірген күн ішінде
журналға тіркейді және ветеринариялық паспортты, немесе телнұсқасын, немесе ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірмені береді
30 (отыз) минут ішінде
Шартты белгілер:
мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
көрсетілетін қызметті берушінің рәсімінің (қимылдың) атауы;
келесі рәсімге (іс қимылға) өту.
«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық
паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Портал арқылы «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттік қызметін көрсету процесінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
1-процесс
3-процесс
6-процесс
4-процесс
7-процесс
9-процесс
2-процесс
5-процесс
8-процесс
көрсетілетін қызметті алушы
Шартты белгілер:
|
Бас тарту
|
|
Ақпараттық жүйе
|
|
Процесс
|
|
Шарт
|
|
Басқару ағыны
|
|
Хабарлау ағыны
|
|
Көрсетілетін қызметті алушыға жеткізілетін электрондық құжат
|
Достарыңызбен бөлісу: |