Регламенті Жалпы ережелер «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»



Дата03.07.2016
өлшемі221.5 Kb.
#175316
түріРегламент



Зырян ауданы әкімдігінің

2012 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 1606 қаулысымен бекітілді



«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»

электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті


1. Жалпы ережелер
1. «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - қызмет) «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - қызмет беруші), баламалы негізде тұрғылықты мекен - жайлары бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық), сонымен қатар www.e.gov.kz мекен-жайы бойынша «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі.

2. Қызмет «Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 қаулысымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызметі стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

3. Қызметтің автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтитын электрондық мемлекеттік қызмет).

4. Қызметті көрсету түрі: транзакциялық.

5. «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентінде пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар (бұдан әрі – Регламент):

1) АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны;

2) ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АЖ) – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдану арқылы ақпаратты сақтау, өңдеу, іздестіру, тарату, жеткізу және тапсыру үшін арналған жүйе;

3) біріңғай нотариалдық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – БНАЖ) – бұл нотариалдық қызметті автоматтандыруға, әділет және нотариалдық палаталар органдарының өзара-әрекеттестігіне арналған аппаратты-бағдарламалық жүйе;

4) ЖАО АЖ – жергілікті атқарушы орган ақпараттық жүйесі;

5) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) – жеке тұлғаға, соның ішінде жеке кәсіпкерлік сипатындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерге арнап қалыптастырылған бірегей нөмір;

6) ЖТ ММБ - «Жеке тұлғалар» мемлекеттік мәліметтер базасы;

7) ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірліктер;

8) медиа-үйлесімсіздік – құжаттарды электронды үлгіден қағаз үлгісіне немесе керісінше өзгерту қажет болған жағдайдағы қызмет көрсету үрдісіндегі қағаз және электрондық құжат айналымын кезектестіру;

9) пайдаланушы – ақпараттық жүйеден өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алатын және оны қолданатын субьект;

10 транзакциондық қызмет – электрондық сандық қолды қолданып өзара ақпарат алмастыруды талап ететін пайдаланушыларға электрондық ақпараттық қызмет ресурстарын көрсету бойынша қызмет;

11) тұтынушы – электронды мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

12) халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО АЖ) – тұрғындарға қызмет көрсету үрдісін Қазақстан Республикасының халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар тиісті министрліктер мен ведомстволар арқылы автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

13) электрондық құжат – ақпаратты электронды-сандық үлгіде тапсыратын және ЭСҚ куәландырылған құжат;

14) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы электрондық үлгіде көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

15) электрондық сандық қол (бұдан әрі - ЭСҚ) - электрондық сандық қол құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың анықтығын, оның қатыстылығын және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық сандық символдар жиынтығы;

16) «электрондық үкімет» шлюзы (бұдан әрі - ЭҮШ) – электрондық қызметтерді жүзеге асыру аясында «электрондық үкімет» ақпараттық жүйесін біріктіру үшін арналған ақпараттық жүйе;

17) «электрондық үкіметтің» аймақтық шлюзі (бұдан әрі - ЭҮАШ) – электрондық қызметтерді іске асыру аясында «электрондық әкімдік» ақпараттық жүйелерін біріктіруге арналған «электрондық үкімет» шлюзінің қосалқы жүйесі;

18) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) – нормативті-құқықтық базаны қосқанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпарат пен электронды мемлекеттік қызметті бірыңғай терезеге қолжетімділікпен қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде

қызмет беруші әрекетінің тәртібі
6. Осы Регламенттің 2 қосымшасында ЭҮП арқылы қызмет берушінің адымдық әрекеттері және шешімдері көрсетілген (Қызмет беруші арқылы қызмет көрсетуде функциялық әрекеттестіктің № 1 диаграммасы):

1) тұтынушы ЖСН және жасырын сөз арқылы ЭҮП тіркеу жасайды (ЭҮП тіркелмеген тұтынушыларға);



2) 1 үрдіс – тұтынушымен қызмет алу үшін ЖСН және жасырын сөзді ЭҮП енгізу процесі (авторландыру процесі);

3) 1 шарт – ЭҮП тіркелген тұтынушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН және жасырын сөз арқылы тексеру;

4) 2 үрдіс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациалаудан бас тарту туралы ЭҮП хабарлама қалыптастыру;

5) 3 үрдіс– тұтынушымен осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы,

қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, нысанды толтыру үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу және сканерленген құжаттарды бекіту), сұрау нысанына Стандарттың 11-тармағында көрсетілген электрондық түрде қажетті құжаттар көшірмесін бекіту, сонымен бірге тұтынушымен сұрауды растау (қол кою) үшін ЭСҚ тіркеу куәлігін тандау;

6) 2 шарт – сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін (сұрау салудағы ЖСН-мен ЭСҚ-ғы тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы), ЭСҚ-ң тіркеу куәлігінің мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) ЭҮП тіркеу куәлігінің жоқ екендігін тексеру;



7) 4 үрдіс –ЭСҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5 үрдіс – мемлекеттік электронды қызмет көрсетуге сұрауды растау

және қызмет берушімен электрондық құжатты (сұрауды) өндеу үшін ЭҮШ арқылы ЭҮӨШ АЖО жіберу;



9) 6 үрдіс– электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО тіркеу;

10) 3 шарт – қызмет берушімен Стандартта көрсетілген тұтынушының құжаттарын сәйкестікке және қызмет көрсетуге тексеру (өндеу);

11) 7 үрдіс– тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

12) 8 үрдіс-тұтынушымен (жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама) ЭҮАШ АЖО қалыптастырылған қызметтің нәтижесін алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭСҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.

7. Осы Регламенттің 2 қосымшасында ЭҮП арқылы қызмет берушінің адымдық әрекеттері және шешімдері көрсетілген (Қызмет беруші арқылы қызмет көрсетуде функциялық әрекеттестіктің № 2 диаграммасы):


  1. 1 үрдіс– мемлекеттік электронды қызметті алу үшін қызмет берушінің қызметшісімен ЭҮӨШ ажо тұтынушының ЖСН және жасырын сөзін (авторландыру процесі) енгізу үдерісі;

  2. 2 үрдіс – қызмет берушінің қызметшісімен осы Регламентте көрсетілген қызметті тандау, экранға қызмет көрсету үшін сұрау нысанын шығару және қызмет берушінің қызметшісімен тұтынушының деректерін енгізу;

  3. 3 үрдіс – ЭҮШ арқылы ЖТ ММБ тұтынушы туралы сұрау жіберу;

  4. 1 шарт ЖТ ММБ тұтынушының деректерін тексеру;

  5. 4 үрдіс – ЖТ ММБ тұтынушы туралы мәліметтер жоқ болуына байланысты мәліметтерді алу мүмкіндік жоқ туралы хабарлама қалыптастыру;

6) 5 үрдіс – қызмет берушінің қызметшісімен құжаттардың болуы және сканерленген құжаттар туралы сұрау нысанын толтыру, оларды сұрау нысанына тіркеу және толтырылған нысанды (енгізілген мәліметтер) ЭСҚ арқылы растау;

7) 6 үрдіс- электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО тіркеу;

8) 2 шарт - қызмет берушімен Стандартта көрсетілген тұтынушының құжаттарын сәйкестікке және қызмет көрсетуге тексеру (өндеу);

9) 7 үрдіс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы ЭҮП хабарламаны қалыптастыру;

10) 8 үрдіс-тұтынушымен (жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама) ЭҮАШ АЖО қалыптастырылған қызметтің нәтижесін алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭСҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады;

8. Осы Регламенттің 2 қосымшасында Орталық арқылы қызмет берушінің адымдық әрекеттері және шешімдері көрсетілген (Қызмет беруші арқылы қызмет көрсетуде функциялық әрекеттестіктің № 3 диаграммасы):


  1. 1 үрдіс – мемлекеттік электронды қызметті алу үшін Орталық операторымен ХҚКО АЖ АЖО тұтынушының ЖСН және жасырын сөзін (авторландыру процесі) енгізу үдерісі;

  2. 2 үрдіс – Орталық операторымен осы Регламентте көрсетілген қызметті тандау, экранға қызмет көрсету үшін сұрау нысанын шығару және Орталық операторымен тұтынушының деректерін енгізу;

  3. 3 үрдіс – ЭҮШ арқылы ЖТ ММБ тұтынушы туралы сұрау жіберу;

  4. 1 шарт ЖТ ММБ тұтынушының деректерін тексеру;

5) 4 үрдіс – ЖТ ММБ тұтынушы туралы мәліметтер жоқ болуына байланысты мәліметтерді алу мүмкіндік жоқ туралы хабарлама қалыптастыру;

6) 5 үрдіс – Орталық операторымен құжаттардың болуы және сканерленген құжаттар туралы сұрау нысанын толтыру, оларды сұрау нысанына тіркеу және толтырылған нысанды (енгізілген мәліметтер) ЭСҚ арқылы растау;



7) 6 үрдіс - мемлекеттік электронды қызмет көрсетуге сұрауды растау және қызмет берушімен электрондық құжатты (сұрауды) өндеу үшін ЭҮШ арқылы ЭҮӨШ АЖО жіберу;

8) 7 үрдіс - электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО тіркеу;

9) 2 шарт - қызмет берушімен Стандартта көрсетілген тұтынушының құжаттарын сәйкестікке және қызмет көрсетуге тексеру (өндеу);

10) 8 үрдіс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы ЭҮП хабарламаны қалыптастыру;

11) 9 үрдіс - тұтынушымен (жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама) ЭҮАШ АЖО қалыптастырылған қызметтің нәтижесін алуы.

9. ЭҮП арқылы қызметті алған жағдайда тұтынушыға ұсынатын электрондық мемлекеттік қызметке сұрау және өтініш толтырудың экрандық үлгілері www.e.gov.kz мекен-жайы бойынша «электрондық үкімет» веб-порталында ұсынылған.

10. Қызмет көрсету бойынша сұраудың орындалу дәрежесін тұтынушының тексеру әдісі: «электрондық үкімет» порталында «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде, сонымен қатар қызмет берушіге немесе Орталыққа өтініш жасау кезінде.

11. Электрондық мемлекеттік қызмет туралы ақпарат пен кеңесті ЭҮП call-орталығының телефоны: 1414 бойынша алуға болады.


3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау
12. Қызмет көрсету үрдісіне қатысатын ҚФБ:

Қызмет беруші; орталық Операторы; ЭҮП; ЭҮШ, ЭҮАШ, ЭҮАШ АЖО; ХҚКО АЖ АЖО; БНАЖ; ЖТ ММБ.



13. Осы Регламенттің 1 қосымшасында әр іс-қимылдың (процедуралар, функциялар, операциялар) орындалу мерзімі көрсетілген іс-қимылының кезектілігінің мәтіндік кестелік сипаттауында келтірілген.

14. Осы Регламенттің 2 қосымшасында олардың сипаттамасына сәйкес (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде) іс-қимылның қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграммалар келтірілген.

15. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы ұсынылуға тиісті бланктердің нысандары, үлгілері, соның ішінде пішінді-логикалық бақылау ережелерін көрсете отырып, хабарламалар, хаттар мен ескертулер Осы Регламенттің 3 қосымшасында көрсетілген.

16. Осы Регламенттің 4 қосымшасына сәйкес тұтынушыларға электрондық қызмет көрсетудің нәтижесі сапа және қолжетімділік көрсеткішімен өлшенеді.

17. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде тұтынушылармен көрсетілетін талаптар:



  1. адамның конституциялық құқығы мен еркіндігін сақтау;

  2. қызметтік міндетін атқаруда заңдылықты сақтау;

  3. оңашылық (мәліметтің рұқсатсыз алуынан қорғау);

  4. бүтіндік (мәліметтің рұқсатсыз өзгеруінен қорғау);

  5. қол жетімділік (мәліметтің рұқсатсыз ұсатп қалу және қорлардан қорғау).

18. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету техникалық қызметтері: Интернетке шығу, ЖСН болуы, ЭҮП авторландыру, тұтынушының ЭСҚ болуы.

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»


электрондық мемлекеттік қызметтің

Регламентіне 1 қосымша


1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы.


1

Іс-әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

6

7

8

2

ҚФБ атауы

Тұтынушы

ЭҮП

Тұтынушы

ЭҮП

Тұтынушы

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің,
операцияның) аталуы және сипаты

ЖСН және жасыру сөз арқылы ЭҮП авторланады.

тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастырады;

Қызмет тандайды және тұтынушының ЭСҚ тандауымен сұрау мәліметтерін қалыптастырады

тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастырады

Тұтынушының ЭСҚ арқылы растау (қол қою) және ЭҮӨШ АЖО сұрау жіберу

Құжатты тіркеу

тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастырады

Тұтынушымен қызмет нәтижесін алу


4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-
әкімгерлік шешім)

Сұраудың қалыптасу туралы хабарлама көрсету.

Сұранған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту хабарлама қалыптастыру

Сұраудың маршрутизациясы

Сұранған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту хабарлама қалыптастыру

Сұраудың маршрутизациясы .

Өтініш берушіге нөмір берумен сұрауды тіркеу

Негізделген бас тарту жауабын қалыптастыру.

Шығыс құжатты көрсету

5

Орындау мерзімі

30 секунд – 1 минут

30 секунд

1,5 минут

1,5 минут

30 секунд – 1 минут

1 минут

30 секунд

10 минут

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2– тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болу кезде; 3–авторландыру өткізілген кезде



4 - тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болу кезде; 5–бұзушылықтар жоқ кезде

-

-

7 - тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болу кезде; 8 –бұзушылықтар жоқ кезде

-

-



2 кесте. Қызмет беруші арқылы ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы


1

Іс-әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

6

7

8

2


ҚФБ атауы

Қызмет беруші

Қызмет беруші

Қызмет беруші

ЖТ ММБ

Қызмет беруші

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің,
операцияның) аталуы және сипаты

ЖСН және жасыру сөз арқылы ЭҮӨШ АЖО авторланады.

Қызмет берушінің қызметшісімен қызмет тандау


ЖТ ММБ тұтынушының мәліметтері туралы сұрау жіберу

ЖТ ММБ мәліметтері жоқ екені туралы хабарлама қалыптастыру

ЭСҚ куәлігімен және сканерленген құжаттармен сұрау нысанын толтыру


ЭҮӨШ АЖО құжатты тіркеу

тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастырады

Тұтынушымен қызмет нәтижесін алу


4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-
әкімгерлік шешім)

Тұтынушыға нөмір берумен сұрауды жүйеде тіркеу

Сұраудың қалыптасу туралы хабарлама көрсету.

Сұраудың маршрутизациясы .

Негізделген бас тарту жауабын қалыптастыру.

Сұраудың маршрутизациясы .

Өтініш берушіге нөмір берумен сұрауды тіркеу .

Негізделген бас тарту жауабын қалыптастыру.

Қызмет нәтижесі- хабарламаны қалыптастыру

5

Орындау мерзімі

10–15 секунд

10 секунд

1,5 минуты

10-15 секунд

10-15 секунд

1,5 минуты

1,5 минуты

10 минут

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

-



4 – бұзушылықтар болу кезде ; 5 – бұзушылықтар жоқ кезде

-

6

7– бұзушылықтар болу кезде ; 8– бұзушылықтар жоқ кезде

-

-


3 кесте. Орталық арқылы ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

1

действия

(хода, потока работ)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2

Наименование СФЕ

АРМ ИС ЦОН

Оператор Центра

Оператор Центра

ГБД ФЛ, ЕНИС

Оператор Центра

Оператор Центра

АРМ РШЭП

АРМ РШЭП

АРМ РШЭП

3

Наименование

действия (процесса, процедуры, операции) и их описание

ЖСН және жасыру сөз арқылы Орталық операторы авторланады

Қызмет берушінің қызметшісімен қызмет тандау


ЖТ ММБ, БҰАЖ тұтынушының мәліметтері туралы сұрау жіберу


ЖТ ММБ мәліметтері жоқ екені туралы хабарлама қалыптастыру Формирует сообщение о невозможности получения данных в связи с отсутствием данных потребителя

Заполнение запроса с прикрепление к форме запроса необходимых документов и удостоверенние ЭЦП

Направление документа удостоверенного (подписанного) ЭЦП в АРМ РШЭП

Регистрация документа

Формирование сообщения об отказе в услуге в связи с имеющимися нарушениями в документах потребителя

Получение потребителем результата услуги


4

Форма завершения (данные, документ организационно–распорядительное решение)

Тұтынушыға нөмір берумен сұрауды жүйеде тіркеу .

Сұраудың қалыптасу туралы хабарлама көрсету .

Сұраудың маршрутизациясы .

Негізделген бас тарту жауабын қалыптастыру

Сұраудың қалыптасу туралы хабарлама көрсету

Сұраудың маршрутизациясы .

Өтініш берушіге нөмір берумен сұрауды тіркеу .

Негізделген бас тарту жауабын қалыптастыру

Қызмет нәтижесі- хабарламаны қалыптастыру

5

Сроки исполнения

30 секунд – 1 минут

30 секунд

1,5 минут

1,5 минут

30 секунд – 1 минут

1 минут

1 минут

30 секунд – 1 минут

3 жұмыс күн

6

Номер следующего действия

2

3

4 - тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болу кезде ; 5– бұзушылықтар жоқ кезде

-

-

-

8 – бұзушылықтар болу кезде ; 9 – бұзушылықтар жоқ кезде

-

-

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»


электрондық мемлекеттік қызметтің

Регламентіне 2 қосымша


ЭҮП арқылы қызмет көрсетуде функциялық әрекеттестіктің№ 1 диаграммасы

Қызмет беруші арқылы қызмет көрсетуде функциялық әрекеттестіктің№ 2 диаграммасы




Орталық арқылы қызмет көрсетуде функциялық әрекеттестіктің № 3 диаграммасы

Шартты белгілеулер






Бас хабарлама



Соңғы хабарлама



Аралық хабарлама



Жай оқиғалар қорытынды



Қате



Таймер-оқиғалар



Ақпараттық жүйе



Үрдіс



Шарт



Хабарламалар ағыны



Басқару ағыны



Соңғы тұтынушыға берілетін электрондық құжат

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» электрондық мемлекеттік

қызметтің Регламентіне 3 қосымша

Қызметке өтініштің экрандық нысаны





Тұтынушыға берілетін хабарламалар
Хабарламалар өтінішті орындау мәртебесі өзгеруімен беріледі.

Хабарламалар мәтiнімен кез келген жол «электрондық үкiметтiң» порталында дербес кабинетте «Хабарламалар» бөлiмінде шағылысады.



Қызметке (жұмыссыз азаматтарға анықтама беру) жағымды жауаптың шығыс формасы

Қызметтен теріс (бас тарту) жауаптың шығыс нысаны
Жауаптың теріс шығыс нысаны бас тарту негіздемесі бар мәтінімен хат түрінде жеткізіліп беріледі.

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» электрондық мемлекеттік

қызметтің Регламентіне 4 қосымша

Қызмет көрсеткiштерiн анықтау үшiн сауалнаманың формасы:

«сапа және қолжетімдік»

____________________________________________________________

(қызметтің атауы)
1.Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесімен және процесстің сапасымен Сізді қанағаттандырды ба?

1) қанағаттандырылмаған;

2) жартылай қанағаттандырылған;

3) қанағаттандырылған.


2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасы Сізді қанағаттандырды ма?

1) қанағаттандырылмаған;



2) жартылай қанағаттандырылған;

3) қанағаттандырылған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет