Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы «___ »________
№ ______ қаулысымен
бекітілген
«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына
куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы;
2) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі - қағаз түрінде өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасы.
ЭҮП арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны мен күні туралы хабарлама жолданады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) бекітілген «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін және өзге құжаттарын немесе көрсетілетін қызметті берушінің электрондық сұрау салуын алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға беру – 15 (он бес) минут;
2) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының қарауы және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтауы – 1 жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының құжаттарды қарауы, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруі, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуі – 1 жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы – 1 жұмыс күні;
5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ХҚО-на немесе ЭҮП-ға жолдау - 1 жұмыс күні.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының тіркелуі және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының жауапты орындаушыға тапсырмасы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қоюға жолдауы;
4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;
5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жалғанған хатты ХҚО-на немесе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдау.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды және журналда тіркейді, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді – 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді – 1 жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қоюға жолдайды:
өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлігін беру кезінде - 5 жұмыс күні;
өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігін телнұсқасын беру кезінде – 2 жұмыс күні;
бұрын берілген куәліктің қолдану мерзімі аяқталған жағдайда, өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлікті беру кезінде – 2 жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды – 1 жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ХҚО-на немесе ЭҮП-ға жолдайды – 1 жұмыс күні.
-
Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. ХҚО арқылы өтініш беру тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу процесінің сипаттамасы:
-
көрсетілетін қызметті алушы ХҚО операторына Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтінішті және қажетті құжаттарды ұсынады;
-
1-процесс – ХҚО операторының қызмет көрсету үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының кіріктірілген ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ХҚО КАЖ АЖО) логин мен парольді енгізу (авторландыру процесі);
-
2-процесс – ХҚО операторының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсетуге арналған сұрау салу нысанын шығару және ХҚО операторының көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) мәліметтерін енгізу;
-
3-процесс – «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін «жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ), сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхатының мәліметтерін Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) сұрау салу жіберу;
-
1-шарт – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің және БНАЖ-де сенімхат мәліметтерінің болуын тексеру;
-
4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің және БНАЖ-де сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты, мәліметтер алу мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
-
5-процесс – ЭҮШ арқылы ХҚКО операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) жіберу;
-
6-процесс – электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО-на тіркеу;
-
2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған Стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және мемлекеттік қызмет көрсету үшін негізін тексеру (өңдеу);
-
7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты, сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
-
8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ХҚО операторы арқылы ЭҮӨШ АЖО қалыптастырған мемлекеттік қызметті қөрсету нәтижесін алу.
10. ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау:
-
көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН), сонымен қатар парольдің көмегімен (ЭҮП-да тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) ЭҮП-да тіркеуді жүзеге асырады;
-
1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-да ЖСН мен паролін енгізу (авторландыру процесі);
-
1-шарт – ЭҮП-да тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің түпнұсқалығын ЖСН мен пароль арқылы тексеру;
-
2-процесс – ЭҮП-да көрсетілетін қызметті алушының мәліметтеріндегі бұзушылықтарға байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
5) 3-процесс – осы «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті алушының таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салудың нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті электрондық түрдегі құжаттардың көшірмесін тіркеу, сонымен қатар сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауымен байланысты сұратылып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
8) 5-процесс – ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды) ЭҮӨШ АЖО-на көрсетілетін қызметті берушіге өңдеу үшін жолдау;
9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен қоса берілген Стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін негізін тексеру;
10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты, сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭҮӨШ АЖО қалыптастырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы.
11. ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 1 – қосымшасында келтірілген.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы ЭҮП-да, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді
жүргізу құқығына куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1 -қосымша
ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының
диаграммасы
Бас тарту
Бас тарту
Сұрау салу
Бас тарту
Көрсетілетін қызметті алушы
|
|
Бастапқы хабарлама
|
|
Аяқтаушы хабарлама
|
|
Аяқтаушы қарапайым оқиға
|
|
Қате
|
|
Ақпараттық жүйе
|
Процесс
|
Процесс
|
|
Шарт
|
|
Хабарлама ағыны
|
|
Басқару ағыны
|
|
Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат
| Шартты белгілер:
«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді
жүргізу құқығына куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына
куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
құжаттарды қабылдау және журналда тіркеу, көрсетілетін қызметті беруші басшысына немесе оның орынбасарына қарауға беру
көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарау, жауапты орындаушыны анықтау және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына беру
көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарау, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындау және оны қол қоюға жіберу:
куәлік беру кезінде
5 жұмыс күні
1 жұмыс күні
15 (он бес)
минут
куәліктің телнұсқасын беру кезінде
бұрын берілген куәліктің қолдану мерзімі аяқталған жағдайда, куәлікті беру кезінде
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ХҚО-на жолдайды
2 жұмыс күні
2 жұмыс күні
1 жұмыс күні
1 жұмыс күні
Шартты белгілер:
мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
таңдау нұсқасы;
к
өрсетілетін қызметті алушының рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) құрылымдық-функционалдық бірліктің атауы;
келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
Достарыңызбен бөлісу: |