Регламенті Жалпы ережелер



бет1/2
Дата04.03.2016
өлшемі238 Kb.
#38743
түріРегламент
  1   2




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2014 жылғы 10 ақпандағы № 33-ө бұйрығымен бекітілген



Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің

регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) өзіне жүктелген функцияларды орындау процесіндегі қызметінің жалпы қағидаларын белгілейді.

2. Осы Регламентте белгіленген құжаттармен жұмыс істеуге қойылатын талаптар, мерзімдер Министрліктің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің (бұдан әрі – Комитеттер) және Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың барлық қызметкерлеріне қолданылады.

3. Министрліктің аппаратында жұмыс күнінің сегіз сағаттық ұзақтығымен жұмыстың басталуы 9 сағат 00 минут, жұмыстың аяқталуы 18 сағат 30 минут деп белгіленген. Түскі үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-30 дейін.

4. Жауапты хатшы, вице-министрлер, Департамент директорлары Министрдің қабылдау бөлмесінің маманын өздерінің жұмыс орнында болмауының (30 минуттан артық) себептері мен уақыты туралы хабардар етеді.

5. Мереке күндері Министрдің қабылдау бөлмесінде кезекшілік ұйымдастырылады.

Демалыс және мереке күндері кезекшілікке шыққан жағдайда, қызметкердің қалауы бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, кемінде екі есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі.

6. Министрлік өз қызметін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес жүзеге асырады.



2. Алқа отырысының регламенті
7. Министрліктің Министрдің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекітеді және Министрліктің Комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшыларынан құралады.

8. Алқаны өткізудің мақсаты – Министрлік, Комитет пен Министрліктің қарамағындағы ұйымдар үшін басым мәні бар, оның ішінде тұтастай Министрлік жұмысының нәтижелері туралы мәселелер бойынша шешімдерді алқалы қарау, талқылау және шешім қабылдау.

9. Министрліктің Алқа отырыстары мемлекеттік және орыс тілдерінде Алқаның жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Алқа отырыстарында қаралатын мәселелердің санына шектеу қойылмайды.

Қажет болған жағдайда, Министрдің шешімі бойынша Алқаның кезектен тыс отырыстары өткізілуі мүмкін.

Алқа отырысы, егер оған алқа мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысса, заңды деп есептеледі.

Алқа мүшелері отырыстарға ауыстыру құқығынсыз өздері қатысады.

10. Министрліктің Алқа отырысына шектес қызмет салаларындағы ведомствоаралық үйлестіру міндеттеріне орай мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қажет болған жағдайда үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылады. Бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін шақыру туралы шешімді Министр қабылдайды.

11. Алқаның жұмыс жоспары Министрліктің орталық аппаратының жылдық Жұмыс жоспары негізінде, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Комитеттердің және Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың ұсыныстары бойынша кезекті жылдың 20 қаңтарынан кешіктірілмей дайындалады. Алқаның жылдық жоспарын Министр бекітеді.

12. Алқаның бекітілген жұмыс жоспарларын оның хатшысы Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Комитеттердің, Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың барлығына жеткізеді.

13. Алқаны өткізуді, сүйемелдеуді және іс-қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментіне жүктеледі.

14. Алқа отырыстарында Министр, ал ол жоқ кезде – оның міндетін атқарушы адам төрағалық етеді.

15. Алқа шешімі Алқа мүшелері жалпы санының қарапайым көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Алқада төрағалық етуші адам дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Алқа мүшелерінің ерекше пікірі айтыла қалған жағдайда, ол жазбаша түрде жазылады және Алқа хаттамасына тіркеледі.

16. Алқа отырысы ашық өтеді. Қажет болған кезде, төраға Алқаның жабық отырысын өткізу туралы жариялай алады.

17. Президент тапсырмаларының орындалуы мәселелері Министрлік Алқасының отырысында жұмыс жоспарына сәйкес қаралады.

18. Жоспарланған мәселені алып тастау немесе оны кейіндеу мерзімге ауыстыруды Министр мәселені дайындауға жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және Министрліктің қарамағындағы ұйымдар басшыларының анықтамасы негізінде жүзеге асырады.

19. Алқа отырыстарында қаралуға тиіс материалдардың уақтылы дайындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрлердің біреуіне және Алқа хатшысына жүктеледі.

20. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары Алқаның кезекті отырысына дейін кемінде он күн бұрын Алқа шешімінің жобасын, талқыланатын мәселе бойынша анықтаманы және қажет болған жағдайда, басқа да құжаттардың жобаларын (бұйрықтар, жазбахаттар, ақпараттық хаттар, шолулар, таныстыру материалдары және тағы басқа) Алқа хатшысына береді.

Материалдардың уақытында берілмеуі көрсетілген мәселені Алқаның кезекті отырысының күн тәртібінен алып тастауға негіздеме болып табылады.

Материалдардың Алқа отырысына уақтылы дайын болмауы немесе сапасыз дайындалуы туралы барлық жағдайлар туралы Алқа хатшысы Министрге баяндайды.

21. Шешімдердің жобалары мен оларға қосымша материалдар отырыс аяқталғанда, Алқа хатшысына қайтарылуға тиіс.

22. Алқаның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша материалдарды дайындау кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:

Алқаның қарауына енгізілетін шешім жобаларына орындаушы, басқарма басшысы, департамент директоры не комитет төрағасы және жетекшілік ететін вице-министр мен (немесе) жауапты хатшы алдын ала бұрыштама қояды;

әрбір мәселе бойынша жоба мен анықтама ұқсас тақырыпта болуға тиіс;

талқыланатын мәселе бойынша Алқа отырысына шақырылғандардың тізімін анықтауды, нақтылауды және оларды хабардар етуді Министрліктің мәселені дайындауға жауапты құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

23. Шұғыл қарауды талап ететін мәселелер бойынша шешімдер жұмыс тәртібімен – Алқа мүшелеріне сауал қою жолымен қабылданады. Мұндай жағдайда, құрылымдық бөлімшелердің басшылары шешімнің жобасын Алқа мүшелерімен келіседі.

24. Алқа отырысында мәселелерді қарау нәтижелері бойынша қатысып отырған алқа мүшелерінің көпшілік даусымен хаттама нысанында елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде (қажет болған жағдайда орыс тілдегі нұсқасы қоса беріледі) ресімделетін алқа шешімі қабылданады.

Алқа хаттамасына отырыста төрағалық еткен адам қол қояды.

25. Алқа отырыстарының хаттамаларына күнтізбелік жылға арналған реттік нөмірлер беріледі. Алқа отырыстарының хаттамалары (түпнұсқалар) мен оларға қосымша материалдар Алқа хатшысында сақталады.

Алқа шешіміне қол қойылғаннан кейін, Алқа хатшысы орындау және бақылауды ұйымдастыру үшін, оларды Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне, Комитетке және Министрліктің қарамағындағы ұйымдарға жібереді.

Сонымен қатар, Алқаның хаттамасы электронды форматта Министрліктің бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінің дерекқорына орналастырылуға тиіс.

26. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері Министрліктің істер номенклатурасында істерді жүргізуге арналған арнаулы индексті көздейді, Алқа шешімдері соларда хронологиялық тәртіппен тігіледі.

27. Орындалуы бақылау мерзімдерімен байланысты Алқа шешімдерін бақылаудан алу немесе оларды ұзарту оны орындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысының жауапты хатшымен және (немесе) жетекшілік ететін вице-министрмен келісілген анықтамасы негізінде Алқа төрағасымен жүргізіледі.

28. Алқа хатшысы жылына екі рет (жартыжылдықтар бойынша) Алқа шешімдерінің орындалу барысы туралы ақпаратты Министрлік басшылығына ұсынады.

29. Министрлік Алқасының жұмыс нәтижелері туралы ақпарат міндетті түрде Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Бұдан кейін хаттама Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасына хаттамалық тапсырмаларды тарату және бақылауға қою үшін жіберіледі.

3. Кеңестердің регламенті
30. Министр құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен Министрліктің құзыретіне кіретін, Министрлікке жүктелген іс-шараларды іске асыру бойынша, сондай-ақ еңбек пен орындаушылық тәртіп және басқа мәселелер бойынша аппараттық кеңесті қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізеді.

Құрылымдық бөлімшелер аппараттық кеңеске қатысушы құрылымдық бөлімшелердің көпшілігіне қатысты мәселелерді енгізеді.

Аппараттық кеңеске:

Ішкі әкімшілік департаменті – орындаушылық тәртіп бойынша;

Қаржы департаменті – қаржы мәселелері, мемлекеттік сатып алу рәсімі және басқа да проблемалық мәселелер бойынша;

Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті – аумақтық бөлімшелердегі жұмыстардың жағдайы бойынша ақпаратты ұсынады.

Құрылымдық бөлімшелер аппараттық кеңес өткізілгенге дейін екі күн ішінде, Министрдің көмекшісіне жетекшілік ететін вице-министр немесе жауапты хатшымен келісілген күн тәртібінде көрсетілген мәселелерге сүйене отырып материалдарды ұсынады.

Құрылымдық бөлімшелердің басшылары болмаған кезде олардың орнын басатын адамдар қатысады.

31. Министрліктің басшылығымен немесе құрылымдық бөлімше басшыларының бастамашылығымен көтерілген өзге де мәселелер бойынша, оның ішінде селекторлық режимде қажеттілігіне қарай кеңестер өткізіледі.

32. Кеңестерді дайындау, кеңеске қатысушыларды, шақырылғандарды хабардар ету, материалдарды өңдеу:

Министр немесе Жауапты хатшының аппараттық кеңестері бойынша – Ішкі әкімшілік департаменті;

Министрліктің басшылығымен өткізілетін басқа да кеңестері бойынша – Министрліктің басшылығы айқындаған құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

Министрдің немесе Жауапты хатшының аппараттық кеңестерінің хаттамасын дайындауды Ішкі әкімшілік департаменті жүзеге асырады.

Басқа да кеңестердің хаттамасын дайындауды оны ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.

33. Құрылымдық бөлімшенің іс-жүргізушісі (не хаттаманы жүргізу тапсырылған адам) бекітілген іс номенклатурасына сәйкес отырыс (кеңес) хаттамасын тіркейді. Бұдан кейін хаттама Құжаттамалық қамтамсыз ету және бақылау басқармасына тарату және хаттама тапсырмаларын бақылауға қою үшін жолданады.

34. Хаттаманың түпнұсқасы басшылықтың хатшыларына немесе тиісті құрылымдық бөлімшеге қайтарылады.

35. Министрлік жұмыс органы болып табылатын отырысқа (кеңестерге, жұмыс топтарына, комиссияларға және басқа) материалдарды дайындау, сондай-ақ Министрліктің іс-шараларын, жауапты хатшы мен вице-министрлердің іскерлік кездесулерін ұйымдастыруды қамтамасыз ету, қаралатын мәселелер құзыретіне кіретін тиісті құрылымдық бөлімшелерге жүктеледі.

4. Үкімет отырыстарына материалдарды дайындау
36. Министрдің көмекшісіне келіп түскен Үкімет отырысына енгізілетін материалдар Министр үшін материалдар дайындауға, тиісті құрылымдық бөлімшелерден анықтамалық ақпараттарды жинақтауға электрондық пошта немесе жергілікті желі арқылы жауапты болып белгіленген құрылымдық бөлімшеге тапсырылады.

Жауапты қызметші қабылданған материалдарды электрондық пошта немесе жергілікті желі арқылы құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен айқындалған құрылымдық бөлімшелердің жауапты адамдарына жібереді. Үкімет отырысына Министрліктің құзыретіне қатысты мәселелерді енгізу кезінде, құрылымдық бөлімшелер Министрліктің ұстанымын көрсететін тиісті анықтамалар дайындайды және оларды жинақтау үшін отырыс өтетін күннің алдындағы күні сағат 17.00-ге дейін ұсынады.

Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуші – құрылымдық бөлімшелер, Министрліктің жобаларын Үкімет отырысына енгізуді нақтылайды және отырыс өтетін күннің алдындағы күні сағат 17-00-ге дейін өз басшысымен келісілген жобаға қысқаша мәліметті және жобаның көшірмесін Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне ұсынады.

Материалдарды дайындауға жауапты болып белгіленген құрылымдық бөлімше және Құқықтық қамтамасыз ету департаменті (нормативтік құқықтық актілер бойынша) Министрдің көмекшісіне материалдарды және отырыс өтетін күннің алдындағы күні жауапты хатшымен келісілген қысқаша жалпы анықтама ұсынылуын қамтамасыз етеді.

37. Үкімет мәжілісіне баяндамашы Министрлік болып табылатын мәселелер бойынша материалдар қаралатын мәселелер құзыретіне кіретін құрылымдық бөлімшелер отырысқа дейін 7 күнтізбелік күннен кешіктірілмей, ал электрондық нысандағы таныстырулар нұсқалары 4 күннен кешіктірілмей Министрліктің басшылығына келісуге ұсынылады.

38. Дайындық материалдары Үкімет отырысында қаралатын мәселелер бойынша хаттамалық шешімдердің жобаларынан, анықтамалардан (5 беттен аспайтын көлемде), салыстырмалы кестелерден, слайдтардан, ақпараттық (талдамалық) және басқа материалдардан тұруға тиіс.



5. Комитеттермен өзара іс-қимыл
39. Комитеттерден келіп түскен құжаттармен және материалдармен жұмыс істеу ерекшеліктері осы Регламентте белгіленеді.

40. Комитеттер қызметінің саласына жататын мәселелер бойынша Министрлік басшыларының тапсырмаларын олар тапсырмада белгіленген мерзімдерде орындайды.

41. Министрлік басшыларының тапсырмаларын Комитеттерге жеткізуді және олардың орындалуын бақылауды Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі жүзеге асырады.

42. Егер тапсырма Комитеттердің құзыреті шегінен тыс болса, олардың басшылары тапсырманың орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді және тапсырманы толық көлемде орындаудың мүмкін еместігі туралы Министрліктің тапсырма берген басшысын бірден хабардар етеді.

43. Егер тапсырма Комитеттердің құзыретіне кірмейтін болса, олардың басшылары Министрліктің тапсырма берген басшысына тиісті қызметтік жазба ұсынады. Көрсетілген қызметтік жазба Министрлікке тапсырмаға қол қойылған күннен бастап 3 күннен кешіктірмей, ал шұғыл тапсырмалар бойынша – жедел ұсынылады.

Тапсырманың одан әрі орындалу тәртібі туралы шешімді Министрліктің басшылары қабылдайды.

44. Дербес құрылымдық бөлімшелердің басшылары Комитеттерден, сондай-ақ ведомствоға бағынысты ұйымдардан Министрліктің қызметіне қажетті ақпараттық, анықтамалық және өзге де материалдарды, оларды ұсыну мерзімін көрсете отырып, сұрата алады.

Комитеттер тиісті материалдардың белгіленген мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Сұратылатын ақпарат сұрауда көрсетілген мерзімде ұсыныла алмайтын жағдайда, Комитет басшысының орынбасары сұрау алынған күннен бастап 2 күндік мерзімде сұрауды жіберген департамент директорымен ақпаратты ұсыну мерзімін келіседі.

45. Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттердің және олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін тексеруді, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың шағымдары бойынша тексерулерді ұйымдастырады.

46. Министрліктің Комитеттермен өзара іс-қимыл процесінде туындайтын келіспеушіліктерді Министрдің тапсырмасы бойынша жауапты хатшы немесе Комитетке жетекшілік ететін вице-министр қарайды. Көрсетілген қараудан кейін де келіспеушіліктер реттелмеген жағдайда, бұл мәселе бойынша шешімді Министр қабылдайды.

6. Кіріс және шығыс хат-хабарларды

рәсімдеу, өткізу, қарау
47. Министрліктегі кіріс, шығыс хат-хабарларды және өзге де қызметтік құжаттарды қарау және өткізу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңдарына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі туралы» Заңы) және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

Құжат айналымы мынадай талаптарға сәйкес болуға тиіс:

1) құжаттардың мақсатты қозғалысы (құжаттар ең қысқа жолмен орындаушыға жетеді);

2) құжаттарды лауазымдық міндеттерге сәйкес Министрліктің басшылары мен қызметкерлерінің арасында нақты бөлу;

3) құжаттардың қатаң қажетті алмасуы (қайталау, артық инстанциялар мен іс-қимыл барынша азайтылған);

4) құжаттарға жасалатын әрбір технологиялық операциялардың бір реттігі.

48. Министрліктің құжат айналымы мынадай ағындардан тұрады:

1) жоғары тұрған, ведомствоға бағынысты, басқа ұйымдардан келіп түсетін (кіріс) құжаттар мен азаматтардың өтініштері;

2) жоғары тұрған, ведомствоға бағынысты, басқа ұйымдарға жіберілетін (шығыс) құжаттар мен азаматтардың өтініштеріне жауап құжаттар;

3) Министрлік шегінде міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ішкі құжаттар (хаттамалар, жеке құрам бойынша бұйрықтар, негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, қызметтік жазбалар және басқалар).

49. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен, Парламентінен және Премьер-Министрдің Кеңсесінен келіп түсетін хат-хабарларды қоспағанда, Министрлік кіріс хат-хабарларын жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен, Парламентінен және Премьер-Министрдің Кеңсесінен келіп түсетін хат-хабарлар жұмыс күндері сағат 20.00-ге дейін, сенбі күндері – 17.00-ге дейін, құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі қызметкерлерінің арасында кезекшілікті енгізу жолымен қабылданады.

50. Шұғыл тапсырмаларды (орындау мерзімі күнтізбелік 10 күнге дейін) орындау үшін мемлекеттік органдар дайындаған құжаттардың шұғыл екендігін растайтын құжаттар (Қазақстан Республикасы Президенті, Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы актілерінің және тапсырмаларының көшірмелері) ұсынған кезде 1 жұмыс күні ішінде қабылданады.

51. Мемлекеттік органдардан қағаз және электронды жеткізгіштерде келіп түскен құжаттар бірдей болуға және белгіленген үлгідегі тиісті елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде (қажет болған жағдайда орыс тілдегі нұсқасы қоса беріледі) ресімделуге және мынадай міндетті деректемелерді қамтуға тиіс:

шығыс нөмірі және күні;

Президенттің, Президент Әкімшілігінің, Парламенттің, Парламент Палаталарының, Үкіметтің және Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тиісті актілеріне және тапсырмаларына, сондай-ақ мемлекеттік органның сауалына жауап берген кезде – сауалдың нөмірі мен күніне сілтемелері;

тиісті мемлекеттік органдағы мемлекеттік орган басшыларының міндеттерін бөлуге сәйкес бірінің қолы (немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын Министрліктің лауазымды адамы);

орындаушының тегі және оның телефон нөмірі.

Бұл ретте ерекше мәні бар мәселелер жөніндегі электрондық құжаттар (мұрағаттар және құжаттаманы басқарушы уәкілетті мемлекеттік органмен белгіленген сақтау мерзімімен) қағаз жеткізгіште ресімделуге тиіс.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Парламенті және Премьер-Министрі Кеңсесінің хат-хабарларынан басқа, осы Регламенттің талаптарын бұза отырып ресімделген кіріс хат-хабарлары қабылданбайды және оларды Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі тиісті мемлекеттік органға сол күні қайтарады.

Министрлікке келіп түсетін хат-хабарлар қабылдау күні және уақыты көрсетіліп, қол қойылып қабылданады.

52. Осы Регламентте белгіленген тәртіппен қабылданған құжаттарды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің уәкілетті адамы қарайды, бақылауға қояды және Министрлік пен оның құрылымдық бөлімшелері басшылары арасында бөледі және құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі тиісінше ресімдеу, бақылау белгілерін қою үшін тіркеу мөріне нөмірін, күнін және парақтардың санын көрсете отырып тіркейді.

Тіркелген, тиісті үлгіде ресімделген хат-хабарлар адресаттарға Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің уәкілетті адамының бөлуіне сәйкес жіберіледі.

Шұғыл хат-хабарлардың көшірмесі келіп түскен құжаттарда қозғалатын мәселелер оның құзыретіне кіретін құрылымдық бөлімше басшысына бір уақытта жіберіледі.

53. Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі хат-хабарларды тіркеуді, бөлуді, ресімдеуді және адресатқа жеткізуді, әдетте, оның Министрлікке келіп түскен сәтінен бастап екі сағаттың ішінде, ал шұғылын – тез арада (кезектен тыс тәртіппен тікелей орындаушыға телефон арқылы хабарлануымен қоса) жүзеге асырады.

54. Министрліктің басшылығы кіріс хат-хабарларын оларға келіп түскен күні, ал шұғылын – тез арада қарайды. Қарау нәтижелері бойынша оларға қарар түрінде ресімделетін тиісті тапсырмалар беріледі.

Қарарды ресімдеу кезінде құзыретіне байланысты Министрліктің құрылымдық бөлімшесі келіп түскен құжатқа жауапты болып белгіленеді.

Министрліктің басшылығы қараған кіріс хат-хабарларын ресімдеу және бөлімше басшысына (орындаушыға) одан әрі беру үшін құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне Министрліктің басшылығы қарарларына сәйкес жіберіледі.

55. Шығыс хат-хабарларын дайындау, келісу және ресімдеу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 Регламентіне (бұдан әрі – Үкімет Регламенті), Президент Әкімшілігіндегі және Премьер-Министр Кеңсесіндегі іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарға және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

56. Шығыс хат-хабарларына қол қою құзыреті:

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жіберілетін құжаттарға Министр немесе Министрдің міндетін атқару ресми жүктелген адам, сондай-ақ құзырына кіретін мәселелер бойынша жауапты хатшы қол қояды;

орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, ТМД елдеріне, республика және шетелдердің ұйымдарына жіберілетін құжаттарға өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша жауапты хатшы немесе вице-министр қол қояды;

Комитеттерге және Министрліктің қарамағындағы ұйымдарға жіберілетін құжаттарға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарға жауапты хатшы, вице-министр, департамент директоры немесе оның орнын алмастыратын адам қол қояды.

57. Шығыс хат-хабарлары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Парламентіне және Премьер-Министрі Кеңсесіне жіберу үшін қол қою алдында құжаттардағы тапсырмаларда сілтеменің болуы және олардың дұрыс ресімделуі, соның ішінде іс-шаралар жоспарларына және оларды бекіту туралы актілерге сәйкестігі мәніне Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің уәкілетті адамымен келісуге (бұрыштама қойылуға) тиіс.

Елтаңбалық бланкіде ресімдеуді қажет етпейтін Үкіметтің қаулы жобаларын, Премьер-Министрдің өкімдерін, заң жобаларын қоспағанда, мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электрондық құжат форматында) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).

7. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау,

ресімдеу және келісу тәртібі
58. Министрлік өзінің құзыреті шеңберінде әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын (бұдан әрі – жобалар) дайындауды Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңы), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесінің (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығы), Үкімет Регламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598, «Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840, «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы» 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулыларына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысы) және осы Регламенттің талаптарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.

59. Жобалардың белгіленген уақытында сапалы әзірленуі үшін әзірлеуші (Министрліктің жобаны әзірлеген құрылымдық бөлімшесінің басшысы) дербес жауап береді. Келісу мерзімінің бұзылуы себепті жоба Үкіметке уақытында тапсырылмаған жағдайда дербес жауапкершілік жобаның келісу мерзімінің бұзылуына жол берген тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысына және тікелей орындаушыға жүктеледі.

Нормативтік құқықтық актілердің сапалы және уақтылы аударылуын Ішкі әкімшілік департаментінің мемлекеттік тілді дамыту басқармасы қамтамасыз етеді.

60. Комитеттер мен Министрліктің қарамағындағы ұйымдар нормативтік құқықтық актілер әзірлеу жөніндегі ұсыныстарын өздерінің құзыретіне сәйкес Министрлікке қарауға ұсынады.

61. Әзірлеуші туынды нормативтік құқықтық актіні әзірлеген кезде оны бекітетін негізгі нормативтік құқықтық актіні де әзірлеуге және келісуге ұсынады.

62. Егер әзірленіп жатқан жобалар нормаларының күшін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бұрын әзірленген актілермен қайшылықтарды жою үшін басқа нормативтік құқықтық актілерге (күші жойылды деп тану) өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, негізгі актінің жобасымен бір мезгілде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы актілердің (күші жойылды деп тану туралы) жобалары да әзірленіп, келісуге ұсынылуға тиіс.

63. Әзірленген жобалар міндетті түрде заң қызметіне келісуге ұсынылады.

64. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жобалар құрылымдық бөлімшенің басшысы атынан ілеспе хатпен бірге заң қызметіне келісуге ұсынылады.

Бұл ретте, негізгі нормативтік құқықтық актінің және туынды нормативтік құқықтық акті болған кезде соңғы парағында жобаны әзірлеген құрылымдық бөлімше басшысының және тікелей орындаушының қолдары қойылады.

Заң қызметі жобаның заңнамаға және жобаның заң техникасы бойынша жобаның жазылу қағидаларына сәйкестігі мәніне құқықтық сараптама жүргізеді және жалпы жобаға немесе оның жекелеген ережелері бойынша қорытынды береді.

65. Заң қызметі жобаны қарағаннан кейін жобаны алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жауап береді.

Акт жобасын әзірлеуші ескертулермен және сол ескертулерді нақты түрде жоюмен келіскен жағдайда, егер пысықтау барысында мәтін өзгертілмеген болса, акт жобасын қайта келісу екі күн ішінде өткізіледі.

Құжатты жедел орындау мақсатында жобаны жұмыс тәртібімен пысықтауға жол беріледі, бұл туралы құрылымдық бөлімшенің бұрын келіп түскен ілеспе хатында сілтеме жасалады (ТАӘ, алғаны туралы қолы, күні).

Редакциялық өзгерістері жоқ актінің жобасын заң қызметімен екінші рет қайта келісу талап етілмейді.

Келісуден бас тартуға негіз болған ескертулер жойылғаннан кейін Заң қызметі басшысының бұрыштамасы негізгі нормативтік құқықтық актінің және туынды нормативтік құқықтық акті болған кезде, оның соңғы парағына не еркін нысанда ресімделген ішкі келісу парағына қойылады.

66. Заң қызметі басшысының бұрыштамасы қойылғаннан кейін, жоба тиісті мәселелерге жетекшілік ететін вице-министрге және (немесе) жауапты хатшыға келісуге және бұрыштама қоюға ұсынылады. Жетекшілік ететін вице-министр және (немесе) жауапты хатшының бұрыштамасы қойылған жоба Министрге келісуге ұсынылады. Заң қызметі басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған бұйрық жобасы Министрге немесе оның міндетін атқарушы адамға қол қоюға ұсынылады, бұл ретте жетекшілік ететін вице-министрмен және (немесе) жауапты хатшымен бұйрық жобасын келісу жеке келісу парағына ресімделеді.

67. Ішкі келісулерден кейін әзірлеуші жоба көшірмесін Үкімет Регламентінің талаптарына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.

Қаулылар мен өкімдердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен олардың заңнамада белгіленген құзыретіне орай мемлекеттік органдардың интранет-порталында (бұдан әрі – МО ИП) электрондық құжаттар нысанында міндетті түрде келісіледі, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік жобада қаралатын мәселелердің мәні негізге алына отырып, сондай-ақ жобада мемлекеттік органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді.

Құжаттың қағаз көшірмесі ұйымдарға келісуге және (немесе) ғылыми сараптама жүргізуге ілеспе хатта заң қызметі жетекшісінің бұрыштамасы болғанда ғана жіберіледі.

68. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган МО ИП-да заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) және мемлекеттік орган басшысының мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдана отырып куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы қаулы (өкім) жобасын, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды орналастырады және МО ИП арқылы тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді, ал ұйымдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесінде белгіленген тәртіппен расталған электрондық құжаттың қағаз көшірмесі келісуге жіберіледі.

69. Әзірлеуші қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын қаулы жобаларын қоспағанда, жобаны, түсіндірме жазбаны және оған басқа қажетті құжаттарды Үкімет Регламентінің 50-тармағының талаптарын ескере отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады. Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.

Әзірлеуші жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары түскен күннен бастап оны жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда әзірлеуші бір мезгілде:

өзінің интернет-ресурсында келіспеудің дәлелденген себептерін орналастырады;

дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің келіспеуінің дәлелденген себептерін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолдайды. Бұндай дәлелді жауаптар нормативтік құқықтық акті жобасының оны қабылданғанға дейінгі міндетті қосымшасы болып табылады.

70. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша жобалар мүдделі мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша МО ИП-та олармен келісілгеннен кейін Әділет министрлігінде заңдық сараптауға жатады.

Қазақ және орыс тілдеріндегі аудармалардың халықаралық шарттардың түпнұсқа мәтіндеріне сәйкестігін қаулы жобасын әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімше Ішкі әкімшілік департаментінің Мемлекеттік тілді дамыту басқармасымен бірлесіп қамтамасыз етеді.

71. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жоспарын уақытында және сапалы орындау мақсатында Министрліктің құрылымдық бөлімшелері (НҚА жобаларын әзірлеушілер) заң қызметіне норма шығармашылығы қызметінің орындалу барысы туралы, олардың қызметін үйлестіру және есебін жүргізу үшін ай сайынғы ақпаратты (есептік кезеңнің 1-күніне дейін), сондай-ақ Әділет министрлігіне қабылданған заңнамалық актілерді жүзеге асыру туралы ақпаратты ай сайын беру үшін ұсынады.

72. Министр бекіткен кестеге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау әрі оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану бойынша уақытында шаралар қабылдау мақсатында Министрлікте Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына және Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы  № 964 қаулысымен бекітілген  Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізіледі.

73. Министрлікке келісуге келіп түскен жобаларды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі міндеттердің бөлінуіне сәйкес Министрлік басшылығының қарауына жібереді, олар жобаларды жіберу үшін жобаның өтуіне жауапты құрылымдық бөлімшені және олардың құзыретіне қарай Министрліктің мүдделі құрылымдық бөлімшесін айқындайды, сондай-ақ заң қызметіне жіберіледі, ол міндетті түрде барлық жобаларды келісуден өткізеді. Үкімет қаулыларының, Премьер-Министрдің өкімдерінің жобалары, заң жобалары жіберілетін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері арасында келісу ЭЦҚ-ны пайдалана отырып МО ИП арқылы электрондық құжат нысанында жүргізіледі.

Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, егер Министрлік басшылығы неғұрлым қысқа мерзім белгілемесе, жоба тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жобаны қарайды және жобаның өтуіне жауапты құрылымдық бөлімшеге өз қорытындыларын ұсынады, оның басшысы жобаның тікелей орындаушысын айқындайды.

Жобаларды қараудың жалпы мерзімі Үкімет Регламентімен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың тапсырмаларымен белгіленеді.

Жоғары органдардың және (немесе) лауазымды адамдардың жеделдету туралы хаттамалық немесе өзге де тапсырмалары бар жобалар бойынша бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелер өзінің қорытындыларын жауапты құрылымдық бөлімшеге орындау мерзімі аяқталғанға 2 жұмыс күні қалғанға дейін, ал орындау мерзімі 1-2 күндік жобалар бойынша жоба келіп түскен күні ұсынады.

Жауапты құрылымдық бөлімшенің орындаушысы мүдделі құрылымдық бөлімшелердің пікірлерін қорытындылайды және заңнамаға сәйкес жобаның өтуіне жауапты құрылымдық бөлімшенің және заң қызметі басшысының, мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшыларының, міндеттердің бөлінуіне сәйкес Министрлік басшылығының бұрыштамасы қойылған, әзірлеуші органға жіберілетін жауаптың жобасын дайындайды, одан кейін Министрліктің бірінші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.

74. Жобаны ескертулерсіз келісу мүмкіндігі (бұрыштама қою) туралы қорытынды дайындалған жағдайда,Үкімет қаулыларын, Премьер-Министрдің өкімдерін, заң жобаларын қоспағанда, әзірлеуші орган жұмыс тәртібімен Министрліктің құрылымдық бөлімшесі басшысының шешімі бойынша жобаның түпнұсқасын қол қоюға ұсынады, бұл туралы бұрын ұсынылған ілеспе хатта белгі (ТАӘ, алған күні, қолы) қойылады.

Жобаны келісу (бұрыштама қою) мүмкіндігі туралы қорытындыға Министрлікте жобаның өтуіне жауапты құрылымдық бөлімше басшысы қол қояды және 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары, міндеттерді бөлуге сәйкес Министрліктің басшылығы бұрыштама қояды.

Үкімет қаулыларының, Премьер-Министрдің өкімдерінің жобалары, заң жобалары МО ИП-да ескертулерсіз келісілген жағдайда әзірлеуші орган электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде жобаның түпнұсқасын Министрліктің басшысына бұрыштама қоюға ұсынады.

МО ИП-та келісу нәтижесі жобаның Министрлікте өтуіне жауапты бөлімше басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады және 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшыларының, міндеттерді бөлуге сәйкес Министрліктің басшылығының ЭЦҚ-мен куәландырылады.

75. Қаулылардың (өкімдердің) жобаларын қарау және келісу олар түскен күнінен бастап мынадай мерзімнен аспауға тиіс:

1) осы Регламентте көзделген жағдайларды қоспағанда, қаулылардың жобалары, оның ішінде Президенттің және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы тиісінше Президент актілерінің жобалары мен заң жобалары – 10 жұмыс күні;

2) Премьер-Министр өкімдерінің жобалары – 5 жұмыс күні;

3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою,
сондай-ақ ізгілік көмек мәселелері бойынша қаулылар мен өкімдердің
жобалары – 3 жұмыс күні;

4) Кодекс жобалары бастапқы енгізген жағдайда – 20 жұмыс күні ішінде, қайта түскенде – 10 жұмыс күні ішінде қаралады.

76. Министрліктің әзірлеуші толығымен келісетін ескертулері болған кезде Үкімет қаулыларының, Премьер-Министрдің өкімдерінің жобаларын, заң жобаларын қоспағанда, жоба жұмыс тәртібімен пысықтау үшін қайтарылады, бұл туралы әзірлеуші мемлекеттік органның бұрын ұсынылған ілеспе хатында белгі (ТАӘ, алған күні, қолы) қойылады. Жобаны пысықтау мерзімі 10 жұмыс күнінен аспайды. Пысықталуына қарай келісуші Министрлік бір мезгілде орын алған ескертулерді жойған жағдайда жобаны келісу (бұрыштама қою) мүмкіндігі туралы қорытынды дайындалады.

Министрліктің әзірлеуші толығымен келісетін МО ИП-та ескертулері болған кезде МО ИП-тағы Үкімет қаулысының, Премьер-Министрдің өкімінің жобасы, заң жобасы әзірлеуші мемлекеттік органға пысықтау үшін қайтарылады. Бұл ретте әзірлеуші МО ИП-та Үкімет қаулысының, Премьер-Министрдің өкімі жобасының, заң жобасының пысықталған нұсқасын орналастырады және мемлекеттік органдарға қайта келісуге жолдайды. Бар ескертулерді жойылған жағдайда Министрлік МО ИП-та келісуші мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған ескертулерсіз келісу туралы белгі қояды.

Жоба бойынша бұрын жасалған ескертулерді ескере отырып пысықталған жоба осы тармақтың бірінші бөлімінде көзделген мерзім ішінде ұсынылмаған, сондай-ақ ол ішінара пысықталған күйде берілген жағдайда, Министрлік екі жұмыс күні ішінде әзірлеуші органға ескертулер жолдайды.

77. Қайта келісуге жіберілген Үкімет қаулыларының, Премьер-Министрдің өкімдерінің жобаларын, заң жобаларын қарау кезінде қосымша (бұрын берілмеген) ескертулер мен ұсыныстар беруге, осындай ескертулер нормативтік құқықтық актілер жобаларындағы жаңа ережелерден туындаған жағдайлардан басқа кезде, жол берілмейді.

Министрлік «Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық бастама құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 413 Жарлығына сәйкес әзірленген жобаны келіскен және пысықтаған жағдайда, осы Жарлықта көзделген мерзімдер қолданылады.

78. Келіспеушіліктер болған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган өзара тиімді шешім іздеу мақсатында оны келісуші органдармен талқылауды қамтамасыз етуге тиіс. Өзара тиімді шешімге қол жеткізілмеген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші органдармен бірлесіп, келіспеушіліктер хаттамасын жасайды, оны жобаға МО ИП-та орналастырады. МО ИП-тағы келіспеушіліктер хаттамасы мемлекеттік органдар басшыларының ЭЦҚ-мен куәландырылады. Электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі келіспеушіліктер хаттамасының түпнұсқасы келісуші органның басшысына қол қоюға ұсынылады.

79. Келісу жүргізілгеннен кейін әзірлеуші Үкіметтің Регламентінде белгіленген талаптарға сәйкес жобаны Кеңсеге енгізеді.

80. Мемлекеттік органдар жобаларды Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының шұғыл тапсырмаларын орындау үшін келісуге ұсынған жағдайда, Министрлік жинақтауды жүзеге асыру жүктелген әзірлеуші органға, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оны орындаудың белгіленген мерзіміне дейін кемінде 3 күн қалғанда, ал орындау мерзімі кемінде 5 күн болатын тапсырмалар бойынша – тапсырманың келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өз ұсыныстарын енгізеді.

81. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметтің Регламентіне сәйкес дайындалған Үкіметтің заң жобаларына қорытындылардың жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізген кезде Министрлік Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заң жобалау қызметінің мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) хаттамалық шешімінің көшірмесін, Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері хаттарының көшірмелерін қоса тіркейді, сондай-ақ қажет болған жағдайда әзірлеуші қорытындының жобасына мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса тіркейді.

82. Жоба Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізілген кезде, оған Министрдің міндеттерін атқаратын адам бұрыштама қойған жағдайда, жобамен қоса бұл адамға Министрдің міндеттерін атқаруды жүктеу туралы актінің көшірмесі беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет