Регламенті Жалпы ережелер «Ветеринариялық анықтама беру»



Дата03.07.2016
өлшемі106.23 Kb.
#175382
түріРегламент





Баянауыл ауданының әкімдігінің

2013 жылғы 01 ақпандағы

№ 58/02 қаулысымен

бекітілді





«Ветеринариялық анықтама беру»

мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


  1. «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттiк қызметiн осы регламенттің 1-қосымшасында  көрсетiлген мекенжайлар бойынша «Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, кент, селолық округтер әкімдерінің аппараттарының (бұдан әрi - ЖАО) ветеринарлық дәрiгерлерімен (бұдан әрi - ветдәрiгер) ұсынылады.

  2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

  3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 сәуiрдегi № 464 қаулысымен бекітілген «Ветеринариялық анықтама беру» стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетiледi.

  4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызметті көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында - www.minagri.gov.kz және ЖАО үй-жайларында ілінген стендтерде орналасқан.

  5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi ветеринариялық анықтама (қағаздағы тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

  6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.

  7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады:

  1. мемлекеттiк қызмет жүгінген күннің iшiнде көрсетiледi;

  2. мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi шектеулі рұқсат етiлетiн күту уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;

  3. мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет ұсынудың шектеулі рұқсат етiлетiн уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда жұмыс күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет

көрсетусiз кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күтуге кресло қойылады, құжаттарды толтыру үшін орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оны толтыру үлгілерімен стендтермен жабдықталған).


  1. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi




  1. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi құжаттар және оларға қойылатын талаптар тiзбесi:

  1. жануарға ветеринариялық паспорт;

  2. терi-жүн шикiзатына, жануардың жеке нөмiрi көрсетiлген жапсырма мiндеттi түрде қажет;

  3. ветеринариялық анықтама бланкi құнын төлеуiн растайтын құжат.

  1. Мемлекеттiк қызмет тұтынушы не оның өкiлi тiкелей жүгiнген күнi көрсетiледi.

  2. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар:

1) егер жануар, жануардан алынатын өнiм және шикiзат (бұдан әрi - объект) қолайсыз аймақтан тасымалданған жағдайда;

2) жұқпалы сипаттағы ауру анықталғанда;

3) жануардың жеке нөмiрi болмағанда;

4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң, көлiк құралының ветеринарлық-санитарлық талаптарға және қауiпсiздiк талаптарына сәйкессiздiгi негiз болып табылады.




  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісіндегi
    iс-әрекеттер (өзара әрекет) тәртiбi





  1. Құжаттарды қабылдауды осы регламенттің 1-қосымшасында   көрсетілген ЖАО бөлімшелерінің мал дәрігерлері жүргізеді.

  2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тұтынушысының өтiнiшi жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн тiркеу журналында, тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алатын күні көрсетiлiп ветдәрігермен тiркеледi.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерісіне келесi құрылымдық-функционалдық бiрлiктер қатысады (бұдан әрi - бiрлiктер):

осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген ЖАО ветеринариялық дәрігерлері.



  1. Әр әкiмшiлiк әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмiн көрсетумен әрбiр бiрлiктер әкiмшiлiк әрекеттерiнде (рәсiмдерiнде) өзара әрекеттестiктiң кезектiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамалары осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес келтiрiлген.

  2. Мемлекеттiк қызмет көрсету және бiрлiктер үдерісiндегi әкiмшiлiк әрекеттердiң логикалық кезектiлiгi арасындағы өзара байланысты бейнелейтiн сызба осы регламенттiң 3-қосымшасына сәйкес келтiрiлген.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсететін
    лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі





  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жауапты болады.





«Ветеринариялық анықтама беру»

мемлекеттік қызметінің регламентіне

1 - қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі ЖАО тізімі





р/с №

ЖАО атауы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесi

Байланыс
телефоны


1

«Ақсан ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы, Ақсан ауылдық округі, Ақсан ауылы

Күн сайын 9.00 ден сағат 18.30-ға дейiн, демалыс-сенбi, жексенбi

8(71840)- 90498

2

«Баянауыл ауылдық округ әкімінің аппараты»Мемлекетік мекемесі

Сәтпаев көшесі 49, Баянауыл ауылы, Баянауыл ауданы

Күн сайын 9.00 ден сағат 18.30-ға дейiн, демалыс-сенбi, жексенбi

8(71840)-91445

3

«Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты»Мемлекетік мекемесі

Баянауыл ауданы, Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы

Күн сайын 9.00 ден сағат 18.30-ға дейiн, демалыс-сенбi, жексенбi

8(71840)-98645


4

«Жанатілек ауылдық округ әкімінің аппараты»Мемлекетік мекемесі

Баянауыл ауданы, Жанатілек ауылдық округі, Жанатілек ауылы

Күн сайын 9.00 ден сағат 18.30-ға дейiн, демалыс-сенбi, жексенбi

8 (71840) 95624


5

«Жанажол ауылдық округ әкімінің аппараты»Мемлекетік мекемесі

Баянауыл ауданы, Жанажол ауылы

Күн сайын 9.00 ден сағат 18.30-ға дейiн, демалыс-сенбi, жексенбi

8(71840)-65039

6

«Қаратомар ауылдық округ әкімінің аппараты»Мемлекетік мекемесі

Баянауыл ауданы, Қаратомар ауылдық округі, Қаратомар ауылы

Күн сайын 9.00 ден сағат 18.30-ға дейiн, демалыс-сенбi, жексенбi

8(71840)-66041


7

«Қүркелі ауылдық округ әкімінің аппараты»Мемлекетік мекемесі

Баянауыл ауданы, Қүркелі ауылдық округі, Қүркелі ауылы

Күн сайын 9.00 ден сағат 18.30-ға дейiн, демалыс-сенбi, жексенбi

8(71840)-91387


8

«Құндыкөл ауылдық округ әкімінің аппараты»Мемлекетік мекемесі

Баянауыл ауданы, Құндыкөл ауылдық округі, Құндыкөл ауылы

Күн сайын 9.00 ден сағат 18.30-ға дейiн, демалыс-сенбi, жексенбi

8 (71840)-64117

9

«Қызылтау ауылдық округ әкімінің аппараты»Мемлекетік мекемесі

Баянауыл ауданы, Қызылтау ауылдық округі, Жуантөбе ауылы

Күн сайын 9.00 ден сағат 18.30-ға дейiн, демалыс-сенбi, жексенбi

8(71840)-41479

10

«Лекер ауылдық округ әкімінің аппараты»Мемлекетік мекемесі

Баянауыл ауданы, Лекер ауылдық округі, Лекер ауылы

Күн сайын 9.00 ден сағат 18.30-ға дейiн, демалыс-сенбi, жексенбi

8(71840)-90830

11

«Майқайын кеңті әкімінің аппараты» Мемлекетік мекемесі

Ленин көшесі 35, Майқайын кеңті, Баянауыл ауданы

Күн сайын 9.00 ден сағат 18.30-ға дейiн, демалыс-сенбi, жексенбi

8 (71840) -21739

12

«Сәтбаев ауылдық округ әкімінің аппараты» Мемлекетік мекемесі

Баянауыл ауданы, Сәтбаев ауылдық округі, Қараашы ауылы

Күн сайын 9.00 ден сағат 18.30-ға дейiн, демалыс-сенбi, жексенбi

8(71840)-61221


13

«Торайғыр ауылдық округ әкімінің аппараты» Мемлекетік мекемесі

Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылдық округі, Торайғыр ауылы

Күн сайын 9.00 ден сағат 18.30-ға дейiн, демалыс-сенбi, жексенбi

8 (71840)-61344

14

«Ұзынбұлақ ауылдық округ әкімінің аппараты» Мемлекетік мекемесі

Баянауыл ауданы,

Ұзынбұлақ ауылдық округі, Ұзынбұлақ ауылы



Күн сайын 9.00 ден сағат 18.30-ға дейiн, демалыс-сенбi, жексенбi

8 (71840)-50225

15

«Шөптікөл ауылдық округ әкімінің аппараты» Мемлекетік мекемесі

Баянауыл ауданы, Шөптікөл ауылдық округі, ЦЕС ауылы

Күн сайын 9.00 ден сағат 18.30-ға дейiн, демалыс-сенбi, жексенбi

8 (71840)-40200








«Ветеринариялық анықтама беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша


Бiрлiктер ic-әрекетiне сипаттама

Негiзгi үдерiстiң (жұмыс барысының, ағынның) iс-әрекетi

1

№ іс әрекеттер (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2

3

2

Құрылымдық-функционалдық бiрлiктер атауы

ЖАО ветдәрігері

ЖАО ветдәрігері

ЖАО ветдәрігері

3

Әрекет (процесс, рәсім, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы

регламенттің 10-тармағында көрсетілгендей тұтынушымен ұсынылған құжаттар пакетiн тексеру және қабылдау

Анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты толтыру

Анықтамалар беру журналына тіркеу. Тұтынушыға дайын құжатты немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау

4

Аяқталу нысаны (мәлiметтер,құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiмдер)

Құжаттарды қабылдау

Анықтамаға не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Тұтынушыға дайын құжатты немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты беру

5

Орындау мерзiмi

30 минуттан аспайды

өтініш білдірген күнi көрсетiледi

30 минуттан аспайды







«Ветеринариялық анықтама беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

3-қосымша

ЖАО-ға өтініш білдіргенде

мемлекеттік қызметті ұсыну сызбасы

Тұтынушы





ЖАО ветдәрігері:

Регламенттің 10-тармағында көретілген тұтынушы ұсынған құжаттарды тексеру және қабылдау

(30 минуттан аспайды)


ЖАО ветдәрігері:

Анықтаманы немесе ұсынылған қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты беру

(30 минуттан аспайды)







ЖАО ветдәрігері:

Анықтаманы немесе ұсынылған қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты толттыру және қол қою



(өтініш білдірген күнi көрсетiледi)





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет