Қарағанды облыстық Мәслихатының
2005 жылғы «___» ____________ _____ сессиясының шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
УТВЕРЖДЕНО
Решением ____ сессии Карагандинского областного Маслихата
от «____» _____________ 2005 года
Қарағанды облысының әкімі Облыстық Мәслихаттың хатшысы
Аким Карагандинской области Секретарь областного Маслихата
_______________К. Мұхамеджанов __________________Қ. Медиев
Қарағанды облысы экономикасының
нақты секторын дамытудың 2006 жылға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
ПРОГРАММА
развития реального сектора экономики
Карагандинской области на 2006 год
Қарағанды қаласы
2
Мазмұны:
|
бет
|
Төлқұжат (бағдарламаның негізгі параметрлері) 4
|
Кіріспе 5
|
Мәселенің бүгінгі жағдайын талдау 5
|
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 6
|
Негізгі бағыттар және бағдарламаны жүзеге асырудың тетіктері 7
|
Қажетті қорлар және оларды қаржыландыру көздері 8
|
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер 8
|
Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары 11
|
3
Төлқұжат |
Бағдарламаның атауы
|
Қарағанды облысы экономикасының нақты секторын дамытудың 2006 жылға арналған бағдарламасы
|
Бағдарламаны жасауға негіздеме
|
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасында салалық (секторалды) және аймақтық бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру ережелері туралы» ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 26 ақпанындағы №251 қаулысы.
|
Бағдарламаның мақсаты
|
ҚР индустриялық – инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру, өнеркәсіптік кешенді, импортты алмастыратын, экспортқа бағышталған және бәсекеге қабілетті өндіріс көлемдерінің тұрақты өсуін дамыту
|
Бағдарламаның міндеттері
|
1. Машина жасау, химия және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының, металлургияда 4-ші және одан да көп бөлудің басымды дамуына жағдай жасау;
2. Тауарлардың бәсекеге қабілеттігін арттыру және оларды нарықта демеу;
3. Істеп тұрған кәсіпорындарды дамыту мен кеңейту;
4. Жаңа өндірістер ашу (сонымен қатар істеп тұрған кәсіпорындарда да);
5. Экономиканың нақты секторына инвестициялар тарту;
6. Құрал – жабдықтарды жаңарту және жаңа технологияларды енгізу;
7. Импортты алмастыру;
8. Заңды тұлғалардың шаруашылық тіркелімін ретке келтіру.
|
Күтілетін нәтижелер
|
Өнеркәсіптік өнім көлемін 508,3 млрд.теңгеге жеткізу.
16 жаңа өндіріс ашу және 28 кәсіпорында көлемдерді өсіре отыра өндірісті кеңейтуді жалғастыру. Сонымен қоса 1067 жаңа жұмыс орнын ашу.
Облыс кәсіпорындарымен шығарылатын импортты алмастыратын өнімнің көлемін 31,6 млрд.теңгеге дейін жеткізу.
Шаруашылық тіркелімнен 587 тоқтап тұрған кәсіпорынды шығару.
|
Бағдарламаны жасаушы
|
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті
|
* Кәсіпорындардың 2006 жылға арналған даму бағдарламаларын бекіткеннен кейін көрсеткіштер түзетілуі мүмкін.
4
2. Кіріспе
Қарағанды облысы экономикасының нақты секторын дамытудың 2006 жылға арналған бағдарламасы Қарағанды облысының 2006-2008 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспар жобасының және 2015 жылға дейін ҚР индустриялық – инновациялық даму Стратегиясының, Қарағанды облысының 2004-2006 жж индустриялық – инновациялық дамуының аймақтық бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін ескеру, өнеркәсіп салаларының 2005 жылғы экономикалық жағдайын бағалау көрсеткіштерінің негізіне құрылған.
Бағдарлама «Жергілікті өзін өзі басқару туралы» ҚР Заңына сәйкес 2000 жылдан бастап жасалып келеді.
3. Мәселенің бүгінгі жағдайын талдау
Облыстың 2004 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындылары экономиканың нақты сеторының тұрақты дамып келе жатқандығын куәландырады.
Өнеркәсіптік өнім көлемі 2004 жылдың көрсеткішінен 2,8 % арта отырып, 435,0 млрд.теңгені құрады.
Өндіріс көлемінің өсуі өңдеуші өнеркәсіпте (3,8%) қамтамасыз етілді.
2003 жылмен салыстырғанда ақ қаңылтырдың (9,4%-ға), мырышталған илектің (7,4%-ға ), темір мен болаттан жасалған жайпақ илектің (5,3%-ға ), тазартылған мыстың (2,4%-ға ) сонымен қоса қорғасын-мырыш (10,1%-ға) және темір (15,7%-ға) кендерінің, марганец (6,8%-ға) және қорғасын (7,5%-ға) қорытпаларының өндіріс көлемі артты.
Электр қуатының өндірісі 7%-ға көтерілді.
Облыста соңғы жылдары өнеркәсіп әлеуетін өсіру жөнінде жұмыстар жүргізілуде, оған экономиканың нақты секторын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндік туғызады.
Соның негізінде есепті кезеңде 50 жаңа өндіріс ашылып, 4 тоқтап тұрған кәсіпорын қайта қалпына келтірілді. Өндірістің алдыңғы қатарлы технологияларын пайдалана отыра «Стройкомплект-А» ЖШС-ге ҚФ судисперсиялы бояу өндірісі, «Европласт» Қарағанды зауыты» ЖШС пластикалық бөтелкелер қақпағының өндірісі, «Қазақмыс корпорациясы» АҚ «Балқаштүстіметалл» ӨБ «Ванюков-2 пеші», «Эколоджи Техниколоджис сервис ЛТД» ЖШС жоғары сапалы феррит қышқылы өндірісі және т.б. сол сияқты жоғары технологиялы жаңа өндірістер ашылды.
2004 жылы импортты алмастыру бағдарламасын жүзеге асыруға 154 кәсіпорын қатысты, олармен 35,6 млрд.теңгеге (2003ж-ға 118,9%) импортты алмастыратын өнім жеткізуге контрактілер жасалды.
Құрылыс индустриясын дамытуға облыс кәсіпорындарының Астана қ. құрылысына қатысулары септігін тигізеді, есеп беру кезінде 10,9 млрд. теңгеге (2003ж. 12% жоғары) құрылыс материалдарын жеткізуге және мердігерлік жұмыстарды ұйымдастыруға келісім-шарттар жасалды.
2
5
005 жылдың 9 айында өнеркәсіптік өнім көлемінің өндірісі 366,6 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың балама кезеңіне өсу қарқыны 112% болып, айғақты көлем индексі 89,0% шегінде қалыптасты. 39 жаңа өндіріс пен 1820 жаңа жұмыс орны ашылды. 4 кәсіпорын қайта қалпына келтірілді. Импорттаушы кәсіпорындармен импортты алмастыратын өнімді жеткізу бойынша жасалған келісім – шарттар көлемі 45,4 млрд. теңгені құрады (жылдық ниетке 150,8%). «Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» бағдарламасы бойынша жасалған келісім – шарттар көлемі 12,2 млрд. теңгені құрады (жылдық ниетке 178,6%).
Салалардың дамуына келесі мәселелер негізгі кедергілер болып табылады:
- тікелей инвестициялар үшін көптеген өнеркәсіп орындары әсіресе өңдеуші салада тартымсыз;
- өнеркәсіп өнімінің басты тұтынушыларының төмен төлемқабілеттілігі;
- өндірістердің техникалық жарақталу деңгейінің төмендігі;
- маркетинг пен менеджменттің қолданылу деңгейінің төмендігі;
-
кәсіпорындардың айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;
-
өнім өндірудің өз құнының жоғарылығы;
-
импортты алмастыратын және экспортқа бағышталған жаңа өндірістерді дамыту үшін инвестициялардың жеткіліксіздігі.
Мәселелерді шешу тетіктері.
Достарыңызбен бөлісу: |