Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет40/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Мұхамедхан Айбибі 
Жетекші: Жантелова Лаура Алдабергеновна 
 
Тəуелсіздік десе есімізге бостандық, ұлттың тыныштығы, бақыты, соғыссыз тыныш 
заман түседі. Тəуелсіздік қазіргі таңның өзінде көптеген əлем халқына арман болып отыр. 
Ал біздің еліміз Қазақстан казіргі таңда араға бірнеше жүздеген жылдар сала отырып, асқақ 
арманымыз болған тəуелсіздікке қол жеткізіп отыр. Ел тəуелсіздігі– халық бақыты. 
Қазақстан - тəуелсіз ел. Елімізде130дан астам ұлт өкілі бір шаңырақ астында бас 
қосып, бір отбасыдай күн кешуде. Бұл күндерді бастан кешу жолында қаншама ата-
бабаларымыз майдан даласында қан төгіп, өліммен бетпе-бет жүздесіп, намысты қолдан 
бермеуге тырысқанын естен шығармағанымыз жөн. Біздің халқымыз қанша қиын-қыстау 
күндерді бастан кешіп, кей күндерді қараңғылық пен аштықта өткізсе де еш мойымай
тəуелсіздік үшін күресті тоқтатпады. Осындай қайғыға толы ғасырлардың бірі ХХ ғасыр 
болды. Бұл ғасырда қазақтар өздерінің атамекенінен айрылып, халық арасында жұт болып, 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 41 - 
халык миллиондап қырылған еді. Бірақ батыр халық тəуелсіздіктен үмітін үзбеді. Бірнеше 
мəрте көтеріліске шығып, жүректерінде əлі де тəуелсіздік алауы бар екенін көрсетіп 
отырды. "Тəуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман" демекші, қазақ 
халқын ата жау қанша жерден өздеріне тəуелді еткісі келсе де, халық өздерінің жүрегіндегі 
бостандықты сақтап қала алды. "Халыққа қарсы жүру - ағысқа қарсы жүзу" демекші 
осындай қаһарман халықты өзіне ешбір жау бағындыра алмады.
Тарихқа көз жүгіртсек қазақ халқының бастан кешпегені жоқ. Осының барлығының 
жемісін халық 1991жылы тəуелсіздік алған кезде сезіне білді. Бұл жыл біз үшін мəңгілік 
есте қалар жыл болды. Халық ақыры өзінің бірнеше ғасырлар бойы асқақ арманы болған 
тəуелсіздігіне қол жеткізді. Казіргі таңда бұл оқиғаға 30 жылдан астам уақыт толып отыр. 
Бұл уақыт аралығында халық көптеген жетістіктерге жетіп үлгерді. Қазақстан саяси
экономикалық жақтарынан əлі де даму үстінде. Алдағы уақытта айрандай ұйып, бірлікті 
сақтап, мемлекетіміздің 100жылдығын тойлау бұйырады деген үміттемін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет