Республиканский нормативный документ



бет1/9
Дата11.07.2016
өлшемі0.84 Mb.
#192524
  1   2   3   4   5   6   7   8   9









Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтер

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТ






Государственные нормативы в области архитектуры,

градостроительства и строительства

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ НОРМАТИВНЫЙ ДОКУМЕНТ




















ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ СУ БҰРУ ЖҮЙЕСІНЕ АҒЫЗЫЛАТЫН ӨНДІРІСТІК САРҚЫНДЫ СУДАҒЫ ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ ШЕКТІ ЖОЛ БЕРІЛГЕН ШОҒЫРЛАНУЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ОЛАР ШЕКТЕН АСҚАНДА ҚОСЫМША ТАЗАРТУ ҮШІН ТӨЛЕМДЕРДІ ЕСЕПТЕУ







МЕТОДИКА РАСЧЁТА ДОПУСТИМЫХ КОНЦЕНТРАЦИЙ

ВРЕДНЫХ ВЕЩЕСТВ В ПРОИЗВОДСТВЕННЫХ

СТОЧНЫХ ВОДАХ, СБРАСЫВАЕМЫХ В СИСТЕМЫ

ВОДООТВЕДЕНИЯ НАСЕЛЁННЫХ ПУНКТОВ И

РАСЧЁТА ОПЛАТЫ ЗА ДОПОЛНИТЕЛЬНУЮ ОЧИСТКУ

ПРИ ИХ ПРЕВЫШЕНИИ










ҚР РНҚ

РНД РК










Ресми басылым

Издание официальное
















Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттiгi






Агентство Республики Казахстан по делам строительства

и жилищно-коммунального хозяйства








Астана 2010


Предисловие
1.  РАЗРАБОТАНА АО «Казахстанский центр модернизации и развития жилищно-коммунального хозяйства»
2. ВНЕСЕНА Департаментом научно-технической политики Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства
3. УТВЕРЖДЕНА И ВВЕДЕНА В ДЕЙСТВИЕ Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от ______________ 2010 г. №___

4. СРОК ПЕРВОЙ ПРОВЕРКИ ________________

ПЕРИОДИЧНОСТЬ ПРОВЕРКИ ________________




5. ВВЕДЕНА ВПЕРВЫЕ

Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично

воспроизведён, тиражирован и распространён в качестве официального издания

без разрешения Уполномоченного органа по делам строительства

и жилищно-коммунального хозяйства РК

Мазмұны

Кіріспе
1. Елді мекендердің су бұру жүйесіне ағызылатын сарқынды судағы шекті жол берілген шоғырлануларды есептеу


2. Зиянды заттардың жол берілген шоғырлану шегінен шыққан ластаушылармен қоса сарқынды суды қосымша тазарту үшін төлемдерді есептеу
3. Елді мекендердің тазарту құрылысына бағытталған өндірістік сарқынды судағы зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануын есептеу мысалдары
4. Зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануынан асқан ластаушылар бар сарқынды суды қосымша тазарту үшін төлемді есептеу мысалдары
1-қосымша (ақпараттық). Әр саладағы өндірістің сарқын суларына тән көрсеткіштер
2-қосымша (міндетті). Биологиялық тазарту процесінде жойылатын заттар
3-қосымша (міндетті). Биологиялық тазарту процесінде жойылмайтын заттар
4-қосымша (міндетті). Биологиялық тазарту үшін заттардың ең шекті жол берілген шоғырлануы
5-қосымша (ақпараттық). Тұрмыстық сарқынды суларда жеке зиянды заттардың орташа құрамы
6-қосымша (міндетті). Өндірістік сарқынды суларда жол берілетін зиянды заттардың шоғырлану шамасына k төмендеу коэффициентінің мәні Сөсс
Библиография

Кіріспе
Осы елді мекендердің су бұру жүйесіне ағызылатын өндірістік сарқынды судағы зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануын есептеу және олар шектен асқанда қосымша тазарту үшін төлемдерді есептеу әдістемелік нұсқау (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 788 қаулысымен бекітілген Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесіне сәйкес әзірленген.

Осы Әдістеме елді мекендердің су бұру жүйесінің қалыпты жұмыс iстеуiн және тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген және елді мекендердің су бұру жүйесіне қызмет көрсететін су шаруашылық ұйымдарының (бұдан әрі – Қызмет көрсетуші) су бұру жүйесіне өндірістік сарқынды суларды ағызатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің (бұдан әрі - Тұтынушылар) арасындағы өзара қатынастарды реттейді.

Соңғы 20 жыл ішінде өндірістің әр түрлерінің дамуына байланысты өндірістік сарқынды су құрамының сипаты да өзгерді. Қазақстан Республикасының елді мекендерінде су бұру жүйесі біріктірілген, онда тұрмыстық және өндірістік сарқынды сулар бір кәріздік тазарту құрылысына келіп ағады.

Сарқынды суларды тазарту құрылыстары сарқынды суларды қабылдауға, механикалық және биологиялық тазартуға, залалсыздандыруға, сарқынды суды қайта тазартуға және тазартылған сарқынды суды табиғи объектілерге ағызуға арналған инженерлік құрылыс кешенін білдіреді.

Зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануы (бұдан әрі - ЗЗЖБШ) асқан сарқынды сулар тазарту құрылыстың жұмысын қиындатады және апатты жағдайлар мен су объектілерінің ластануының алдын алу үшін қосымша жұмыстар мен шығындарды талап етеді. Мұндай суларды қосымша тазарту елді мекендердің сарқынды суының жалпы көлемімен бірге жүзеге асырылады және Қызмет көрсетуші қызметінің негізгі, бірақ реттелмейтін бөлігі болып табылады.

Су бұру жүйесіне ағызылатын өндірістік сарқынды судағы ЗЗЖБШ-ты есептеу және бекіту елді мекеннің тазарту құрылысындағы бар технологиялар есепке алынып, Қызмет көрсетушімен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы елді мекендерінің сарқынды суын тазарту құрылыстарында механикалық және биологиялық тазарту, не тек қана механикалық тазарту қолданылады.

Тазарту құрылысында тазартудан өткен, табиғи объектілерге ағызылатын сарқынды суларға қоршаған ортаны қорғау органдарының қоятын талаптары бар, оларды бұзған үшін экономикалық санкциялар белгіленеді. Сонымен, сарқынды суды тазарту құрылысына келіп түсетін сарқынды суларға да талаптар қойылады.

Қызмет көрсетуші осы Әдістеме негізінде есептеген зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануының талаптарына сай келетін зиянды заттардың шоғырлануы бойынша Тұтынушылардың өндірістік сарқынды сулары қабылдауға жатады. Осы құжаттың негізінде елді мекендердің су бұру жүйесіне ағызылатын өндірістік сарқынды судағы ЗЗЖБШ нормативтері анықталады. Бұл тазарту құрылыстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаны ластанудан қорғауға, ұтымды су пайдалануға мүмкіндік береді.

Өндірістік сарқынды суды қабылдау үшін су бұру жүйесінің жеткілікті қуаты болған жағдайда өндірістік сарқынды суды су бұру жүйесіне қабылдауға жол беріледі.

Елді мекендердің су бұру жүйесіне ағатын өндірістік сарқынды сулар су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстарының жұмысын бұзбауы, су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстары элементтерінің материалына қиратушы ықпал етпеуі және температурасы 40 о С-тан аспауы және олардың құрамында:

су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстарында жарылыс қауіпті және улы газдар мен қоспаларды жинауға қабілетті жанғыш қоспалар, қышқылдар, улы және ерітілген газ тәрізді заттар;

су бұру жүйесінің элементтерін ластайтын немесе оларға шөгетін заттар мен бұйымдар;

ЗЗЖБШ мәндерінен асатын және сарқынды суларды биологиялық тазартуға кедергі келтіретін зиянды заттар;

тиісті пайдалану түріндегі су айдындарының суында шекті жол етілген шоғырлану мәндері белгіленбеген заттар;

минералды ластанулар;

қауіпті бактериялық ластанулар;

500 мг/л астам өлшенген және балқитын заттар;

ерітілмеген майлар, сондай-ақ шайыр мен мазут;

оттегін химиялық тұтыну оттегін биохимиялық тұтынудан (бұдан әрі - ОБТ) (толық) 1,5 еседен асатын заттар

6,5-9,0 шегінен астам рН;

адамға қауіпті газдарды шығаруы мүмкін (күкіртті сутек, көміртегі тотығы, цианистті сутек қышқылы, күкіртті көміртегі және басқалар) биологиялық «қатты» бетүсті-белсенді заттар мен басқа заттар болмауы тиіс.


1. Елді мекендердің су бұру жүйесіне ағызылатын өндірістік сарқынды судағы шекті жол берілген шоғырлануларды есептеу
1.1. Әр саладағы өндіріске тән сарқынды судағы зиянды заттардың тізбесі 1-қосымшада келтірілген.

Биологиялық тазарту процесінде жойылатын заттардың тізбесі 2-қосымшада, ал осы процесте жойылмайтын – 3-қосымшада берілген.

4-қосымшада сарқынды суды биологиялық тазарту үшін заттардың ең шекті жол берілген шоғырлануы, 5-қосымшада тұрмыстық сарқынды суларда жеке зиянды заттардың орташа құрамы, 6-қосымшада өндірістің сарқынды судағы зиянды заттардың жол берілетін шоғырлану шамасына k төмендеу коэффициентінің мәні Сззжбш келтірілген.
1.2. Сарқынды судағы зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануын және елді мекендердің тазарту құрылыстарында жойылатын есептеу мынадай тәсілмен жүргізіледі:
а) тазартылған қалалық сарқынды судағы зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануы Сст облыста қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті орган су бұру қызметін көрсететін ұйымға берген және ЗЗЖБШ есептеу кезінде қолданыстағы Қоршаған ортада эмиссияға берілген рұқсат бекітілген мөлшерде қабылданады.
б) елді мекендердің тазарту құрылыстарына келіп түсетін сарқынды судың қоспаларында зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануы анықталады:
Сст х 100

Сқсс = ------------- (1)

100 - А
мұнда А – елді мекеннің тазарту құрылысында зиянды заттарды жою тиімділігі, %, қолданыстағы тазарту құрылыстар мен шекті жол берілген ағындылардың (ШРА) жұмысын жобалау деректері бойынша қабылданады.

Алынған шама СҚСС сарқынды суды биологиялық тазарту ССБТ үшін жол берілген шоғырланудан аспауы тиіс. Егер есептеудің нәтижесінде СҚСС ССБТ –дан артық болса, онда СҚСС = ССБТ деп қабылдап, (2) формула бойынша ССТ қосымша есептеу жүргізу керек.


в) СӨСС өндірістік сарқынды сулардағы зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануы анықталады:
ССТ (100 – α) Q

СЗЗЖБШ = ------------------ --- , мг\дм3 (2)

100 – А q
мұнда α – СТҰР тұрмыстық сарқынды судағы зиянды заттардың құрамы, СҚСС елді мекендердің сарқынды суларында оның құрамының %:
СТҰР (Q – q)

α = ------------------ 100

СҚСС Q
α - әр нақты жағдайда тұрмыстық сарқынды судың ғана (болмағанда – 5-қосымшада келтірілген деректер бойынша) және тазарту құрылыстарына келіп түсетін сарқынды суларды талдау негіздерінде есептеледі;

деректер мүлдем болмағанда α = 0 қабылданады;

Q – елді мекендердің сарқынды суларының шығыны, тәулігіне м3;

q – құрамында осы зиянды зат бар өндірістік сарқынды сулардың шығыны, тәулігіне м3.


г) 3-інші формула бойынша есептелген СЗЗЖБШ шама осы зиянды затты ағызатын және осы тазарту құрылысының су бұру бассейнінде орналасқан барлық өндірістік кәсіпорындардың өндірістік сарқынды сулары үшін бірыңғай шама болып табылады.
д) өлшенген заттар мен БШШ шекті жол берілген шоғырлануын есептеулер елді мекендердің тазарту құрылыстарын жобалау кезінде жүргізіледі. Еріген тұздардың жол берілген шоғырлануын есептеу сарқынды суды биологиялық тазарту процесінде олардың құрамы мүлдем өзгермейді, ал жиынтық шекті жол берілген шоғырлануы (ШРШ) 1000 мг/дм3 (құрғақ қалдық бойынша) деп ала отырып, (2) және (3) формулалар бойынша жүргізіледі.
1.3. Зияндылықтың бірдей шектейтін көрсеткіштерімен бірнеше ластаушы заттары бар өндірістік сарқынды сулар елді мекендердің су бұру жүйесіне келіп түскенде заттардың әрқайсысының СХ, СУ, ..., СК шоғырлануы олардың өндірістік сарқынды суларда СХЗЗЖБШ, СУЗЗЖБШ, ..., СКЗЗЖБШ тиісті шекті жол берілген шоғырлануы қатынастарының жиынтығы 1 артық болмауы керек, яғни:
СХ СУ СК

----------- + ----------- + ----------- < 1 (3)

СХЗЗЖБШ СУЗЗЖБШ СКЗЗЖБШ

СХ, СУ, ..., СК шамаларын екі жолмен анықтау мүмкін:


а) өндірістік сарқынды суларындағы заттардың жол берілген шоғырлануы қанша заттар тасталса, сонша есе немесе формула бойынша азаяды:
СЗЗЖБШ бастапқы

СӨСС = --------------------;

N (1, 2, 3, …n)
б) СЗЗЖБШ төмендеу шамасы кәсіпорын мүмкіндіктерінің шартталған нақты жағдайларын ескере отырып таратылады.
1.4. Елді мекендердің су бұру жүйесіне өндірістік кәсіпорыннан ластаушы заттардың шектеулі ағызылуы мынадай формуламен анықталады:
Kn = СЗЗЖБШ qn (4)
мұнда qn - осы кәсіпорынның өндірістік сарқынды суларының шығыны.
Ескертпе:

Елді мекеннің су бұру жүйесіне шағын кәсіпорындарды (өндірістік сарқынды судың шығыны тәулігіне 100 м3 артық емес) қосу және жергілікті тазарту құрылғыларын орнату немесе бірнеше кәсіпорындардың бірлескен тазарту құрылыстарын құру қажеттілігі Қызмет көрсетушімен келісіледі.
1.5. Елді мекендердің сарқынды су шөгінділерін тыңайтқыш ретінде пайдаланған кезде елді мекендердің тазарту станцияларына қабылданатын өндірістік сарқынды судағы зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануы СЗЗЖБШ мынадай формуламен анықталады:
СЗЗЖБШ = k СЗЗЖБШ
мұнда: СЗЗЖБШ – формула (2) бойынша анықталған өндірістік сарқынды судағы зиянды заттардың шоғырлануы;

k – кеміту коэффициенті (k < 1).

6-қосымшада араласудың әртүрлі еселігі кезінде су объектілері үшін және сарқынды суды қашыртқанға дейін (С1 = 0) су объектісінің суындағы ластаушы заттардың шоғырлануы ескерусіз k-ның мәні келтірілген.
2. Зиянды заттардың жол берілген шоғырлану шегінен шыққан ластаушылармен қоса сарқынды суды қосымша тазарту үшін төлемдерді есептеу
ЗЗЖБШ шегінен шыққан ластаушылар бар сарқынды су қашыртқысы анықталған кезде Тұтынушы Қызмет көрсетушіге ЗЗЖБШ шегінен шыққан ластаушылардан сарқынды суды қосымша тазарту үшін мына формула бойынша есептелетін қызметті төлейді:
СФ1 – СЗЗЖБШ СФ2 – СЗЗЖБШ

П = Vx (------------------) Т + Vx (------------------) Т + .... (5)

СЗЗЖБШ1 СЗЗЖБШ2


мұнда:

П – нормативтен артық ластанған сарқынды суды қосымша тазарту үшін төлем, теңге;

Vx – елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызылған сарқынды судың көлемі, м3;

Т – 1 м3 сарқынды су үшін тарифтік төлем (ҚҚС-пен), теңге/ м3;

СФ1, СФ2 ... – зиянды заттың нақты шоғырлануы (1-ден n-ге дейін), егер ол зиянды заттың жол берілген шоғырлану шегінен (ЗЗЖБШ) шыққан болса, мг/дм3;

СЗЗЖБШ1, СЗЗЖБШ2 ... – елді мекеннің су бұру жүйесіне қашыртқы үшін жол берілген зиянды заттардың шоғырлануы, мг/дм3.


ЗЗЖБШ шектен шыққан сарқынды суды қосымша тазарту үшін көрсетілген су бұру қызметі үшін төлем соңғы шот қойылған кезеңнен бастап ЗЗЖБШ шектен шыққаны анықталған күнге дейін әр ластанудың түріне жоғарыда көрсетілген есептен бөлек жеке-жеке төленеді.

ЗЗЖБШ шектен шыққан ластануды жойғанға дейін төлемнің келесі шоты қойылады, ол туралы шектен шыққан ЗЗЖБШ жол берген кәсіпорын (Тұтынушы) елді мекеннің сарқынды суын қабылдауды және тазартуды жүзеге асыратын кәсіпорынға (Қызмет көрсетуші) жазбаша түрде хабарлауы тиіс.

ЗЗЖБШ шектен шыққан сарқынды суды қосымша тазарту үшін төлемді өндірудің негіздемесі болып мыналар табылады:

а) сарқынды суды іріктеу актісі;

б) зиянды заттардың нақты шоғырлануымен қоса сарқынды суға талдау жасау хаттамасы;

в) ЗЗЖБШ шектен шыққан ластаушылар бар сарқынды суды қосымша тазарту үшін төлемді есептеу.

Сарқынды судың шығынына қосымша төлемді есептеу әр шығарылым бойынша жеке жүргізіледі. Тұтынушы әр шығарылым бойынша шығындарды ұсынбаған жағдайда, қосымша төлем сарқынды судың барлық көлемінің максимальды ластанған шығарылымы бойынша есептеледі.
3. Елді мекендердің тазарту құрылысына бағытталған өндірістік сарқынды судағы зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануын есептеу
1-мысал. Биологиялық тазарту процесінде жойылмайтын өндірістік сарқынды судағы зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануын есептеу. Өндірістік сарқынды суда циклогексан болады.

Елді мекеннің сарқынды су шығыны Q = 100000 м3/ тәулік. Құрамында циклогексан бар өндірістік сарқынды судың шығыны q = 10000 м3/ тәулік.

Мәдениет-тұрмыстық және шаруашылық-ауыз су пайдаланудың су объектісі. Циклогексанның Сn 0,1 мг/дм3л тең. Елді мекеннің тазартылған сарқынды суының су объектісі суымен еселік араласуы n = 2. Су объектісінің суында циклогексан жоқ. Тұрмыстық сарқынды суларда циклогексан, сондай-ақ, жоқ.

Тазартылған сарқынды суда циклогексаннның шоғырлануы мынадай болуы тиіс:

ССТ циклогексан = 0,2 мг/дм3
Биотазартуға келіп түсетін елді мекеннің сарқынды суында:

СТ х 100)

ССТ циклогексан = --------------- = 0,2 мг/дм3

(100 – 0)


Өндірістік сарқынды суда циклогексан жол берілген шоғырланған.

Циклогександы екі кәсіпорын тастайды. Бірінші кәсіпорынның сарқынды су шығыны 3000 м3/ тәулік, екіншісі - 100000 м3/ тәулік. Бірінші және екінші кәсіпорынның циклогександы жол берілген шектегі қашыртқысы:

2 х 3000

К1 циклогексан = ------------- = 6 кг/тәулік

1000
2 х 7000

К1 циклогексан = ------------- = 14 кг/тәулік

1000
Бұл циклогексанның шоғырлануы, шығындары мен сандары Қызмет көрсетуші мен Тұтынушының арасындағы шарттарда көрсетілуі тиіс.
2-мысал. Елді мекендердің сарқынды суы су объектісінің суымен араласқан жағдайда өндірістік сарқынды судағы ластаушы заттардың шекті жол берілген шоғырлануын есептеу. Өндірістік сарқынды суда мыс және күшәла болады. Елді мекеннің сарқынды су шығыны Q = 100000 м3/ тәулік. Құрамында мыс және күшәла бар өндірістік сарқынды судың шығыны q = 20000 м3/тәулік. Мәдениет-тұрмыстық және шаруашылық-ауыз су пайдаланудың су объектісі. Елді мекеннің тазартылған сарқынды суының су объектісі суымен еселік араласуы n = 3. Су объектісінің суында мыстың нақты шоғырлануы Се = 0,2 мг/дм3, су объектісінің суында күшәла жоқ.

Тұрмыстық сарқынды суларда мыстың құрамы СCU тұрм= 0,03 мг/дм3, елді мекеннің сарқынды суында СCUҚСС= 0,3 мг/дм3, коэффициент шамасы α:


СCU тұрм 0,03

α = ------------- х 100 = ------- х 100 = 10 %

СCUҚСС 0,3
Тұрмыстық сарқынды суларда күшәла жоқ, сондықтан күшәла үшін α коэффициент шамасы 0 тең. Елді мекендердің биологиялық тазарту құрылыстарында мысты жою тиімділігі және су объектісінің суында РШШ А = 80 %, Сn = 1 мг/дм3, күшәла А = 50 %, Сn = 0,05 мг/дм3.

Мыстың жол берілген шоғырлануын есептеу СCUСТ = 2,6 мг/дм3

(1) формула бойынша:
СCUҚСС = (СCUСТ х 100) / (100 – А) = (2,6 х 100) / (100 – 80) =13 мг/дм3
Биотазарту процесі үшін мыстың жол берілген шоғырлануы бойынша шамасы 0,5 мг/л аспауы тиіс (4-қосымшаны қара), сондықтан СCUҚСС ССБТ = 0,5 мг/л деп қабылдануы тиіс, оның салдарынан ССТ (1) формуладан есептеп шығаруға болады.
СCUСТ = СCUСБТ (100 – А) / 100 = 0,5 (100 – 80) / 100 =0,1 мг/дм3
Табылған ССТ мәнін ескеріп, (2) формула бойынша мынаны табамыз:
СCUСТ (100 – α) Q 0,1 (100 – 10) 100000

СCUӨСС = --------------------- x ---- = ------------------ x ---------- = 2,25 мг/дм3

100 – А q 100 – 80 20000
Күшәла үшін СӨСС ұқсас есептеу жүргізіледі СAsСТ = 0,15 мг/дм3,

(1) формула бойынша:

СAsСТ х 100 0,15 х 100

СAsҚСС = ----------------- = -------------- = 0,3 мг/дм3,

100 – А 100 – 50

бұл биологиялық тазарту үшін шектіден жоғары, себебі тиіс (4-қосымшаны қара) СAsСТ = 0,1 мг/дм3.

(1) формуламен қайта есептейміз:

СAsСТ = СAsСБТ (100 – А)/ 100 = 0,1 (100 – 50) / 100 = 0,05 мг/дм3

Кейін СЗЗЖБШ анықтаймыз:
СAsЗЗЖБШ (100 – α) Q 0,05 (100 – 0) 100000

СAsЗЗЖБШ = ------------------------ x ---- = ------------------- x ---------- = 0,5 мг/дм3

100 – А q 100 – 50 20000
Алынған СЗЗЖБШ шамалар су бұрудың барлық бассейні үшін нормативті болып табылады. СЗЗЖБШ шамалары негізінде және өндірістік сарқынды су шығындарын ескеріп, (4) формула бойынша әр кәсіпорынның ластаушы заттарды шекті қашқыртуы анықталады.

Бірінші кәсіпорынның өндірістік сарқынды су шығындары, мысалы, 5000 м3/тәулік құрайды. Осы кәсіпорынның сарқынды суы құрамында мыс және күшәла бар. Осы кәсіпорыннан елді мекеннің су бұру жүйесіне мыс пен күшәланың жол берілген қашыртқысы мынаны құрайды:

5000

KCu = СCu ЗЗЖБШ qn = 2,25 -------- = 11,25 кг/тәулік



1000
5000

KAs = 0,55 -------- = 2,25 кг/ тәулік

1000

Бұл Қызмет көрсетуші мен бірінші кәсіпорынның арасындағы келісімде сипатталуы тиіс. Басқа өндірістік кәсіпорындардың жол берілген ластаушы заттардың қашыртқысы осыған ұқсас анықталады.


3-мысал. Елді мекеннің тазартылған сарқынды суының су объектісі суымен бір еселік араласуы кезінде өндірістік сарқынды судағы заттардың жол берілген шоғырлануын есептеу. Q = 100000 м3/тәулік, q = 40000 м3/тәулік. Елді мекеннің тазартылған сарқынды суының су объектісі суымен еселік араласуы n = 1. Балық шаруашылық су пайдаланудың су объектісі.

Өндірістік сарқынды суда темір, қорғасын және мырыш бар, су объектісі суында бұл заттар жоқ. темір үшін α коэффициенті 20 %, қорғасын және мырыш тұрмыстық сарқынды суда жоқ. Биологиялық тазарту құрылыстарында темірді жою тиімділігі және су объектісінің суында РШШ: А = 80 %, Сn = 0,5 мг/дм3, қорғасын А = 50 %, Сn = 0,1 мг/дм3, мырыш А = 70 %, Сn = 0,01 мг/дм3.


Темір үшін СFeСТ = Cn = 0,5 мг/дм3:
СFeҚСС = (0,5 х 100) / (100 – 80) = 2,5 мг/дм3,
бұл биологиялық тазарту үшін жол берілген шектен төмен (5 мг/дм3):

0,5 (100 – 20) 100 000

СFeЗЗЖБШ = ------------------- х ---------- = 5 мг/дм3

100 – 80 40 000


Қорғасын үшін СPbСТ = Cn = 0,1 мг/дм3:
СPbҚСС = (0,1 х 100) / (100 – 50) = 0,2 мг/дм3,
бұл биологиялық тазарту үшін жол шегінен жоғары – 0,1 мг/дм3):
СPbСТ = 0,1 (100 – 50) / 100 = 0,05 мг/дм3,
0,05 х 100 100 000

СPbЗЗЖБШ = ---------------- х ---------- = 0,25 мг/дм3

100 – 50 40 000
Мырыш үшін СZnСТ = Cn = 0,01 мг/дм3:
СZnҚСС = (0,01 х 100) / (100 – 70) = 0,03 мг/дм3,
0,01 х 100 100 000

СZn ЗЗЖБШ= --------------- х ---------- = 0,08 мг/дм3

100 – 70 40 000

(биологиялық тазарту үшін шектелуіден төмен).

Балық шаруашылық су пайдаланудың су объектілері үшін темір, қорғасын және мырыш токсикологиялық белгілері бойынша нормаланады. Сондықтан олардың жол берілген шоғырлануын есептеу (3) формула бойынша нақтылануы тиіс:

СFe ЗЗЖБШесеп = (СFe ЗЗЖБШ)/3 =5/3 =1,7 мг/дм3,


СPbЗЗЖБШ есеп =( СPbЗЗЖБШ)/3 = 0,25/3 = 0,08 мг/дм3,
СZnЗЗЖБШ есеп = (СZnЗЗЖБШ)/3 = 0,08/3 = 0,027 мг/дм3
Алайда 0,027 мг/л деңгейде мырыштан тазарту қиын. Сондықтан темір үшін есептеу жүргіземіз, егер СPbЗЗЖБШ = 0,1 және СPbЗЗЖБШ = 0,05 мг/л болса, онда:

СFeЗЗЖБШесеп СPbЗЗЖБШ есеп СZnЗЗЖБШ есеп Х 0,1 0,05

--------------- + ---------------- + ---------------- = --- + ------- + ------ = 1,

СFeЗЗЖБШ СPbЗЗЖБШ СZnЗЗЖБШ 5 0,25 0,08

Х = СFeЗЗЖБШ есеп = 0,175 мг/дм3 қайдан пайда болды.

Әр нақты жағдайда бір шекті көрсеткіш бойынша СӨСС есептеу жергілікті жағдайлар мен кәсіпорынның мүмкіндіктері ескеріліп жүргізіледі.

Жеке кәсіпорындардың өндірістік сарқынды суымен бірге зиянды заттардың жол берілген қашыртқысын есептеу ұқсас 2-мысалда келтірілген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет