ҚҰРЫЛЫМ ЖАСАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
(қазақ тіліндегі жай сөйлем)
Мұсаева Гүлбағиза Әбіласымқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
филология ғылымдарының кандидаты
Алматы қаласы, тел 87017128712
email: gulbagiza_70@mail.ru
Құрылымдық синтаксисте формалды екі синтаксистік модель жасалды. Оның бірі – тікелей құрастырушылар моделі, екіншісі – бағыныңқылар моделі. Бұл екі модель де автоматикалық синтаксистік талдауда, машиналық аудармада және т.б. мәтіндерді автоматикалық өңдеу мәселелерінде кеңінен қолданылады. Тікелей құрастырушылар және бағыныңқылар немесе сатылы тілдік құрылымдар туралы алғаш рет американдық дескриптивтік лингвистика мектебінің өкілдері сөз еткен.
Тікелей құрастырушылар әдісімен талдау сөйлем ішіндегі синтаксистік құрылымдардың сатылы қарым-қатынасын тануға көмектесті. 60-шы жылдары тікелей құрастырушылар әдісінің жаңа трансформациялық әдісі ойлап табылды. Тікелей құрастырушылар әдісі бойынша сөйлем қандай синтаксистік құрылымдардың көмегімен құралғаны талданса, транформациялық әдіс бойынша сөйлем өз ішінде қандай құрылымдық өзгерістер арқылы жасалып тұрғанын зерттеу болды. Бұл әдістердің әрі қарай дамуы арқасында 60-жылдары американдық структурализм тіл біліміне туындаушы грамматика (генеративная грамматика) (Лат. generative – туындаушы (пораждающая), өзгеріс тудырушы грамматика (трансформационная) [1, 75 б., 386 б.; 2, 45 б.]) терминдерін енгізді. Бұл теориялардың негізін қалаушы – Н. Хомский болды.
Л. Теньердің құрылымдық синтаксисінің американдық құрылымдық синтаксистен, яғни конституенттік синтаксистен айырмашылығы – сөйлемнің құрылымын емес, сөйлемді құрайтын түрлі құрылымдарды зерттеуінде болды [3]. Автор синтаксистің төрт түрлі аспектісін белгілейді: құрылымдық, тізбектік (линейный), категориялық, функционалдық. Құрылымдық аспект сөйлемнің сатылы синтаксистік байланыстарын қарастырады; тізбектік (линейный) аспект сөйлемнің тізбектеле орналасу тәртібін қарастырады. Бұл екі аспект, Теньердің пікірінше, структуралық синтаксисте негізгі орынды алады; категориялық аспект сөйлем құрайтын синтаксистік бірліктердің категориялық (сөз табы) табиғатын бейнелейді; функционалдық аспект бұл бірліктерді сөйлемдегі қызметіне қарай сипаттайды; категориялық аспект пен функционалдық аспект те бір-бірімен тығыз байланысты.
«Л. Теньердің концепциясы коммуникативтік үрдісті бейнелейді: сөйлеу – құрылымдық тәртіпті тізбектік тәртіпке айналдыру (иллокуция), сөйлеуді түсіну – керісінше үрдіс, (перлокуция), тізбектік (формалды) тәртіпті құрылымдық тәртіпке айналдыру, құрылымдық тәртіп сөздердің өзара қарым-қатынасы мен байланысын анықтайды. Мұнда тізбектік тәртіп бір жақты, ал құрылымдық тәртіп көп жақты» [3, 31 б.].
Қазақ тілін зертеуші ғалым Қ. Жұбанов сөйлем мүшелерін орын тәртібі жағынан және олардың жасалуы жағынан қарастырады [4; 5, 126-140 бб.]. Бұлар қазақ сөйлемдерінің синтаксистік модельдерінің алғашқы үлгілері болып табылады. Сондай-ақ ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап жүйелі, ғылыми тұрғыда қолданыла бастаған статистикалық әдістің алғашқы бастамасы Қ. Жұбанов еңбектерінде кездеседі.
С. Аманжолов өзінің 1936 жылдардағы еңбектерінде сөйлем мүшелерін «жаңаша жіктеу» деп атап, сөйлем мүшелері бар болғаны үшеу: бастауыш, баяндауыш, анықтауыш дей келе, бірнеше сөйлемдердің құрылысын көрсетеді [6, 243 б.]. Мұнда автор схеманы сөйлем мүшелерін ажыратып және қазақ тіл білімінде алғаш рет сөйлемнің мағыналық құрылымын көрсету мақсатында қолданады. Бұл схемадан сөйлем мүшелерінің орны арқылы сөйлемнің жасалу құрылымын анық көруге болады. Мысалы: Біз бірінші қазақстандық университетке жүзден аса адамды таңдап алғалы отырмыз деген сөйлемінің схемасын төмендегідей көрсетеді (1-сурет).
Х. Арғынов бастауышы бар жақты сөйлем мен бастауышы түсіп айтылған жақты сөйлемдерді ажыратып көрсету мақсатында сөйлемдерді схема түрінде берген [7, 100 б.]. Аталған схемалардан сөйлем құрамындағы басты мүшелердің, бастауыш пен баяндауыштың қиысуын, сондай-ақ баяндауыш сөйлемнің басқа мүшелерін өзі жағына топтастырып, меңгеріп тұрғанын анық көре аламыз.
Бастауыш Баяндауыш
Біз алғалы отырмыз
Мекен анықтауыш сынды анықтауыш
университетке таңдап
Есепті сынды деректі есепті
анықтауыш анықтауыш анықтауыш анықтауыш
бірінші қазақстандық адамды жүзден аса
1-сурет. Сөйлем құрылымының С. Аманжолов жасаған кестесі
Сөйлемдердің осыған ұқсас схемаларын, сөйлем мүшелерінің орнын көрсететін кестелерді М. Балақаев, Т. Қордабаев [8, 173 б.], Т. Сайрамбаевтың [9, 206 б.] еңбектерінен де көруге болады. Қалай болғанда да, авторлар бұл схемаларды оқушылардың қазақ тілі сөйлемдерінің табиғатын нақты көрнекті жағдайда терең түсінуі үшін пайдаланғаны анық. Бұл жерде қазақ тіліндегі сөйлемдер формализацияланған түрде беріле отырып, оның құрылымын модельдеудің алғышарттары жасалған. Ж. Сәдуақасұлы сөйлемнің құрылымдық модельдерін беруде Б-бас мүше, Т–толықтауыш, Тж–жанама толықтауыш, А–анықтауыш, З1234567 – септік тұлғалары, А.Б. Қайыров N–кез келген есім сөз, S–зат есім, Adj.– сын есім, Num–сан есім, Pron.– есімдік, Adv.– үстеу, Inf. – тұйық етістік, Advlok., Adv.temp., Advmod., – үстеудің мағыналық түрлері, N1234567 – есімді компоненттің септік тұлғалары, V- етістік т.с.с шартты таңбаларды пайдаланған [10; 11]. Аталған авторлар сөйлемнің құрылымдық және мағыналық сипаттарын бірлікте қарастырып, бір құрамды және екі құрамды хабарлы жай сөйлемдерді формализациялау арқылы олардың типтерін анықтаған.
Тіл меңгеру саласы бойынша, қазақ тіліндегі мәтіндердің тууы мен жасалуының негізгі формалдық, семантикалық ұстанымдарын тану мақсатында А. Жұбановтың «Основные принципы формализации содержания казахского текста» және тілдің синтаксистік, семантикалық, статистикалық модельдерін құрастыру мен қолданбалы лингвистиканың фонетикалық аспектілері мен терминтанудың негізгі бағыттары жөнінде баяндалған «Қолданбалы лингвистика: формалды модельдер» атты еңбектері жарық көрді. Бұл еңбектер қазақ тілін қолданысқа белсенді түрде енгізуде жоғарғы және орта оқу орындарында оқытудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану және қолданбалы лингвистика мамандығын даярлау мәселелеріне арналған [12; 5].
Кез келген шет тілін үйрене отырып, оның сөздік қорын меңгерудің қиын емес екендігін аңғаруға болады, бірақ үйренушілердің көбі тілдің сөздік қорын меңгеруден қорқады. Алайда екінші тіл меңгерушіге ең қиын соғатын нәрсе – сол тілдің айтылымдық және мазмұндық құрылымын меңгеру болып табылады. Тіл үйренуге көмектесетін нәрсе – тіл құрылымының негізгі ұстанымдарын түсіну [13, 5 б]. Тіл үйренуші коммуникативтік акт кезінде сөйлемдерді еркін құрастырып, сол тілде еркін сөйлеу үшін сөйлем компоненттерінің байланыс жүйелерін нақты білуі тиіс.
Синтаксистік материяның негізгі белгісі сөйлем мүшелерінің немесе сөз тіркесінің арасындағы байланыс пен қарым-қатынас екені белгілі. Бір-бірімен шартты қатынаста тұратын бұл екі фактор – сөйлемнің компоненттері мен олардың арасындағы синтаксистік байланысты – сөйлемнің құрылымы деген ұғымға сыйғызып, модельдеу әдісінің көмегімен қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгеруді жетілдіру мақсатында жай сөйлем құрылымының стеммасын ұсынамыз.
Қазақ және шетел ғалымдарының құрылымдық лингвистика саласында зерттелген еңбектерін, сондай-ақ Н. Хомскийдің туындаушы грамматика теориясын, Л. Теньердің құрылымдық синтаксисін және осы аталған ғылыми теориялар негізінде Ж. Нұршайықова [15] жасаған орыс тілінің алгоритмделген синтаксис теориясын негізге ала отырып, қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгеру мақсатында жасалған жай сөйлемдердің интегралды стеммасы алдымен сөйлемнің терең құрылымын түзуден басталады (2-сурет).
A N А О Adv. V
2- сурет – Сөйлемнің терең құрылымының виртуалды стеммасы
Сөйлемнің терең құрылымы –сөйлемнің негізгі құрылымдық және мазмұндық тірегі. 2-суретте N – сөйлемнің субъектісі, V – сөйлемнің предикаты, A – сөйлемнің анықтауышы, O – сөйлемнің объектісі, Adv. – сөйлемнің пысықтауышы. Бұл сөйлем мүшелерін бір-бірімен байланыстырып тұратын синтаксистік байланыстар стеммада барлық сөйлемге ортақ сызықтар арқылы беріледі. Үзік сызық сөйлемнің субъектісі мен объектісінің анықтауышпен қабыса байланысқанын, ал екі жақты бағыты бар үзік сызық матаса байланысуды, субъекті мен предикат арасындағы екі жақты бағыты бар түзу сызық екі мүшенің бір-бірімен қиыса байланысқанын, сөйлемнің предикаты мен объектісі арасындағы объектіге бағытталған түзу сызық предикаттың объектіні меңгеретінін білдіреді. Өзгеріс тудырушы грамматика теориясына сүйене отырып, сөйлемнің терең құрылымын өзгермелі компоненттердің көмегімен түрлендіріп, сөйлемнің үстірт құрылымын аламыз.(3-сурет)
Өзгермелі компоненттер: А1 – сөйлемде объекті мен субъектіні анықтап тұратын, сын есімнен, есептік, реттік сан есімнен, сілтеу есімдігінен болған анықтауыштар; А2(О2) – сөйлемнің субъектісі мен объектісін анықтап тұратын, ілік септікті анықтауыштар; О34567 – сөйлемнің объектілері (О3 – барыс, О4 – табыс, О5 – жатыс, О6 – шығыс, О7 – көмектес септіктер); Adv. – сөйлемнің предикатын сипаттап тұратын нақтылауыш-пысықтауыш мүше.
A1 А2(О2) Adv.
A1 О3
О4
N А2(О2) О5 V
О6
О7
3-сурет. Қазақ тіліндегі жай сөйлемнің үстірт құрылымы
Сөйлемдердің терең құрылымы арқылы жай сөйлемнің негізгі базалық конструкциясы анықталып, өзгермелі компоненттердің көмегімен сөйлемнің үстірт құрылымының моделі жасалынады. Сөйлем жасауға негіз болатын сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметі, бір-бірімен синтаксистік байланысқа түсуі мен олардың сөйлем ішіндегі орны стеммалар жүйесінде анықталады. Сөйлемнің үстірт құрылымында олардың өзгермелі компоненттер арқылы сөйлемнің түрленуі көрсетіледі. Сондай-ақ грамматикалық материалдарды берудің алгоритмін жасау арқылы қазақ тілін меңгеруде жетекші болатын қазақ жай сөйлемінің мүмкін болатын толық интегралды стеммасын ала аламыз. Әрине, қазақ сөйлемдерін, оның ішінде жай сөйлемдер құрылымын қарастырсақ, оның табиғатының күрделілігі мен түрлену мүмкіндіктерінің орасан зор екендігін көреміз. Алайда күрделі нәрседен қарапайым нәрсе жасау үшін оны бөлшектеу керек. Тілдің атомдық құрылымы оны үйренуде қолдану үшін бірқалыпқа түсіруге (унификациялауға) мүмкіндік береді. Осыған орай меңгеру мақсатында тіл құрылымын бірқалыпқа түсірудегі міндетіміз агглютинативтіліктің бөлшектерге бөлінуін пайдалануымызда деп ойлаймыз. Агглютинативті тілдерде грамматикалық мағыналар түбірге аффикстердің жалғануы арқылы беріледі. Тілдердің бұл түрінде аффикстердің әрқайсысы көбінесе бір ғана грамматикалық мағынаны білдіреді де, олар бірінің үстіне бірі жалғана береді. Агглютинативті тілдерде сөздерге аффикстер жалғанып, сөздің морфологиялық құрамы күрделенгенмен, сөз түбірінің дыбыстық құрамы, негізінен алғанда, өзгермей, сол күйінде қалады [16, 492 б.]. Қазақ тілінің агглютинативті қасиеті оның құрылымдарын модельдеуде басқа типті тілдерге қарағанда, өзгешелеп тұрады.
Кесте 1 – Жай сөйлемдерді меңгеру алгоритмі
|
Сөйлем түрлері
|
Сөйлемнің стеммасы
|
1
|
Бір негізді субстантивті жай сөйлем Сөйлем (S) сөйлемнің субъектісімен (N) сәйкес
|
S = N
|
2
|
Бір негізді күрделі субстантивті сөйлем
|
S = A1N
|
3
|
Сөйлемнің анықтауышы қызметін атқаратын ілік септікті бір негізді сөйлем
|
S = A2(O2) N
|
4
|
Екі негізді жай сөйлем, баяндауышы зат есімнен, есімдіктен (N N) немесе сын есімнен, сан есімнен болған сөйлемдер (NA)
|
S = N V = S = N N
S = N A1
S = A2(O2) N N,
S = N A2(O2) N
|
5
|
Баяндауышы жатыс септік тұлғалы зат есімнен, сан есімнен болған екі негізді жалаң және жайылма жай сөйлемдер
|
S = N O5
S = А1/ A2(O2) N O5
|
6
|
Баяндауышы шығыс септік тұлғалы екі негізді жалаң және жайылма жай сөйлемдер
|
S = N O6
S = А1/A2(O2) N O6
|
7
|
Баяндауышы етістіктен болған, екі негізді жай сөйлем, ядролық түйіні N V
|
S = N V
|
8
|
Екі негізді бір тұрлаусыз Adv. мүшесі бар етістік негізді жай сөйлем
|
S = N Adv. V
|
9
|
Объектісі жатыс септік тұлғалы екі негізді жайылма жай сөйлем
|
S= N O5 V
|
10
|
Екі негізді тура объектілі жайылма жай сөйлем
|
S = N O4 V
|
11
|
Объектісі барыс септік тұлғалы екі негізді жайылма жай сөйлем
|
S = N O3 V
|
12
|
Объектісі шығыс септік тұлғалы екі негізді жайылма жай сөйлемдер
|
S = N O6 V.
|
13
|
Объектісі көмектес септік тұлғалы екі негізді жайылма жай сөйлем
|
S = N O7 V
|
Сөйлем құрамындағы компоненттердің бөлшектерге бөлінуі және аффикстерінің жалғану жүйесінің бірқалыптылығы ең қарапайым атаулы сөйлемнен сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері түгелдей қатысқан жайылма жай сөйлемнің терең құрылымы мен өзгермелі компоненттері түгелдей дерлік қатысқан құрылымның моделін, яғни интегралды стеммасын жасап шығуға септігін тигізді.
Сөйлемнің моделі көзге көрінбейтін, анық емес пропозиция кезінде пайда болады да, прагматикалық мақсатта синтаксистік құрылымдармен анықталады. Біз ұсынып отырған қазақ тілі жай сөйлемдерінің стеммалары мен сөйлемдерге жасалған синтаксистік талдау үлгілері арқылы тіл үйренушілер қазақ тілі грамматикалық жүйесінің жұмыс істеу ұстанымдарын тереңірек түсінуіне ықпал жасап, қазақ тілін меңгеруді әрі қарқындатып, әрі жеңілдетеді деп сенеміз. Қазақ сөйлемінің құрылымдық жүйесін, ондағы сөйлем мүшелерінің бір-бірімен байланысу тәртібін неғұрлым қарапайым түрде белгілі бір модельге түсіріп, ол жүйенің жұмыс істеу алгоритмін көрсету арқылы тілді үйренушіге қазақ тілі туралы анықтама беру ғана емес, оның алғашқы кезеңдегі қорқыныш сезімін, психологиялық тосқауылын шектеуге болатыны анық. Сөйлеу әрекетін жасаушы, яғни коммуникант үшін сөйлемнің моделі жол сілтеуші жетекші құрал болып саналады.
-
Словарь по языкознанию. Тіл білімі сөздігі / под ред. Э. Сулейменовой. – Алматы, 1998. – 540 с.
-
Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. – Алматы: Сөздік-словарь, 1998. – 330 б.
-
Теньер Л. Основы структурного синтаксиса. – М.: Прогресс, 1988. – 656
-
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 581 б.
-
Жұбанов А.Қ. Қолданбалы лингвистика: формалды модельдер. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 280 б.
-
Гак В.Г. Проблемы структурной лингвистики. – М., 1972. – 599 с.
-
Арутюнова Н.Д. Предложение и его смысл. Логико-семантические проблемы. – М.: Наука, 1976. – 383 с.
-
Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. – Алматы: Ғылым, 2002. – 366 б.
-
Арғынов Х. Жай сөйлем синтаксисінің методикасы. – Алматы: Мектеп, 1967. – 112 б.
-
Балақаев М. Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы: Мектеп, 1971. – 339 б.
-
Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Санат, 1997. – 240 б.
-
Садуақасұлы Ж. Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдердің құрылымдық типтері: филол. ғыл. д-ры дис. – Алматы, 1997. – 305 б.
-
Қайыров А.Б. Қазіргі қазақ тіліндегі екі құрамды хабарлы жай сөйлемдердің құрылымдық-мағыналық модельдері: филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 1999. – 121 б.
-
Жубанов А. К. Основные принципы формализации содержания казахского текста. – Алматы: Каз НИИНТИ., 2002. – 250 с.
-
Нуршаихова Ж.А. Алгоритмизированный синтаксис. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 294 с.
-
Аханов К. Тіл білімі негіздері. – Алматы: Санат, 2003. – 496 б.
В статье приводятся структурные модели простых предложений в целях интенсификации усвоения второго языка. Для этого при помощи структурного метода были выделены из бесконечного множества однообразных конкретных воплощений основные унифицированные структурные типы простого предложения, которыми может воспользоваться инофон для наилучшего понимания глубинной сущности изучаемого языка.
Ключевые слова: структурная лингвистика, состав простого предложения, алгоритм усвоения, виртуальная стемма.
Structural models of simple sentences for an intensification of assimilation of the second language are given in article. For this purpose by means of a structural method the main unified structural types of the simple sentence which can be used by inofons for the best understanding of deep nature of the target language were allocated from an infinite set of monotonous concrete embodiments.
Key words: structural linguistics, composition of a simple sentence, algorithm of assimilation, virtual stemma.
Достарыңызбен бөлісу: |