Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы
Құрылыс машиналары және жабдықтар пәні бойынша
5В07200 – “Құрылыс” мамандығының студенттеріне арналған
зертханалық жұмыстарға
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Павлодар
Әдістемелік нұсқауларды
бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/41
|
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор
________Н.Э. Пфейфер
2011 ж. «__»_________
Құрастырушы: доцент _________ Т.Қ. Шахаев
Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы
Құрылыс машиналары және жабдықтар пәні бойынша
050729 – “Құрылыс” мамандығының студенттеріне арналған
зертханалық жұмыстарға
әдістемелік нұсқаулар
Кафедра отырысында ұсынылды.
2012 ж. «___»_______ № __ Хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ В.Т. Станевич 2012 ж. «___»_______
Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.
2012 ж. «___»___________ , №___ Хаттама
ОӘК төрағасы _______________ Г.А. Жукенова 2012 ж. «___»_______
МАҚҰЛДАНДЫ:
ОҮЖжӘҚБ бастығы ____________Е.Н. Жуманкулова 2012 ж. «___»_________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
2012 ж. «__»_________ № __ Хаттама
Кіріспе
Құрылыс өндірісінде еңбек өнімділігін бірнеше есе арттыратын принципиалды жаңа техника мен технологияны әзірлеу, жасау және игеру ғылыми-техникалық прогресті үдетудің басты бағыты болады.
Заманауи техника сенімді және сонымен бірге металл сыйымдылығы төмен, басқаруда ыңғайлы және пайдалануда қауіпсіз, эргономикалық, техникалық-эстетикалық және экономикалық талаптарға сәйкес болуы керек. Машиналардың толығымен техникалық деңгейін және бәсекелестік қабілеттерін анықтайтын сапалық көрсеткіштер жобалау кезеңінде орнатылады.
Бұл талаптарды есептеу әдістері мен технологиялық процестерді жобалаудың және құрылыс техникасын таңдаудың теориясын жақсы білетін мамандар ғана орындай алады. Құрылыс машиналарын есептеу, ғылыми білімнің анықталған саласы ретінде, құрылыстағы және шектес салалардың еңбек сыйымдылықты процестерін механизациялау үшін қолданылатын машиналар мен жабдықтардың кең класын қамтиды. Бұлар жер жұмыстарына арналған машиналар, жүкті көтеретін және тиеуші-түсіруші машиналар, тасымалдаушы жабдықтар және тағы басқалар, оларды қолдану саласы біріктіріп қоймай, жобалауға және есептеуге жалпы амалдар қолданылады.
Бұл құрал болашақ құрылысшыларға, өздерінің теориялық білімдерін қолдана отырып, құрылыс алаңында қажетті құрылыс машиналарының номенклатурасын, санын, түрін анықтау бойынша есептеу жүргізуді үйренуге мүмкіндік береді.
Осы әдістемелік құралда құрылыс мамандықтары студенттеріне арналған «Құрылыс машиналары және жабдықтар» курсы бойынша зертханалық –практикалық жұмыстарды орындау бойынша қысқаша нұсқаулар бар.
№ 1 Зертханалық жұмыс
Тақырып: Механикалық берілістердің конструктивтік формаларын оқып білу және олардың негізгі параметрлерін анықтау
Жұмыстың мақсаты: Құрылыс машиналарының берілістерін оқып білу
Жалпы мағлұматтар
Құрылыс машиналарының жұмыс органдары, жылжу, жүру бөлімдері және басқа да түйіндері берілістер арқылы жетек алады. Олар қозғалыс беріп қана қоймай, оның жылдамдығын, сипатын және қозғалыс бағытын өзгерте алады.
Қозғағыштан (двигательден) құрылыс машинасының түйіндері мен агрегаттарына дейін айналдыру моментін беруге арналған жүйе трансмиссия немесе беріліс деп аталады.
Айналу қозғалысының механикалық берілістері айналатын денелері тікелей жанасатын берілістер (фрикциялық, тісті, червякты) және икемді байланыс берілістері (ременді, шынжырлы) болып бөлінеді.
Қозғалысты беру тәсіліне байланысты үйкелісті (ременьді, фрикциялық) және ілінісу (тісті, иірмекті (червякты), шынжырлы) берілістері болып ажыратылады.
Берілістердің негізгі сипаттамалары – пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) және беріліс саны .
1 Қайысты (белдікті) берілістерді (1.1 сурет) бір біліктен недәуір жерде орналасқан екінші білікке айналыс беру үшін қолданады. Олар екі шкивтен тұрады, оларға тұйықталған жазық немесе сына-белдіктері кигізіледі.
– белдіктің тартушы (шығушы) тарауындағы күш, Н;
– белдіктің еруші (кіруші) тарауындағы күш, Н;
ℓ – шкивтердің осьтерінің арасындағы қашықтық, мм;
– жүргізуші шкивтің диаметрі , мм;
– жүргізілетін шкивтің диаметрі, мм.
-
сурет – Қайысты (белдікті) берілістің схемасы.
Жетекші шкив айналғанда, белдік екеуінің аралығында пайда болған үйкеліс күшінен шкивтің айналу бағытына қарай жылжиды. Белдік пен жетектегі шкивтің аралығындағы үйкеліс күшінің әсерінен белдік жетектегі шкивті еліетіреді де шкив айналысқа түседі. Шкив пен белдік аралығындағы үйкеліс күшінің, яғни тартым күшінің шамасы мен белдіктің тартушы және еруші тарауларындағы күштердің айырымы ретінде анықталады.
2 Фрикциялы (үйкелісті) берілістерде (1.2 сурет) қозғалыс бір элементтен екіншісіне үйкеліс күші арқылы беріледі. Ең қарапайым фрикциялы берілістерде айналыс бір біліктен екінші білікке сол біліктерге киілген дискілердің аралығында болатын үйкеліс күші арқылы беріледі. Мұнда үйкеліс күшінің (Н) мөлшері бір дискіні екіншісіне қысатын күштің мөлшеріне және үйкеліс коэффициентіне байланысты. Жүргізілетін доңғалақтың айналу жиілігін баяу өзгертуге мүмкіндік беретін берілістер вариаторлар деп аталады.
n1 –жүргізуші дисктің айналу жиілігі, айн/мин;
n2 – жүргізілетін дисктің айналу жиілігі, айн/мин;
Р1 – үйкеліс күшінің шамасы, Н;
Р2 – бір диск екінші дискке қысылғандағы күш, Н;
d1 – жүргізуші дисктің диаметрі, мм;
d2 – жүргізілетін дисктің диаметрі, мм.
1.2 сурет – Фрикциялы берілістің схемасы.
3 Тісті беріліс бұл механизм, ол тісті ілінісудің көмегімен бұрыштық жылдамдықты және моментті өзгертіп қозғалысты береді немесе түрлендіреді.
Тісті берілістер негізінен бір-біріне ілініскен екі тісті доңғалақтан тұрады. Жетекші доңғалақ, әдетте кішісі, тістегеріш (шестерня) деп, ал жетектегі үлкені – тісті доңғалақ деп аталады. Тісті доңғалақтардың өзара орналасуына қарай тісті берілістерді сырттай және іштей ілінісу берілістері (1.3 а, ж сурет) және тісті доңғалақтың айналымды қозғалысын төрткілдештің (рейканың) қайтымды-ілгерілемелі қозғалысына немесе керісінше айналдыратын төрткілдеш берілістері деп бөледі (1.3 з сурет).
Тісті доңғалақтар орналасқан біліктердің геометриялық осьтерінің орналасуына қарай төмендегідей болып ажыратылады:
1) осьтері параллель орналасқан берілістер (сырттай және іштей ілініскен цилиндрлі тісті доңғалақтар 1.3 а, б, в, ж сурет);
2) осьтері қиылысатын берілістер (конусты тісті доңғалақтар 1.3 г, д сурет);
3) осьтері айқасқан берілістер (цилиндрлі бұрандалы 1.3 е сурет және иірмекті 1.4 сурет);
Тістердің доңғалақта орналасуына қарай берілістер тіктісті (1.3 а, г, ж, з сурет), қисықтісті (1.3 б, д сурет) және шевронды (1.3 в сурет) болады.
а – цилиндрлі түзу тісті берілістер; б – цилиндрлі қиғаш тісті берілістер; в – цилиндрлі шевронды берілістер; г – конус формалы түзу тісті берілістер; д – конус формалы шеңберлі тістерімен берілістер; е – бұрандалы берілістер; ж – ішкі ілмектерімен; з – рейкалы берілістер.
1.3 сурет – Тісті берілістердің түрлері
Цилиндрлі тісті доңғалақтың ілінісу геометриясын қарастырайық (1.4 сурет). Доңғалақ тістерінің бүйір эвольвенттік пішіні ілініс полюсі деп аталатын нүктесінде түйіседі. Ол нүкте центрлерді қосатын , сызығын беріліс санына тең етіп бөледі. Диаметрлері және ілініс полюсі нүктесінде түйісетін шеңберлерді бөлгіш шеңберлер дейді. Оны тісті доңғалақтың өлшемдерін анықтауға қолданатын негіз деп санайды. Бөлгіш шеңбер тісті биіктігі бойымен екіге бөледі: басы және түбірі.
Эвольвенттік пішін жасауды бастайтын нүктені басып өтетін шеңберді негізгі шеңбер дейді.
Тісті берілістердің геометриялық және кинематикалық параметрлері стандартталған. Тісті цилиндрлі берілістердің негізгі параметрлеріне жататындар:
1) және тістегеріш пен доңғалақтың тістер саны;
2) - берілістер саны; (1.1)
Беріліс саны жүргізілетін доңғалақтың айналуының бұрыштық жылдамдығы жүргізуші доңғалақтың айналу жылдамдығынан қаншалықты көп немесе кем екенін көрсетеді.
n- тістегеріштің (шестерняның) айналу жиілігі, айн/мин;
– донғалақтың айналу жиілігі, айн/мин;
– тістегеріштің (шестерняның) тістер саны;
– донғалақтың тістер саны;
– тістегеріш (шестерня) шеңберінің бөлгіш диаметрі, мм;
– доңғалақ шеңберінің бөлгіш диаметрі, мм.
3) - қалыпты ілінісу үшін тістер биіктігі, мм; (1.2)
мұнда - ілінісу модулі, мм; - тістер қадамы.
4) - бөлгіш шеңбердің диаметрі, мм; (1.3)
5) - тісті доңғалақтың сыртқы диаметрі, мм; (1.4)
6) - центраралық қашықтық, мм; (1.5)
7) - тіс ұзындығы, мм. (1.6)
а) б)
а) беріліс схемасы; б) тісті доңғалақтардың ілінісу схемасы
d1 – тістегеріштің (шестерняның) бөлгіш шеңберінің диаметрі;
d2 – донғалақтың бөлгіш шеңберінің диаметрі;
Dе1 – тістегеріштің (шестерняның) сыртқы диаметрі;
Dе2 – доңғалақтың сыртқы диаметрі;
A – центраралық қашықтық;
Z1 – тістегеріш (шестерня) тістері;
Z2 – донғалақ тістері;
t – тістер қадамы;
h – тістің биіктігі.
1.4 сурет – Тісті цилиндрлі берілістің геометриялық схемасы.
Иірмекті (червякты) беріліс кинематикалық жұптан, яғни иірмектен (червяктан) және тісті доңғалақтан тұрады (1,5 сурет). Бұл беріліс 90- пен айқасқан біліктер арасындағы айналуды жүзеге асырады. Иірмек (червяк) – бұл цилиндрде кесілген оймалы бұранда. Иірмек пен доңғалақ тістерінің байланысын көбейту мақсатында тісті доңғалақтың сыртқы беті ойыс жасалады. Мұндай біркірмелі берілісте иірмек бір айналым жасағанда, доңғалақ бір тіске бұрылады, екікірмеліде – екі тіске т.с.с. Иірмекті берілістердің беріліс саны (і) жоғары – 200-ге дейін барады.
Червякты берілістерде айналым тек иірмектен доңғалаққа беріледі, керісінше болмайды, сондықтан бұл берілістер өздігінен тежеу қасиетімен айрықшаланады.
А – доңғалақ осьімен червяк осьінің арасындағы қашықтық, мм;
Dек – доңғалақтың шығыңқы жеріндегі шеңбер диаметрі, мм;
Dеч – червяктың шығыңқы жеріндегі шеңбер диаметрі, мм;
Ddк – доңғалақ ойыстарындағы шеңбер диаметрі, мм;
Diч – червяктың ойыстарындағы шеңбер диаметрі, мм;
dдк – доңғалақтың бөлгіш шеңберінің диаметрі, мм;
dдч – червяктың бөлгіш шеңберінің диаметрі, мм.
1.5 сурет - Червякты берілістің схемасы
5 Шынжырлы беріліс бірталай қашықтықта (8 м дейін) параллель орналасқан екі біліктің бірінен екіншісіне айналыс беру үшін қолданады. Олардың құрамына екі шынжырлы жұлдызша мен тұйықталған шынжыр кіреді (1,6 сурет).
Беріліс саны і жетекші және жетектегі жұлдызшалардың диаметрлерінің қатынасымен анықталады, 8-ге дейін барады. Берілістің негізгі элементі – шынжыр.
Шынжырлы беріліс дұрыс жұмыс атқару үшін шынжырдың салмағынан салбырауы қалыпты болуы керек. Керілу мөлшері (кН) шынжырдың 1 метрге келетін салмағына , жұлдызшалардың осьтерінің аралығы және жетектегі тармақтың рауалы иіліміне байланысты алынады:
(1.7)
Иілім мөлшері осьтерді қосатын сызықтың горизонтқа ең кіші тік бұрышына байланысты. Горизонталь орналасқан осьтер үшін .
I – жүргізуші жұлдызша;
II – жүргізілетін жұлдызша;
S1 – жүргізуші шығыршықтың тартуы, Н;
S2 – жүргізілетін шығыршықтың тартуы, Н;
t – тіс қадамы, мм;
A – центраралық қашықтық, мм;
D1 – жүргізуші жұлдызшаның бөлгіш шеңберінің диаметрі, мм;
D2 – жүргізілетін жұлдызшаның бөлгіш шеңберінің диаметрі, мм;
Z1 – жүргізүші жұлдызшаның тістер саны;
Z2 – жүргізілетін жұлдызшаның тістер саны; n1 – жүргізуші жұлдызшаның айналу жиілігі, айн/мин;
n2 – жүргізілетін жұлдызшаның айналу жиілігі, айн/мин
1.6 сурет - Шынжырлы берілістің схемасы
Тапсырма
1 Құрылыс машиналарындағы берілістердің конструктивтік формаларымен және топтастырмасымен танысу.
2 Жұмыстың өзгешелігімен және тісті берілістің негізгі параметрлерін анықтау әдістемесімен танысу: тісті берілістің беріліс санын анықтау; берілістің негізгі геометриялық параметрлерін анықтау (центраралық қашықтығын, бөлгіш шеңбер диаметрін, тісті доңғалақтардың сыртқы диаметрлерін).
3. Алынған шамаларды көрсетіп, тісті берілістің схемасын сызу.
Жұмысты орындау тәртібі
1 Тістегеріш (шестерня) пен тісті доңғалақтың тістер санын есептеу Z1, Z2.
2 Тіс биіктігін анықтау h.
3 Тісті берілістің беріліс санын анықтау.
Тістегеріш (шестерня) пен доңғалақ тістерінің санын анықтау мүмкін болған кезде (№ 1, 2, 3 модель) беріліс саны келесі формуламен анықталады:
Бір жұп тісті доңғалақтар үщін
, (1.8)
Бірнеше тісті донғалақтар үшін
, (1.9)
4. Тістегеріш (шестерня) пен тісті доңғалақтың бөлгіш шеңберінің диаметрін есептеу
, (1.10)
. (1.11)
мұнда , (1.12)
5. Центраралық қашықтықты анықтау.
, (1.13)
6. Тістегеріш пен тісті доңғалақтың сыртқы диаметрі өлшеу құралдарының (сызғыш және штангенциркуль) көмегімен және аналитикалық тәсілмен анықталады.
, (1.14)
, (1.15)
-
Өлшеулер мен есептеулердің мәліметтерін салыстыру.
Қолданылатын құрал – жабдықтар -
Цилиндрлі тістегеріш (шестерня).
-
Конус формалы тістегеріш (конусты шестерня).
-
Бәсеңдеткіш (редуктор).
-
Цилиндрлі тісті берілістердің модельдері.
Бақылау сұрақтары
1 Зертханалық жұмыста қойылатын мақсаттар мен мәселелерді құрастырыңыз.
2 Трансмиссия дегеніміз не?
3 Беріліс түрлерін атаңыз.
4 Тісті беріліс дегеніміз не, ол не үшін қолданылады?
5 Тісті берілістердің артықшылықтарын атаңыз.
6 Беріліс саны дегеніміз не және қандай тәсілмен анықтауға болады?
7 Тісті берілістің негізгі геометриялық параметрлерін анықтап және оларды модельде көрсетіңіз.
8 Механикалық берілістердің қандай түрлері құрылыс машиналарында қолданылады?
9 Цилиндрлі берілістердің кемшіліктерін атаңыз.
10 Беріліс жүйесінің беріліс санын қалай анықтауға болады?
11 Жабық бәсеңдеткіштің (редуктордың) беріліс санын қалай анықтауға болады?
Оқулықтар тізімі
1 Тастанбеков Т.Х. Құрылыс және жол машиналары: құрылыс машиналары.Оқу құралы /ШҚМТУ. - Өскемен, 2002 ж. – 390 бет.
2 Добронравов С.С., Сергеев В.П. Строительные машины. Учебное пособие для вузов – 2-е изд., - М.: Высшая школа, 1981. – 320 с., ил.
3 Добронравов С.С. Строительные машины и оборудование: Справочник для строит. спец. вузов и инж. – техн. работников. – М.: Высшая школа, 1991. – 456 с.: ил.
Әдебиет тізімі
Негізгі
1. Волков Д.П., Крикун В.Я. Строительные машины. - М.: Изд. АСВ, 2002 - 376 с.
2. Волков Д.П. Строительные машины и средства малой механизации - М.: Академия. 2006 - 416 с.
Қосымша
3. Волков Д.П. и др. Машины для земляных работ.- М.: Машиностроение, 1992 - 448 с.
4. Домбровский Н.Г. и др. Строительные машины. М.: АСВ. 2002 - 528 с.
5. Кудрявцев Е.М. Комплексная механизация строительствам. АСВ. 2005 - 416 с.
6. Крикун В.Я. Строительные машины. М.: АСВ. 2005 - 314 с.
7. Мауленов Ж.К. Бурцев В.В., и др. Грузоподъемные машины. (Теория, конструкция и расчет) Уч. пособие. Алматы, КазГАСА. 2002 - 215 с.
8. Мауленов Ж..К. Бурцев В.В., и др. Машины непрерывного транспорта. Алматы, КазГАСА. 2003 - 137с.
9. Мауленов Ж.К. Бурцев В.В., и др. Погрузочно-разрузочные машины. (Теория, конструкция, расчет). Алматы, КазГАСА. 2005 - 137 с.
10. Современная техника в строительстве. Журнал. 2006, 2007 г.
11. Строительные, дорожные и коммунальные машины. Оборудование для производства строительных материалов. Справочник. Том IV- 9. Под общ. ред. И.П. Ксеневича. М.: Машиностроение. 2005 -736 с.
Достарыңызбен бөлісу: |