Құрметті ауыл тұрғындары!
Қадірменді қауым!
Құрметті қонақтар!
Сәтбаев ауылдық округі әкімі аппараты 2013 жылы бекітілген жұмыс жоспары бойынша төмендегідей жұмыстар атқарды.
Жыл бойы Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Республика, облыс ауданның өкілетті басқару органдарының шешімдерін орындау жөнінде жұмыстар ұйымдастырылды және үнемі назарда ұсталды.
Округте 1401 адам тұрады оның ішінде Қараащы ауылында -566, Теңдік ауылында -712, Көкдомбақ ауылында- 123 адам. Жұмысқа қабілеттісі 685 оның 295 жұмыс істейді, 156 зейнеткер, жұмысқа тұру орталығында 47 адам тіркелген. Арамызда соғыс ардагері жоқ. Бірақ олармен теңестірілген Ұлы Отан соғысы жылдары тылда жұмыс істеген 29 тыл ардагерлері бар. Округте 2 Ауған соғысы ардагері тұрады. Екеуі де еңбек істеп елге қызмет көрсетеді.
Ірі қара мал саны 2014 жылдың 1-і қаңтарына 6761 бас, аналығы 2246, қой, ешкі 13837 бас, жылқы 1547 бас, тауық 1860 ге жетті.
2013 жылы көше жарығына 820.0 мын. теңге ақша бөлінді, окрукте 54 көше шамы бар.
Аудан әкімінің кеңейтілген ақпараттық мәжілістерінде берілген тапсырмалар бақылауда ұсталып, олардың орындалу барысы жөнінде ақпараттар уақытында берілді.
Жыл басында мал мен құстардың және шаруа қожалықтарындағы малдардың есебі алынды.
Жыл басынан ауылдық округ әкімі аппаратына 237 өтініш түсті. Ол өтініштердің уақытында 193 оң шешімін тапты, 44 түсініктеме берілді.
Жыл бойында округ аумағында тұратын көп балалы, аз қамтамасыз етілген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер алатын отбасылардың қажетті құжаттары мезгілінде тапсырылып отырды.
Ауылдық округі әкімшілігі Республикалық, облыстық , аудандық ақпараттық басылымдарына ауыл тұрғындарының, мекемелердің жазылуын үнемі назарда ұстайды.
2014 жылға жоспарланған ақпараттық баспасөз басылымдарына жазылу аяқталды.
Орта мектепте оқитын аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына ыстық тамақ, жаз уақытында оқушылардың демалысын ұйымдастыру барысы бақылауда болды. Оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Жазда оқушылар екі ауысымда демалды.
Мектеп, мәдениет үйінің қысқа дайындық жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ.
2013 жылдың 05 ақпанда аудан әкімінің ауыл тұрғындарымен өткен кездесуінде ауыл тұрғындары ауыл өміріндегі мәдени - әлеуметтік, тұрмыстық салаларға қатынасты сұрақ қойылған болатын:
Қараащы ауылының тұрғыны А. Джумабаевтан, Теңдік ауылының тұрғыны А.Шаймерденовтан – Үйялы баланыс жүйесің орнату жөнінде. Көкдомбақ ауылының тұрғыны А. Қосыбаевтан Көкдомбақ ауылына кіреберіс су ағардан көпір салу жөнінде.Осы сұрақтар бойынша жұмыс жасалып он шешімдерін тапты. Тамыз айынан бастап «Билаин» үйялы байланыс жүйесі іске қосылды. Көкдомбақ ауылына кіре беріс су ағарға өткел салынды. 2013 жылы 16 қазан айында ауыл әкімінің есебінде 2013 жылы 16 қазан күні өткен ауыл әкімінің есептік кездесуде Сәтбаев ауылдық округі тұрғыны Мұзафаров Кариден интернет желісі жөнінде сұрақ қойған болатын, соған байланысты Теңдік ауылы Академик Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені интернет желісіне қосылды. Қараащы ауылында жұмыс жалғасуда, 2014 жылы интернет желісіне қосылу жоспарланып отыр.
Көкдомбақ ауылына шағын ауылдық мәдениет үйін ашуға үй сатып алынды.
Округ бойынша 1 дәргерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт, 9 медицина саласының қызметкерлері тұрғындарға қызмет етеді.
Жыл бойында дүниеге 27 нәресте келді. Екібастұз қаласынан екі рет медициналық тексеру құралдарымен жабдықталған жылжымалы автоқөлік келді. Ауыл тұрғындарының жылдағы дәргерлік тексеруден өткізілуі, қажетті дәрі-дәрімектермен қамтылуы үнемі назарда. Жұмыс орындары, үнемі таза, жарық, жылы, қажетті құралдармен жабдықталған.
Ауыз су бағдарламасы бойынша Қараащы ауылында КБН су қондырғысы жыл бойы жұмыс істеп тұр.
Жыл басынан ауылдық Мәдениет үйінің жұмыс жоспары айқындалып оның орындалуы үнемі бақылауда болды. Ауылымыздағы Мәдениет үйінің және ауылдық кітапхана ұжымы ауыл жастарымен, мектеп ұжымының көмегіне сүйене отыра жыл бойында барлық мәдени шараларды дайындалған іс-шаралар аясында өткізіліп оған барлық мекемелерді, ауыл халқын кеңінен тарту жұмыстары үнемі назарда болды. Өткізілген шаралардың мән – мазмұнына ерекше көңіл бөлінді.
Қараащы ауылдық мәдениет үйіне тенис столы берілді.
Мамыр -маусым айында округ бойынша санитарлық тазалық көріктендіру айлығы жарияланып, ауыл тұрғындары сенбіліктерге қатысты.
Ауылдық округтегі барлық нысандағы малдарға мал дәргерлік-профилактикалық іс-шаралар белгіленген мерзімге сай жүргізілді.
Биылғы жылы малды асылдандыру жұмыстарын жүргізу үшін, 2 асыл тұқымды бұқалар әкелінді.
Округ бойынша 42 шаруа қожалығы тіркелген, оның ішінде 27-і нақты шаруашылықпен анайлысуда, 15-і жер үшін тіркеуде ғана тұр.
Малдарды бірлендіру (идентификациялау) жұмыстары жүргізіліп 1200 бас қара мал, 2500 бас қой сырғаландырылды.
Жемшөп дайындау жұмыстарына және күзгі-дала жұмыстарына арзандатылған дизель отынын алуға 16 шаруа қожалығына 30200 литр солярка берілді.
2013 жылы Қараащы ауылдық дәргерлік амбулаториясының төбесі жанадан ашылып шатырланды. Оған «Жұмсыпен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 6 жұмыскер алынды.
«Жұмсыпен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 2013 жылы Ибадуллин Ғабит 1.0 млн. тенгеге 37 бас қой алды. Қияшев Сағындық 36 бас қой алды. «Жайлау» бағдарламасы бойынша Теңдік ауылының тұрғындары Музафаров Шарапиден, Елубаев Ерболат 100 бастан қой, 8 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Шерхан» ШҚ 3 бұқа 1 млн. 200 теңгеге, «Үкібай би» ШҚ 23 бас қара мал 4 млн. теңгеге сатып алды.
Аудан бюджетінен қаражат бөлініп 4-і тоқсанда үш елді мекенде қанғыбас 21 ит атылды.
Ауылдық округ бойынша өндірген ауыл шаруашылық өнімдері Қарағанды, Екібастұз қаласына өткізіледі.
Округте 9 жеке меншік азық түлік дүкені халыққа қызмет етеді.
Алдымызда істелетін жұыстар:
-
Теңдік ауылына кіреберіс жолға су ағар жасау.
-
Интернетке қосылу
-
Теңдік ауылының су тоқтататын бөгетті өзарту
-
Қараащы және Теңдік ауылына кіре беріс жолдарға қалқан жасау
-
Малды асылдандыру жұмыстарын жалғастыру.
Ауылдық округі әкімінің аппаратының 2013 жылы атқарған жұмыстарына тоқтала отыра, 2014 жылы жоспардағы қаралған жұмыстарды орындауға ауыл әкімшілік аппараты бар күш-жігерін салып жұмыс жасайды деп сенім білдіремін.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Ауыл әкімі Қ.Н. Әмиев
Достарыңызбен бөлісу: |