Қарағаш ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық
дамуының 2014 жылғы қорытындылары және 2015 жылға
алда тұрған міндеттері
Құрметті ауылдастар!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылдың қараша айының 15 жұлдызындағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауында:
Біз Жалпы ұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат күші.
(Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауынан)
Қарағаш ауылдық округінің негізгі шаруашылығы мал шаруашылығына бағытталған. Қарағаш ауылдық округ бойынша жер көлемі 26,348 га құрайды. 31 шаруа қожалығы тіркелген. Биылғы жылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына байланысты 21 адам жұмысқа тартылды. Оның ішінде 7 еуі «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жұмысқа кірді.
Жылдан – жылға халық санында табиғи өсім бар. Барлығы 1111 адам тіркелген. Мысалы 2014 жылы 15 бала дүниеге келсе, 3 адам қайтыс болған. Ауылдан жаппай көшу үрдісі жоқ. Оның ішінде зейнеткерлер саны 78. Қызметкерлер мен жұмысшылар саны 70. Студенттер саны 34. Әскер қатарындағылар саны 3. Өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдар саны 493. Ауылымызда жұмыссыздар саны жоқтың қасы.
Ауыл халықына қызмет көрсетіп, жұмыс істейтін бір орта мектеп, 1 мәдениет үйі, 1ФАП, екі монша, екі дүкен, бір тойхана бар. Ж.Жабаев атындағы орта мектепте 27 ұстаз, 16 жұмысшы жұмыс істеп, қызмет көрсетеді. Мектепте 108 оқушы, дайындық тобында 16 бала, шағын бала-бақшада 53 бала. 2013-2014 оқу жылында ҰБТ көрсеткіші 83 пайызды көрсетті.
Кейінгі 4-5 жылда ауылымызға жергілікті облыстық, республикалық бюджеттерден қомақты қаражат бөлінді. Нақтылап айтсақ бір көшенің жолы жөнделіп, осы көшеге биылғы жылы 1 млн. 73 мың теңгеге 16 бағана орнатылып, көше жарығы тартылды.
Биылғы жылы 16 пәтерлік тұрғын үйдің төбесіндегі шатырдың жөндеу жұмыстарын мердігер «Бриг» ЖШС жүргізді. Жалпы құны – 1 749 000 теңге құрады.
Ауыл халқының әлеуметтік жағдайы жақсарып, мал басы жылдан –жылға артып келеді. Жылда 2 табын ірі қара, 3-4 отар қой ұйымдастырылып бағылуда. Оған 6 адам қосымша жұмысқа тартылды. Қой мен ірі қара малына жайлаудан жер бөлініп беріледі. Жылқы малы жайлауға кезекпен ұйымдастырылып бағылады.
Қарағаш ауылдық округінің мал басының көрсеткіші
№
|
Мал басы
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
пайызы
|
1
|
Ірі қара малы
Сиыр
Бұзау
|
2330
910
1110
111011101110
|
2288
910
910
|
100%
100%
82%
|
2
|
Қой
Аналық
Қозы
|
9962
4150
4287
|
10614
4150
4387
|
107%
100%
102%
|
3
|
Ешкі
Аналық
Лақ
|
1620
692
692
|
1620
692
692
|
100%
100%
100%
|
4
|
Жылқы
Бие
Құлын
|
889
260
260
|
889
260
260
|
100%
100%
100%
|
5
|
Тауық
Мекиен
|
1475
1325
500
|
1475
1325
500
|
100%
100%
100%
|
6
|
Ет
Сүт
Жүн
Жұмыртқа
|
3369 ц
11590ц
154 ц
213,0 мың дана
|
3442ц
11590ц
161 ц
213,0 мың дана
|
102%
100%
105%
100%
| 2014 жылы «Али» шаруа қожалығы жетекшісі Ысқақов Асхат «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 17 млн тенге алып және қосымша өз қаражатына 120 бас ірі қара, 130 бас жылқы, 400 бас қой, 1 трактор, 2 жүк автомашинасын және ауылшаруашылық техникаларын сатып алып, екінші траншқа сұраныс беріп отыр. «Әсем» шаруа қожалығының басшысы Мақашев Р 2 бас бұқа сатып алды. Енді ол өкіметтен субсидия алып шаруашылығын нығайтуда.
«Жасталап» шаруа қожалығы басшысы Хасенов Даурен 2020 бағдарламасы бойынша үш кісі бірігіп 9 млн тенге несие алып мал басын арттырып, мал шаруашылығын нығайтуда. 2014 жылы лизинг арқылы МТЗ-82 маркалы трактор және шөп рулондайтын прес алды. Жиыны ауылға 5 жаңа трактор кірді. 3еуі МТЗ маркалы, 2еуі ҚХР шыққан трактор. Ауылымыздың басқа қожалықтарын да асыл тұқымды мал шаруашылығын, мал бордақылау аландарын ашуға , егістікпен айналысуға шақырамын.
Ауылдың мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге 10 млн 448 теңгенің жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, сұраныс жасалды. Биылғы жылға «Али», «Сағындық» шаруа қожалықтары жиыны 2000 га жерге дәнді дақыл және көпжылдық шөп егуді жоспарлап отыр.
2015 жылы қатты қалдық полигонының құрылыс жұмыстары жоспарланып отыр. Ол үшін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 1 млн. 92 мың теңге бөлініп, жобалық сметалық құжаттар жасалды.
Ауылымыздың көркейіп, байлығы артып, тәртіпті, таза, көрікті, әл - ауқаты жақсарған ауылдың бірі болу үшін барлық ауыл тұрғындары ат салысып, бір кісідей бірігіп берекелі еңбек етейік. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Жаңа –жылда жаңа табыстарға жете берейік!!!
Достарыңызбен бөлісу: |