Құрметті Гүлмира Истайбекқызы! Құрметті депутаттар!


(Слайд 12) «Протон-М» зымыран-тасығыштарын ұшыруларын 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр. (Слайд 13)



бет10/11
Дата24.11.2022
өлшемі260.89 Kb.
#465663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1. БАЯНДАМА Атамкулов Б.Б.
Та ырыбы Бас ару ылымыны эволюциясы, 05ed568bfaa5a399cf42bc3a91b4c0c4 original.1106962 (1) (1), Отчет по Форуму Digital Almaty (2), Тақырып Менеджменттегі мотивация Дәріс жоспары (2 сағат)-dereksiz.org
(Слайд 12)
«Протон-М» зымыран-тасығыштарын ұшыруларын 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
(Слайд 13)
Зымыран-тасығыштардың салыстырмалы сипаттамасы келесі слайдта берілген.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметінің экологиялық қауіпсіздігі мәселелері Министрліктің тұрақты назарында болып отыр.
Ғылыми-зерттеу бағдарламалары шеңберінде зымырандар ұшыруларын қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына әсері зерттеледі.
2001 жылдан бергі кезеңде осындай 10 бағдарлама орындалды. Қажетті ғылыми-өндірістік және әдістемелік база құрылды.
2016 жылғы сәуірде ҚР Экологиялық кодексіне өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Министрлік «байқоңыр» зымырандық-ғарыштық кешенінің экологиялық мониторингін ұйымдастыру үшін жасауп береді (143 бап).
Көп жылғы зерттеулердің нәтижелері тасымалдағыш зымырандарды штаттық режимде ұшырулар қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына елеулі әсер етпейтінін көрсетіп отыр.
Тәуекелдер зымырандарды ұшырған кездегі апаттар туындаған жағдайларда пайда болады.
Мұндай әрбір оқиға апаттың жағымсыз салдарын азайту бойынша ұсынбалар мен іс жүзіндегі шараларды жасау арқылы мұқият зерттеледі.
Жалға алу кезеңінде орын алған апаттар (барлығы 7) бақытына қарай санитарлық-гигиеналық жағдайға және апаттарға шектесетін аумақтарда тұратын адамдардың денсаулығына ықпал еткен жоқ. Апаттарға шектесетін аудандардағы аумақтарда тұратын тұрғындар тарапынан медициналық көмекке жүгінудің артуы апатқа байланысты туындаған психо-эмоциональдық есеңгіреуге байланысты болды.
(14 слайд)
Құрметті депутаттар!
Кадр әлеуеті туралы айта кету орынды деп ойлаймын.
Егер 1993 жылы ғарыш саласын қалыптастыруға не бары 4 маман ғана (Т.О.Әубәкіров бастаған), бүгінде салада 1400-ге жуық адам жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде ғарыш саласы мамандарының жаңа буыны даярланып, жұмыс істейді.
Білім және ғылым министрлігімен бірге Қазақстанның бес базалық жоғары оқу орнында (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті; Алматы энергетика және байланыс институты; Азаматтық авиация академиясы), Байқоңыр қаласында орналасқан Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филиалында және «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда дәріс алып жүргендердің жалпы саны 290 адам, олардың ішінде 173 қазақстандық студент оқиды.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша 10 студент оқиды.
Мамандар даярлаудың дәстүрлі бағыттарынан басқа ФРГ, Англия, Франция және Ресей Федерациясы ғарыштық орталықтарының базасында дайындау жүргізілуде.
Осы орталықтарда біздің мамандарымыз шетелдік мамандармен «иық түйістіре» 153 маман жұмыс істей жүріп, тиісті бағыттар бойынша іс жүзіндегі тәжірибе мен дағдылар алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет