Құрметті Гүлмира Истайбекқызы! Құрметті депутаттар!


Құрметті Төраға! Құрметті депутаттар!



бет11/11
Дата24.11.2022
өлшемі260.89 Kb.
#465663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1. БАЯНДАМА Атамкулов Б.Б.
Та ырыбы Бас ару ылымыны эволюциясы, 05ed568bfaa5a399cf42bc3a91b4c0c4 original.1106962 (1) (1), Отчет по Форуму Digital Almaty (2), Тақырып Менеджменттегі мотивация Дәріс жоспары (2 сағат)-dereksiz.org
Құрметті Төраға! Құрметті депутаттар!

Келесі жылы тәуелсіз Қазақстанның отандық космонавтикасына 25 жыл толады.


Бұл жылдар Қазғарышты құру туралы Елбасы шешімінің ауқымдылығы мен уақтылығын толықтай бағалауға мүмкіндік беріп отыр.
Еліміздің алдында: экономикалық, әлеуметтік, шекараны нығайту, мемлекеттің қалыптасуы сияқты күрделі міндеттер тұрғанда Елбасы болашақ ұрпаққа ғарыш саласын сақтап қалу әрі дамыту туралы кеменгерлік әрі көрегендік шешім қабылдады.
Осы жылдар ішінде елімізде замануи ғарыш инфрақұрылымы жасалып, инженерлік кадрлардың жаңа буыны даярланды, ғарыш ғылымы жаңа сатыға көтерілді, технологиялар Индустрия 4.0 негізделген трендтерге сай келеді.
Қазіргі заманда ғарыш саласы ең ғылымды қажетсінетін әрі жоғары технологиялы салалардың бірі болып табылады. және оған қатысуы мемлекеттің беделін, оның экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін едәуір айқындайды.
Аумағынан бірінші спутник ұшырылған технологиялық және тарихи тәжірибесі бар Казахстан, ғарыш индустриясында өзінің ауқымды орнын табуға міндетті.
Бұл келешекте қосымша табыс көзін беретін және өткір бәсекелестікке ие болатын тауашалардың бірі.
Бұл жаңғыртылған экономикасы бар елдерге, әлемнің 30 дамыған елдер қатарына кіруге мүмкіндік.


Құрметті депутаттар!
Министрлік Елбасы қойған Қазақстанда заманауи және толыққанды ғарыш саласын құру міндеттерін орындау үшін барын салуда.

Ғарыш саласы және оның шеңберінде құрылатын технологиялар ел экономикасының түрлі салаларының дамуына ықпал етіп, мультипликативті эффект беретіні сөзсіз.


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздегі ғарыш қызметіне әрқашан да ерекше көңіл бөліп, қолдап келеді.


Елімізде ғарыш саласын одан әрі дамытуға байланысты мәселелерді шешу кезінде сіздер ат салысады деп кәміл сенемін.




(15 слайд)
Назарларыңызға рахмет.
Сіздердің қоятын сұрақтарыңызға жауап беруге әзірмін.

——————————————





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет