Құрметті Гүлмира Истайбекқызы! Құрметті депутаттар!


Екінші жоба – Қазақстан Республикасының Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі



бет7/11
Дата24.11.2022
өлшемі260.89 Kb.
#465663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1. БАЯНДАМА Атамкулов Б.Б.
Та ырыбы Бас ару ылымыны эволюциясы, 05ed568bfaa5a399cf42bc3a91b4c0c4 original.1106962 (1) (1), Отчет по Форуму Digital Almaty (2), Тақырып Менеджменттегі мотивация Дәріс жоспары (2 сағат)-dereksiz.org
Екінші жоба – Қазақстан Республикасының Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі
Жүйе жол-көлік апаттарынан немесе басқа да төтенше жағдайлар туралы шұғыл қызметтерді хабардар ету уақытын қысқартуға арналған.
Осы жүйенің арқасында зардап шегушілерге «Алтын уақыт» шегінде жәрдем көрсетіп, жолдарда өлім жағдайларын төмендету үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Жоба бойынша бағдарламалық жасақтама жасалды. Барлық 14 облыстағы ТЖД-де және Астана мен Алматы қалаларында ААШШ жүйесі операторларының автоматтандырылған жұмыс орындары (АЖО) орналастырылды.
2016 жылғы 27 желтоқсандақұрамына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері кірген қабылдау комиссиясына ААШШ Жүйесін құру бойынша жұмыстардың бірінші кезеңінің көрсеткіштері көрсетілді.
ААШШ Жүйесінің бағдарламалық жасақтамасын тестілеу Астана қ. «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясының серверлік жабдығында нақты уақыт режиміндегі төрт автомобильді пайдалана отырып жүргізілді. Автомобильдерге қазақстандық және ресейлік өндіріс шығарған жедел қызметтердің шұғыл шақыру құрылғылары орнатылған.
Оператордың экранында ЖКО орнының координаталарын және автокөлік құралы туралы деректерді қамтитын ең аз деректер жиынтығы автоматты түрде бейнелеп көрсетілді.
ЖКО орны мен егжей-тегжейлі сәттері оператордың электрондық картасында бейнеленді, ЖКО карточкасы жүргізушіден дауыс арнасы арқылы алынған ақпарат негізінде қосымша деректермен толықтырылды.

Жүйе 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап пилоттық режимде жұмыс істейді. Бұл жағдай Қазақстан Республикасының Кедендік одақ шеңберіндегі міндеттемелерінде қарастырылған. Жүйені құру бойынша жұмыстар жалғастырылуда және келесі жылы аяқталатын болады.


Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жасаған ААШШ жүйесі қызметтерін пайдаланушы тұтынушылар Инвестициялар және даму министрлігі (Көлік комитеті) және Ішкі істер министрлігі (Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет) болып табылады.
Қазіргі уақытта көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті орган (ИДМ) мүдделі мемлекеттік органдармен ААШШ жүйесінің операторы «Ғарыштық техника мен технологиялар институты» ЕЖШС айқындау туралы бұйрықты келісуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет