Құрметті жиналған қауым!



Дата29.06.2016
өлшемі34.45 Kb.
#165034
«Күз аруы-2013» байқауы

Мақсаты: Балалардың күз туралы түсініктерін молайту,жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату. Табиғатты аялауға ,қоршаған ортаны,Отанын сүюге,әсемдікті көре білуге ,сезінуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:

Құрметті жиналған қауым!

Бүгін бізде дүбірлі той

Ден қойып тыңдаңыздар,көңілді қой

Жырдан шашу шашылсын күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер халайық сергісін бой.


Қайырлы күн құрметті қонақтар,балалар, ата-аналар.Балабақша табалдырығында өткізгелі отырған «Күз аруы-2013» байқауына қош келдіңіздер.
Құттықтау сөз: Балабақша директоры Сания Ретханқызына беріледі.
Жүргізуші:

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз

Сайысқа қатысуға келіп тұрған

Аруларды ортамызға шақырамыз.
«Қарлығаш» тобының арулары:

«Көгершін» тобының арулары:

«Тұлпар» тобының арулары:
Жүргізуші:

Ал құрметті халайық

Жарысты енді көріңдер

Әділқазылар алқасы

Әділ баға беріңдер- деп бүгінгі байқауды бағалайтын әділ қазылар мүшелерімен таныс болыңыздар:

1.

2.



3.
Жүргізуші:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді-деп бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.

1. Таныстыру.

2.Сұрақ -жауап.

3.Өз -өнері

4.Дастархан мәзірі

5.Сән үлгісі


Жүргізуші:

Өнер қуып қыздарымыз өтер деймін,

Бір басына өнерлері жетер деймін

Жарысқа түскен қыздар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін-деп байқауымыздың таныстыру бөлімін бастаймыз (Арулар кезек-кезек таныстырады).

Жүргізуші:

Таныс болдық арулар тегіменен,

Туып өскен мекені,еліменен

Маған тартқан бәрі ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Жүргізуші:

Ал арулар сайысқа қалайсыздар,

Сіздер өтер әлі талай-талай сындар бар.

Қоржыннан қолға тиген сұрақты алап,

Оңды жауап берсеңіздер жарайсыздар-деп сұраққа-жауап бөлімін бастаймыз.Арулар кезек-кезек сұрақ суырамыз (Арулар кезек-кезек жауап береді).

1 сұрақ
1. Қазір қай мезгіл? Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

2. Туда не бейнеленген?

2 сұрақ
1.Күз мезгілінде неше ай бар? Аттарын ата?

2. Елтаңбада не бейнеленген?

3 сұрақ
1. Көкөністер мен жемістер қай мезгілде піседі?

2. Еліміздің президенті кім?

4 сұрақ
1. Күз мезгілінде жапырақтар қандай түске айналады?

2. Еліміздің астанасы қай қала?

5 сұрақ
1. Күз мезгілінің сыйы қандай?

2. Біз қай мемлекетте тұрамыз?

6 сұрақ
1. Күз мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?

2. Біз қай тілде сөйлейміз?

Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша муз.сәлемдеме қабыл алыңыздар.


Жүргізуші:

Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Өлең оқып,ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі арулар сайысына,

Қыздарымыз аянбай-ақ жан салыпты-деп сайысымыздың келесі бөлімі өз-өнерлерін көрсетеді(Арулар кезек-кезек өнерлерін көрсетеді).
Жүргізуші:

Көбейді құт береке,

Астыққа толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз-деп сайысымыздың төртінші бөлімі дастархан мәзірі. Арулар өздерінің дайындап келген күзгі салаттарымен таныстырады.
Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша муз.сәлемдеме қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:

Ал,халайық ықыласпен демелік,

Арулардың сән үлгісін көрейік.

Сырымен сымбатына қарап біз

Әділдікпен бағаларын берейік- деп сән үлгісіне кезек береміз(Арулар кезек-кезек сән үлгісін көрсетеді).
Сайысымыздың шарттары осымен аяқталды. Әділқазылар өздерінің ойларымен ақылдаса тұрғанша муз.сәлемдемені қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:

Жеңістер мен жеңіліс тен тұратын.

Өмір-күрес, жеткіземе мұратын

Жеңбедім,жеңілдім деп ренжімеген

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын- деп ,сөз кезегін әділқазы мүшелеріне береміз.
Марапаттау:
Жүргізуші:

«Жүзден жүйрік күшімен»

«Мыңнан-тұлпар»шықты шың

Арулардың ішінен,

Шыққан ару мықтысың!

Құттықтайық ал енді,

Ару болған баланы.

Өрге жүзіп өнерің

Тауға өрлесін талабың

Қуаныштан жанары,

Шоқтай болып жнады.

Құрметті ата-аналар,тәрбиешілер,бүлдіршіндер «Ақбота» балабақшасы дайындаған «Күз аруы-2013» байқауы аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп көп рахмет. Қош сау болыңыздар.












Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет