Құрметті Саратовка ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»



Дата22.02.2016
өлшемі151.87 Kb.
#1454
Саратовка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2014 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі

Құрметті Саратовка ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, жыл сайын өздеріне сеніп тапсырылған аумақта әкімдердің есеп беру кездесулері өтеді. Есеп беру елде жүргізіліп жатқан реформалардың іске асырылуы, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, оны одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы хабардар етуге бағытталған.
2014 жылы Саратовка ауылдық округі әкімінің есептік кездесу кезінде келесі сұрақтар қойылған:


  1. Округке қарасты ауылдардағы жолдардың қыс мезгілінде қардан тазалауын ұйымдастыру:

Қыс мезгілінде жолдарды тазалау мақсатымен 2014 жылдың ақпан айында «Айқын» шаруа қожалығымен келісім-шарт жасасып, округке қарасты жолдарды қардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарға аудандық бюджеттен 200 мың теңге бөлінген.

  1. Бос жүрген қаңғыбас иттерді жою жұмыстарын жалғастыру:

2014 жылдың 12 айында округ бойынша бөлінген қаржы көлемінде 32 қаңғыған ит жойылды.

  1. Саратовка ауылындағы бұзып жатқан көпқабатты үйдің орнын тегістеу:

Саратовка ауылындағы «Жанжигитов А.» жеке кәсіпкерлігінің иелігіндегі көпқабатты үйдің орны жоспар бойынша тегістеліп, қалған құрылыс материалдары көктемге қарсы шығарылады.

Ауыл шаруашылығы

Саратовка ауылдық округінің аумағы 19817 га құрайды. Ауыл шаруашылық маңызы бар жерлердің көлемі 12587,6 га. Оның ішінде егістік жерлердің көлемі – 6757,59 га, шабындық жер – 385 га, мал жайылымына арналған жерлердің көлемі 5419,9 га құрайды.

Округ аумағында 22 шаруа қожалығы, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркелген және жұмыс атқарады. 10 шаруа қожалығы өсімдік шаруашылығымен, 3 шаруа қожалығы өсімдік және мал шаруашылығымен айналысуда. Қалған 11 шаруа қожалығы шөп шабумен айналысады. Шаруа қожалықтарында жұмыс атқаратындардың саны 123 адамды құрайды.

2015 жылдың 1 қаңтарына шаруа қожалықтарында ірі-қара малдың саны 758 бас, оның ішінде сиырлар - 387 бас, ұсақ малдар 122 бас, жылқылар 285 бас. 2014 жылдың 1 қаңтарына шаруа қожалықтарында ірі-қара малдың саны 1177 басты құраған, оның ішінде сиырлар 496 бас, ұсақ малдар 628 бас, жылқылар 230 бас. Көріп отырғандай, 2014 жылмен салыстырғанда, ірі қара мал 419 басқа азайды, оның ішінде сиырлар саны 109 бас, ұсақ малдың саны 506 басқа азайды, жылқылар саны 55 басқа көбейді. Мал басының саны азаюы жаңа ауылшаруашылық техникасын алу үшін сатылған себептен.

Малдың сапасын арттыру мақсатымен, «Солтанбек» және «АгроБАМ» шаруа қожалықтарында селекциялық жұмыстар жүргізіліп жатқаны және асыл тұқымдық бұқалар сатып алынғаны белгілі. Осы орайда, 2014 жылы «Солтанбек» шаруа қожалығына ірі-қара малға 5 млн 078 мың теңге субсидия берілді. «АгроБАМ» шаруа қожалығы сатып алуға және селекциялық жұмыстар жүргізуге осы жылдың 1 тоқсанында субсидия алуы жоспарлануда.

Дәңді-дақылдардың жалпы түсімі орта шығымдылығы гектарына 7 центнер болғанда 2446,8 тоннаны құрады. Қыс мезгіліне 7433 тонна шөп дайындалды. 2013 жылмен салыстырғанда, дәңді-дақылдардың жалпы түсімі орта шығымдылығы гектарына 10 центнер болғанда 2532,5 тоннаны құраған. Қыс мезгіліне 3492 тонна шөп дайындалған.

Бос жерлердің тапшылығына байланысты Саратовка ауылдық округінде егістік алаңының көлемін үлғайту жоспарда жоқ.

Өсімдік шаруашылығын қолдау және дамыту мақсатына да округтегі шаруа қожалықтары егістікке байланысты субсидиялар алуда. Мысалы, 2014 жылы көктемгі және күзгі егістік жұмыстарына, астық шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағар майдың құнын және басқа да тауарлы-материалдық құндылықтарға шаруа қожалықтары төменгі мөлшерде субсидиялар алды: «АгроБАМ» шаруа қожалығы 3 млн 652 мың 883 теңге, «Отрадное» ЖШС – 2 млн 885 мың 560 теңге, «Евгения» шаруа қожалығы (басшысы Крикуненко Виктор Григорьевич) 116 мың 419 теңге, «Достық» шаруа қожалығы 2 млн 698 мың 94 теңге, «Солтанбек» шаруа қожалығы 1 млн 191 мың 176 теңге, «Жайнақ» шаруа қожылығы – 35 мың 66 теңге, «Байсаков и Компания» КТ - 1 млн 308 мың 660 теңге, «Бекжан» шаруа қожалығы (басшысы Айдарханов Нурлан) – 232 мың 326 теңге, «Үш биік» шаруа қожалығы (басшысы Тастанбек Нурланбек) – 223 мың 223 теңге, «Колосок» шаруа қожалығы (басшысы Гущин Виктор) – 42 мың 479 тенге, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі – 569 мың 307 теңге.

Егер 2013 жылмен салыстырған болсақ, «АгроБАМ» шаруа қожалығы 2 млн 1 мың 100 теңге, «Отрадное» ЖШС 2 млн 963 мың 800 теңге, «Евгения» шаруа қожалығы (басшысы Крикуненко Виктор Григорьевич) 123 мың 390 теңге, «Достық» шаруа қожалығы 1 млн 298 мың теңге, «Солтанбек» шаруа қожалығы 874 мың 50 теңге, «Жайнақ» шаруа қожылығы 93 мың 900 теңге, «Байсаков и Компания» КТ 982 мың 200 теңге, «Бауржан» шаруа қожалығына (басшысы Бердугожин Бакыттыкожа) 283 мың 770 теңге, «Үш биік» шаруа қожалығына (басшысы Тастанбек Нурланбек) 159 мың теңге, «Рахматуллин» шаруа қожалығына (басшысы Рахматуллин Азымхан) 935 мың 280 тенге, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжіне 515 мың 700 теңге көлемінде субсидиялар алған.

Округ бойынша 1 қаңтарға 403 аула бар. Оның ішінде 269 аула - қосалқы шаруашылық иелері. 2015 жылдың 1 қаңтарына жеке қосалқы шаруашылықтарда 998 бас ірі-қара мал, оның ішінде 382 сиыр; 2097 бас ұсақ мал, 203 бас жылқы, 143 бас шошқа, 3090 бас құс тіркелген. 2014 жылдың 1 қаңтарына 939 бас бас ірі – қара мал, оның ішінде 375 сиыр, 2092 бас ұсақ мал, 222 бас жылқы, 184 бас шошқа, 3085 бас құс болған. Салыстырып қарасақ, ірі – қара мал басы 59 басқа көбейді, ұсақ малдың басы сол қалпында қалды, жылқының саны 19 басқа, шошқаның саны 41 басқа азайды, құс саны өзгеріссіз.

2014 жылдың 12 айында округтегі шаруа қожалықтарында және жеке шаруашылықтарда 2383 центнер ет, 25700 центнер сүт, 321 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2013 жылы округтегі шаруа қожалықтары мен жеке шаруашылықтарында 1778,4 центнер ет, 19366 центнер сүт, 295 мың дана жұмыртқа өндірілген. Көрсетілген сандарға қарағанда өсу байқалуда.

Ново – Одесское ауылында ауыл шаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істеуде. Ұрықтандырушы Каирбекова З.В. 2013 жылы 15 бас мал ұрықтандырса, 2014 жылы 42 бас мал ұрықтандырды.

«АгроБАМ» шаруа қожалығының негізінде мал сою пункті жұмыс істеуде. Қажет болған жағдайда округ тұрғындары мал сою пунктінің қызметімен қолданады.

Округте 1 мал дәрігері және 1 ветеринарлық фельдшер халыққа қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру және құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 2014 жылы жоспар бойынша 700 бас ірі қара, 1300 бас ұсақ мүйізді және 50 бас шошқа малы бірдейлендірілуі тиіс болатын. 700 бас ірі қара мал, 1460 бас ұсақ мүйізді малдары және 50 бас шошқа сырғаланып бірдейлендірілу іорындалды. 700 дана ветеринарлық құжат (паспорт) берілді. Ал 2013 жылы 812 бас ірі-қара малы, 1423 бас ұсақ малы, 104 бас шошқа бірдейлендірілді, 882 бас малға ветеринарлық құжаттар берілген.

2014 жылдың басынан бастап 32 қаңғыған ит жойылды. 2013 жылы бөлінген қаржы көлемінде 30 бас ит жойылған.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының ІІ бағытына сәйкес, округ тұрғындары несие алып, ауыл шаруашылық малдарының санын арттыруы жоспарлануда. «Достық» шаруа қожалығы 2015 жылы Қазақстандық агропродкорпорация арқылы «Құлан» бағдарламасы негізінде несие алып, 50 бас жылқы сатып алуды көздеген. Ново-Одесское ауылында «Солтанбек» шаруа қожалығы бордақылау алаңын және мал сою пунктін ашуды жоспалауда.


Кәсіпкерлік
Округте 8 дүкен, 1 дәмхана, 1 жармалау цехы жұмыс атқаруда. Жалпы жұмысшылардың саны 24 адам. Округ аумағына нан және нан өнімдерін Өскемен қаласынан «Балхаш» жеке кәсіпкерлігі мен «Устун» жеке кәсіпкерлігі және Таврия ауылынан «Изумруд» шаруа қожалығы тасымалдайды. Құнсыздану үдерісін тежеу мақсатымен шаруашылық субъектілерімен негізгі тауарларға 10 пайыздық үстеме белгілеу жөнінде меморандумдарға қол қойылған. Күнделікті әкімшіліктің маманы негізгі тауарларға бағаның тұрақты болуына мониторинг жүргізеді және ауданның кәсіпкерлік бөлімін ақпараттандырады. Бағаны себепсіз өсіру байқалған кезде дүкен иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Өкінішке орай, басқа шара қолдану тетігі бізде жоқ.

Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында округ аумағында 2 жаңа дүкеннің ашылуы жоспарлануда. Отрадное ауылында «Байтуманов С.» шаруа қожалығының басшысы 2015 жылы 2 млн. теңге өз қаржы көлемінде азық-түлік дүкенін ашуды жоспарлап отыр. Ново-Одесское ауылында жеке кәсіпкер Алтаева А. 2015 жылы шаруашылық тауарларын сататын дүкен ашуды көздеген. Дүкенге арналған ғимарат толығымен жөнделді, қазіргі уақытта тауар алуға қаржының тапшылығына байланысты ашылмай тұр.

2014 жылы «Алтай» ЖШС өндіріс алқабын арттырып, жармалау цехында ас бұршағын өңдеуді жолға қоюға кірісті. Шикізаттың жоқтығына байланысты жұмыстар тоқтап тұр.

Атап айтатын маңызды оқиға ол «OstFish» ЖШС Саратовка ауылында балық, балық өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорнының құрылыс жұмыстарының басталуы. 2015 жылдың аяғында кәсіпорын құрылыс жұмыстарын аяқтап, іске қосылуы жоспарлануда.

2014 жылы 95076 теңге мүлік және жер салығы жиналды. Ал 2013 жылы жиналған салық көлемі 162 522 теңгені құрады. Салық мөлшері 67446 теңгеге азайды.
Бюджет
2014 жылы Саратовка ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне және әлеуметтік сұрақтарды шешуге 10 млн 649 мың теңге қаржы бөлінді. Округ әкімшілігінің қызметін қамтамасыз ету үшін 9 млн 403 мың теңге қарастырылған. Бұл шығыстар бабына әкімшілік қызметкерлерінің еңбек ақысы, қызметтік көлікті пайдалану және жөндеу жұмыстары, оргтехника және компьютерлерді жөндеу, кеңсе тауарларын алу енгізілген. Көшелердегі жарықты қамтамасыз етуге 803,0 мың теңге бөлінген. Округ аумағындағы санитарлық жағдайды қамтамасыз ету үшін 125 000 теңге бөлінген. Аталған қаржы қоқыс төгетін орынды жинауға жұмсалды. Ауылдарды көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарына 118 000 теңге бөлінген. Бюджеттен бөлінген қаражат толық игерілді.
Әлеуметтік қорғау

2013 жылы округ аумағында зейнеткерлер саны 246 адам, ал 2014 жылы зейнеткерлер саны 278 адамға жетті. 2014 жылы округке көшіп келушілерге байланысты зейнеткерлер саны 2013 жылмен салыстырғанда 32 адамға көбейді.

2013 жылы 1,2,3 топ мүгедек адамдар саны 58 адамды және 6 мүгедек балаланы құраған, ал 2014 жылы мүгедек адамдардың саны 1 адамға ұлғайды. Округ аумағында 41 тыл қызметкері, 4 ауған соғысына қатысушы, 19 адам «Алтын алқа» иегері, 17 адам «Күміс алқа» иегері және Чернобыль апатын жоюға қатысқан 1 адам тұрады.

2013 жылы аудандық жұмыспен қамту орталығында тіркеуде 25 адам болған, ал 2014 жылы тіркеуге 24 адам алынған. 2014 жылы қоғамдық жұмыстарды 16 адам атқарған. 2014 жылдың 12 айында 11 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған, 2013 жылмен салыстырғанда өзгеріс жоқ.

Өзін-өзі қамтығандардың саны 2013 жылы 150 адамды құраған, ал 2014 жылы олардың саны көшіп келушілер есебінен 173 адамға ұлғайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2013 жылы 4 отбасына (10 адамға) берілген. 2014 жылы аталған көмекті 1 отбасы алған. Жұмыспен қамтылғанына байланысты, 2014 жылы азқамтылған отбасыларының саны 1 отбасына кеміді.

18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны алуға 18 отбасы (33 бала) өтініш берді, ал 2013 жылы 19 отбасына (38 бала) берілген. 2014 жылы аталған жәрдемақыны алушылар саны 2013 жылға қарағанда 5 отбасына қысқарды.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 2014 жылы 3 отбасы ақшалай көмек алды.

Тұрғын үй жәрдемақысы 2014 жылы 64 отбасына берілді. 2013 жылмен салыстырғанда тұрғын үй жәрдемақысын алушылар саны 3 отбасына көбейді.

2013 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы негізінде жүргізілген қайта оқыту курстарында 3 тұрғын оқып, оның ішінде, «есепші» мамандығы бойынша 1 адам, «электргазбендәнекерлеуші» мамандығы бойынша – 2 адам, оқып, мамандық алды. 2014 жылы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағытының бірінші құраушысын жүзеге асыру мақсатында жүргізілген қайта оқыту курстарында 1 адам «шаштараз», 1 адам «1С есепші», 2 адам «іс-қағаздарын жүргізуші», 2 адам «азпазшы» оқуы, 1 адам «электргазбендәнекерлеуші» мамандықтарын алды, Барлығы 7 адам, оның ішінде 5 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл көрсеткішке сәйкес 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы жұмысқа орналасу көрсеткіші 5 адамға артты.

2013 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы негізінде 6 тұрғын жалпы сомасы 6 млн теңге несие алды. 2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыру бойынша мал шаруашылығын дамытуға 5 адам 9 млн 200 мың тенге көлемінде несие алып, 59 бас ірі-қара мал сатып алды. 2013 жылға қарағанда мал шаруашылығын дамытуға несие алғандардың саны 4 адамға көбейді.

2014 жылы округтегі мекемелер мен шаруа қожалықтарында жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітірген түлектер арасында жастар тәжірибесін өткендердің саны 4 адам. Оның ішінде 2 түлек ШҚАШ колледжінде «механизатор» мамандығы, 1 түлек «Достық» ШҚ «механизатор», 1 түлек «АгроБАМ» ШҚ «есепші» мамандықтары бойынша тәжірибе алды. Оның ішінде 3 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Округтегі жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету үшін 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Оның міндетінде 9 жалғызбасты зейнеткерге көмек көрсету бекітілген. Ол пәтер тазалығын, дәрі-дәрмекпен, керек–жарақпен қамтамасыз етеді. Зейнетақыларын жеткізу, су әкелу, құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын атқарады. Әлеуметтік қызметкер дәрігерлік амбулаториясымен тығыз қарым-қатынаста және Базылбек Ахметов атындағы орта мектебінде ұйымдастырылған «Қамқорлық» тобымен бірге жұмыс істеуде. Құрамына 19 оқушы кірген «Қамқорлық» тобы округтегі зейнеткерлерге, мүгедек адамдарға көмек көрсетуде. 2014 жылы қар тазалау, отын жару, аулаларды қоқыстан тазалау және басқа да жұмыстар атқарылды.
Білім саласы

Ново-Одесское ауылында Базылбек Ахметов атындағы орта мектебі орналасқан. 2014-2015 оқу жылының басына орта мектептің оқушылар саны 166 оқушыны, ал 2015 жылдың 1 қаңтарына – 172 оқушыны құраған. Мектепке дейінгі сыныпта оқу жылының басына оқушылар саны 20 баланы құраған, ал 2015 жылдың 1 қаңтарына – 18 баланы құрайды. 2014-2015 оқу жылы көлемінде 9 оқушы кеткен, оның ішінде: 1-4 сыныптардан – 5 оқушы, 5-9 сыныптардан – 3 оқушы, 10-11 сыпытардан – 1 оқушы. Жыл көлемінде келгендердің саны 21 бала, оның ішінде: 1-4 сыныптарға – 17 оқушы (оның ішінде 1 сыныпқа 16 бала қабылданған), 5-9 сыныптарға – 3 оқушы, 10-11 сыныптарға – 1 оқушы қабылданған. 2014 жылы орта мектепті 14 оқушы бітірді. Ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша орта баллы 73,25 құрады. 2014 жылы жоғары оқу орындарына 4 түлек, арнаулы орта оқу орындарына 9 түлек оқуға түсті. Жоғары оқу орындарында 2 түлек – ақысыз, 7 түлек бюджеттік негізде, ал 1 түлек – ақылы оқуда. Орта мектепте 34 мұғалім жұмыс атқаруда. Оның ішінде: жоғары біліммен – 32, арнаулы–орта біліммен – 2 мұғалім. Бүгінгі күні орта мектепке медициналық қызметкер және шағын орталығына тәрбиеші қажет.

Ауылдардан мектепке 89 оқушы тасымалданады. Оның ішінде: Отрадное ауылынан 44 оқушы, Саратовка ауылынан 45 оқушы. Техникалық қамтамасыз етілген жағдайын айта кетсек, орта мектепте 48 компьютер, 5 интерактивтік тақта орнатылған.

Ыстық тамақпен қамтамасыз ету мектептің асханасында ұйымдастырылған. Барлығы ыстық тамақпен 68 оқушы қамтылған, оның ішінде – 54 бала – 1-4 сынып оқушылары, 14 бала аз қамтылған отбасыларындағы оқушылар.

Орта мектепте волейболдан, теннистен, шағын футболдан 4 спорттық секция жұмыс атқарады. Пәндік үйірмелер ұйымдастырылған. Қатысатындардың саны 29 оқушы.

2014 жылдың 1 қыркүйегінде Саратовка ауылында 23 орындық шағын орталығы ашылды. Қазіргі уақытта онда 17 бала тәрбиеленуде.

2015 жылы жеке кәсіпкер И.Тулегенов Ново-Одесское ауылында 50 орындық жеке балабақша ашуды жоспарлауда.

2015 жылдың 1 қаңтарына Шығыс – Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде 184 студент білім алуда, 2013 жылмен салыстырғанда студенттер саны 17 адамға қысқарған.


Медициналық қызмет

Округте тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуді 9 қызметкер жүргізуде, оның ішінде 3 дәрігер, 6 орта медициналық қызметкер. Округте 3 медициналық мекеме орналасқан: Саратовка ауылында дәрігерлік амбулаториясы, ал Ново – Одесск, Отрадное ауылдарында фельдшерлік пунктер орналасқан. Дәрігерлік амбулатория иелігіне 1 қызметтік көлік бекітілген. 2013 жыл көлемінде медициналық көмек 3033 тұрғынға көрсетілген, 1031 ауырған адамға үйінде көмек көрсетілген және жедел жәрдем көмегі – 42 тұрғынға шақырылған. 2014 жылы медициналық көмекке 4029 адам жүгінген, 200 тұрғынға үйде көмек көрсетіліп, жедел жәрдем 31 адамға шақырылған.

Өткен жылы дүниеге 17 бала келіп, 20 адам дүниеден өтті. Оның ішінде онкологиялық аурумен ауырғандар саны – 4 адам. Амбулаториядағы күндізгі стационарында жыл көлемінде 160 тұрғын емделді. Аптасына 2 рет тіс дәрігері жұмыс атқарады, 18 жасқа дейінгі балалар және жүкті әйелдерді қабылдауын тегін жүргізеді. 2014 жылы жатыр және сүт бездері рагының, қан айналым жүйесінің ауруларының, қант диабетінің, глаукоманың, асқазан және тоқ ішек ауруларының алдын-алу мақсатымен 700 адам скринингтік қараудан өтті. Емдеу сапасына тұрғындар тарапынан арыздар түскен жоқ.

Мецициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту арқасында өлім көрсеткіштерін азайтып, туу көрсеткіштерін ұлғайту жоспарлануда. Туберкулез ауруымен ауырғандардың санын ең аз шама мөлшеріне апару көзделуде.

Амбулатория және фельдшерлік пунктерінде көрнекті құралдармен жабдықталған салауатты өмір салтын сақтау жөнінде ақпараттар жиналған және жас аналарға арналған бұрыштар орналастырылған.

Ново–Одесск ауылындағы фельдшерлік пункті және Саратовка ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы қыс мезгілінде электр қуатымен жылынады, ал Отрадный ауылындағы фельдшерлік пункті «АгроБАМ» шаруа қожалығының иелігінде және көмірмен медициналық бірлестік қамтамасыз етеді.


Инфраструктура
Округ тұрғындары телефон байланысымен, электр қуатымен, әкелінетін газбен қамтамасыз етілген. Байланыс абоненттерінің саны 388 адамды құрайды, оның ішінде Саратовка ауылында – 158 жанұя, Ново-Одесское ауылында - 130 жанұя, ал Отрадное ауылында – 100 жанұя.

Отрадное және Ново-Одесское ауылдарында интернет және ұялы байланыс жүйелері қосылмаған. Аталған мәселе жыл сайын жиындарда көтерілуде. Әкімшілік тарапынан «Билайн» орталығына округ әкімінің атынан және тұрғындар атынан хаттар жолданған, бірақ тұрғындар санының аздығына байланысты, мәселені шешуге әзірше мүмкіндік жоқ.

Ново–Одесск және Отрадное ауылдарының тұрғындары ауыз сумен өз құдықтарынан қамтамасыз етілген, ал Саратовка ауылындағы су құбыры Таврия ауылындағы «Коммунальник» коммуналдық мекемесінің балансына тапсырылған. 2014 жылдың қазан айынан бастап «Дарын» антимонополиялық комитетімен жаңа тарифтер бекітілді. Сол себепті, қоғамдық құдықтан суды тұтыну кісі басына 78 теңге 26 тиыннан 145 теңге 68 тиынға, су құбырлары тартылған үйлерде суды тұтыну – 150 теңге төлем ақысынан 279 теңге 22 тиынға өсті. Жеке қосалқы шаруашылығы бар адамдарға 1 бас ірі – қара малға үшін 218 теңге 52 тиынды, ұсақ мал басына – 48 теңге 56 тиынды, шошқа басына – 60 теңге 70 тиынды қосымша төлеу тарифі бекітілді. 2013 бұл тарифтер 1 бас ірі қара малға – 117 теңге 39 тиын, ұсақ малға – 26 теңге 09 тиын, шошқаға – 39 теңге 61 тиын мөлшеріндегі төлем ақы белгіленген болатын.

Көші – қон жағдайы
2014 жылы округ аумағына 122 адам тіркеліп, 57 адам тіркеуден шықты. 2013 жылмен салыстырғанда көшіп келгендердің саны 60 адамға көбейіп, округтен тыс аумақтарға қоныс аударғандардың саны 31 адамға азайды. Кетулерінің негізгі себептері - оқуға, тұрақты мекен - жайын ауыстыруларына байланысты.

Құқықтық қорғау
Округ аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын – алу бойынша 1 учаскелік полиция қызметкері жұмыс атқаруда. Учаскелік полиция қызметкері Е.Сағиұлының әкімшілік учаскесі Саратовка, Ново-Одесское, Отрадное ауылдарын қамтиды. Қызметкердің ойдағыдай жұмыс атқаруы үшін колледждің жатақхана ғимаратының 1 қабатында қызметтік кабинеті орналасқан, қызметтік телефоны 38-301. Учаскелік полиция қызметкеріне 2011 жылы бюджеттік қаржыға қызметтік пәтер сатып алынды және қазіргі уақытта ол отбасымен Саратовка ауылында тұрып жатыр. Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсетуге 4 адам тартылған. Учаскелік полиция қызметкерінің профилактикалық есебінде 2014 жылы 55 адам тұрған, ал 2013 жылы – 60 адам. 2014 жылы Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексін басшылыққа алып, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 109 хаттама толтырылса, 2013 жылы 103 хаттама толтырылған. 2014 жылдың 12 айы ішінде 43 тұрғынның арыз - өтініштері қаралып, мәжбүрлеп емдеу орындарына 2 адам жіберілсе, 2013 жылы 59 арыз қаралып, 4 адам емдеу орнына жіберілді. 2014 жылы 20 қылмыс жасалып, 18-сі ашылған, ал 2013 жылы 22 қылмыс жасалып, оның 17-сі ашылған. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер қызметкерлерінің патрульге шығу кестесі ай сайын округ әкімімен бекітіліп, кезекшілік жүргізілуде.

Атқарылған жұмыстармен қатар учаскелік полиция қызметкерінің жұмысына кедергі келтіретін жайлар да бар: қызметтік компьютерлік техникасы, ксерокс және жиһаздар ауыстыруды қажет етеді.


Тұрғындардың өтініштерін қарау

2014 жылдың 12 айында округ әкімінің атына 25 тұрғыннан және 19 заңды тұлғадан арыз-өтініш келіп түсті. 2013 жыл көлемінде 16 тұрғынның және 24 заңды тұлғаның өтініш-арыздары қаралған. Өтініштер негізінде тұғын үй мәселесі, жер және жерді пайдалану мәселелері, санитарлық тазалық мәселелері жөнінде. Барлық арыз - өтініштер уақытында қаралып, жауаптар қайтарылған.


Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша көктемгі сенбіліктер науқаны наурыз айының 29-нан басталды. Ұлан ауданы әкімінің қаулыларына сәйкес көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу мақсатымен 2014 жылдың 7 сәуір – 7 маусым аралығында екі айлық және 20 қыркүйегінен – 20 қазанына дейін бір айлықтар өтті. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалауды жүргізу үшін комиссия құрылып, іс–жоспары дайындалды және округтегі әр көшеге тазалық орнату үшін келісім бойынша жауаптылар тағайындалды. Негізгі мақсаты – әр үй, аула, мекеме маңдарында тазалық орнатуын іске асыру. 19 сәуірде «Бүкіл қазақстандық орман отырғызу күні» акциясына орай, 250 әр түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. ШҚАШ колледж студенттері 100 шырша көшетін, Б. Ахметов атындағы орта мектеп оқушылары 100 көшет екті. 6 мамырда «Ертістің таза жағалауы» және «Дресвянканың таза жағалауы» атты экологиялық акциялары өткізілді. Әр мекеме тиісті жағалау аумақтарын қоқыстан тазартты. Сенбіліктер кезінде әкімдік ұжымының қатысуымен округтегі 3 ауылдың көше шамдары бағандары ақталды, Ново-Одесское – Саратовка тас жолындағы және Ново-Одесское ауылы арқылы ағатын Дресвянка өзенінің көпірлері сырланды.
Округте барлық мерекелерге және атаулы күндерге арналған мәдени – көпшілік шаралар өткізілуде, мысалы, Наурыз мерекесіне, Жеңіс күні, Конституция күні, Қарттар және мүгедектер күні мерекелеріне және тағы басқа атаулы күндерге арналған шаралар. Округте өткізілетін мәдени іс–шараларға колледж, орта мектеп ұжымдары және «Ақ әжелер», «Непоседы» топтарының мүшелері белсене қатысуда.

Өкінішке орай, 2015 жылы Саратовка ауылында 150 орындық клуб салуы жоспарланғанымен, қаржы тапшылығына байланысты аумақты дамыту бағдарламасына енгізілген жоқ.

Бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі негізінде округтегі шаруа қожалықтарының басшыларымен, жеке кәсіпкерлермен меморандумдарға қол қою жұмыстары есеп беру мезгілінде де жалғасын тапты. Округтегі санитарлық тазалау, көріктендіру жұмыстарын жүргізуге қажетті техникамен қамтамасыз ету және әр-түрлі шараларды өткізуге демеушілік көмек көрсету туралы меморандумдарға қол қойылды.

«Туған жерге тағзым» акциясы негізінде 2014 жылы 2 жобаны іске асыру жоспарланған. Біріншісі, Саратовка және Ново-Одесское ауылдарында көшені жарықтандыру бойынша сметалық құжатты жасау көзделген. Жоба 2014 жылдың қаңтар айында Ново-Одесское ауылының тұрғыны С.Сатаевтың демеушілік көмегі арқасында орындалды. Екіншісі, «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша 2014 жылы Саратовка ауылының тұрғыны В.Прокоповпен 700 000 теңге көлемінде Мелиораторов көшесінде ойын алаңын салу жоспарда болған, бірақ ақша қаражатының болмауына байланысты ойын алаңының аяқталуы 2015 жылға ауыстырылды.

«Туған жерге тағзым» акциясы негізінде 2015 жылы 1 жобаны іске асыру көзделген. Өскемен қаласының тұрғыны, округ тумасы Б. Жоламанов өз қаражатына Ново-Одесское ауылындағы Базылбек Ахметов атындағы орта мектебінің маңына хоккей қорапшасын салуды жоспарлауда.

2015 жылы бюджеттен бөлінетін қаражатқа Саратовка ауылында ойын алаңын салу жұмыстары жүргізілуі жоспарлануда.


Назарларыңызға рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет