Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға



Дата25.06.2016
өлшемі84.93 Kb.
#158054


Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға

2-қосымша

Бақылау станцияларына арналған қада белгілерді орнатудың типтері мен тәсілдері

1. Жер бетіндегі бақылау станциялары


Грунттың 1,5 м дейін тоңдану тереңдігі кезінде тіреуіш және жұмыстық қада белгілер ретінде ұңғымаларда немесе қазаншұңқырларда салынған қада белгілерді қолданады (1-сурет, а, б). Қада белгінің 3) корпусын диаметрі 25-30 мм бұрғылық, арқау, шыбық болаттардың қималарынан немесе қалың қабырғалы түтіктерден дайындайды. Қада белгінің ұзындығын суретте көрсетілген өлшемдерді ескерумен есептейді. Корпустың төменгі бөлігіне айқышты 4 балқытып қаптастырады, ал жоғарғы шетте 2-3 мм тереңдікке диаметрі 2,0 мм цилиндрлік тұтас тесік – 1 центрді бұрғылап теседі.

Түтікті корпустарда алдын ала (дәнекерлеумен) қада белгінің басын бекітеді. 5) ұңғыманың (қазаңшұңқырдың) төменгі бөлігін 200-300 мм биіктікке бетонмен толтырады, одан жоғары сусымалы материалды 2 салады.

Жұмыстық және көмекші қада белгілер ретінде ұзындығы 1,5-2,0 м шыбық немесе бұрғылық болаттан дайындалған қағылатын қада белгілерді (2-сурет, а) пайдалануға болады. Грунтпен ілінісуді ұлғайту үшін 1) корпустың төменгі бөлігі 2) келтіріледі.

Грунттың тоңдануының немесе жібуінің ең аз тереңдігі және қада белгінің қатырылу ықтималдығы кезінде 2, б-суретте келтірілген, қабару шамасын ескеруге мүмкіндік беретін қағылатын қада белгіні пайдалануға болады. Диаметрі 30-35 мм қада белгінің тура орталық тесігі 2)-бар корпусы 3)-(бұрғы болаты, қалың қабырғалы түтік) ұштықпен 5)-қатты бекітілген сигналды өзекке бос орнатылған. Ұштыққа балқытып қаптастырумен корпустың төменгі бөлігін қайта қаптайтын бүркенішті 4) бекітеді. Өзекті және бүркеніштің ішкі бетін антикоррозиялық қаптамамен немесе қою техникалық маймен қаптайды. Толтырмалау кезінде салманы 6 пайдаланады. Корпустың жартылай сфералық басы бойынша нивелирлеу кезінде бір уақытта өзектің шетіне дейінгі ара қашықтықты өлшейді және бақылауларға сәйкес түзетулерді енгізеді.

Қуаттылығы үлкен қопсытпалы грунттарда және шалшықтанған аймақта тіреуіш қада белгілерді кемінде 2,0 м қалын топыраққа тереңдетумен ұңғымаларға салады (2-сурет, в). Қада белгінің корпусын 4)-диаметрлері 30-60 мм және қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3 м дәнекерлеумен немесе мульдамен 2)-қосылатын металл құбырлардың қималарынан дайындайды.

1-сурет. Тіреуіш қада белгілердің типтері: а - ұңғымада; б - қазаншұңқырда



2-сурет. Жұмыстық қада белгілердің типтері: а – қарапайым грунтта қағылатын; б – қатыру жағдайында қағылатын; в – шалшықтанған аймаққа арналған ұңғымада.


Төменгі секцияны айқышпен биіктігі кемінде 1,5 м бетонды якорьда 7) бекітеді. Батпақты грунттарда якорьға биіктігі 0,3-0,5 м төсем топырақты салады. Шеген құбырды 5)-қопсымалы (шалшықтанған) грунттың барлық биіктігіне салады, бірақ якорьмен біріктірмейді. Корпус пен шеген құбырдың арасындағы 1)-кеңістікті ылғал сыйымды емес 1)-материалмен толтырады, ал шалшықтанған аймақта қою техникалық маймен немесе май қалдығымен корпустың ажыратылуымен толымсыз түрде қалдырады. Шеген құбырдың үстін ағаш қақпақпен 3) жабады.

1,5 м жоғары тоңдану тереңдігі кезінде тіреуіш қада белгілер ретінде 2-суретте келтірілген ұқсас қада белгілерді, бірақ ұңғыманың шегенісіз қолданады. Жұмыстық қада белгілер үшін осы конструкция корпусының якорін 250-300 мм биіктікпен дайындайды және 0,5 м тоңдану шекарасынан төмен жылжытады.


3-сурет. Қатты тау жыныстарына арналған жұмыстық қада белгілердің типтері.


Сондай-ақ бір маусым уақытында бақылауларды және центрді міндетті жылжытуды жүргізген жағдайда қағылатын қада белгілерді пайдалану мүмкін.

Қатты тау жыныстарында (3-сурет) қада белгілерді ұңғымаларда толтырмалайды. Қада белгінің айқашы 4)-бар корпусын 2)-бұзылмаған тау жыныстарында толтырмаланған бетонды якорьда бекітеді. Ұсатылған тау жыныстарында 1)-қазаншұңқырды ашады немесе ұңғыманың шегенін жүргізеді.

Әр типті қада белгілерді толтырмалау кезінде механикалық бұзылулары ықтимал жер бетінің учаскесінде (бақшалар, егістік жерлер, көліктің қарқынды қозғалысы) қада белгілердің центрлері жасырын болуы керек (2, а-суретке ұқсас).

Қада белгілердің биіктігін ауыспалы нүктелерсіз интервалдардың ұзындықтарын (0,5 м аспауы керек) өлшеу мүмкіндігімен анықтайды. Шеген құбырларды ұңғымаларда қажет болған жағдайда ғана орнатады. Олар якорьмен байланысты болмайды.

Қада белгілерді механикалық бұзылымдардан және атмосфералық шөгінділерден сақтау үшін 700 х 700 мм өлшемдері, 200 мм қалыңдығы бар пилондарды немесе алаңдарды қада белгінің корпусын бетон жапсарынан міндетті ажыратумен бетондайды. Шеген құбырлардың және пилонның биіктігі жер бетінде қада белгінің басынан 50-70 мм аспайды. Беттің шөгуін аралық бақылау үшін бақылауларды қауіпті аймақтан тыс орналасқан бір немесе бірнеше нүктелерден жүргізетіндей есеппен кез келген типке жататын қада белгінің шығыңқы бөлігін ұлғайтады. 1)-Корпустың жоғары жағын (4-сурет, а) 1 см бағамен бөлуге (сақиналы немесе шашкалы белгімен) белгілейді. Қада белгілердің горизонталь жылжуларының аралық өлшеуі кезінде қауіпті аймақтың шеңберінен тыс шығарылған сымды желілердің көмегімен.
б

4-сурет. Қада белгілердің типтері: а – жылжуларды аралық анықтау үшін; б – қабырғалы қада белгі.


Қада белгілердің жоғары бөлігін олардың төңкерілуін болдырмау үшін укосиналармен 2) айқышпен 3) күшейтеді.

Кеуленетін ғимараттар мен үймереттерде қабырғалы және грунттық қада белгілерді (68-тармақ) 4, б-суретте, келтірілген сұлба бойынша толтырмаланады. Шыбық болаттан алынған қабырғалы қада белгі 1) (диаметрі 10-20 мм) шпурда, нивелирленетін рейканы қада белгінің шығыңқы бөлігіне қоятындай және қада белгілердің арасындағы интервалдардың өлшемін жүргізетіндей есеппен бетондайды. Шпурды 150-200 мм гидрооқшаулау қабатынан төмен бұрғылай бастайды. Грунттық қада белгі 3 (әдеттегідей, 1, а-суретте келтірілгенге ұқсас) әрбір қабырғалы қада белгіге немесе қада белгілердің бөліктеріне қарсы отмосткадан 0,3-0,5 м алшақ толтырмаланады.

2. Жер асты бақылау станциялары
Кескінді сызықтар үшін кен қазбаларында қада белгілердің толтырымын тау жынысында, қабырғаларда немесе қазбаның төбесінде жүргізеді. Қада белгілердің центрлерін жер бетіндегі станциялардың қада белгілеріндегідей белгілейді. Қада белгілерді ашық немесе центрлерді тереңдетумен орналастырады, рейка мен тіктеуіштің мүмкінділігін ескереді. Қада белгілерді шыбық, арқау, бұрғы болаттан немесе диаметрі 20-35 мм жұқа құбырлардан дайындайды.

Қазба тау жынысында қада белгілерді адамдар мен көліктің шағын қозғалысы, табанның, қатты жарықшақтық немесе ұсақ қабатты тау жынысының қабаруының жоқтығы кезінде орнатылады. Қада белгілерді қазаншұңқырларда немесе шпурларда үңгілеу кезінде бұзылған және сеппелі тау жыныстарының тереңдігінен төмен бетондайды (5 - сурет).

5, а-суретте көрсетілген қада белгілер, көбінесе, рельстердің арасында немесе жолдардың сыртқы жағынан, трапқа қарама-қарсы қабырғаның бойымен, одан кемінде 20 см шегінумен орнатылады.

5-сурет. Жер асты кен қазбаларының табанында қолданылатын

қада белгілердің типтері:



а - вертикаль ұңғымада, б - қазаншұңқырда; в – еңіс ұңғымада.
Ұңғыманы кемінде 800 мм тереңдікте бұрғылайды. Қада белгінің корпусын 3)-ұңғымада 1)-бұзылмаған массивтің барлық биіктігіне 4)-шеген құбырды пайдалану кезінде себу деңгейіне дейін бетондауға болады) ұңғыманың қалған бөлігін балластпен 2) қаптау арқылы бетондайды.

Қада белгілерді (5, б-сурет) ұңғымаларды бұрғылау мүмкін болмаған жағдайда орнатады, сонымен қатар бетонды якорьды бұзылмаған массивке кем дегенде 0,1 м тереңдікке салады. Қада белгіні орнату үшін 250х250 мм түбі бойынша өлшемдері бар қазаншұңқырды таңдап алады. 3)-айқышы бар қада белгінің корпусы 1) қазаншұңқырда 200 мм биіктікке бетондалады, ал қалған бөлігін тау жынысымен 2) қаптайды.

Екі типке жататын қада белгілердің центрлері, олардың ашық орналасуы кезінде 20-50 мм көтеріледі немесе 100-150 мм тереңдетілуі және металл қақпақтармен жабылуы мүмкін.

Жолдарды жиі түзету немесе қада белгінің жиі сеппесінің ықтималдығы кезінде көптеген жағдайда траптың жағынан орнатылатын қада белгіні (5, е-сурет) қолданған мақсатқа лайық. Корпусты сеппелі және ұсатылған жыныстардың деңгейінен төмен шпурдың бөлігінде ғана бетондайды.

Қабырғалы қада белгілердің орнатылуы мақсатқа лайық (6-сурет). Қабырғалы қада белгілерге шпурларды өлшемдер үшін ыңғайлы горизонталь биіктікте мүмкіндігінше бұрғылай бастайды (1,4-1,5 м).

6, а-суретте келтірілген қада белгінің типі көп қолданылады. Қада белгінің корпусын 1)-ерітіндімен толтырылмаған шпурдың бөлігін (100-200 мм) қалдыра отырып, шпурда 2) бетондайды. Қада белгінің центрлерін 3)-қада белгі бетінің шетінде және бос ұшында белгілейді. Қазбаның жүрістік жағында қада белгілерді орнату кезінде немесе басқа да бірқатар жағдайларда алынатын басы бар қада белгілерді қолданады (6-сурет, б, в).




6-сурет. Тау-кен қазбаларындағы қабырғалы қада белгілердің типтері: а – тұрақты белгіленген центрі бар шпурда; б, валынатын басы бар шпурда;

г, д – тау-кен қазбасының қабырғасында немесе бекітпесінде
Ауыстырып 2)-қосқышы бар корпусты 1 шпурда 3 бекітеді, бірақ ол қазба қабырғасының бетінен шетіне шықпайды. Центрлері бар 4)-қада белгінің 4)-басы ауыстырып қосқышқа бұрандалады, сондықтан кез келген ұзақтылықтың кескінді сызығы үшін 8-10 бастарының ішіндегі жинақ жеткілікті. Ауыстырып қосқышты тот баспайтын болаттан дайындайды және штифтпен 6 корпусқа бекітеді.

Шпурларды бұрғылау толық мүмкін болмаған жағдайда және арнайы бақылау станцияларын («нүктелер жұбы») жабдықтау үшін 6, г, д-суретінде келтірілген қада белгілерді қолданады. Екі жағдайда да қада белгі өлшемі 200х200 мм, қалыңдығы 3-5 мм металл перфорацияланған 1)-пластинадан тұрады. Пластинаға перпендикуляр түрде ұзындығы 100-150 мм және диаметрі 20-25 мм істік 2) балқытып қаптастырылған. 6, г-суретте келтірілген қада белгіні бекіту монтажды тапаншамен бетон бекітпеге пластинаны атумен іске асырады. 6, д-суретте келтірілген қада белгіні орнатуды жақсы тазартылған қазба қабырғасының бетіне бетондау жолымен жүргізеді. Қада белгілердің берілген типтері рейканы асуға арналған бос ұштардың құрылғысы бар қазбаның төбесі бойынша бақылаулар кезінде де пайдаланады.

Қазбаның төбесінде қада белгілерді (7-сурет) оларды қабырғада немесе қазба табанында толық мүмкін болмаған жағдайда ғана орнатады. Оларды кемінде 800 мм тереңдікте вертикаль немесе еңіс шпурларда орнатады. Нивелирлік рейканы, сақинасы бар қатты және жіпті тіктеуіштерді пайдалану барысында (3-қосымша) 1) корпустың иілген ұшында конустық тесігі – центрі бар жазық ұштығына 3) ие қада белгілерді (7, а-сурет) қолданады. Қада белгінің корпусын ағаш қабығына бетондайды немесе тығындайды. Қажет болған жағдайда (бос орныққан тау жыныстары, қазба ені 2 м артық) шпурда 7, б-суретте көрсетілген 1 м тереңдігімен қада белгіні қолданады.

7-сурет. Кен қазбаларының төбесіндегі қада белгілердің типтері: а - бетондалған; б - кермелі; в – қарнақ бекітпеде.


Қада белгіні шпурда 3-4 «ершей» жік қабаттармен бекітеді. Төменгі жік қабат «ершей» 1 шпурда корпусты центрлеу үшін қызмет етеді, оны сағадан 0,2 – 0,3 м бекітеді. Шпурларды бұрғылау мүмкін болмаған жағдайда (7, в-сурет, в) қада белгі төбеде 2)-қамыт арқылы шанақ бекітпенің бос ұшында бекітілуі мүмкін.

Шпурларда қада белгілерді бетондау сорғыны пайдалану кезінде жеңілдейді. Сорғының өлшемі шпурдың болжалды ұзындығына тәуелді, бірақ 1,5 м артық болмауы керек. Корпусты жеңіл металл құбырынан дайындайды. Резиналы ара төсемнен тұратын, екі тығырықтың арасында бұрандамен қысылған штокта поршеньді бекітеді. Ерітіндіге толы корпусты забойға дейін жеткізеді және бір уақытта ерітіндіні итеріп шығару және корпусты шығару кезінде шпурларды ерітіндімен толтырады. Ерітіндіге толы шпурға қада белгінің корпусын жеткізеді, сонымен қатар ерітіндінің бөлігі сағадан 0,1-0,2 м тереңдікке шпурдан алып тастайды. Қада белгінің центрленуін шпурда уақытша ара төсемдермен орындайды.



___________________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет