Үзіліссіз білім беру
Өмірінде бір рет оқып, білім алу мүмкін бе деген мәселе қоғам үшін жаңалық болып табылмайды. Үздіксіз (өмір бойы) оқыту идеясы бұрыннан пайда болды. Үйрену қажеттілігі туралы алғашқы ақыл-кеңес ежелгі жазбаларда (Киелі кітап, Құран, Талмұт), Платон, Аристотель пікірлерінде, «Білімді бесіктен тесікке дейін ізден» сияқты халық сөздерінде үнемі
қамтылады. Үздіксіз білім берудің заманауи
тұжырымдамаларының алғышарты – Я.А. Коменскийдің педагогикалық көзқарастары болды. «Адамзат істерін түзету туралы жалпы кеңес» трактатында ғалым былай деп жазды: «Ғасырдың басынан бастап соңына дейін адамзаттың барлық түрі үшін бүкіл әлем - мектеп болса, онда бесіктен бастап көрге дейін әрбір адам үшін оның өмірі – мектеп; Сенекпен бірге: «Кез келген жаста оқуға кеш емес,» - деу жеткіліксіз, Былай деп айту керек: әр жас білім алуға арналған, және сол шектер адам өмірінде және адам мектебінде байқалады».
Осылайша, үздіксіз білім беру идеясы бұрыннан пайда болған, бірақ адамзат үшін оны жүзеге асыру өзекті қажеттілігі
динамикасымен түсіндіріледі.Тез өзгеретін қоғам талаптарына сәйкес келіп, өмір ағымынан қалып қоймау үшін, адам тұрақты түрде өз білім қорын толтыруы,
кеңейтуі, нақтылауы, жалпы және кәсіби мәдениетін арттыруы, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуы тиіс.
ғасырдың 80-ші жылдарда әлемдік білім беру жүйесін дамытудың жай-күйін және болашағын зерттейтін халықаралық ұйымдардың құжаттарында (ЮНЕСКО, Рим клубы және т.б.)
үздіксіз білім беру тұжырымдамасы қалыптасты.
59
Тұжырымдаманың мәні «білім алушы қоғамы» идеясына, үздіксіз жетілдіруге және өзін-өзі жүзеге асыруға адамның қажеттілігін қанағаттандыратын өмір бойы білім беру идеясына негізделген.
Бастапқыда үзіліссіз білім беру идеясы ересек білім берудің проблемасы ретінде дамыған. Адам дамуы балалық кезімен шектелмейді, ол өмір бойы жалғасады, сонын арқасында сырттан алатын біліктілік көмегінен гөрі ол табысты деген заманауи психологияның тезистері ескерілді. Үзіліссіз білім беру адамға өмірінің түрлі кезеңдерде әлеуметтік рөлдерді өзгертуді жеңілдетеді, жеке, әлеуметтік және кәсіби дамыту арқылы жеке және ұжымдық өмір сүру сапасын жақсартадыжәне қолдайды деп болжанған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |