308
жұрдай, ол болса, олардың дамуының тоқтатуына ықпал
етеді. Балалар үйінің тәбиешілеріне осындай балаларға жиі
жақындауы, оларды қолға алуы, оларға күлімдеуі, олармен
сөйлесуі қажет. Және те бұл әртүрлі ересектер емес, бір адам
болғаны абзал, өйткені, жоғарыда айтылып кеткендей, сәби
ересек адамның дауыс тембріне, сыртқы келбетіне үйренеді,
оны тани, әсер етушілердің жалпы қауымынан ажырата
бастайды.Тұлғаның қалыптасуындағы негізгі болып табылатын
үйренісу және қорғаныста болу сезімі пайда болады.
Жағдаяттық-іскери қарым қатынас жасау түрі. Мұндай
қарым-қатынас жасау түрі шамамен бала өмірінің екінші
жартыжылдығынан басталып, шамамен 3 жасқа дейін
жалғасады. Ол енді жетекші қызмет рөлін орындамайды.
Ересекпен қарым-қатынас жасау келесі жетекші қызмет –
заттық-манипулятивтіге табиғи көшеді. Ересекпен өзара
әрекет ету мотиві өзгереді: енді бұл заттармен әрекет етуде
іскери мотив болып келеді. Және те баланың іс-қимыл
жасауында ересектің қасында болу және қатысу қажеттілігі
ол үшін өте маңызды болып табылады. Зерттеулердің
көрсетуінше, ересектің қасында болуы баланың әрекетті
игеру сипатына біршама әсер етеді. Бала ересектің қимыл
жасау тәсілдерін көрсеткенін, олардың орындалуын
мадақтағанын, баланы қолдағанын қажет етеді. Педагогтің
қарым-қатынасты заттық-манипулятивті қызмет негізінде
дамытудағы
міндеттері
осыдан
туындайды:
заттар
қаншалықты қызықты болса да, баланы «өзімен-өзін»
қалдырмау; заттармен жұмыс істеу тәсілдерін көрсету;
Достарыңызбен бөлісу: